Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері



бет1/123
Дата08.06.2020
өлшемі208,94 Kb.
#72687
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123
Байланысты:
гос жауаптаррр


КЕШЕНДІ ЕМТИХАНҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
ТОПЫРАҚТАНУ
1.Топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері

Топырақтың пайда болу процессінде өзіне тән құрылымының бір пішін түзуі, яғни топырақтың морфологиялық қалыптасуы. Осы арқылы топырақтар бір – бірімен және өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады. Морфологиялық құрылымды жалпы топырақтың құрылымы мен шатастырмау керек.Морфологиялық құрылым – топырақтың сыртқы пішіні. Топырақ әртүрлі морфологиялық көріністерден құрылған табиғи дене. Сондықтан бұл көріністерді оның бір – бірінен сыртқы пішіндері мен айырмашылығы бар генетикалық қабаттарынан іздестірген жөн.Топырақтың морфологиялық құрылымын зерттеу үшін далалық жағдайда тік қазылған шұңқырларды пайдаланады. Бұл әдісті алғаш рет В. В. Докучаев қолдаған, осы күнге дейін бұл топырақтануда негізгі әдіс болып қалды. шұңқЫрды қазып, бір бетін тегістеп оған сәуле түсіріп қараған кезде, топырақты бірнеше қабаттарға бөлінгені байқалады. Топырақтың әр қабаты өзіне тән сыртқы пішінімен сипатталады.Топырақ профилі: топырақтың қазылғандағы тік қабаттары топырақтың профилі (пішіні) деп аталады. В.В. Докучаев топырақты бетінен төмен қарай негізгі үш қабатқа бөлді. А- қара шірік қабатыВ -өтпелі қабатС- топырақ түзуші аналық тау жыныс қабаты.Оларға тағы да өздерінің морфологиялық көріністеріне байланысты, әрқайсысы бірнешеге бөлінуі мүмкін оларды : А1 А2 В2 В2 С1 С2 т.б деп белгілейді. Топырақтың түсі. Топырақтың морфологиялық көріністерінің ішінде ең негізгі белгі, топырақ аттарының өзі де осы түстеріне қарай қойылған. Топырақтың және оның қабаттарының түстеріне әсер ететін негізгі құрамдар.Гумус заттары. Олар топыраққа қара немесе қара қоңыр түс береді.Темір және марганец тотықтары сары, қызыл түс береді.Кремний қосылыстары әк, каолинт, алюминий гидроксиді және суға тез ерігіш тұздар (хлодидтер және сульфаттар) топыраққа ақ түс береді.Темір шала тотығы, ол көкшіл, сұр түсті келеді.Топырақтың құрылымы – деп оның түрлі пішінді, үлкенді – кішілі түйірпекті агрегаттарға бөліну қасиетін айтады. Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен – кіші жаңғақты, призмалы т.б түрлерге бөлінеді. Олар бір – бірімен жабысқан механикалық элементтермен : құм, шаң, балшықпен қосарлана жүреді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет