Кәсіпкер дегеніміз бұл тәуекелі мол жағдайларда әрекет етуші адам; өзінің ұйымдастырушылық қабілеттері арқасында табыс табушы; кез-келген мүмкіндікті ұқсатып барынша мол пайда таба білетін адам



бет1/3
Дата24.02.2020
өлшемі301 Kb.
  1   2   3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті

«Экономика және менеджмент» кафедрасы

Кредиттік жүйе бойынша оқитын 5В050600 «Экономика»

мамандықтарының 3 курс студентеріне

2017-2018 оқу жылының 6 семестріне арналған



Кәсіпкерлік пәні бойынша

дәріс кешені

( міндетті компоненті)

Орал – 20____ж.
Тақырып 1. Кәсіпкерлік: түсінігі және оның негізгі түрлері


  1. Кәсіпкерлік қызмет түсінігі, мотивтері және жүзеге асыру жағдайлары

  2. Кәсіпкерлік қызметтің жағдайларымен ұстанымдары

  3. Кәсіпкерлік қызметтің объекті және субъектілері

  4. Кәсіпкерлік қызмет түрлері

  5. Кәсіпкерлік қызмет формалары




  1. Кәсіпкерлік қызмет түсінігі, мотивтері және жүзеге асыру жағдайлары

Кәсіпкер – заңмен рұқсат берілген шаруашылық қызметтің түлерімен айналысатын адам, соның ішінде коммерциялық-делдалдық, сауда-саттық, кеңес берушілік, бағалы қағаздармен байланысты операциялармен және де басқа қызметтермен.

Кәсіпкер дегеніміз – бұл тәуекелі мол жағдайларда әрекет етуші адам; өзінің ұйымдастырушылық қабілеттері арқасында табыс табушы; кез-келген мүмкіндікті ұқсатып барынша мол пайда таба білетін адам.

Кәсіпкерлік іс-әрекеттің мақсаты неғұрлым көп мөлшерде пайда табу.

ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес «Кәсіпкерлік- бұл жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынды (мемлекеттік кәсіпкерлік) басқару құқығына негізделген, тауарларға деген сұранысты қанағаттандыру арқылы (жұмыстар, қызмет көрсетулер) таза пайда табуға бағытталған, меншік формаларына тәуелді емес азаматтар мен заңды тұлғалардың бастамалық қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекелі мен мүліктік жауапкершілігіне сай жүзеге асады.»



Кәсіпкерліктің белгілері:

  1. Өз беттілік.

  2. Тәуекел.

  3. Кәсіпкерлік қызмет әрқашан да жүйелі түрде табыс алуға бағытталады.

  4. Жоғарыда келтірілген кәсіпкерлік анықтамасына сай табыс тауар өткізу, жұмыстар атқару және қызмет көрсету субъектілерінен алынады.

Кәсіпкерлік қызмет заң талабына сәйкес кәсіпкер ретінде тіркелген тұлғалар арқылы жүзеге асырылады.


  1. Кәсіпкерлік қызметтің жағдайларымен ұстанымдары

Тиімді кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін оған экономикалық, әлеуметтік, құқықтық жағдайлар қажет, яғни кәсіпкерлікке қолайлы орта қажет.

Кәсіпкерліпен айналысу үшін ең алдымен оған экономикалық жағдай керек. Олар: нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қызметтердің алуан түрлері; тұтынушылардағы ақша – қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттігі, жұмыс және жұмыс күшінің артық-кемдігі; еңбек қорының ақының артық-кемдігі; несие беретін мекемелердің ақша қаражаттары болуы керек т.б

Кәсіпкерлікпен айналысуы үшін нарықтық инфрақұрылымы болуы керек: банктер; шикізат, материал, құрал-жабдықтар сатушылар; тауарды тұтынушыға дейін жеткізетін мекемелер.

Кәсіпкерлік ұстанымдары:


  1. Кәсіпкерлік қызмет бостандығы ұстанымы.

  2. Түрлі меншік формаларын, меншік құқықтарының заңды теңдігін және олардың бірдей қорғалуын құптайтын конституциялық ұстаным. Ол ҚР Конституциясының 6- бабында бекітілген: «Қазақстанда мемлекеттік және жеке меншік бірдей деңгейде мойындалып, қорғалады.»

  3. Бәсекені қолдау және монополиялану мен әділетсіз бәсекеге бағытталған экономикалық қызметті болдырмау ұстанымы (Конституцияның 26- бабы).

  4. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу ұстанымы.

  5. Заңдылық ұстанымы.

  6. Кәсіпкерлер мен тұтынушылар құқықтарының қорғалуы.




  1. Кәсіпкерлік қызметтің жағдайларымен ұстанымдары

Қызметтің қай түрі болмасын оның обьектілері мен субьектілері көрсетеді. Субъектілері дегеніміз - бұл тұлғалар (жеке және заңды) осы қызметпен айналысатын. Объектісі дегеніміз – сол қызмет неге бағытталған, немен байланысты екенін көрсетеді.

Кәсіпкерлік іс-әрекетте обьектісі тауар болып табылады. Маркетингалық – кәсіпкерлік тәжірибиде тауар болып нарықтық қатынастар жағдайында сатып алушы мен сатушылардың мәмле обьектісің құрайтын нәрселер болып табылады.



Кәсіпкерлік іс-әрекет субъектілеріне

  • кәсіпкерлерді, оның ұйымдарын;

  • жеке және ұйымдық тауар тұтынушылар;

  • жалға алынған жұмысшылар (келісім-шарт негізінде жұмыс жасайтын);

  • мемлекеттік және жергілікті органдар жатады.




  1. Кәсіпкерлік қызмет түрлері

Кәсіпкерлік қызмет:

  • өндірістік;

  • коммерциялық;

  • қаржылық;

  • кеңестер беру болып бөлінеді.

Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар-ақша қатынастары мен сауда-айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар мен қызмет көрсетуді қайта сататын орын. Оның өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы – мұнда өнім өндіруді өндірістік қорлармен қамтамасыз ету қажет болмайды.

Қаржылық кәсіпкерлікке сату-сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны, валютаны, құнды қағазды (акция, вексель, облигация, ваучер), яғни ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату жатады. Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты ақша нарығы, валюта және құнды қағаз нарықтары бой көтереді, оларға қатысушылар:

      • коммерциялық банктер;

      • қор биржалары;

      • кейбір кәсіпорындар мен ұйымдар;

      • кәсіпкерлер және жеке тұлғалар.

Кәсіпкер немесе бизнестің осы саласына қатыстытылар өздерінің іс-әрекеттерін құнды қағаз нарығы мен маркетингтік қызметті ұйымдастырудан бастайды. Сөйтіп бір уақытта олар ақшаның, валюта мен құнды қағаздардың көздерін табады. Кәсіпкерлік қызметтің тағы бір нысаны – меншіктік акцияға, облигацияға, несие билеттеріне және коммерциялық құнды қағаздарға (ақша міндеттері, вексель) қатысты құнды қағаз эмиссиясын жүзеге асырады.

Кеңес беру қызметіне:

  • жалпы басқару;

  • әкімшілік басқару;

  • қаржылық қолдау;

  • маркетинг;

  • ақпаратты технология;

  • арнайы қызметтер жатады.

Сонымен қатар халыққа ақылы немесе ақысыз түрде кеңестер беріліп, қызметтер көрсетіледі.


  1. Кәсіпкерлік қызмет формалары

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және қолданылып жүрген заңдар мен заңдылықтарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық-құқықтық нысандары бар:

  • мемлекеттік кәсіпорын;

  • серіктестік (толық жауапкершілікті, аралас және жауапкершілігі шектеулі жауапкершілікті);

  • акционерлік қоғам, бірлестіктер.

Кәсіпкерлік қызметке қатысушылар мен олардың әріптестерінің бірігуі «серіктестік» деп талады. Серіктестік шаруашылықтарға әріптестердің қатысуы жазбаша келісімдер мен шарттар түрінде бекітіледі. Серіктестіктерді олардың құрылтайшылары құрайды.

Толық серіктестік төмендегі негізгі екі белгісімен ерекшеленеді:

    1. Кәсіпкерлік қызмет және оған қатысушы серіктестіктің қызметтері олардың өз қызметтері болып саналады, ал оның міндеттері бойынша кез-келген қатысушы өзінің барлық мүлкімен жауап береді.

    2. Серіктестік жеке сенімді қатынастарға негізделеді: егер бір қатысушы серіктестіктің атынан мәміле жасаса, мүліктік жауапкершілік басқа қатысушыға жүктеледі.

Аралас (командитті) серіктестікте бір немесе бірнеше қатысушылар несие берушілер алдында бүкіл мүліктерімен жауап береді. Біреуінің немесе бірнешеуінің жауапкершілігі олардың әрқайсысының қоғамдастыққа қосқан үлесі (салымы) бойынша шектеледі.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – алдын-ала белгіленген пайшылар үлестерінің негізінде құрылған бірлестік. Оның мүшелерінің (жеке және заңды иегерлері) қоғамның міндеттемелерін орындауда жауапкершіліктері жоқ, олар тек өз үлестерінің мөлшерінде ғана тәуекелділік жасай алады.

Акционерлік қоғам – рұқсат ету жолымен құрылатын заңды құқығы және өзіндік жарғысы бар бірлестік. Акционерлер болуға жеке адам, заңды тұлғалар да хақылы.
Тақырып 2. Кәсіпкерліктің іскерлік ортасы

  1. Іскерлік ортаның түсінігі және оның ерекшеліктері

  2. Кәсіпкерліктің сыртқы ортасы

  3. Кәсіпкерліктің ішкі ортасы




    1. Іскерлік ортаның түсінігі және оның ерекшеліктері

Кәсіпкерлік субьектілері қандай болмасын бір іскерлік ортада қалыптасып, жұмыс жасай бастайды.

Іскерлік орта кәсіпкерліктің орнын, қызмет тәртібін анықтайды.

Кәсіпкерлік орта дегеніміз – ол белгілі территориялық және мағыналы тұтастық.

Кәсіпкерлік орта – қоғамдық экономикалық ахуал, өзінің құрамына кәсіпкерлік тұлғаны, экономикалық бостандықты, экономикалық қарым-қатынастың нарықтық түрін және кәсіпкерлік капиталды қалыптастыру мүмкіншілігін және қажетті ресурстарды пайдалану мүмкіншіліктерін кіргізеді.

Кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру – ол басқарылатын процесс. Оны басқару әдістері әкімшілік немесе нұсқаулық мінезде бола алмайды. Кәсіпкерлік орта кәсіпкерлік субьектілеріне әсер етуші шаралармен байланыста болмайды, сондай-ақ субьектілерді қалыптаастыру және қызмет етуге қолайлы қажетті жағдайлар жасау.

Іскерлік ортаны қалыптастыру – көп аспекті құбылыс. Ол келесіден тұрады:



  • қоғамдық , экономикалық, әлеуметтік – экономикалық философияның және онымен байланысты қоғамның психологиясының өзгеруі;

  • кәсіпкерлердің кәсіпкерлік инфрақұрылымын құруға ынталандыру, ұлттық бағдарламасын қабылдау;

Кәсіпкерлік ортаны қалыптастыр халықаралық проблема, себебі кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше формасы ретінде барлық дамыған елдерде мемлекет тарапынан қолдау алуда.


    1. Кәсіпкерліктің сыртқы ортасы

Сыртқы орта – кәсіпкерді қоршаған, оған әсер етуші жағдайлардың, факторлардың жиынтығы. Әсер ету масштабына байланысты (ұлттық, аймақтық, жергілікті) және әсер ету мінес-құлқына байланысты (тікелей және жанама) макро, медиа және микроорталарды ажыратады.

Кәсіпкерлердің макроортасы дегеніміз – еліміздің экономика деңгейінде кәсіпкерліктің жағдайын (климатын) аңықтаушы бір-бірімен тығыз байланыстағы жағдайлар мен ережелердің жиынтығы. Оның ішінде географиялық, құқықтық, экономикалық, саяси, әлеуметтік және технологиялық жағдайларды бөледі.

Географиялық жағдайға табиғаттың, ауа-райы жағдайлары жатады (территория көлемі, жүк тасымалдау шақырымдары, шикізат және энергоресурстардың баршылығы және оған қол жеткізу мүмкіншілігі жатады.)

Экономикалық жағдай – бағаның өнімдерге қалыптасу тәртібін, баға деңгейін анықтаушы факторлар жиынтығы жатқызады.

Құқықтық жағдай – кәсіпкерлік іс-әрекет маңызын анықтаушы, реттеуші заңдар мен құқықтық актілер.

Саяси жағдайлар – мемлекеттің кәсіпкерлік процестерге қатынасын сипаттайды, коммерциялық құрылымдар қызметтіне араласу деңгейі.

Әлеуметтік жағдайлар қоғамның даму деңгейін көрсетеді. Әлеуметтік жағдайлар басқа факторларға қарағанда өте күрделі.

Технологиялық жағдайлар еліміздегі ғылыми – техникалық процестердің жалпы деңгейін және даму қарқынын көрсетеді, белгілі мөлшерде кәсіпкерлік ортаны қалыптастырады.




    1. Кәсіпкерліктің ішкі ортасы

Ішкі ортаның бір-бірімен байланысты негізгі элементтері: ұйымның миссиялы; қызмет ету мақсаттары мен міндеттері; материалдық-техникалық базасы; өндірістік процестерді орындау технологиясы, персоналдар құрылымы, олардың ара қатынастары.

Іскерлік ортаны талдау келесідей жүргізіледі:

1.Арнайы қызмет етуші тұлға ретінде іскерлік ортаға кіру дәрежесінің қиындықтары бар. Әлем тәжірибесіндегі жаңа кәсіпорын құру үшін рұқсат алу ережелері бар. Қ.Р-да құқықтар белгіленген жаңа кәсіпорын құруға рұқсат алу ережелері бар, оған бірде – бір мемлекеттік мекемелер кедергі жасауына болмайды. Оларды тіркеуден бас тартқан жағдайда сот арқылы шағылдануына болмайды.

2.Кәсіпкерлердің қызығушылық тудыратын сала мен іскерлік орта жөнінде нақты мәлімет алуға мүмкіншіліктері бар.

3. Кәсіпкердің өзі қызмет атқарғысы келетін нақты қызмет етуші саланың жүйесі қызықтырады.

4. Кәсіпкерді қоғамда қалыптасқан кәсіпкерлікті қорғаушы және жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйелер қызықтырады.

5.Елде қалыптасқан саяси климат үш басқару институтарымен белгіленеді:


6. Кәсіпкерлікті қалыптасқан саяси тәртіп қызықтырады.

7. Кәсіпкерлікті халықтың төлем қабілеттілігі қызықтырады.


Тақырып 3. Кәсіпкерлік қызметте персоналды басқару

  1. Кәсіпорын персоналы және оның құрылымы.

  2. Персонал қажеттілігін анықтау

  3. Персоналды басқару




  1. Кәсіпорын персоналы және оның құрылымы

Персонал – жалдамалы жұмысшылар және жұмыс жасайтын жеке меншіктер мен иемденушілер қатысатын ұйымның жеке құрылымы.

Персоналдың негізгі көрсеткіштері болып мыналар табылады:



  • Еңбек келісім-шартымен ұйымдастырылатын жұмыс берушімен еңбектік қарым-қатынасы. Жұмыс жасайтын жеке меншіктер және иемденушілер персоналдар құрамына кіреді, егер олар өздеріне бөлінетін пайдадан басқа ұйымның қызметіне жеке еңбек көрсетіп жалақы алатын болса;

  • Белгілі бір ерекше мінездемесі (мамандығы, профессиясы, квалификациясы) бойынша. Яғни ол жұмысшының нақты қай орында отыратынын анықтайды : басқарушы, маман, басқа да қызметшілер.

Персоналдың алдына қойған мақсатына жету үшін нақты жұмыс орындарын ұйымдастыруды мақсатты бағыттау.

Ұйымның кадрының негізгі мінездемесі мыналар: саны және құрылымы.

Ұйымның кадр саны оның мінезіне, масштабына, күрделілігіне, өндірістің еңбек сыйымдылығына және басқаратын процестеріне, мехинакаландыруына, автоматтандырылуына, компьютерлануына байланысты.

Ұйымның кадр құрылымы – белгілі бір белгі бойынша біріккен жұмысшылар тобының жиынтығы. Ол статистикалық және аналитикалық болып бөлінеді.

Статистикалық құрылым жұмыспен қамтылған түрлі қызметтерінің қозғалысы мен кадрлардың орналасуы көрсетіледі.

Аналатикалық құрылым жалпы және жеке болып бөлінеді. Жалпы құрылымда мынадай белгілері бойынша, мамандық, квалификация, білімі, жынысы, жасы, жұмыс стажы бойынша кадрлар қаралады.




  1. Персонал қажеттілігін анықтау

Бәріне анық, кәсіпорындағы өндірістің негізгі факторлары болып мыналар табылады: кадр, еңбек заты, еңбек құралы.

Негізгі роль кәсіпорындағы кадрлық потенциалға жатады. Өйткені өндірістік процесте бірінші кадрға көңіл бөлінеді және ол қаншалықты өндіріс құралдарын тиімді қолданатынын, сонымен қатар кәсіпорынның толығымен қамтығанда қалай жұмыс жасайтыны соған байланысты.Сондықтан әрбір кәсіпорында алдына қойған мақсаттарына жету үшін кадр саясатын қалыптастырып жүзеге асыруы қажет. Ол мынадай мақсаттар:

- жұмысқа жарамды және денсаулығы жақсы жұмысшылар тобын құру;

- кәсіпорынның жұмысшыларының квалификациялық деңгейін жоғарлату;

- квалификация деңгейіне, жыныстық және жас құрылымына байланысты оптимальды жұмысшылар тобын құру;

- әртүрлі өзгерімелі жағадайларда икемді қабылдайтын, жаңа идеялар енгізетін және болашаққа қарайтын жоғарғы білімді басқарушы звеноны дайындау;

Кадр саясаты өзіне мыналарды қосады:

- кадрларды таңдау және оларды әрі қарай қалыптастыру;

- кадрларды дайындау және үздіксіз оқыту;

- жұмысшыларды жалдау.

- Қалыптасқан өндіріс жүйесіне байланысты жұмысшыларды орналастыру;

- Еңбекті ынталандыру;

- Ұйымның еңбегін жетілдіру.

- Кәсіпорынның жұмысшыларына еңбектің жағымды жағдайларын жасау.


3. Персоналды басқару

Кәсіпорынның басқару процесін келесіге бөлуге болады: техникамен басқару, экономикамен, кадрмен басқару.

Талдау, жоспарлау, есеп және персоналдарды басқару үшін барлық жұмысшылар әртүрлі қатарлары бойынша класификацияланады. Өндіріс процесіне байланысты кәсіпорынның барлық персоналдары екі категорияға бөлінеді: өнеркәсіптік-өндірістік персонал және өнеркәсіптік емес.

Ал өндіріске байланысты басқарушылар мынадай топтарға бөлінеді: сызықтық және функционалдық. Сызықтыққа өндірістің әрбір бөлімдері бойынша басқаратын басқарушы жатады; ал функционалдыққа функционалды істерді (бөлімдер, басқармалар) басқаратын басқарушы және оның орынбасарлары жатады.

Персоналды басқару процесі өзіне мыналарды жүктейді, яғни әрбір кәсіпорында класификация деңгейі бойынша және жыныстық және жас құрылымдары бойынша өнеркәсіптік-өндірістік персонал құрылымы анықталып, талдануы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет