Кеуде торы және кеуде қуыс мүшелерінің жарақаттары мен аурулары. Өкпе қабығының эмпиемасы



Дата22.05.2020
өлшемі15,19 Kb.
#70577
Байланысты:
7 Торакальды хирургияда мейіргер ісінің жұмыс істеу ерекшелігі


Кеуде торы және кеуде қуыс мүшелерінің жарақаттары мен аурулары.

Өкпе қабығының эмпиемасы.

Себепкер болатын аурулар: өкпе іріңдігі, пневмония, экссудативтік плеврит, өкпе жарақаты, бронх ісіктері, пиопневмоторакс.

Қоздырғыштар: пневмококк, стафилококк, стрептококк.

Турлері: тотальды, сөмке тәріздес шектелген.

Клиникалық белгілері: дене қызуының көтерілуі, ентігу, акроцианоз, кеудеде ауырсыну сезімі, ауырған кеуде бөлігі тыныс алғанда сау жаққа қарағанда әлсіз.

Диагностика: аускультация – тыныс дыбысының әлсіреуі, өкпе үнінің дірілдеуі.Ірің абсцесстен жарылып ішке аққанда науқас естен тану мүмкін. ЖҚЗ – лейкоцитоз, лейкоцит формуласының солға қарай жылжуы, ЭТЖ –нің жоғарлауы, қан аздық.

Рентген зерттеуі –өкпе суреті көміскіленген, сары су жиналғанда –өкпе сүреті мүлдем көрінбейді. Пиопневмоторакста іріңнің үстінде ауа көрінеді. Ірің қуыста көп жиналса жүрек сау жаққа ығысады. Өқпе қабығының синустары көрінбейді.

Диагностикалық пункция.

Емі: Массивтік түрде антибиотикотерапия, инфузиялық терапия, дәрумендер, қабтың пункциясы, дренаж қою, дренаж арқылы антибиотиктерді енгізу.

Созылмалы эмпиемия салдарынан дәнекер ұлпалар пайда болса, онда өкпені босату мақсатымен хирургиялық ота жасалынып, дәнекер ұлпалар сылынып алып тасталынады. Торакопластика орындалады.



Өкпе іріңдігі (абсцесс).

Өкпе іріңдігі ол өкпеде пайда болған пиогенді қабықпен қоршалған іріңдік.

Себебі: жедел пневмония, өкпе ісігі, қан айналымның нашарлауы, эндогенді инфекция.

Клиникасы: дене қызуының көтерілуі, кеуденің ауруы, жөтел, қақырықта қан бөліктерінің пайда болуы, тамаққа тәбеттің төмендеуі, түнгі терлеу, әлсіздік. Қанда –лейкоцитоз, ЭТЖ –нің жоғарлауы.

Диагностика: рентген зерттеуі, ЖҚЗ.

Асқынуы –пиопневмоторакс, жыланкөздер.

Емі: Ауру басталған түрінде консервативтік ем жүргізіледі. К-т, б-е пенициллин тобындағы антибиотиктерді массивты түрде енгізеді.Кейде бронхоскоп арқылы іріңді сорып, құысқа антибиотик жіберіледі; улану синдромында –инфузиялық терапия, дәрумендер, от тегі ингаляциясы, постуральды дренаж. Консерватвті ем көмектеспеген жағдайда – хирургиялық ота –іріңлікті кесіп, іріңді ағызу, қуысын жуып дренаж қояды немесе пневмоэктомия..

Сүт безінің аурулары.

Мастит – сүт безінің қабынуы.

Себебі: жас босанған шақта баланы дұрыс емізбеу, сирек емізу, емізіктің тілінуі, лактостаз, жүктілік кезінде емшекті емізуге дайындамау.

Қоздырғышы –стафилококк, стрептококк.

Дамуы бірнеше кезенде өтеді: 1 кезең үйыма кезеңі –Сүт безінің колемі ұлғайып, тығыз болып, қатты аурады, дене қызуы 37,5-380 С бағанасы бойынша көтеріледі.

2кезен- қатаю кезеңі емшектің белгілі бір бөлігінің тұсында ауратын инфильтрат пайда болады, улану белгілері: бастың ауруы, әлсіздік, ұйқының қашуы, тахикардия, дене қызуы 38-38,50С, қалтырау байқалады. Қатаюдың үсті қызарып, терісі жарқыраған тәрізді болады.

3кезең –іріңдіқ кезені- қатаюдың ортасы жұмсарып, флюктуация (бүлкілдеу) байқалады, улану белгілері өте айқын, дене температурасы 39-400С.

4кезең –дүңку кезені, іріндеу процестері бүкіл безге жайылады.

5гангренозды кезең емшек ұлпалары өліеттенеді, сепсис белгілері байқалады.

Диагностика: жалпы қарау, пальпация.

Емі 1 және 2 кезенде- консервативті – баланы дұрыс және жиі емізу, қалған сүтті сауып тастау, безді сылап сипау, компресс жасау, емшекті көтеріңкіреп қою. Сіңіру анестезиясы, физиоем, антибиотиктер, дисбактериоздың алдың алу, парацетамол.

3кезеңде –хирургиялық ем іріңдікті кесіп,іріңді ағызу, қуысты тазалап, керек болса дренаж қою, антибиотиктер, дисбактериоздың алдың алу, іріңді ағызғаннан кейін бала емізгенді жалғастыру.

4кезең массивті антибиотикотерапия, инфузиялық терапия, контрапертура жасап, іріңді сыртқа шығару.

5кезең –ампутация, массивті антибиотикотерапия, инфузиялық терапия симптомдық қарқынды ем.

Алдың алу шаралары: Жүктілік кезінде омрауды емізуге дайындау – ауа ваннасы, ареоланы емізікпен түкті орамалмен ысқылау, жалпақ емізікті созу (егер түсік түсу қауыбы болмаған жағдайда).

Баланы емізгенде емізікті бала ауызына ареоламен бірге енгізу. Бала сұраған сайын емізу.



Сүт безінің қатерсіз ісігі.

Фиброаденома без және дәнекер ұлпадан пайда болатын, сыртқы қабығы (капсуласы) бар ісік. Қатерсіз болған соң баяу өседі. Жасы 20-25 жас әйелдерде жиі кездеседі. Көбінесе әйел киім кигенде немесе жуынғанда, ісіктің барын байқап қалады. Дұрыс диагнозды онколог маммография, сүт безінің УДЗ нен кейін қояды. Емі көбінесе хирургиялық ота.

Сүт безінде дермоид, папиллома, ангиома, фиброма, лимфоангиома деген қатерсіз ісіктер болады, емі тек ғана операция.

Сүт безінің қатерлі ісігі.

Сүт безінің қатерлі ісігі, менопауза енген әйелдерге жиі кездеседі.

Клиникасы: Басында безде көлемі кішігірім ісік пайда болады. Өсе келе ісік үлкейіп, үстіндегі терісі «лимон қабығы» тәріздес болып, шегарасы анық емес, аурады, тері астында жылжымайды, емізіктен қан аралас сары су шығу мүмкін, емізіктің ұшы ішке тартылу мүмкін. Кейін ісік ыдырап, теріде жазылмайтын жара пайда болады, аймақтық лимфа түйіндері де онкологиялық өзгеріске шалдығады, метастаздар көбейеді.

Диагностика: маммография, сүт безінің УДЗ, биопсия, онкомаркерды анықтау.



Емі: 1 дәрежеде –радикальды ота. 2-3 дәрежеде көп салалы ем –гормонотерапия +ота; ота+химиотерапия; сәлелі ем+ ота. 4дәрежеде- химиотерапия, паллиативті оталар, сәулелі ем.

Алдын алу: жылдағы медициналық проф. қараудан өту, жүктілікті жоспарлау (контрацепцияны қолданып аборттан сақтану).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет