Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ



Дата21.07.2020
өлшемі18,74 Kb.
#75493
Байланысты:
Адалдық -асыл қасиет
13 апта мамандық кіріспе

Адалдық –асыл қасиет



Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ”.

Абай

Адалдық - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық-этикалық жиынтығы. Адалдық – асыл қасиет. Бірақ ол – жас шыбық сияқты өте нәзік. Егер бағбан жерге отырғызған жас шыбығын күнде баптап, қисық өскен бұтақтарын түзеп, күтім жасамаса, ол тереңге тамыр жайып жайқала өспеген болар еді. Адал­дық та сол сияқты. Ол барлық адамның бо­йын­­­да кездесетін табиғи қасиет бол­ғаны­­мен, тәлімді тәрбиені қажет етеді. Егер өскелең ұрпақты жастайынан шын­шылдыққа, әділдікке, біреудің еңбе­гін қанамауға, өзгенің несібесіне қол сұқ­пауға тәрбиелемесе, олардың бойындағы табиғи адалдықты кір шалады.Қазақ пайымында адам бойында адалдық пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттер. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы көп айтылады.Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі туралы Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», - дейді. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды.



Адалдық – адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. 

Шәкәрім Құдайбердіұлы адалдық турасында: «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен адалдық ар үшін жи- деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне қатысына да ерекше көңіл бөледі. 



Дана халқымыздың ұрпағына «ісінде адал болуды», «біреудің ала жібін аттамауды» насихат етіп келуінің бір сыры осында болса керек. Міне, осы секілді әрбір ісімізге әділдікпен, адалдықпен, жауапкершілікпен қарап, басқа біреу көріп тұрмаса да адал, таза ниетпен жұмыс істеу керек.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай атамыз: «Адал жүріп, адал тұр», – деп айтқан болатын. Кейінгі ұрпақ осы адалдықтың тереңіне үңіле білсе, қоғамда әділдікті ту еткен болар едік.

Ары таза адал адам мәнді өмір сүреді. Оның ішінде Отанына, отбасына, қоғамға адалдық адамның өзіне, өзгеге, болашаққа деген сенімін арттырады. Адалдық әр адамның өзін де, өзгені де сыйлауды көрсетеді.Адалдық бар жерде адам өзіне де өзгеге де шындықты айтады, оны айту ауыр болғанда да ол тартынбайды.

Адалдық біздің жан дүниемізден басталады. Ол адами қарым –қатыстан және іс әрекетімізден көрінеді.Адалдығы бар адамның рақымы мол болады.

Қатар жүрген досыңның әрбір табысына, қарапайым адами бақытына қуану – ол да адалдық. Ата-анаңның ақ сүтін ақтап, қартайғанда қамқор болу – перзенттік адалдық. Кісі ақысына көз алартпай, тіршіліктегі несібеңді шынайы еңбек, маңдай теріңмен табу – адамгершілік адалдығың. Егемен еліңнің ертеңіне енжар қарамай, ұлттық болмысыңды шыңдау – нағыз азаматтық адалдық.

Достарым, адам бойындағы адалдық атты табиғи қасиеттің айшықты ажары осындай. Адам деген ардақты атымызға сай бойымызға біткен бұл табиғи қасиетті тазалық таразысына сала жүрейік. Күйбең тіршіліктің күнделікті ауыртпалығымен қанша алыссақ та, адами құндылықтарымызды табиғи таза қалпында ұрпақ санасына сіңіру азаматтық парыз екенін ұмытпайық. Ақша басты құндылыққа айналған мына бір аумалы заманда қазақи адалдықтың ақ туы жығылса, ұлттық болмысымыз былғанады.

ШҚО Үржар ауданы, Лайбұлақ ауылы,



« Лайбұлақ орта мектеп –бақша » КММ

11-сынып оқушысы Жакиянова Нуршашу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет