Кіріспе. І тарау



бет1/3
Дата07.05.2017
өлшемі0,51 Mb.
#16135
  1   2   3
Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту жолдары
Мазмұны
Кіріспе.

І Тарау. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері.

1.1. Бастауыш мектепте оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудың педагогикалық-психологиялық мәселелері.

1.2. Бастауыш мектепте оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін қалыптастыру жолдары.

ІІ Тарау. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудың әдістемелік мәселелері.

2.1. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудың өзіндік ерекшелік жолдары.

2.2. .... сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері.
2.3. Жеке іс-тәжрибенің сабақ үлгілері.......

Қорытынды.

Әдебиеттер.

Қосымша.
Кіріспе

Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шындалады. Келешекте осы елдің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары болғандықтан, Қазақстандықтар барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын мектептердің оқушылардың білім сапасы , даму бағыттары , келешегінің көкжиектері бүкіл қоғамның , мемлекеттің назарында болып 1999 жылы 7 маусым куні «Білім туралы заңың қабылданды.

Білім туралы заңда білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі- педагог қызметкелер, оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік,дағды алуын қамтамасыз етуге, баланың жеке шығармашылық қабілетінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі көрсетілген. Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш білім стандарты министрлік алқасының 18.07.1996 жылы 81/2 шешімімен бекікіліп, 1998-1999 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесіне енгізілді. Бұл білім стандартында оқушылардың әл- қуатына қызығушылығы мен шығармашылык кабілеті мен мүмкіндіктерін ескеріп, өзін-өзі дамытуыеа жағдай жасай отырып, міндетты деңгейлерін айқындау жұмыстары жүргізілді. Бастауыш мектеп- бұл оқушы тұлғасымен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондыктан да бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Оқу тәрбие процесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың атқаратын рөлі ерекше. Мұғалімнің өз оқушыларының жүрегіне жол тауып, олардың өзі оқып қана қоймай оның ьеретін жетістіктерін де атап өткен. Мысалы, қызығушылық қабілетті арттыра отырып, оқушының шығармашылық қабілетін оятуға немесе дамытуға болады. Шығармашылық- бұл бала бойындағы дарындылығын дамыту және оны тәрбиелеу- бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі оқытатын пәнге қызығуын арттыру тиіс. Осы қызығушылық қабілетін дамыту қажет. Жалпы қызығу- бұл адамның саналы әрекеті. Қызығушылық қалай пайда болады? Баланың қызығуы үшін оның көңіл-күйі көтеріңкі болуы тиіс. Бала бір нәрсеге қызығуы үшін қызығатын нәрсе адамға жағымды сезімдер туғызу керек.Жалпы адамның қызығулары бірнеше түрге бөлінеді. Қызығу туралыхъралы психолог-педагогтар көптеген еңбектер жазған. Оларда ең көрнекті ғылымдар мыналар: У. Мак Дугал (1871-1938), Э. Торндайк, И. Ф. Гербарт. Бұл ғылымдар қызығушылықты зерттеп қана қоймай оның беретін жетістерін де атап өткен. Мысалы қызығушылық қабілетті арттыра отырып оқушының шығармашылық қабілетін оятуға немесе дамытуға болады. Шығармашылық бұл бала бойындағы дарындылығын дамыту және оны тәрбиелеу бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі.

«Шығармашылықң- бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Адам әрқашан өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі жойып жібермеуге қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең негізгі мақсаты болып табылады,-деп көрсетілген Қазақстан Республикасы орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында. Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық, атап айтсақ қазақтың ұлы ойшылдары Ж. Баласағұн, Әл-Фараби, ұлы Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басының қабілеттерінің дамуын қарастырып, тиімді жолдарын көрсеткен.

Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л. Р. Выготский, В. В. Давыдов, В. А. Крутецкий, Б. М. Теплов, Л. В. Занков, С. Л. Рубинштейн, Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, И. Л. Лернер, А. Н. Луктын, В. И. Андреев, Д. Б. Богоявленская, А. Л. Яковлевтың, қазақтың ағартушы ғалымдарынан А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. М. Абділдин, Қ. Б. Жарықбаев, М. М. Мұқанов, Т. С. Сабыров, т.б. еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінін теориясы мен практикасына қосқан зор үлесі деп білеміз. Осы ғалымдардың еңбектеріне , осы ғылыми тұжырымдама, пікірлерін оқи отырып ойымызда мынадай сұрақтар туындап мазалады: Шығармашылық қабілет деген не? Қабілеттің шығармашылық деңгейге көтерілуі неге байланысты, оны қалаң жүзеге асыруға болады? Біз осы сұрақтарға жауап іздеу мақсатымен ғылыми жұмысымыздың тақырыбын «бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарын өту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары ң,- деп алдық.



Диплом жұмысын зерттеудегі мақсат :

Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер.

Алға қойған мақсатқа жету барысында туындаған міндеттер :


  1. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтары бойынша оқушылардың оқу танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту үшін жазылған теориялық білімдерге, психологиялық- педагогикалық ғылыми әдебиеттерге тереңірек тоқталу.

  2. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтары бойынша оқушылардың оқу танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту үшін жасалған оқытудың жаңа технологияларының тиімді жолдарын қарастыру.

  3. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарын оқытуда оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуда жасаған озат педагогикалык тәжірибелерді талдау, қолданыстағы мәнін ашу.

Ғылыми зерттеу объектісі: бастауыш мектеп оқушыларының қазақ тілі сабағына танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттері.



Ғылыми зерттеу әдістері : озық педагогикалық іс-тәжірибелерді сұрыптау, ғылыми педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау, бақылау, байқау, әңгіме, анкета.

Зерттеу пәні: қазақ тілі екінші сынып.



Зерттеу әдістері: теориалық-ғылыми әдістемелік әдебиеттер мен жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, тест әдісін қолдану, өзіндік жұмыстардың түрлерін ұсынып, нәтижесын көрсету.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.




1.1. Бастауыш мектепте оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудың педагогикалық-психологиялық мәселелері.
Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л. Р. Выготский, В. В. Давыдов, В. А. Крутецкий, Б. М. Теплов, Л. В. Занков, С. Л. Рубинштейн, Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т. Тажібаев, М. М. Мұқанов, Ж. М. Абділдин, Қ. Б. Жарықбаев, Т. С. Сабыровтардың еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және практикасының алтын қоры деп білеміз.

Оқыта отырып, баланың қабілеттерін мәселесі көрнекті педагогтар Ш. А. Аманашвили, И. Т. Волков, О. С. Газман еңбектерінде қарастырылады.

Өз республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар Ә. Қоңыратбаев, С. Тілешова жоғарғы сыныптарда шығарма жазғызу, В. Д. Чернов факультативтер мен үйірмелер жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын қарастырса, Қ. Ә. Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы- сөз өнеріне баулу, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын айқындайды.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат-саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ- келешек қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл- парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық азамат етіп тәрбиелеу – біздің де қоғамның алдындағы борышымыз.

Баланың тұлға ретінде қалыптасу заңдылықтарын психологиялық тұрғыда зерттеген белгілі психолог ғалымдар В. В. Давыдов, С. Л. Рубинштейн, Л. В. Занков, Л. Р. Выготский, Л. И. Божович, Э. Эриксон, Д. Эльконин, А. В. Запарожец, В.С. Мухина, т.б. бала психикасын дамыту еңбекке баулу жұмыстарында алғашқы адамгершілік, эстетикалық сезім күйлерін қалыптастыруда ойын элементтерін олардың жас және дара даму ерекшеліктерін ескере пайдалану идеясын ұсынады. Ф. А. Флерина, С. Р. Буре, В. И. Логинова, А. Усова, В. Нечаева, Т. Маркова, Т. Тихеева, Н.Тюрина, З. Асланова т.б. педагогтар мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңартудың әдіс- тәсілдерін қарастырып, баланы еңбекке баулу мәселелеріне тоқталады.

Республикамыздағы тәлім тәрбиені халық педагогикасы негізінде қарастырып, ғылыми әдістемелік еңбектер жазған ғалымдар Х. Арғынбаев, С. Касиманов, Ы. Оршыбеков, Н.Сәрсенбаев, С. Қалиев, Қ. Жарықбаев, С. Ұзақбаева, Ә. Табылдиев т.б. зерттеулерінің маңызы зор.

Қазақстанда балалардың психологиялық даму ерекшелігі туралы зерттеу жүргізген белгілі психолог ғалымдар С.Баулаубаев, Т.Тажибаев, Ә. Темірбеков, М.Мұқанов, Қ. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, Ғ. Рахимбеков, т.б. еңбектері жарық көрген. Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып оқушыларының еңбек дағдыларын қалыптастыру әдістемесі туралы айтқанда арнайы зерттеу жүргізген педагог ғалымдар О. Сатқанов, Б. Қалназаров және әдіскер мұғалімдер Ш. Абдуалиева, А. Бакірова, Е. Раимжанов т.б. авторлардың ғылыми әдістемелік еңбектерімен оқу құралдарын атауға болады.

Зерттеу тақырыбына қатысты осы заманғы дәуір талабына орай қазақтың ұлттық салт – дәстүрлерінің озық идеяларын, баланың жас шамасына қарай психологиялық, педагогикалық аспектіде зерттеу балаларды еңбекқорлыққа өнерпаздыққа тәрбиелеу, еңбекпен жасалған дүниенің көокем көрінісін байқату, өмірдегі, тұрмыстағы сан алуан бұйымдардың адам еңбегінің нәтижесі екенін, оның қалай, неден жасалатынын сезіндіре түсіндіру, таным, сезім әрекеттерін қалыптастыру жайын ғылыми тұрғыдан жете зерттелмегені анықталады.

Жас ұрпақты еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып , оларға меңгерілетін әр тарапты қарапайым іскерлік дағдыларын ұлттық мазмұнда, өз халқының тұрмыс- салт ерекшелігіне орай дамыту қазіргі дәуір қажеттігінен туындап отырғаны мәлім. Бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі ретінде бала бойында ұлттық тәрбиеге негізделген еңбек дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығы арта түсуде.

Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар қолынан ғана келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім бері ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын бастауыш мектептің алар орны ерекше.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді, Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педегогикасының негізгі мақсаты – бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықта жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдармен соны шешімдер іздестіру болып табылады.

Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көоқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Ж. Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын , қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған.

Көрнекті педагогтар К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. С. Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары үнемі көтьеріп отырған.

Көрнекті педагогтар К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. С. Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармалығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын (1923 ж.).

Кеңестік педагогтар мен ғалымдар Л.С Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, В. А. Крутецкий, Б. М. Теплов. өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т. Тәжібаев, М. М. Мұқанов, Ж. М. Әбділдин, Қ. Б. Жарықбаев, Т. С. Сабыровтың еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясф және практикасының алтын қоры деп білеміз.

Отандық психологияда қабілеттер жайлы ілім біркелкі дамып отырған жоқ. Мысалы : 1930-1940 жылдардың арасында тұлғаға деген тұрпайы – социалистік көзқарас қалыптасқан кезде қабілеттер жайлы мәліметтер психологиядан да, педагогикалық практикадан да алынып тасталған болатын. Тек, 1950 жылдардың ортасынан бастап, бұд мәселе қайта көтеріле бастады. Бүдан кейіннақты қабілеттар жайлы іргелі зерттеулер жасалды. Олар: музыкалық қабілеттер (Б. М. Теплов), бейнелеу өнеріне деген қабілеттер (В. И. Кириенко), әдеби қабілеттер (В. П. Ягункова), математикалық қабілеттер (В. А. Крутецкий), педагогикалық қабілеттер (Н. В. Кузьмина) сияқты зерттеулер.

Оқыта отырып баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті педагогтар Ш. А. Амонашвили, И. П. Волков, О. С. Газман еңбектерінде қарастырылады.

Өз республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар Ә. Қоңыратбаев, С. Тілешева жоғарғы сыныптарда шығарма дазғызу, В. Д. Чернов факультативтер мен үйірмелер жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеружолдарын қарастырса, Қ. Ә. Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем- шығармашыдық қабілеттерін дамыту, М. Мұхамедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерды дамыту жолдарын айқындайды.

Заманымыздың ұлы ақыны Абайдың педагогикалық көзқарасының ерекшелігі өлеңдері мен қара сөздерінде кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге юолып келеді. Мәселен, төртінщі сөзінде «Әуелі құдайға сиынып , екінші сөз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң қара жер де береді, құр тастамайдың- дейді.

Ы. Алтынсарин шығармаларының қайсысы болмасын жастарды еңбек етуге шақырып, адам бойындағы жағымды қасиеттер шыдамдылық, төзімділік, байқағыштық, аңғарымпаздық пен мейірімділік, адамгершілікті тәрбиелеуді марапаттап, жалқаулық, еріншектікті айыптап отырады. Бір сөзінде, ол адам адал, мағыналы өмір сүру үшін, белгілі бір мақсатты әрекетпен айналысуы керек, ол әрекет- еңбек деп ойын түйіндейді.

Ш. Уалиханов қазақ, қырғыз елдерінің ұдттық дәстүрлерінің ортақ екендігін айта келе, халыктың ауыз екі шығармалығына, қолөнеріне, салт- дәстүріне, әдет-ғұрыпына әділ бағасын береді.

Қазақ халқының зиялы арыстары Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, І, Жансүгіров, А. Байтұрсынов, Т. Шонанов т.б. ұлттық мектептердің басқа мектептерден ұтымды айырмашалығы , олар балаларды ана тілінде оқытумен қатар қазақ халқының құнды салт- дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, мінез құлқы мен психологиясын үйренуге ықпал ететіндігіне назарларын аударады.

Бұрын соңды айтылған осындай ғылыми пікірлердің теориялық және әдістемелік тұрғыдан тұжырымдап, ғылыми негізде қарастырған этнопедагогика саласының мамандары Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Қ. Қожахметова т.б. еңбектерінде кеңінен зерделенеді. Бұл зеттеулерде қазақ халқының тұрмыс-салты, әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәні, олардың фольклор үлгілерімен сабақтаса отырып, жас ұрпақты адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу мәселелері әдістемелік тұрғыда жан-жақты қарастырылған.

Қазіргі заманда жеке адамның шығармашылығы мен шығарма проблемасына философтар, социологтар, педагогтар жіне психологтар көп мән беріп отыр. Психологтар шығармашылық бейімділік дарыны кез-келген адамға тән екендігін дәлелдейді. Педегогика баланың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту жолдары анықталған. Оларға ортақ мәселе – баланы шығармашылық қызметке араластыру. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілетң ұғымының мәнін терең түсініп алуы қажет етеді. «Қабілеттерң - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері. «Қабілеттер – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиетің.

Ең алғаш қабілеттер мәселесін көтерген Е. Л. Рубенштейн болса, А. Н. Леонтьев барлық қажеттер алдыңғы ұрпақтар тәжірибесін меңгеруге қалыптасып, дамып отырады деген идеяны алға тартады. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор.

Қабілеттер жайлы жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай келе, адам бойындағы табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа адамнан өзінің табиғи психологиялық өзгешеліктерімен ерекшеленеді деген қорытындыға келеміз.

Баланың шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз окушыларының дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған.

Адамның ақыл-ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби болды.

Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңа жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденіс, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді.

К. Д. Ушинский оқушыларды сабаққа тарта білу, олрдың оқуға қызығушылығын орттырып, білімге құмарту керектігіне аса көңіл бөлді. Оның пайымдауынша,қызығушылық сапалы оқудың негізгі жолы, ешбірқызығусыз тек қана зорлық күшімен жүргізілген оқу, оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды. Мұндағы қызығушылық дегеніміз не? Қызығушылық дегеніміз – шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі. Сонымен қатар қызығуда бала зейінін бір нәрсеге аударып, оны ерекше таңдап алуы тиіс. Баланы еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болады. Қызығу – баланың саналы іс-әрекеті. Бала алдына мақсат қойып ерік-жігерін жұмсап, кейбір заттармен үнемі шұғылданып отырады. Мәселен, бала оқуға қызығу үшін олар оқулықтың, пәннің мазмұнын білу, түсінулері керек. Егер оқушының оқуға ешбір түсінігі болмаса, оларда қызығу да болмайды. Баланың негізгі қызығуларын мына төмендегідей етіп бөлуге болады.

1. Мақсатты қызығу – оқушы кейбір уақытта алдына бір мақсат қойып, оған жету үшін міндеттерді орындап, алдына қойған мақсатына жетуді қызық көреді. Бұл қызығу түрі көбіне бастауыш сынып оқушыларына үлкендердің ықпалы мен, әңгімесімен болатын жай.

2. Әрекетті қызығу – мұнда бала алдына бір үлкен міндет қоймай істейтін істің нәтижесіне, оның қандай болатынына қызықпай, тек атқаратын еңбегініңағымына қызығады.

3. Қорытындыға қызығу – мұнда бала істейтін еғбегінің нәтижесіне қызығады. Бір нәтижеге жетуді көздеп, әрекет етеді, барлық күшін соған жұмсайды.

Баланың қызығуын осылайша үш түрге бөлу шартты нәрсе. Қызығу туралы психологтар көптеген еңбектер жазған. Олардың ең көрнектісі мынылар: У. Мак Дугал (1871-1938). Жалпы адамның қызығуларын соқыр сезімдерге теңейді. Адамның қызығулары ерте бастан нәсіл арқылы соқыр сезімдер, инстингтер ретінде ата-анасынан баласына көшіп отырады. Қызығу мұқтаждықтан пайда болмайды, ол әсер етуші заттармен, сыртқы дүниемен байланыспайды дейді. Ал енді Э. Торндайктің айтуынша, адамның қызығулары сыртқы дүниенің, қоғамның әсерімен жүре пайда болады. Бұлар дағдылану мен әдеттенудің нәтижесінде ғана пайда болып, бұл екеуінсіз ешбір қызығу қызығу пайда блмайды дейді. Бірінші телрия қызығуды биологиялық тұрғыдан түсіндірсе, екіншісі – механистік тұрғыдан бихевиоризм принципімен орайластырады. Қызығу оқу-тәрбие жұмысында өте керекті шарттар болып табылады. Оның балалардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына, оқушыларды әдепті етіп тәрбиелеуде, олардың бойына адамгершілік қасиеттерді енгізуде ықпалы зор.

Неміс педагогы И. Ф. Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр саладағы қызығушылықты алған. Адамдағы қызығушылықтар қоршаған дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керектігін айтқан.

Жас бала не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан, әрбір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру қажет. Қазіргі сабақ түрлері: сайыс, жарыс, аукцион, концерт, кіріктіру сабақтары нәтижесін беріп жүр. әсіресе, соның ішінде қазақ тілі пәні бойынша балалардың қызығуларын қалай арттыруға болады? Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта проблемалық жағдай туғызып, оқушының ой-өрісін арттыру, шығармашылық қабілетінің дамуына үлкен үлес қосады.

Ұлы неміс педагогы А. Дистервергтің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық ң атты еңбегінде «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді.ң - деген. Ал ойлауға үйрететінсабақтыерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Бастауыш сынып оқушылары, әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған жас бүлдіршіндер үшін мұғалімнің ролі ерекше. Бұл оқушылар - әлі ойын балалары. Сондықтан да сабақты тартымды еткізу үшін сабақ тақырыбына сай көрнекті құралдар, дедактикалықматериалдар ролдік-сюжеттік ойындарды, әрбір 10-15 минут сайын сергіту жаттығулары мен музыкалық үзілістерді қолдану қажет. Қазақ тілі сабағының гтамматикасын түсіну үшін балалар көп ой-еңбегін жұмсайды. Бұл сабақты бір сарынды өтсе, онда баланы жалықтырып, оқушының сабаққа ынтасын төмендетіп жібереді. 1-2 сынып оқушылары ойын баласы болғандықтан, сабақ тақырыбына байланысты сабаққа ойын элементтерін көбірек енгізіп, сабақты түрлендіріп, оқушылардың сабаққа деген ықтасын, қызығушылығын арттырып отыру керек. Ойын – балалардың негізгі іс әрекетінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп-өркендей алмайды. Бұл өмірдің заңдылығы. Еңбек үстінде балалардың көптеген ерекшеліктері дамиды, өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы: үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, ал мектеп оқушылары сабақ үстінде ойын арқылы шыңдап, ой-өрісін кеңейте алады. Ал ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні, қажетті заттары, ерекшеліктері болады. Сол ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, зейініне сай әдейілеп ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады және сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қалай болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады. Сондықтан, ойын баланың дүниетанымының, өміртанымының алғашқа қадамы. Баланың өмірі қоршаған ортаны танып білуі еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері байқалады. Ойын үстінде өмірдегідей қуанып, ренжиді. Сондықтан, мұғалім баланы сабақта талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай, іскерлігін дамытатындай болу керек. Пәнді оқытубарысындаоқушылардың белсенділігін саналы ойлана білуін, ой-өрісінің дамуын, қиындықты жеңу, төзімділікке баулуды үйрету мұғалімнің негізгі міндеті. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың бірнеше жолдарын айтуға болады. Олар мадақтау, бағалау, көрнекілік құралдар түрлерін, ойын элементтерін қолдану. Оқушының танымдық қызығушылығын арттыру арқылы шығармашылық қабілеттерін оятып немесе деңгейлік жұмыстар жүргізу арқылы дамытуға болады.

Шығармашылық қабілет деген не? Қабілеттің шығармашылық деңгейге көтерілуі неге байланысты? деген сұрақтар әрбір студентті мазалайды. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «Қабілетң ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Қабілет ұғымына берілген психологиялық саны баршылық. Қабілет – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдый, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті – деп жазды академик Т. Тәжібаев. «Қабілеттерң - адамның іс-әрекетінің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері. Қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе А. Н. Леонтьев, А. В. Петровский, В. А. Крутецкий, Б. М. Теплов, В. С. Шубинский, М. Мұқанов, Т. Тәжібаев, Қ. Жарықбаев қабілеттер оқытусыз да дамитынын, бірақ онда ол ұзақ процеске айналатынын айтады. Қабілеттер мәселен көптеген зерттеушілердің назарын аударып келеді, әлі де күн тәртібінен түскен жоқ деуге де болады. Енді сол еңбектердің кейбіреулеріне тоқтала кетейін. Ең алғашқы қабілеттер мәселесін көтерген С. Л. Рубинштейн. Ол іс-әрекеттің қабілетті дамытуындағы ролін нақтылады. Осыдан бастап қабілеттердің әрекетте дамитындығы жайлы теория қалыптасып, бұл екі теория біртұтастықта қарастырылғандәрежемен сипатталады. Біз қоғамда жеке тұлғаны дайындауымыз керек. Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалығымен тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілетін дамытудың мәні зор. Сонымен бірге ғалымдар қабілеттің екі түрлі деңгейі болатындығын дәлелдеген. Олар:



  1. Репродуктивті /өнімсіз/-іс-әрекеті, не білімді берілген үлгі бойынша қабылдай меңгере алу деңгейі.

  2. Шығармашылық-жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Қабілеттің 2-ші деңгейі «шығармашылықң ұғымының мәнін ашайық. «Шығармашылықң сөзінің этимологиясы «шығару, ойлап табуң - дегенге саяды. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдырын анықтау психология мен педпгогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын, «шығармашылық теориясынң жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығын байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты – бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдармен іздестіру болып табылады. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Ж.Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырды. Көрнекті педагог Ы.Алтынсаринның өз шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын және де мәселеге назар аударған ғалым Қ.Ә.Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы – оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем шығармашылық бабілеттерін дамыту жолдарын айқындайды. Ал М.Мухаммедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айтады. Осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я.А.Пономорев оны «дамуң ұғымымен қатар қояды. Көрнекті ғалым Л.С.Выготский «шығармашылықң деп жаңа ашу әрекетін атаған. Шығармашылық жөнінде жазылған еңбектерді талдай келе, мынадай қортындыға келдік. Шығармашылық әрекет – оқушының ақыл-ойын, талантын, жалпы өзін дамытатын болса, онда «дамуң терминінің мәнін түсіну қажеттігі туады.

«Дамуң сөзінің психологиялық анықтамасы жаңару процесі жаңанаң өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген ұғымды береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі дамып, өзгеріп бір деңгейден диалектикалық жолмен өтіп отырады. Тәрбиенің нәтижесінен жаңа туған баланың психикалық әрекеттері біртіндеп – диффиренцияланып дами келе, жаңа сапарлардың пайда болуына әзірлік жасалады. Даму процесіне үш түрлі күш пен үш түрлі фактор қатысады:

    1. Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
      2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
      2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
      2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
      2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
      2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
      2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
      2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


      Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет