Кірме сөздердің СӨздіктерде алатын орны молданова Жазира Ілесқызы, ОҚмпи-дің аға оқытушысы, Шымкент қ



Дата28.01.2018
өлшемі52,62 Kb.
#35623
КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ СӨЗДІКТЕРДЕ АЛАТЫН ОРНЫ
Молданова Жазира Ілесқызы,

ОҚМПИ-дің аға оқытушысы, Шымкент қ.
Қай тілдің болсын сөздік қоры негізінен өзінің байырғы төл сөздері мен өзге тілдерден енген кірме сөздерден тұратыны белгілі. Өйткені кез келген тілдің сөздік қорына қоғамдағы түрлі тарихи оқиғалар өз әсерін тигізбей қоймайтыны түсінікті. Дәл осы заңдылық қазақ тіліне де тән. Кез келген тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіндіктері арқылы болып қоймайды, сонымен қатар, өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден ауысып алу арқылы да тіл өзінің сөздік құрамын байытып, жетілдіріп, толықтырып отырады. Мұның қазақ халқының даму тарихына саралап көз жүгіртсек, олардың көптеген көрші елдермен үнемі тығыз қарым-қатынаста болғандығын көреміз.

Тіліміздің сөздік қорындағы кірме сөздерді 5 топқа бөліп қарастыруға болады:

1) араб тілінен енген сөздер;

2) парсы (иран) тілінен енген сөздер;

3) монғол тілінен енген сөздер;

4) орыс тілінен енген сөздер;

5) орыс тілі арқылы енген сөздер.

Қазақ тілінің сөздік қорында араб, парсы кірме сөздері ерекше орын алады. Араб, парсы кірме сөздерінің қазақ тілінде қолданылуын зерттеп, алғаш еңбек жазған − Н.Оңдасынов. Ол «Арабша-қазақша түсіндірме сөздігінде» (Алматы, 1969) араб тілінен қазақ тіліне 400 жуық түбір сөз енген деп көрсетіп, оларға түсініктеме береді. Сонымен қатар 1974 жылы «Парсыша-қазақша сөздік» атты еңбегі жарыққа шығады [1; 2].

Е.Бекмұхаметов араб, парсы сөздерін зерттеп, «Араб-парсы сөздері (түсіндірме сөздік)» атты еңбекті жарыққа шығарады. Сөздікке қазақ тілінде қазір қолданылып жүрген мың жарымға жуық араб, парсы сөздерін көрсетіп, ақын-жазушылардың шығармаларынан мысалдар келтірген және қазақша-орысша түсініктеме берген [3].

Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігінде 100000-ға жуық лексикалық тұлға енген. Біздің есептеуіміз бойынша, оның 972 сөзі кірме сөздер деп көрсетеді. Кірме сөздерді жеке-жеке араб, парсы (иран), монғол, орыс елдерінен енгендігін атап кетіп, мысалдар келтірген.

Он томдық түсіндірме сөздіктің авторлары қазақ тілінің құрамында араб тілінен енген сөздер қыруар екенін нақты мысалдар арқылы дәлелдеп, көрсетіп отыр.

Біздің анықтауымыз бойынша «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде», атап айтқанда,

1-томда 165 кірме сөз берілсе, оның 101-і араб, 56-сы иран, 3-і орыс, 1-і монғол сөзі;

2-томда 117 кірме сөз берілсе, оның 21-і араб, 54-і иран, 18-і орыс сөзі;

3-томда 163 кірме сөз берілсе, оның 106-сы араб, 40-ы иран, 5-і орыс, 2-і монғол сөзі;

4-томда 104 кірме сөз берілсе, оның 70-і араб, 23-і иран, 13 орыс сөзі;

5-томда 79 кірме сөз берілсе, оның 22-і араб, 15-і иран, 36-сы орыс сөзі;

6-томда 39 кірме сөз берілсе, оның 33-і араб, 4-і иран, 2-і орыс, 1-і монғол сөзі;

7-томда 157 кірме сөз берілсе, оның 84-і араб, 53-і иран, 14-і орыс, ал 1-і монғол сөзі;

8-томда 82 кірме сөз берілсе, оның 44-і араб, 19-ы иран, 11-і орыс сөзі;

9-томда 25 кірме сөз берілсе, оның 22-і араб, 2-і иран, 3-і орыс сөзі;

10-томда 42 кірме сөз берілсе, оның 31-і араб, 8-і иран, 2-і орыс сөзі берілген екен.

Жалпы он томдық түсіндірме сөздікте 972 кірме сөз берілсе, оның 534-і араб сөзі, 274-і иран сөзі, 108-і сөз орыс тілінен енген болса, ал моғол тілінен бар болғаны 5 сөз екен [4]. Тағы бір айта кететін жағдай: сөздікте кебеп, қадірдан, қадірмен, ғайып, т.с.с. сөздерді беруде ар. ир. деп белгілесе, биқасап, билаж, бимәлім, бихисап, бимәлім, бейғам, бейпарақ, бейтарап, т.с.с. сөздерді бергенде ир. ар. деп көрсетеді. Бұдан шығатын қорытынды, біріншіде араб сөздері иран тілі арқылы енсе, екіншіде, иран сөздері араб тілі арқылы тілімізге енген. Демек, бұл сөздерді арабтың да, иранның да сөздік қорынан кездестіруге болады.

Түсіндірме сөздікте көптеген батыс тілдерден енген сөздерді авторлар орыс тілінен енген деп көрсеткен. Мысалы: контр (лат.), купе (фран.), куратор (лат.), курорт (неміс), курс (лат.), куранты (фран.), т.с.с.

І.Кеңесбаевтың редакциясымен шығарылған 2 томдық түсіндірме сөздікте кірме сөздер екенін мүлдем көрсетпеген. Мысалы: бата, батальон, башмак, драматургия, драп, дін және т.б. сөздер кірме сөздер, бірақ сөздікте олардың этимологиясы берілмеген [5].

Т.Жанұзақов редакциясымен шыққан І томдық «Қазақ тілінің сөздігі» еңбекте де кірме сөздер туралы мағлұмат берілмеген [6]. Сөздікте берілген төмендегі сөздердің шығу тегін «Словарь иностранных слов» атты сөздіктен анықтадық: абажур, абитуриент, абонемент, абонент, абориген, бар, барабан, бальзам. Бұл сөздер батыс тілдерден енген кірме сөздер [7].

«Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» [8] барлық кірме сөздердің этимологиясы беріледі. Біз он бес томдық сөздіктің бірінші томын зерделеп шыққанда мынадай мәлімет алдық:

Латын тілінен енген сөздер саны – 64. Олар: акцент, аппеляция т.б.;

Грек тілінен: 54 (апатия, архитектор, агротехника...);

Француз тілінен: 36 (абажур, абрикос, авангард ....);

Неміс тілінен: 10 (абонент, адресант ...);

Ағылшын тілінен: 5 (аллигатор, айсберг);

Итальян тілінен: 3 (авария, альт);

Испан тілінен: 1 (анаконда);

Новерж тілінен: 1 (акула);

Поляк тілінен: 1 (арена);

Орыс тілінен: 4 (ағлап, азият, акушерка, артистка);

Араб тілінен: 56 сөз (абзал, аза, арзы ...);

Иран (парсы) тілінен: 27 сөз (анар, ас, алша ...).

Сонымен, кірме сөздердің қазақ тілінде алатын орны ерекше. Барлық түсіндірме сөздіктерге кірме сөздерді кіргізген. Осы уақытқа дейін жарық көрген түсіндірме сөздіктердің ішінде он бес томдық сөздікте ғана кірме сөздер толық көрсетілген.

Қорыта айтқанда, қазақ тілінің сөздік қорына кірме сөздердің енуі тарихи жағдайларға және экономикалық, сауда, мәдени қатынастарға байланысты.
Резюме

В данной статье рассматривается внедрение вводных слов в словарный состав казахского языка и в словари.

Summary

In this article introduction of parenthesises in dictionary structure of the Kazakh language and in dictionaries is considered.
Әдебиеттер

1. Оңдасынов Н.Д. Арабша-қазақша сөздік. – Алматы: Қазақстан, 1969.

2. Оңдасынов Н.Д. Парсыша-қазақша түсіндірме сөздік. – Алматы, 1974.

3. Бекмұхаметов Е.Б. Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері (түсіндірме сөздік). – Алматы: Қазақстан, 1977. – 200 б.

4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. І–Х том. Жалпы редакциясын басқарған А.Ысқақов. – Алматы: Ғылым, – 1974–1986.

5.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған І.Кеңесбаев. І, ІІ том. – Алматы: Ғылым, 1959.; 1961.

6. Қазақ тілінің сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Т.Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 1999. – 776 б.

7. Словарь иностранных слов. 16-е изд., испр. – Москва, 1988. – 624 с.



8. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық /Құраст. Т.Жанұзақов, С.Омарбеков, Ә.Жүнісбек және т.б. – Алматы: Арыс, 2006.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет