Кіші сала:Құрастыру Такырыбы:«Жүк машинасы» Мақсаты



Дата15.06.2017
өлшемі458,01 Kb.
#19140
Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы: «Таным»

Кіші сала:Құрастыру

Такырыбы:«Жүк машинасы»

Мақсаты: Құрылыс материалдарымен таныстыру және жүк машинасын құрастыру, құрылыс материалдарын пайдалануға жаттықтыру. Ойлау қабылетін дамыту арқылы сүт таситын машина құрастыруға білуге үйрету.

Сөздік жұмыс:сүт таситын

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Тәрбиеші бірнеше көлік түрлерінің суретін көрсетіп, әртүрлі машиналар не үшін пайдаланылатынын әңгімелейді. Солардың ішінде жүк машинасына ерекше тоқталып, жеке бөліктеріне талдау жасайды.

-Қандай бөліктері бар?

-Қорабы, кабинасы, дөңгелегі қандай?


Жүк машиналарына талдау жасайды.

(Сипаттама береді)

Тәрбиешіні мұқият тыңдап, тапсырманы орындайды.


Ізденіс

ұйымдастырушы

Сызба үлгі арқылы суретті сипаттап айтқызып, әліппе-дәптердегі суретті реті бойынша қалай құрастыру қажеттігіне тоқталады. Ұсынылған тапсырмаларды орындауға бағыт беріледі. Құрастыру материалдарын пішініне, көлеміне қарай таңдап алып, жүк машинасының бөліктеріне сәйкес орналастыруға ұсыныс жасайды. Әліппе-дәптердегі суреттерге талдау жасалады:

-алдымен екі дөңгелек қойылады (цилиндр пішінді бөлшектер);

-дөңгелектің үстіне пластина орналастырылады (жұқа тақтайша);

-кабинасының тұмсығы үшін төрт бірдей кірпіш тәрізді бөлшек қатар қойылады;

-ол кірпіштердің үстіне шетін ала тігінен екі кірпіш, олардың үстіне көлденең екі кірпіш орналастырылады;

-төрт кірпіштің үстінен көлденеңінен екі кірпіш қойылады;

-жүк таситын қорабы екі ұзын бөлшек, бір қысқа бөлшектен құралады;

-балалар іс-әрекетіне басшылық жасалып, кейбір балаларға көмек көрсетіледі;

-балалардың өздігінен дербес шғармашылықпен әрекет етуіне бағыт беріледі;

-өз ойларынан қосып, бөліктерді толықтырып, жүк машинасын талапқа сай құрастырған еңбектер мадақталып, ерекше аталып өтіледі.

Сергіту сәті

Отырмын рөлде,

Моторым, гүрілде.

Ойыншығым-машинам,

Тарт алға асыға.

Сенімен тасимын,

Көмір мен тасыңды.

Таудай ғып артамын,

Бидай мен арпаңды.


Оқулықпен жұмыс жасайды.

-өз ойларынан қосып, бөліктерді толықтырып, жүк машинасын талапқа сай құрастырады.

Қимылмен көрсетеді.


Рефлексивтік-коррекциялау

Балаларға көлік түрлерінің пайдасы, ерекшелігі, не үшін қолданылатынын әңгімелетіп, өздері білетін тақпақтар мен жұмбақтарын айтқызып, сабақ қорытындыланады.

Жұмбақ, тақпақтар айтады.

Балалар құрастырған жұмыстарына риза болады.




Күтілетін нәтиже:

Құрылыс материалдарынан машинасын құрастыруды ұғынады

Құрылыс материалдарын пайдалануды түсінеді

Ойлау қабылетін дамыту арқылы көліктерді құрастыру қолынан келеді




Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы : «Таным»

Кіші сала: Құрастыру

Тақырыбы:Гараж.

Мақсаты:Құрылыс материалдарымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Көлемі, пішініне сәйкес кеңістікте орналастыра білуге жаттықтыру. Ойыншық машиналар көлеміне қарай гараж құрастыру. Құрастыру жұмысы барысында жоспарлай білуге, бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Құрастыру материалдары; сызба үлгі суреттер; әліппе-дәптер; үлкен және кіші ойыншық машиналар.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу,

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Жұмысты бастамас бұрын машина туралы қандай өлең-тақпақтар білетіні сұралады:

«Бип-бип-бип», - дейді

«Жолдан былай кет!» - дейді.

«Жол шетінде күт!» - дейді.

Көшеде жүруге асыға,

Күшікті басуға, басуға,

Болмайды, болмайды, машина!

«Бип-бип-бип», - дейді,

Болмайды, болмайды, машина.

Бип-бип-бип!



Балалар бірге әнгі орындайды.

Ізденіс

ұйымдастырушы

Білетін көлік түрлерін сұрау.
Жеңіл машиналарды кешке қайда қояды?

Кімнің үйінде жеңіл машина бар?

Сендер гаражға барып көрдіңдер ме?
Жұмбақ жасыру.

Сымға асылып,

Жүр асығып.

(Троллейбус)

Табанында жолы бар

Төбесінде қолы бар.

(Трамвай)

Күні-түні көше кезіп зырлайды,

Жолаушыға қызмет етіп тынбайды.

(Такси)


Әңгімелеу.

Балалар, осы жол көліктерінің бәрінің де, адамдардың тұратын үйі сияқты орындары болады. Оны қалай атайды?

Гараж деп-бір машина тұратын жерді, ал «автотұрақ» деп әр түрлі және бірнеше транспорттың тұратын жерін айтады.

Бүгін құрылыс материалдарынан гараж құрастырамыз. Сызба үлгі суреттерге талдау жасау. Әліппе-дәптердегі үлгіге мұқият қарау ұсынылады, ондағы тапсырмаларды орындауға бағыт беру.

Үлгі суреттерге талдау жасалады. Әліппе-дәптер бойынша жасалу реті түсіндіріледі. Балалар шағын топтарға бірігеді. Барлық ойыншық машиналар топтарға бөлініп беріледі. Осы машиналарға автотұрақ құрастыру үшін жұмысты неден бастау керектігі, құрастыру материалдарын қалай орналастыру қажеттігі келісіліп, алдын ала жоспарланады:


  • Қажетті құрастыру материалдары таңдап алынады;

  • Кеңістікте дұрыс орналастыру, көлемі, пішіні, түстеріне қарай қалай қою қажеттігі ойластырылады;

  • Қабырғаларының биіктігі қандай болады, төбесінің ашық немесе жабық болуын келісіп алады;

  • Дайын болған орынға машиналарды орналастырады;

  • Тәрбиеші балаларға бағыт беріп, ұжымдық еңбек нәтижесіне жетуге көмектеседі;

Автобус, троллейбус, жеңіл машина, поезд, ұшақ т.б

Гаражға


Балалардың жауаптары тыңдалады.
Бұл троллейбус.
Бұл трамвай.
Бұл такси.

Оны гараж деп атайды.

Оқулықпен жұмыс жасайды.

Өз беттерінше жұмыс жасайды.



Рефлексивтік-коррекциялау

Жасалған жұмысты бағалау балалардың өздерімен бірлесе отырып жүргізіледі. Құрылыс ерекшелігіне салыстырмалы түрде талдау жасалады. Жақсы орындалған еңбек нәтижесі мадақталып, қорытындыланады.

Балалар риза болады.

Күтілетін нәтиже:

Құрылыс материалдарымен жұмыс жасау дағдыларын ұғынады

Ойыншық машиналар көлеміне қарай гараж құрастыруды түсінеді

Құрастыру жұмысы барысында жоспарлай білуге, бірлесіп еңбек ету қолынан келеді



Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы : «Таным»

Кіші сала: Құрастыру

Тақырыбы:Автотұрақ (ұжымдық жұмыс)

Мақсаты:Құрылыс материалдарынан балаларға автотұрақ құрастыра білуге үйрету. Меңгерген іскерлік дағдыларын бекіту, құрастыру тәжірибелерін жаңа тапсырмаларымен ұштастыру. Балалардың ойлау қабылетін дамыту. Балаларды ұйымшылдыққа, бірлесіп еңбек нәтижесіне жетуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Құрастыру материалдары, түрлі көліктер. Үлгі суреттер, әліппе-дәптер т.б.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Балаларға өткен сабақта жасаған жұмыстарын еске түсіріп, гараж жасауды үйренгендерін айта келіп, енді құрастыру материалдарын қолданып, автотұрақ құрастыру ұсынылады. Жұмысты бастамас бұрын машина туралы қандай өлең-тақпақтар білетіні сұралады:

«Бип-бип-бип», - дейді

«Жолдан былай кет!» - дейді.

«Жол шетінде күт!» - дейді.

Көшеде жүруге асыға,

Күшікті басуға, басуға,

Болмайды, болмайды, машина!

«Бип-бип-бип», - дейді,

Болмайды, болмайды, машина.

Бип-бип-бип!



Өткен сабақта жасаған жұмыстарын естеріне түсіріп әнді бірігіп орындайды.

Ізденіс

ұйымдастырушы

Суретпен жұмыс.

Машиналар көшеде ағылып жүріп-жүріп келіп, кешкісін қайда тұрақтайды?

Осындай автотұрақты алдымыздағы құрылыс материалдарынан құрастырып көрейікші?

Үлгі суреттерге талдау жасалады. Әліппе-дәптер бойынша жасалу реті түсіндіріледі. Балалар шағын топтарға бірігеді. Барлық ойыншық машиналар топтарға бөлініп беріледі. Осы машиналарға автотұрақ құрастыру үшін жұмысты неден бастау керектігі, құрастыру материалдарын қалай орналастыру қажеттігі келісіліп, алдын ала жоспарланады:



  • Қажетті құрастыру материалдары таңдап алынады;

  • Кеңістікте дұрыс орналастыру, көлемі, пішіні, түстеріне қарай қалай қою қажеттігі ойластырылады;

  • Қабырғаларының биіктігі қандай болады, төбесінің ашық немесе жабық болуын келісіп алады;

  • Дайын болған орынға машиналарды орналастырады;

  • Тәрбиеші балаларға бағыт беріп, ұжымдық еңбек нәтижесіне жетуге көмектеседі.

Автотұраққа.


Тәрбиешіні тыңдап өз беттерінше тыңдайды.

Рефлексивтік-коррекциялау

Қорыту. Балаларды мақтау, мадақтау. Жасаған жұмыстарынан көрме ұымдастыру.

Балалар риза болады.

Күтілетін нәтиже:

Құрылыс материалдарынан автотұрақ құрастыра білуді ұғынады

Құрастыру тәжірибелерін жаңа тапсырмаларымен ұштастыруды түсінеді

Балалар ұйымшылдықпен, бірлесіп еңбек нәтижесіне жету қолынан келеді



Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы : «Таным»

Кіші сала: Құрастыру

Тақырыбы:Саты құрастыру. (темір құрастыру материалдарынан)

Мақсаты:Балаларды темірден жасалған конструкторлардың негізгі және бекіту бөліктерімен, құралдарымен таныстыру, саты құрастыруды үйрету, сатының адам қажетіндегі орны жөнінде түсінік беру, қажетті бөлшектерді өз бетімен таңдай алуға үйрету, құрастырудың практикалық машықтарын, бөлшектерді өзара бекітудің түрлі тәсілдерін қолдана отырып, үлгі бойынша құрастырып, жинақтай білу іскерлігін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: құрастыруға арналған темір бөлшектер, әліппе-дәптер.

Әдіс-тәсілдер: темір конструкторлармен жұмыс жасау барысын түсіндіру, бөлшектерді құрастыру жолдарын көрсету; сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы


Тәрбиеші балалармен жыл мезгілінің бірі күз туралы әңгіме қозғайды. Күздің сыйы, байлығы, көкеніс, жемістер, жиын-терім жөнінде әңгімелейді. Балалардың жауабын сұрақ-жауап арқылы кеңейтіп, толықтыру әдістері қолданылады.

Алма бақтағы жеміс жинау еңбегі бейнеленген суретті пайдаланып, биік ағаш басындағы алмаларды жинау үшін сатының қажеттігі, оның неден жасалатындығы туралы әңгімелеп, бүгінгі сабақта сатыны құрастырып үйренетіндіктерін айту.



Күз туралы әңгімелеседі. Сұрақтарға жауап береді.

Суретпен жұмыс жасайды.



Ізденіс

ұйымдастырушы



Балалардың назарын қорапшаға салынған темір құрастыруға материалдарына аударып, оның аталуын түсіндіреді. Құрастыру материалының әрбір бөлшегінің өзінің орны бар екендігі, оны жоғалтпай пайдалану қажеттігі, егер бір бөлшек жоғалып қалатын болса, қажетті затты құрастыруға мүмкіндік болмай қалатыны жөнінде айтып, ұқыпты болуға баулиды. Бұдан соң әліппе-дәптердегі сатының үлгісін көрсете отырып, оның бөліктеріне, 2 тақтайшадан және қысқа тақтайша, басқыштардан тұратынына назар аудартады. Құрылыс материалдары құрастырғанда 1 ұзын таяқшаны үш қысқа таяқшадан бір-біріне бұранда (болт) және қалпақша (гайка) көмегімен бекіту арқылы жасауға болатындығын түсіндіреді. Балалар қиналатын болса, 2 таяқшаның шеткі тесіктерін өзара сәйкестендіріп, сол тесіктерді 2 бұранда және 2 қалпақшамен бекітеміз. Саты ұзын болу үшін 2 ұзын таяқшаны өзара біріктіру қажет, сонда сатының 1 ұзын негізі пайда болады. Екінші негізін жасау үшін тағы да 2 ұзын таяқшаны біріктіреміз. Ал саты толық жасалуы үшін, бізге 5 қысқа таяқша керек, осы бесеуінің әрқайсысының шетін 2 негізге бекітуіміз керек деп түсіндіру.

Өз бетінше жұмыс. Әр бала өз бетімен саты құрастырады.




Балалар мұқият тыңдайды.

Өз беттерінше жұмыс жасайды.



Рефлексивтік-коррекциялау

Қорыту. Балаларды мақтау, мадақтау. Жасаған жұмыстарынан көрме ұымдастыру.

Балалар риза болады.

Күтілетін нәтиже:

Балаларды темірден жасалған конструкторлардың негізгі және бекіту бөліктерін ұғынады

Сатының адам қажетіндегі орны жөнінде түсінеді

Сатыны құрастыру қолынан келеді



Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы : «Таным»

Кіші сала: Құрастыру

Тақырыбы:«Темір конструкторлардан арба құрастыру»

Мақсаты:Темір конструкторлардың таныс бөлшектері жайындағы түсініктерін бекіту, жаңа бөлшектермен таныстыру. Арбаны құрастыру үшін оның дөңгелектерін құрастырып бұрандалармен бекіту. Әдіс-тәсілдерін меңгерту. Қозғалмалы бөліктерді құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Конструкторлармен ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу (ауызға алмау, бөліктерді жоғалтпау т.б)

Көрнекіліктер: Құрастырғыш конструкторлар. Үлгі суреттер, әліппе-дәптер.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, әңгімелесу. Конструкторлармен құрастыру жолдарын көрсету.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Өткен сабақта осындай конструкторлардан саты құрастырғандарын, онымен алма ағаштарынан алма жинауға болатынын еске түсіріп, бау-бақшада алма өте көп екенін, оны бақшашылар жинап, жәшіктерге салып қояды.

Өткен сабақты естеріне түсіреді.

Ізденіс

ұйымдастырушы

Арбаны жасау үшін темір конструктордан жасалған ойыншыққа талдау жасап, әліппе-дәптердегі орындалу ретіне назар аударады:

-Өздерінің алдарындағы конструкторлардан қажетті бөлшектерді таңдап алу.

-Балалар керек бөлшектерді таңдап алады.

Сұрақ-жауап әдісі:

-Арба қанша бөліктен тұрады?

-Арбаның жайпақ бөлігі, дөңгелектері, білігі, т.б. бар.

-Арбаның жалпақ бөлігі не үшін қажет?

-Жүк салу үшін.

-Арбаның тағы қандай бөліктері бар? (дөңгелегі, дөңгелекті біріктіріп тұрған білігі).

-Оларды немен біріктіруге болады?

-Арбаның білігіне дөңгелектерді кигізіп оны гайкалармен бұрап орналастырады.

Өз беттерімен жұмыс.

Балалар осыдан соң төрт дөңгелекті бұрап, жүк салатын бөлігімен біріктіріп, оны қозғалтып жүргізіп көреді. Балалар өздеріндегі конструкторлармен арбаны көрсеткен ретімен құрастырады, кейбір балаларға жеке түсіндіріліп, көмек көрсетіледі.

Сергіту сәті.

Ал, балалар тұрайық,

Алақанды соғайық

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Балалар жұмысын талдауда арбаның беріктігі, бұрандалардың дұрыс бұралуына көңіл бөледі.

Бұл дайындалған арбаны бау-бақша жемістерін жинауға бақшашыларға көмек көрсетуге жіберетіндігін, өздері де барып көмектесулеріне болады.



Әліпппе дәптердегі орындалу ретіне назар аударады.

Сұрақтарға толық жауап береді.

Өз беттерімен жұмыс жасайды.

Сергіту сәтін қимылмен жасайды.

Жұмыстарына талдау жасайды.



Рефлексивтік-коррекциялау

Қорытындылау. Балалардың жұмысынан көрме ұйымдастыру. Балаларды мақтап, мадақтау.

Балалар құрастырған жұмыстарына риза болады.

Күтілетін нәтиже:

Арбаны құрастыру үшін оның дөңгелектерін құрастырып бұрандалармен бекіту керектігін ұғынады

Темір конструкторлардың таныс бөлшектері жайындағы түсінеді

Арбаны құрастыру қолынан келеді



Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы : «Таным»

Кіші сала: Құрастыру

Тақырыбы:«Жаяу адам және көліктер жүретін көпірлер»

Мақсаты: Балалардың көліктер жайлы түсініктерін кеңейту. Құрылыс материалдарымен пайдаланып, жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Нақты жағдайларға сәйкес құрастыру іскерліктерін дамыту. Көпірлердің ерекшеліктерін білуге үйрету. Бір-бірімен келісуге, көмектесуге,құрылысты өз ойларынан толықтыруға жаттықтыру.

Көрнекіліктер: Құрылыс материалдары, көпірдің үлгі суреттері, машиналар, әліппе-дәптер.

Әдіс-тәсілдер:Құрылыс материалдарын орынды қолдануға дағдыландыру. Диалог түріндегі әңгіме, ойын іс-әрекеттерді қалыптастыру.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Тәрбиеші балаларға қолындағы жеделхатын көрсетіп: «Балалар, бізге құрылысшылар жеделхат жіберіпті. Қазір мен сендерге оқып берейін. Бізді жаяу жүргіншілер жүретін көпір жасауға көмектесуді өтініпті. Біз құрылысшыларға барамыз ба, балалар? Ал барар болсақ, немен барсақ екен?».

Балалар: Автобуспен.

Ізденіс

ұйымдастырушы

Тәрбиеші: Ендеше барлығымыз қатарға тұра қалайық та, аялдамаға барайық. Міне, балалар, біздің автобусымыз да келіп қапты.

Жүргізуші: Келесі аялдама-Жандосов көшесі.

Автобус аялдамаға келіп тоқтайды. Сол кезде автобусқа әже мінеді де, бір баланың жанына келіп тұрады. Бала тұрып, орын береді.

-Әже, мына жерге отырыңыз.

Әже: Көсегең көгерсін, үлкен жігіт бол!

Жүргізуші: Келесі аялдама-дәріхана.

Әже: «Балам, орныңа отыра ғой. Мен қазір түсемін. Саған көп-көп рахмет!»-деп түсіп кетеді.

Тәрбиеші: Балалар, Алмас не істеді?

Балалар: Әжеге орын берді.

Тәрбиеші: Алмас қандай бала деп ойлайсыңдар?

Тәрбиеші: Әдептілік туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Жүргізуші: Құрылысшылар аялдамасы.

Балалар автобустан түсуге дайындалады. Жолдан өту керек. Балалар тоқтап қалады.

Тәрбиеші: Балалар, біз неге тоқтап қалдық?


Тәрбиеші: Бағдаршамның жасыл көзі жанғанша кім маған тақпақ айтып береді?

Жасыл жанады. Балалар жолдан өтеді. Құрылысшы ағайға келеді.

Құрылысшы: Балалар, мына заттардан көпір құрастырып жасауымыз керек. Қане, сендер көмектесесіңдер ме?

Құрылысшының рөлін тәрбиеші өзі орындайды. Балалар тақпақ айтып болған соң, құрылысшының баскиімін, алжапқышын киіп келеді.

Тәрбиеші: Ал енді, көпір құрастыру үшін не істейміз?

Үлгі суретке талдау жасайды. Көпірдің бөліктерін атайды: тіректері, жүретін бөліктері, сүйеніштері, төмен түсетін ылдиы. Алдымен көпірдің тіреулері, содан соң оның үстіңгі бөлігі, төмен түсетін ылдилары, сүйеніштері, т.б. жасалады. Әр бала көпір құрастырғанда өздерінің машиналары өтетіндей етіп, көпірдің ені мен ұзындығын дұрыс құрастыруына бағыт беріледі.



Балалар: Әдепті.

Біз – әдепті баламыз, Үлкенге орын береміз

Кейбіреуше көрмеген боп

Бермеуді ұят көреміз.

Біз-әдепті баламыз,

Үлкенге көмек береміз.

Автобусқа мінеміз

Қолтығынан демеп біз.

Біз-әдепті баламыз,

Әңгімеге қызбаймыз.

Атамыз бен әжеміздің

Сөзін жөнсіз бұзбаймыз.

Балалар: Бағдаршамның қызыл көзі жанып тұр. Біз жасыл көзі жанғанда жолдан өтеміз.


Бас көшеде қырағы

Үш дәу тұрады.

Ашса кезек үш көзін

Айтты деп біл үш сөзін.

Тоқта, сақтан, жол ашық,

Жүрме жолға таласып

Қызыл көзін ашқанда,

Сабыр сақта, баспа алға

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Балалар: Көмектесеміз.

Өз беттерінше құрастырады.



Рефлексивтік-коррекциялау

Қорытындылау. Жасалған жұмысты бағалау балалардың өздерімен бірлесе отырып жүргізіледі. Жақсы орындалған еңбек нәтижесі мадақталып, қорытындыланады.

Балалар құрастырған жұмыстарына риза болады.

Күтілетін нәтиже:

Құрылысты өз ойларынан құрастыруды ұғынады

Балалар көліктер жайлы түсінеді

Құрылыс материалдарымен пайдаланып, жұмыс жасау дағддылары қолынан келеді




Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы : «Таным»

Кіші сала: Құрастыру

Тақырыбы:«Дайын пішіндермен жұмыс жасау»

Мақсаты:байын пішілген кескіндермен жұмыс жасау, күрделі емес сызба сызу, қайшымен нұсқаны тілік етіп кесу мен ойып алу іскерліктерін қалыптастыру.

.


Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Балалар өз үйлері неше қабат, олардың ерекшелігі жайында әңгімелеп береді.

Өз үйлері жайында әңгімелейді.


Ізденіс

ұйымдастырушы

Әліппе-дәптердегі үлгі суреттерге талдау жасалады.

Тәрбиеші әрбір үйдің бөліктеріне мұқият қарауды, құрылыс материалдарын қалай орналастыруға болатынын ойлануды тапсырады. Бір немесе көп қабатты үйлер құрастыруға болатындығы, олардың бір-бірінен ерекшелігі айтылады. «Үйлер үлкен, кіші, биік, аласа болады, бірақ барлық үйдің іргетасы, қабырғасы, шатыры, терезесі, есігі болады» деген қорытындыны балалар жасай алуы тиіс.

Әліппе-дәптердегі бір қабатты үйдің үлгісіне талдау жасалады.

Өз беттерінше жұмыс жасайды.

Балалардың еңбек нәтижесіне жетудегі іс-әрекетіне басшылық жасалып, бағыт беріледі. Тапсырманы орындау барысында балалардың тек қана құрылысты жасау техникасы ғана емес ұсынылған шартты дер кезінде орындау, қаншалықты дұрыс құрастырды, бір-бірімен келісіп жасады ма, өздігінен шығармашылықпен не қосты-бәрі ескеріледі.

Балалар кімнің тұрғызған үйі түзу болды, қай жерін дұрыс құрастырмады, кемшіліктерін тауып, оны қалай түзетуге болатынын айтады, өз жолдастарының еңбегіне баға береді



Үлгі суретке қарайды.
Тәрбиешіні мұқият тыңдап, тапсырманы орындайды.

Өз бетттерінше жұмыс.

Жасаған жұмыстарын бағалайды.



Рефлексивтік-коррекциялау

Қорытындылау. Балалардың жұмысынан көрме ұйымдастыру. Балаларды мақтап, мадақтау.

Балалар құрастырған жұмыстарына риза болады.

Күтілетін нәтиже:

Қажеттті құрылыс материалдарын таңдауды ұғынады

Құрастыру барысында үлгіге сәйкес талаптарды орындап, құрылыс материалдарын кеңістікте орналастыру дағдаларын түсінеді

Құрылыс материалдарынан үй құрастыру қолынан келеді




Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы : «Таным»

Кіші сала: Құрастыру

Тақырыбы:«Көп қабатты үйлер»

Мақсаты: Балаларды құрылыс жасайтын материалдарды таңдауға, бөлшектерін, қажеттілігін, кеңістікте орналасу қалпын білуге үйрету. Әр түрлі құрылыс материалдарынан көп қабатты үйлерді құрастыруға, іс-әрекетке қызығушылығын арттыру. Көп қабатты үйлерді келісе отырып, өз жоспарлары бойынша құрастыруға дағдыландыру. Өз жолдастарының еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Көп қабатты үйлердің суреттері, әліппе-дәптер, құрылыс материалдары.

Әдіс-тәсілдер: Құрылысты құрастыру жолдарын түсіндіру. Құрылыс материалдарымен жұмыс түрлерінің әдіс-тәсілдерін ұсыну.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Жыл мезгілі, апта, ай аттары туралы шағын әңгіме жүргізу.

Әңгімеге араласады.

Ізденіс

ұйымдастырушы

Құрылысшылар үй салып жатқан сурет бойынша әңгіме құрау.

-Құрылысшылар не істеп жатыр?

-Олар қай жыл мезгілінде үй салып жатыр?

-Міне, олар көп қабатты үйді салып болыпты. Неше қабатты үй, қане, санайықшы.

Қабатын, есігін, терезесін санау.

-Ал осы көп қабатты үйді не үшін салады?

-Осындай көп қабатты үйлер адамдар тұру үшін салынған. Бір көп қабатты үйде шамамен 50-60 отбасы тұрады. Олар бір-бірімен бір үйдің адамындай өте тату. Бір-бірімен амандасады, бір-біріне көмектеседі.

-Осы зәулім үйлерді кімдер салады?

-Ал кез келген адам үй сала ала ма? Осындай зәулім үйлерді мамандар ғана сала алады. Оларды арнайы оқытады, құрылысты салу жолдарын үйретеді. Бәріміз «Құрылысшы» деген тақпақты есімізге түсірейікші:

Қолда темір қалағым,

Саздан сарай саламын.

Алматыдан аумайтын

Әсем қала саламын.

-Енді, балалар, біз осы суреттегідей көп қабатты үйді құрастырып көрейік.

Ол үшін бәріміз бүгін «Құрылысшы» ойынын ойнаймыз. Ойын шартын түсіндіру. Көп қабатты үйді тұрғызу үшін балалар 2-3 бригадаға бөлініп, жетекші сайлап, басқалары құрылысшы болады.

Әліппе-дәптер бойынша талдау жасайды. Көп қабатты үйлерді құрастыру үшін бір-бірімен келісіп, міндеттерін бөліседі:

Ққай жерге құрылыс салу қажеттігі белгіленеді;

-Қандай құрылыс материалдары қолданылатынын таңдайды;

-Неше қабатты етіп тұрғызу, неше кіреберісі болатыны ойластырылады;

-Үйдің іргетасынан бастап, қабырғалары, терезелері, есіктері және кіреберіс, алаңдар жасауды балалар кезектесіп орындайды;

-Кейбір балаларға көмек көрсетіліп, іс-әрекетіне бағыт беріледі;


Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді.

Үй салып жатыр.

Жаз мезгілі
Балалардың жауабы

Құрлысшылар салады.

Жоқ.

Балалар тақпақты қайталап айтады.



Қолда темір қалағым,

Саздан сарай саламын.

Алматыдан аумайтын

Әсем қала саламын.

Ойын ойнау арқылы тапсырманы орындайды.

Көп қабатты үй құрастырады


Балалар өз ойларын айтады.

Бір-бірінің жұмыстарын талдап, бағалайды.



Рефлексивтік-коррекциялау

Қорытындылау. Балалардың тұрғызған көп қабатты үйлері салыстырылып, бригадалар бір-бірінің құрылыстарына талдау жасап, бағалайды.

Балалар құрастырған жұмыстарына риза болады.

Күтілетін нәтиже:

Балалар құрылыс жасайтын материалдарды таңдауды ұғынады

Өз жолдастарының еңбегін бағалай, құрметтей білуді түсінеді

Әр түрлі құрылыс материалдарынан көп қабатты үйлерді құрастыру қолынан келеді



Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы : «Таным»

Кіші сала: Құрастыру

Тақырыбы:«Мен тұратын көше»

Мақсаты: Құрылыс материалдарынан құрылыстар салуға үйрету. Жақсы сапаға жетуге талпындыру (дұрыс жоспарлай алу, түстерді сәйкестендіре орналастыру, т.б). Бастаған істі аяқтауға дағдыландыру. Туған ауыл, қалаға, көшеге ыстық ықыласпен қарауға баулу. Ұжымдық жұмыс барысында бір-бірімен ізгі қарым-қатынаста болуға, өзара сыйластық пен достыққа тәрбиелеу. Атқарылған істің сапасы ұжымның әрбір мүшесінің бірлесе жұмсаған күш-жігеріне байланысты екенін түсіндіру.

Көрнекіліктер:Құрылыс материалдары, суреттер, әліппе-дәптер. Қосымша безендіруге қажетті заттар: ағаштар, машиналар, т.б

Әдіс-тәсілдер:Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап үлгіні талдау.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

-Біз көшеден не көреміз?

-Не естиміз?



-Кең жол, машиналар, жаяу жүргіншілер, көп қабатты зәулім ғимараттар, дүкендер, жасыл желек ағаштар.
-Машиналардың шуылын, адамдардың дауысын.

Ізденіс

ұйымдастырушы

Жұмбақ жасыру.

Ұзын-ұзын, ұзын жіп

Ұшына шыққан жан бар ма?

Ақырын басқан жан бар ма?

Ұшына шықпас жалғанда.

(Жол)


Күзде киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды.

(Ағаш)

Арқасында ауыл жүр,



Ала тайым шауып жүр.

(Автобус)

Құрылыстың түрлі үлгілерін әліппе-дәптерден қарап көреді.

-Бүгін сендер құрылысшы болып, өз қаламызға жаңа көше тұрғызасыңдар. Сендердің міндеттерің осы көшеге әртүрлі құрылыстар тұрғызу. Не салғыларың келеді?

Бірақ естеріңде болсын, біздің көшенің сәнді болуы сендердің тиянақты еңбектеріңе байланысты.

Бұдан соң балалардың өз бетімен әрекет етуіне жол беріледі.



Жұмбақтардың жауабын табады.
Жол
Ағаш
Автобус
Әліппе-дәптерге қарайды.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Өз бетімен жұмыс жасайды.


Рефлексивтік-коррекциялау

Қорытындылау. Жұмыс соңында балалармен ақылдаса отырып, көшенің аты тағайындалады.

Балалар құрастырған жұмыстарына риза болады.

Жұмыстарын талдап, бағалайды.



Күтілетін нәтиже:

Бастаған істі аяқтауға дағдыларын ұғынады

Ұжымдық жұмыс барысында бір-бірімен ізгі қарым-қатынаста болуды түсінеді

Құрылыс материалдарынан құрылыстар салу қолынан келеді



Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы : «Таным»

Кіші сала: Құрастыру

Тақырыбы:«Қардан қамалдар тұрғызу»

Мақсаты: Балалардың таза ауада қызықты іс-әрекетпен айналысуына, көңіл-күйін көтеруге мүмкіндік туғызу. Қардан құрылыс тұрғызуда қамалдар салу дағдыларын қалыптастыру. Жұмысты бірлесіп жоспарлау, бірге құрастыруға, әсем безендіре білуге үйрету. Ұжымдық еңбек нәтижесіне жетуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Қарды жинауға қажетті құрал-саймандар күрек, жәшік, сыпырғыш, қорап, т.б.

Әдіс-тәсілдер:Тәрбиешінің шығармашылық әңгімесі, балалармен бірлескен іс-әрекет жұмыстары.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Балаларды далада жинап, бүгінгі ауа-райы, айналаның аппақ мамық қар жамылғанын айтып, қардың сапасы жайында балалардан сұрап, мамықтай ұлпа, жылт-жылт еткен қардан қамал тұрғызсақ деген ұысыныс жасау.


Өз келісімдері бойынша шағын топтарға бөлінеді. Бір топтағы балалар қарды жинап үйеді. Екінші топтағы балалар ол қарды жәшікке немесе қорапқа салып, белгілі бір пішінге келтіреді (қалыптан кірпіш жасайды). Қалған балалар дайындалған қардан жасалған кірпіштерді қамалдың белгіленген орындарына жеткізеді, іс-әрекетке белсенділікпен кірісуге бағыт береді. Қамалды балалар бірлесе отырып жасайды.

Ізденіс

ұйымдастырушы

Дайын болған қамалдың қар құрылысының орындалу сапасы айтылып, балалар еңбегі мадақталып, ойын ойналады. «Қар лақтыру», «Қамалды алу», «Қамалға кім бұрын жетеді» т.б. (таңдаған ойын алынады).

Жүгірдік те қарғыдық,

Жарадыңдар барлығың.

Шаршадыңдар дегенмен,

Тыныстаңдар тереңнен,

Қане, демді ішке тартайық, демді қайтадан шығарайық-терең тыныс алады.

Жұмбақ жасыру.

Қолы жоқ-сурет салады,

Тісі жоқ-тістеп алады.

(Аяз)


Мамықтай ұлпа,

Қанттай аппақ.

(Қар)

Отқа жанбас, суға батпас.



(Мұз)

Жұмбақты дұрыс шештіңдер, енді қыс туралы тақпақтарымызды есімізге түсірейікші.

Балалар бірігіп ән айтады «Қыс» Ш.Ахметов, Б.Ерзакович


Ойынды қызыға ойнайды.


Жұмбақтардың шешімін табады.

1бала:


Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

«Қыс» мезгілі келеді

Бізге қарай жылыстап.

2 бала:

Дала қандай тамаша,



Ақ мамыққа оранған.

Ақ дастархан жапқандай,

Көз талмайды қарасаң
Бірге әнді орындайды.


Рефлексивтік-коррекциялау

Қорытындылау. Балаларды мақтап, мадақтау.

Балалар қардан құрастырған жұмыстарына риза болады.

Жұмыстарын талдап, бағалайды.



Күтілетін нәтиже:

Жұмысты бірлесіп жоспарлау, бірге құрастыруға, әсем безендіре білуді ұғынады

Балалар таза ауада қызықты іс-әрекетпен айналысуды түсінеді

Қардан құрылыс тұрғызу қамалдар салу дағдылары қолынан келеді



Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы : «Таным»

Кіші сала: Құрастыру

Тақырыбы:«Жолаушылар таситын кеме»

Мақсаты: Көлік түрлерімен таныстыру. Құрылыс материалдарынан сызба үлгіге қарап жолаушылар таситын кеме құрастыруға үйрету. Құрастыру барысында ойлау қабылетін дамыту. Балалардың қызығушылығын арттырып, белсенділік іс-әрекетке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Құрылыс материалдары. Үлгі суреттер, ұшақтар, кемелер, әскери жолаушылар, жүк таситын кемелердің суреттері. Әліппе-дәптері.

Әдіс-тәсілдер:Құрылыс материалдарымен жұмыс жүргізгенде әдіс-тәсілдер пайдалану, түсіндіру. Кеме құрылысын талдау, әңгімелесу.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Бірнеше көлік түрлерін пайдаланып, олардың ерекшеліктері жайында әңгімелесу. Аспанда ұшатын, суда , жерде жүретін көліктердің суретін әліппе-дәптердегі үлгілерін көрсетіп, балалардың әңгімесін тыңдау.

Әңгімеге араласып өз ойларын айтады.

Ізденіс

ұйымдастырушы

Әскери кеменің ұзынша, жеңіл, жүк таситын көліктің жалпақ, ауыр, т.б бөліктерін атап, қалай орналасқанына назар аударады. Құрылыс материалдарының көлемі, пішіні, түр-түсіне қарай бір-біріне үйлестіріп орналастыру ұсынылады. Кеменің көлеміне қарай өздігінен дербес, шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыт беріледі. Балалар құрылыс жасауда екіден, төрттен бірігіп бір кеме жасауларына болады. Кеме жолаушылар тасуға арналғандықтан, адамдар кемеге қалай отырады? Ол үшін қалай құрастыруымыз керек?-деп, балалардың ойланып әрекет жасауына бағыт, қажет болған жағдайда көмек беріледі

Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.

Өз беттерінше жұмыс жасайды.



Рефлексивтік-коррекциялау

Қорытындылау. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан соң балалармен бірлесіп талдау жасалады, жақсы жұмыс мадақталады. Орындарын жинауды ескерту. Ойын: «Теңіз толқиды»

Балалар қардан құрастырған жұмыстарына риза болады.

Жұмыстарын талдап, бағалайды. Ойынды қызыға ойнайды.



Күтілетін нәтиже:

Көлік түрлерін ұғынады

Құрастыру барысында ойлау қабылетін түсінеді

Құрылыс материалдарынан сызба үлгіге қарап жолаушылар таситын кеме құрастыру қолынан келеді


Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы : «Таным»

Кіші сала: Құрастыру

Тақырыбы:«Жиһаз» (сіріңке қораптарынан, катушкадан).

Мақсаты: Балалардың сіріңке қораптары мен катушкадан жиһаздар жасай білу жағдыларын қалыптастыру. Жиһаздарды жасағанда әрбір затты жеке жасап үйретіп, оларды ұжымдық еңбекке араластыру. Ұжымдық еңбек нәтижесіне жетуде бірлесіп еңбек етуге, шығармашылыққа баулу, ой-қиялын дамыту.

Көрнекіліктер: Жиһаздар суреттері, сіріңке қораптары (әр балаға 4-6 дана), түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, қарындаш, қылқалам. Катушкалар, 1-2 қуыршақтар, әліппе-дәптері.

Әдіс-тәсілдер: Қажетсіз заттармен құрастырып ойыншықтар жасау жолдарын көрсету, түсіндіру. Әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын іс-әрекеті.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Өз отбасы жайында әңгімелесу. «Үйлеріңде қандай жиһаздар бар?»-деп сұрау.

Үстел, орындық, диван, төсек т.б.

Ізденіс

ұйымдастырушы

Түрлі-түсті жиһаздар суреттерін көрсетіп әңгімелеу.

Бүгін осындай жиһаздарды өздері жасайтындықтарын атап өтеді. Ол үшін алдарындағы сіріңке қораптары мен катушкаларды пайдаланамыз. Олармен таныстырып, орындалу ретін түсіндіру.

-Әліппе-дәптердегі үлгіні талдау, жиһаз бөліктеріне назар аудару

-Кім қандай жиһаз жасағысы келетінін келісіп алу. (бірі-орындық, бірі-үстел, бірі-диван т.б)

-Алдарындағы заттарды таңдап, орындалу ретімен жұмысты бастайды.

1) Үстел жасау үшін 4 сіріңке қорабы, 4 катушка, түрлі-түсті қағаз, қарындаш алады.

-4 сіріңке қорабын бір-біріне біріктіріп, желімдейді.

-Желімдеп болған соң, қораптарды қағаздың түсіне қарай таңдап алып, ақ жағына, қойып, көлемін өлшеп, қарындашпен сызып алады.

-Сызық бойымен оны қиып алып, қораптардың үстіне желімдейді (ол үстелдің беті болады).

-Төрт катушканы үстелдің төрт бұрышына тігінен орналастырып желімдейді.

-Үстел дайын болған соң балалардың қалауы бойынша түрлі-түсті қағаздан қиып әшекейлеу ұсынылады (оны бірнеше балалар орындауы мүмкін балалар орындауы мүмкін)

2)Орындықты жасау үшін екі сіріңке қорабы, бір катушка пайдаланылады.

-Бір қорап көлденеңінен, екіншісі тігінен орналастырылып, бір-біріне желімдейді.

-Қораптың сыртын түрлі-түсті қағазбен үстелге үйлестіріп желімдеуге болады.

-Көлденең орналасқан қораптың ортасына қарай катушка желімдейді.

-Орындықты әшекейлеу баланың ой-қиялына сәйкес өз еріктерімен орындалады.

Жұмыс істеу барысында бір-біріне кедергі жасамауын қадағалау.

Дайын болған жиһаздарды бір-бірлеп орналастырып, «Үлкен бөлме» құрастыру.



Суретпен жұмыс жасайды.

Әліппе-дәптердегі жұмысты талдайды.

Өз беттерінше жұмыс жасайды.


Рефлексивтік-коррекциялау

Қорытындылау. Жұмыстың орындалу сапасына талдау жасай келіп, жақсы жұмыстар мадақталады.

Балалар жасаған жұмыстарын риза болады.

Күтілетін нәтиже:

Жиһаздарды жасағанда әрбір затты жеке жасап үйретіп, ұжымдық еңбекті ұғынады

Ұжымдық еңбек нәтижесіне жетуде бірлесіп еңбек етуді түсінеді

Балалардың сіріңке қораптары мен катушкадан жиһаздар жасай білу қолынан келеді



Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы : «Таным»

Кіші сала: Құрастыру

Тақырыбы:«Сымтемірлерден қуыршақтар жасату»

Мақсаты: Балаларды сымтемірлердің сапасымен, түр-түсімен жіңішке, жылтыр, иілгіш болатынын, қайшымен қиюға келетінін түсіндіру. Сымтемірлерді таяқшаға орап, спираль дайындау. Спиральдан қуыршақтардың дене бөліктерін құрастыра білуге үйрету. Көркем безендіру, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Әр түрлі ұзындықтағы сымтемірлер, үлгі ойыншықтар, суреттер, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, әліппе-дәптері.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

«Балалар, бүгінгі сабақта бұрын өздерінің қолданып көрмеген заттармен жұмыс жасаймыз. Міне, мынадай сымтемірлер»-деп құралдарды көрсету. Сапасы жайында айтып өту. Жұмсақ, иілгіш, сырты қапталған, ішінде жұмсақ темір, тегіс, жылтыр.

Тәрбиешіні тыңдайды.

Ізденіс

ұйымдастырушы

Тәрбиеші балаларға сырты қапталған темірді көрсетеді.

Әліппе-дәптердегі үлгінің жасалу реті талданады. Бұлардың бәрінің дене бөліктері шиыршықталған сым темірлерден жасалған, ал басы түрлі түсті қатырмақағаздан қиып алынған.

Сымтемірмен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін түсіндіру:

-Сымтемірдің ұшын өзіңнің немесе қасыңдағы адамның көзіне жақындатпа;

-Сымтемірді ауызға салуға болмайды;

-Сымтемірді қолыңды жарақаттап алмай, ұқыпты пайдалан;

-Жұмыс аяқталған соң сым темірді орнына қой;

Сымтемірлерден жасалған ойыншықтар суреттерін пайдаланып, балалардың қызығушылығын арттырады. Аңдар, құстар, қуыршақтар бейнесі. Үлгі ойыншықтарды көрсетіп, талдау жасау. Бұлардың бәрінің дене бөліктері спираль тәрізді сымтемірлерден жасалған, ал басы картон қағаздан (түрлі-түсті қағаздан) алдын-ала дайындалған (балалармен бірге өздері суретін салған).

-Бүгін сымтемірден қуыршақтар жасаймыз. Ол үшін алдымен сым темірді шиыршықтап бұрауды үйренеміз. Қолымызға қарандашты алып, сымтемірді қарындашқа айналдырып ораймыз. Қарындашты сол қолға ұстап, сымтемірдің бір ұшын сұқ- саусақпен басып ұстап тұрамыз, оң қолмен сымтемірді қарындашқа айналдыра ораймыз.

Тәрбиеші сымтемірді шиыршықтау тәсілін көрсетеді. Сымды қарындашқа біркелкі, тегіс ораған дұрыс. Содан соң сымды қарындаштан жайлап шығарып алып, шиыршықты созады. Шиыршықтан қолы мен аяғын ұзындау, ал денесін қысқа етіп қайшымен қиып алады. Сым темірді дұрыс ұстау, қайшымен ұқыпты жұмыс істеу ескертіледі.

Қиылған дене бөліктерін бір-біріне бұрап біріктіруді тәрбиешінің көрсетуімен орындайды. Аяқ-қолдарын жоғары көтеріп немесе төмен түсіріп тұрғанын балалар қалауы бойынша бейнелейді.

Қуыршақтың денесі дайын болғаннан кейін, оны толықтыру жұмысы жүргізіледі. Басы екі дөңгелек қатырмақағаздан жасалады. Бет-әлпетінің суретін фломастермен салып, желім жағып, сымтемірдің ұшын желім жағылған екі дөңгелектің ортасына қойып, бөлшектерді жақсылап қысып жапсырады.



Сым темір жайында мағлұматтар алады.

Тәрбиешіні мұқият тыңдап, тапсырманы орындайды.




Рефлексивтік-коррекциялау

Дайын болған жұмыстардың сапасы анықталып, балалармен бірге талдау жасалады. Қуыршақ туралы өлең-тақпақтар айтқызып сабақты қорытындылайды.

Жұмыстарын талдап, бағалайды. Өлең-тақпақтар айтады.


Күтілетін нәтиже:

Балаларды сымтемірлердің сапасымен, түр-түсінің жіңішке болатындығын ұғынады

Сымтемірлерді таяқшаға орап, спираль дайындауды түсінеді

Спиральдан қуыршақтардың дене бөліктерін құрастыра білу қолынан келеді



Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы : «Таным»

Кіші сала: Құрастыру

Тақырыбы:«Катушкадан ойыншықтар жасату»

Мақсаты: Катушкадан әр түрлі материалдарды біріктіріп, күшік пенмысық бейнесін жасауға үйрету (түрлі-түсті қағаз, картон, т.б). Дене бөліктерін біріктіріп, желімдеу, балалардың ой-қиялын дамыту. Жан-жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Әліппе-дәптер, катушкадан жасалған үлгілер. Мысық пен күшіктің бас бөлігіне дайын, қиылған дөңгелектер берілген. Желім. Қылқалам. Түрлі-түсті картон қағаз, фломастер, қарындаштар.

Әдіс-тәсілдер: Катушкалар мен картон қағазды пайдаланып,ойыншықтардың жасалу жолдарын түсіндіру. Үлгіні талдау.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Балалар (6-8) шағын топпен топтасып отырады. Ортаға катушкалар, түрлі-түсті картон қағаз, қарындаш, т.б қойылады. Ойыншық үлгіге талдау жасалады. Мысалы: Күшіктің денесі-катушкадан, бас бөлігі, аяқтары, құйрығы картон қағаздан жасалған. Көзі, тұмсығын фломастер немесе қарындашпен жасау ұсынылады.

Топтарға бөлінеді.

Ізденіс

ұйымдастырушы

Әліппе-дәптермен жұмыс.

-Картон қағаздан тік төртбұрышты бірдей етіп қиып алу.

-Тік төртбұрыштың жоғарғы бұрыштарын доғалдап кесіп (екеуін беттестіріп қойып) немесе біреуін қиып болған соң екіншісіне беттестіріп, бірдей етіп сызып алады да, тең етіп қияды.

-Тік төртбұрыштың төменгі бөлігін ішіне қарай доғалдап қию арқылы аяқтарын жасайды.

-Құйрығын сызып, қиып алады.

-Бас бөлігін жасау үшін дайын, қиылған дөңгелектерге үлгіге қарап күшік немесе мысықтың бет-бейнесін қалауы бойынша сызады.

-Құлақтарын қиып жапсырады.

-Бас бөлігі дайын болған соң, оны алдыңғы аяғының жоғарғы бөлігіне желімдейді.

-Екі аяқты (артқы, алдыңғы) катушкаға біріктіріп жапсырады.

-Құйрығын қиып алып, артқы аяғының жоғарғы бөлігіне желімдейді.

-Жапсыруда қағаздың дұрыс желімдеуіне, беріктігіне, ұқыпты жұмыс жасауларына көңіл бөлінеді.

-Кейбір балаларға жеке нұсқау беріліп, көмек көрсетіледі.

-Мысық, күшік туралы білетін ертегі, өлең-тақпақтар айтуды ұсыну.


Әліппе-дәптерді қарап, талдайды.

Өз беттерінше жұмыс жасау.



Рефлексивтік-коррекциялау

Үй жануарларына қамқорлық, мысық пен күшік туралы әңгімелетіп қорытындылау. Ойын: «Күшік пен мысық»

Дайын болған жұмыстардың сапасы анықталып, балалармен бірге талдау жасалады.

Күтілетін нәтиже:

Дене бөліктерін біріктіріп, желімдеуді ұғынады

Жан-жануарларға деген сүйіспеншілікті түсінеді

Катушкадан әр түрлі материалдарды біріктіріп, күшік пенмысық бейнесін жасау қолынан келеді



Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы : «Таным»

Кіші сала: Құрастыру

Тақырыбы:«Керуен» (сіріңке қораптарынан).

Мақсаты:Сіріңке қораптарынан түйені және керуен басын құрастыру. Сіріңке қораптарын пайдалану дағдыларын қалыптастырып, қораптарды біріктіру, бір-біріне кигізу, желімдеу ретін түсіндіру. Жұмыс барысында балалардың ой-қиялын дамытып, ұжымдық еңбек нәтижесіне жетуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Сіріңке қораптары (әр балаға 5-6 данадан). Түрлі-түсті жолақ қағаздар, қайшы, желім, қылқалам. Әліппе-дәптер, фломастер.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрнекілік көрсету, ойын іс-әрекетіне ауысу.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Үй жануарлары жайында әңгімелесу, жұмбақтар жасыру.

Иір-иір денесі,

Сахараның кемексі,

Ащы шөптер тамағы,

Шөлге шыдап бағады.

(Түйе)


Жұмбақтың шешімін табады.

Ізденіс

ұйымдастырушы

Сіріңке қораптарынан жасалған түйе үлгісін талдау.

Әліппе-дәптердегі үлгілер бойынша орындалу ретін түсіндіру. Қораптардың шырпыларын бөлек алып, ішкі бөлігін сызып шығару. Екі қорап-аяғына, бір қорап-мойны мен басына, бір қорап өркешіне пайдаланылады. Қораптар берік орналасу үшін бір-біріне желімдеп орналастыру әдіс-тәсілдерді көрсетіледі. Қораптан дайындалған түйенің сыртқы беті түрлі-түсті қағаздан (жолақ) қиып желімделеді. Көзі, тұмсығы қарындашпен сызып салынады. Жұмыс барысында балаларға жеке нұсқаулар беріледі. Дайын болған түйелерді қатарластыра орналастырып, «керуен» құрайды. Сіріңке қорабын алып, ішкі бөлігін созып ашады, сыртын түсті қағазбен желімдейді, бет бейнесін фломастермен сызып салады. «Керуен басын» керуеннің алдыңғы жағына орналастырып, түйені жетектеп бара жатқанын бейнелейді. Керуен деген сөздің мағынасын түсіндіріп, түйелерді қатар-қатар тізіп жүргізеді.



Тәрбиешіні тыңдап, үлгіге қарап жұмысты жасайды.

Рефлексивтік-коррекциялау

Қорытындылау. Балаларды мақтап, мадақтау. Еңбек нәтижесіне балалармен бірге талдау жасалып, ойын іс-әрекетіне ауысады.

Балалар жасаған жұмыстарына риза болады.

Күтілетін нәтиже:

Жұмыс барысында балалардың ой-қиялын дамытып, ұжымдық еңбек нәтижесіне жетуді ұғынады



Сіріңке қораптарын пайдалану дағдыларын қалыптастырып, қораптарды біріктіру, бір-біріне кигізу, желімдеу ретін түсінеді

Сіріңке қораптарынан түйені және керуен басын құрастыру қолынан келеді
Каталог: uploads -> doc -> 128d
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
128d -> Сабақтың мақсаты: а Оқушыларға ұстаз-екінші ана екендігін түсіндіру. Мерекелерімен құттықтау
128d -> “Квиллинг” Бақытқалиева д шығу тарихы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет