«Кішішыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 4 б сыныбының 2021-2022 оқу жылындағы 1- жарты жылдық бойынша жүргізілген жұмыстарының қорытынды есебі



Дата19.08.2022
өлшемі0,51 Mb.
#148154
Байланысты:
Динараға қоытынды
1.Шебер-сынып222

«Кішішыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 4 Б сыныбының 2021-2022 оқу жылындағы 1- жарты жылдық бойынша жүргізілген жұмыстарының қорытынды есебі
2021-2022оқу жылында 4 « Б» сыныбында бірінші жарты жылдық бойынша 29 оқушы тәрбиеленіп, білім алды.Оның 17-і ұл балалар,12-і қыз балалар .Бірінші жарты жылдық бойынша келген кеткен оқушы болған жоқ.
Еркінбек Мағжан денсаулығына байланысты үйден оқытылады . Сыныптың білім сапасы бірінші тоқсан бойынша да, екінші тоқсан бойынша да 62% көрсетті.Озат оқушы 13, үздік оқушы-5 Сынып оқушылары сыныпта өте ұйымшыл, тәртіпті.Әрбір оқушының өзіндік өнері, ұйымдастырушы қабілеті бар.Мектепішілік, сыныпаралық іс-шаралар мен ертеңгіліктерге сынып толық қатысып, әр оқушы өз кабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі. Сыныптан тыс уақыттағы қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Еңбек ету, үлкенге ілтипат, кішіге қамкор, жолдастық көмек көрсету дағдылары әр баланың бойында жақсы қалыптаскан.
Бірінші тоқсанның басынан бастап екінші тоқсанның соңына дейін жалпы төрт рет ата-аналар жиналысы өткізілді. Жылдың басында ата-аналар үштігі сайланды. Оқушылардың әлеуметтік жағдайлары анықталып,мектептегі әлеуметтік педагогке сынып оқушылары туралы мәлімет берілді .
Оқу жылының басындағы жиналыстар (онлайн) ватсап желісі арқылы өткізілді. Бірінші жарты жылдықтың соңындағы жиналыс оффлайн түрінде өткізілді Ата –аналардан бала тәрбиесі туралы сауалнама алынды
Әр айдың 6-сы күндері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына ата-ана үштігімен бірге түнгі кезекшілік жұмыстары жүргізіліп,мәлімет беріліп,анықтама жұмыстары өткізіліп тұрды.
«Мектепке жол» акциясы кезінде үйден оқитын оқушы-Еркінбек Мағжанға ата-аналардың демеушілігімен спорттық киім берілді (24.08.2021 жыл)
ЖББ қорынан көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушылар- Алиш Шалқарға, Әлеш Жұматқа куртка,аяқ киім,Сағат Азаматқа аяқ киім берілді.
Сынып бойынша 3 оқушы ЖББ қорынан, 1 оқушы жеке кәсіпкер Аубакиров қорынан тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Сыныпта тұл жетім отбасынан шыққан оқушылар жоқ .Жартылай жетім отбасында бір оқушы тәрбиеленуде.
Жоспар бойынша қараша айында сыныппен «Ұлттық валюта-теңге күні» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Анықтама жазылып өткізілді.
Желтоқсан айында мектепте педагог ұйымдастырушы Кальшаева Асемнің ұйымдастыруымен үздік және озат 21 оқушы «Жас ұлан» ұйымына қабылданды
Математика пәні бойынша «Білген бәйге» байқауына 5 оқушы қатысып, мектепішілік және аудандық деңгейден өтті. Республикалық «Білген бәйге» байқауынаа қатысуға 4 оқушы жолдама алды
Бастауыш сыныптар арасында «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» байланысты өткізілген мектепішілік патриоттық әндер байқауына Даулетбайқызы Айару қатысып,номинация бойынша марапатталды
Білімінде олқылығы бар оқушылармен ,қабілеті төмен оқушылармен жұмыс жүргізілді Тоқсан сайын пәндер бойынша жиынтық бағалау жұмыстары алынып.білім деңгейлері анықталды
Пәндер бойынша білім сапасы
қазақ тілі-72% дүниетану-62%
математика-62% ағылшын тілі-75%
жаратылыстану-62% орыс тілі-64%
әдебиеттік оқу -72% Жалпы-62% көрсетті




б




Сынып жетекші А.Е. Бимуханбетова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет