««Күйшілік» өнер жанрын насихаттау арқылы оқушылардың аспапқа деген қызығушылықтарын арттыру» Баяндамашы



Дата28.06.2017
өлшемі148,15 Kb.
#20346
Жалпы білім беретін №15 Абай атындағы орта мектеп

««Күйшілік» өнер жанрын насихаттау арқылы оқушылардың аспапқа деген қызығушылықтарын арттыру»




Баяндамашы: музыка пәнінің мұғалімі

Аманғалиева Шынар Болғанбайқызы

Атырау-2013

Жоспар
І Кіріспе


ІІ Негізгі бөлім

    1. Музыка пәнінің негізгі мақсат-міндеті

    2. Күй-аспаптық жанр

    3. Күй арқылы оқушылардың аспапқа қызығушылығын арттыру

    4. Тәлім-тәрбиенің басты құралы-домбыра аспабы (практика)

ІІІ Қорытынды


ІҮ Пайдаланған әдебиеттер

«Адам өмірін саналы еткен, оның жан құштарлығын ретке келтірген философия сияқты музыка да жетістікке еліктіреді»

Аристотель

Бұл тақырытпы алудағы негізгі мақсатым:

1.Ұлттық аспабымыз домбыраны тәрбие құралы ретінде пайдаланып, оқушыларды өнерсүйгіштікке баулу, отансүйгіш, ұлт жанды, жан – жақты дамыған жеке тұлға етіп тәрбиелеу.

2.Ұлттық аспаптарды, оның ішінде домбыраны құрметтеуге үйрету,сол арқылы ұлттық салт – дәстүрлерді насихаттау.

3.Ұлтымыздың болашағының жарқын болуына атсалысу .Еліміздің болашағы жастардың өздеріне деген сенімдерін нығайту.

4.Домбыра аспабының әрбір қазақ жанұясында қастерлі мүлкіне айналуына қол жеткізу.Оқушылар арқылы ата – аналарына қозғау салып, қазақ өнерінің жоғалмай биіктей беруіне өз үлесімді қосу.

Өзектілігі:Адамның музыкасыз бірде-бір сәті жоқ. Дүние есігін ашқан сәби тіршілікке деген құлшынысын өзінің шырылымен білдірсе,о дүниелік болған жанмен қоштасқан кейінгілер жоқтау арқылы зарын сыртқа шығарады.Ал ән-күйсіз той-думанның өтпесі белгілі.

“Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең”,-

деп данышпан Абай атамыз сондықтан да айтқан болса керек. Бұлай болатын себебі, музыка жай дыбыстардың тізбегі емес немесе еріккенің ермегі емес ,ол-қоғамдық құбылыс.Музыка қоғамның кәдесіне жараса ғана қажетті болады. Ол адам өмірімен біте қайнасып дамиды.Ерте заманда да музыканың өзіндік орны болған.Өткен дәуірлерде де баймен кедей қосылып әндеткен емес.Иығын ауыртпалық басқан кедейдің өз әні,ықтиярсыз сатылып,сүймеген адамына бара жатқан қыздың өз зары болады.Жанын жалдап,тілін балдап хандарды мақтаған сарай әншісі, сарай жыршысының әуені мен халықтың мұң-мұқтажын жырлаған әнші-жыршылардың әуені бірдей болған жоқ. Қазақ ұлт болып құрылғаннан бастап төл музыкасы бірге дамыды. Ән-күй арқылы әдет – ғұрып,дәстүр,салт-сана ұрпақтан ұрпаққа жетті.Көшпелі халқымыз ән – күйді рухани мәдениетіне азық ете білді.Әлдилеген сәбиден бастап қарттарымызға дейін қуаныш пен мұңын музыка арқылы жеткізді. Бесік жыры,мқыз ұзату, келін түсіру,сүндет той,т.б.ойын-сауық ән-күймен әсерленіп отырды. [5]

Қазақ халқыныңақын,жырау,жыршы,әнші,өлеңші,күйшілері музыкалық мәдениеттің негізін қалады.Бүгінгі заманға дейін келіп жеткен ақындар айтысы,күйшілер сайысы кәсіби өнер қайраткерлерінің қалыптасуына ықпал етті.Өнер сайысының әсері кәсіби орындаушылардың шеберлігін ұштауға,репертуарларын жаңа шығармалармен байытуға бағыт берді.Көне заманнан бастап қазақ халқы музыка саласында елуге жуық әр түрлі аспаптар қолданғандығын музыка зерттеуші ғалымдар дәлелдеген.Көшпелі халқымыз музыканың ауқымын ұлғайтып,ырғағын жақсартып тұрмыс жағдайына байланысты техникалық мүмкіндіктерін жетілдіре түсті. Музыка аспабын бақсылар адам емдеу дәстүріне қолдана білген. [2]

Қазақ музыка өнерінің тарихи тамыры Қорқытқа дейінгі ғасырларда жатқандығын материалдық мұралар айғақтап отырғанмен,халық күйшілерінің қай ғасырда туғандығын дөп басып айту қиын.Олар хатқа түспеген күйі әр ұрпақтың құймақұлақтары арқылы ғана бізге жетіп отыр.

Көне ғасырда Қорқыт,ХІІ ғасырда Кетбұға , ХІV-ХV ғасырларда Асанқайғы, XVғасырда Қазтуған,XVI-XVIIғасырда Байжігіт,XVIIIғасырда Абылайхан, XIXғасырдың бас кезінде Боғда,Махамбет,Тәттімбет,Құрманғазы,Абыл,Тоқа,Сармалай,Ықылас,Қазанғап,Байсерке,Шортанбай, Тіленді, Мамен,Дина,Сүгір,Сейтек т.б секілді дарынды күйшілер,дәулескер домбырашылар – қазақ күй өнерінің туын әр ғасыр,әр жылдарда биікке көтерген тума таланттар еді.Солар арқылы ұлттық музыка өнеріміз өзіндік бет-бедерін сақтап қалды. [3] Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасы болуы.Атадан балаға жеткен,қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып,қымбат қазынаға айналды.Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыны домбыра күйлері.Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп,сұрыпталып,сүргіленіп,түрленіп халықтың өзімен бірге дамып қалыптасып отырған

Қазақ халқы музыкаға өте қабілетті халық екендігін қазақ музыкасын зерттеген ғалымдардың бірі А.В.Затаевич айтқан болатын.Халақтық ән-күйлерді біз үлкен құрметпен орындаймыз,сүйсініп тыңдаймыз.Қазақстандағы бірінші музыка театры қабілеті бар тума таланттар негізінде ұйымдастырылды.Кеңестер Одағының Халық артисі болған Қалибек Қуанышбаев өнерге зор қабілетінің арқасында келсе,”Қазақ халқының бұлбұлы” атанған Күләш Байсейітова аса қабілеттілігі арқылы симфониялық оркестрге қосылып,опералардың арияларын орындады.

Музыка өнерінің кәсіпқой қайраткерлері – әншілер,ақындар,күйшілер ел аралап өнер көрсете жүріп,халықтың өмірімен жете танысты,олардың арман-тілектерін тыңдай жүріп,рухани мәдениетті таратты.Орындаушылар халықтың жүрегіне жақын жаңа тақырыптармен репертуарларын толықтырып отырды,сол себепті де халық оларды қолдап,қошеметтеді.Қуғын-сүргінге ұшырағандарын қуғыншылардан жасырды.Ел аралап,өнер көрсетіп жүрген ақынның не әншінің үйіне тоқтауы үй иелері үшін үлкен құрмет болып саналған.Кәсіптік деңгейдегі өнер өкілдерінің шығармаларын қарапайым адам да терең түсінді,өйткені онда олардың арман-ойлары,күнделікті тіршілігі суреттелді.

Күй – қазақтың музыкалық шығармалары ішіндегі ең ірі жанры,коипозициялық құрылымы жағынан халық музыкасының күрделі бір саласы болып саналады.Дәулеткерей күйлері туған жерді дәріптеуге,халық мейрамдарының көріністерін сипаттауға, ал Ықыластың қобыз күйлері эпостық жырлар мен тарихи ертегі және тұрмыстық сюжеттерге құрылған.Күйшілік өнер өте ыждағаттылықты,табандылықты қажет ететіні анық.Ал домбыра тартуға машығу,ұлттың күй дәстүрінің арғы тегінде домбыра екенің бірілің келмесе анық.Қанмен сіңген,ұлтымыздың жанына өз сәулесін түсірген киелі өнер. [4] Ұлттың өнерді қасиеттеу, осы ұлттық әрбір өкілінің парызы.Күй ,жалпы музыка адам жүрегін тазартатын өте киелі өнер.Домбыра – қазақтың өте нәзік жан қатпары.Оны түсінген,сыйлаған жаннан еліне,ұлтына,мемлекетіне сатқындық шығады деп ойламаймын.Ұлттың өнерді сыйлау,сыйлата білу әрбір қазақтың міндеті.Музыка болса, өмірдің өзімен бірге қайнап, араласып кеткесін оны тойтаруға ешкімнің шамасы келмеді.Жапан далада мал соңында жүрген малшы қурайдан кесіп сыбызғы жасап, күй тартып шерін тартқан.Сиырға мініп, үстіне ақ киім киіп, ел аралап жүрген дуана қарағайдан қобыз жасап, талдан ысқыш, шыршадан канифол алып,бұл аспаптың сызылған үнін пайдаланды.Екі ішекті домбырада адам тілімен сөйлесіп ымыраға келе алмайтын болған соң, қазақ күйшілері ханның кәрін”тілсіз әңгімемен ”басты.Еріксіз малға сатып, ел асып бара жатқан қыз ұзатылар алдында ай бойы ағайын – тумамен қоштасып,сыңсыды.Тарихтың небір тар жол, тайғақ кешуін өткенде де қазақ халқы әні мен күйін демеу етіп, жан жарасын жазып жібермесе де жұбаныш етіп келді.Бұл жағынан кейбір күйлердің өзі сөщі жоқ болса да әннен кем жетпейтін.Бұл ретте ақын І.Жансүгіровтың:

Пәлен деп бір ауыз сөз айтпаса да:

Әркімнің өз көңіліне тіл қатқан күй,

дегені өте нақ айтылған.Күйдің сырын жақсы түсінген ақын жай поэзия тілімен бәрімізге бірдей жеткізген.

Музыкалық аспапта ойнау да қазақтың ертеден келе жатқан дәстүрі.Халқымыздың күй қазынасын музыка зерттеуші А.В.Затаевич жоғары бағалаған.Домбыраға, қобызға арналған тамаша күйлер халқымыздың таусылмас қоры.

Халық музыканттарының шығармашылығы жаңа мазмұнмен байи түсті.1934жылы Халық шығармашылығы қайраткерлерінің бүкілқазақстандық бірінші слеті өткізілді.А.Жұбановтың қолдауымен Қазақтың халық аспаптар оркестрі ұйымдастырылды.1944жылы оркестрге ұлы күйші Құрманғазы есімі берілді.Халықтың музыка мәдениетін қалаған музыка өнеріндегі шығармашылық пен орындаушылықты жетілдіруде – Сейтек Оразалыұлы, Дина Нұрпейісова,Әміре Қашаубаев,Естай Беркімбаев,Кенен Әзірбаев және т.б. ерекше өз үлесін қосты. Қазақ басқа аспаптардан гөрі домбыраны қастер тұтады.

Домбыра мұнша шешен болдың неге?

Күй толған көкірегің шежіре ме?

Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің,

Саусағым тиіп кетсе ішегіңе.

Қасым Аманжолов. [4]

Домбыра аспабы тартуға өте қолайлы, жасап алуға кез келген жерде тартуға болады,Халық аралап жұрген домбырашылар үшін аса керекті жағдай.Халық күйшілерінің ат үстінде тұрып тартулары да, шалқасынан жатып тартулары жайында ел аузында әңгімелер көп. [2]

Бірнеше күн бұрын кетіп қалған, екі-үш күннен кейін қайтып келіп,үйдің үстінде қалықтап жүрген Топан атты бүркітін түндіктің ашық жерінен көрген Дәулеткерейдің жақсы көрген өыранына арнап,шалқасынан жатып тартып шығарған “Топан”күйі немесе Тәттімбетпен күй тартысқан Абайдың анасы Ұлжанның сіңілісі Тайғараның (Малғара)кей кездерде орнынан түрегеліп кетіп домбыраны емшектің қойып тарту оның ыңғайына келе беретінін дәлелдейді.

Домбыра күйдің аспабы.Қазақ күйшілерінің көпшілігі домбыраға арналып шығарылған.Домбыра аспабының қасиеті:

-шежірені білуді талап етеді

-еңбекқорлыққа үйретеді

-адамның ішкі жан дүниесін емдеп,көңілін көтереді,денсаулығын нығайтады,

- иманды болуға жол ашады

-жарысу мен таласуға ,ізденуге баулиды.

Қазақтың музыкалық аспаптарында орындалатын шығармалар-аспаптық деп аталады.

Күй-аспапта орындалатын әуен-саз.Күй домбыра, қобыз, сыбызғы,жетіген, шертер аспаптарында орындалады.Күй-бағдарлы мазмұны бар көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, табиғатқа арналған күйлер болып бөлінеді.Домбыра күйлері орындалуына қарай төкпе, шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді.Төкпе күйлер оң қолын тұтас сілтенуімен орындалады.Ал шертпе күйлер оң қол саусақтарының ұшымен шерту арқылы орындалады.

Бабаларымыз көшпелі өмір салтының кезініңде ақ,балалардың музыкалық және эстетикалық тәрбиесіне зор көңіл бөлген.Кеш құрым киіз үйге жиналып алып,қосылып ән айтып,күй тарту үрдісі ешқандай әлеуметтік статусқа бағынбайтын, өзіндік талғамды эстетикалық тәрбиеге айналған өнер мектебі еді.Халық әндері мен күйлерінен ұлтымыздың тарихы ғана емес, оның адами болмысы, жеке қасиеті, тіпті қоғамдық құрылымы анық байқалады.Музыкалық тәрбиенің негізін ақын-шыршы,сал-сері,күйшілері жүргізген.Олардың өнері мен өмірі өнерлі жастар үшін өзіндік мектепке айналған.Өнерпаз тұлғалардың ел алдында өнер көрсетуі белгілі эстетикалық талғам қалыптастырып, балалардың музыкаға деген қызығушылығын оятып отырған.Музыка пәнінің негізгі мақсаттары төмендегідей арнада анықталады:

1.Оқушыларға әндер үйретіп,оларды дұрыс айта білуге үйрету.

2.Музыка әуенін өзінше талдап,таңдай білуге үйрету.

3.Ноталық жазудың бастапқы қағидаларын үйретіп, нотамен ән айтуға баулу.

4.Белгілі бір музыкалық аспапты меңгеруге жаттықтыру.

Балаларға музыканы оқытудың тағы да атап өтерлік тиімді жақтары баланың көркемдік әлемге деген ынтасын ояту,қызықтыру,оқышыда тұрақтыда бір рухани талғам қалыптастыру,әуен – сазынан көркем бейне таба білу сияқты ірі де қажетті мақсаттардан көрінеді. [1]

5-ші сыныпта өткізген”Қазағымның қазынасы-домбыра” атты ашық сабақта қазақ халқының домбыра аспабына деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылығын арттыру.

Сабақтың мақсаты:

1.Қазақ халқының негізгі музикалық аспабы – домбыра туралы түсінік беру.Оның шығу тарихы, құрылысы жөніндегі аңыздарға тоқталу.Күйшілер мен домбыра жасау шеберлері мен таныстыру және оларды өз өлкеміздегі белгілі адамдармен байланыстырып, дәріптеу.

2.Музыканы түсінуге баулып, ұлттық өнерді қастерлеуге және өнер адамдарына деген сүйіспеншіліктерін арттырып оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Бұл сабақта оқушыларға Ахмет Жұбановтың домбыра туралы айтқан сөздерін естерінен шығармауға тырыстым.Ахмет Жұбанов домбыра туралы былай деген:

“Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы қасиетті аспабы – домбыра.Оның сымдай тартылған қос шегінде сан ғасырдың ақыл-ойы,көңіл-күйі жатыр.Домбыра елдің көнекөз шежірешісі, көпті көрген қарияның көңәл-күйі.”

Оқушылар домбыраның құрылысы мен танысып, домбыраның қалай пайда болғаны туралы мағлұмат алды.Ойындар ойналып, ән айтылып, домбыра аспабын тартып үйренуге деген құлшыныстары оянды. Мысалы 5 а сыныбында өткізген ашық сабағым соның дәлелі.

Тақырыбы:Құрманғазы.

Сыныбы:5 а

Сабақтың мақсаты:

1.Күй атасы – Құрманғазы өмірі мен шығармашылығы мен таныстыру.

2.Күй өнері туралы толық мағлұмат беру.

3.Күй өнеріне, аспапқа деген қызығушылықтарын ояту.

Сабақ жарыс түрінде өткізілді.Оқушылар 3 топқа бөлініп топ аттарын қорғады.

1топ-Домбыра.(аспап туралы айтылды)

2топ-Қобыз

3топ-Жетіген

Топтар алдын ала берілген тапсырмаларға дайындалып келді.

1тапсырма.Күй – аспаптық жанр.

2тапсырма.Құрманғазы өмірі, күйлері.

3тапсырма.Күйлердің шығу тарихы.

Музыкалық үзіліс болды.Домбыра үйірмесінің мүшесі Хажетов Олжас қонаққа келіп, күй орындап, оқушылар қандай күй екенін тапты.

Құрманғазы мен Динаның кездесуі көрініс көрсетілді.

Өнер туралы мақал-мәтелдер жарысы ұйымдастырылды.

Ән “Домбырасыз сән қайда”әні орындалды.

Құрманғазы туралы қосымша мәліметтер айтылды.

Осы сабақ арқылы оқушылардың күй өнеріне деген,домбыра аспабына деген қызығушылықтары оянды.Оқушылар домбыра аспабын тартып үйренгісі келетіндіктерін жеткізді.

2012-2013оқу жылының қазан айынан бастап “Әсем саз” атты домбыра үйірмесі ашылып, жетекшілік етемін.

Үйірмеге қатысытын оқушылар тізімі:

1.Жумабекова Айда-6а сынып

2.Әбілда Ажар-6а сынып

3.Сұлтанова Диана-6а сынап

4.Ілиясова Зарина-9а сынып

5.Ережеп Айжамал-10а сынып

6.Биманова Айгүл-10а сынып

7.Хажетов Олжас-8а сынып

8.Мырзағали Аружан-6а сынып

9.Айтқали Ануар-6а сынып

10.Менбаева Асел-7а сынып

11.Мұратова Назерке-6ә сынып

12.Хамидуллина Арай-7а сынып

13.Қабдірешова Айдана-6ә сынып

14.Саметова Мәдина-6ә сынып

Қазан айынан бастап жоспар бойынша оқушылар жаттығулар, Еркемай, Елім-ай, Елігай, Қоғалай халық әндері мен Кеңес халық күйін үйреніп, ансамбль де бірге ойнауға дағдыланды.Жетімдер үйінде, мектеп шараларына қатысып, өнер көрсетуде.

Сырт көзге көріне бермейтін, мәні зор домбырадан қалыптасқан тәрбие үлгісі адамның ой ұшқырлығын шыңдауға, ата-бабадан кәсіп болған дәстүрді дамытуға, өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыратыны анық.Домбырадан таралған тәрбие-білімнің қайнапкеле жатқан үдеріс.Ендеше киесі сақталған домбыраның негізінде білім беру көзделсе, бүгінгі келеңсіз қатыгез жағдайлар мен шешімін таба алмай жатқан жамандық атаулыдан айырылып, өзінің төл мәдениетіне қарай бұрылып, тарихы мен тілін сүйіп, өзгені сыйлауға бой ұрған болар еді.”Музыка тыңдатпайынша тәрбие беру, балалық шақтың өзінде адамның сүйіп тыңдайтын ән-күйлеріміз тәрбие бұлағына, сарқылмас қазынасына, дәстүр табиғатына, қазақ діліне өз үлесін қосып беру менің басыма қонбайтын нәрсе,”-дейді В.А.Сухомлинский. [4]

Сондықтан, жалпы орта мектеп оқушыларына қолына домбыра беріп, аузындағы тіліне дуалы терме сөзін айтқызып үйретсе, нұр үстіне нұр емес пе?

Біріншіден, қуатсыз қатыгездіктен, екіншіден, жалмауыз қанышерден, үшіншіден, жаны ашымайтын ұл – қыздан, төртіншіден,ауру жастардан,бесіншіден, білімсіз надандардан арылар едік.

“Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ,”-дейді Саифи Сарайи. Тәлім тәрбиенің басты құралы – домбыра аспабы десек, қателеспейміз.

Музыкалық аспапта ойнауға оқушыны баулу жұмысының мақсаты мен міндеттері:

-Оқушыларда музыка аспаптарында ойнау қызығушылығын қалыптастыру.

-Тұлғаның шығармашылық қабілетін ашу, үлкен сахнада өнер көрсету қабілетін қалыптастыру.

- Білім ұйымдарында оқушыларды тәрбиелеуде олардың жан – жақты дамуын, еңбекке шығармашылық қатынасын өмірлік, азаматтық белсенді позициясын қалыптастыруға және жоғарғы адамгершілік сапалары мен рухани құндылықтың дамуына қарқынды ықпал ету.

-Оқушыларға кәсібін таңдауда кәсіби бағдар беру.

Домбырашылар үйірмесіне қатысатын оқушылардың міндеттері:

-Домбыра аспабында ойнауды өзінің күнделікті ісіне айналдыруы қажет.

-Үйірме жетекшісінің берген тапсырмаларын уақытында орындап отыруға міндетті.

-Әр сабақта үйренген ноталарына есеп беріп отыру керек.

-Білмей қалған тапсырмаларын қосымша ізденіс арқылы үйреніп отыру қажет.

Қазіргі кезеңде күйшілік өнер қанатын кең жая қазақ деген ұлттың дәстүрлі мәдениетінде самғауда.Қазақтың ұлттық өнері болған, қазірде бар және болашақта да өз қасиетін жоғалтпай қала береді.

Мәні терең, мазмұны бөлек Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында оқыту үдерісіне заманауи әдістеме мен технологияны енгізу, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйені құру жастар үшін білімге қолжетімділік аясын кеңейту керек делінген.Білім тек білім беріп қана қоймай, сондай ақ алған білімін әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалануға икемделу керек.Бұл бағытта жастардың ертеңгі күнге деген сенімі кәміл, мақсаты айқын.Біз қоғамымыз зайырлы, мемлекетіміз өркениетті елдердің жолымен жүріп келе жатқандықтан аса дамыған 30мемлекеттің қатарына қосылатынымызға сенеміз және осы бағытта атқарылатын жұмыстарға өз үлесімізді қосамыз. Музыка адам жанын қалыптастыру мағынасында түсінгені сияқты адамды тәрбиелеуге үлес қосады. Сондықтан ол адамды тәрбиелеу жүйесіне қосылған пәнге арналған. Музыка ізгілікке алып барады, ол адам жанының адамгершілік жағынан әсер етеді.Адам өмірін саналы еткен, оның жан құштарлығын ретке келтірген философия сияқты музыка да жетістікке еліктірітін сеніділікпен жетеді деп санайды Аристотель.

Қорытынды

Елбасы Жолдауына жастар тарапынан үлкен қолдау көрсетуге дайынбыз.Оң өзгерістер жастардың ертеңге деген сенімін және білім алып, өнер үйренуге, еңбекке деген белсенділігін арттырады.Бұл Жолдауда өнерге, өнер адамдарына көп қолдау көрсетілген. Ал өнердің барлығы мектеп, балабақша табалдырығынан басталады. Музыка пәні оқушыларды ұлттық өнерді қадірлеуге, құрметтеуге үйретеді.

Музыка – адам жанының, оның ең сырлы сезімінің, ұмтылысы мен арманының негізі. Ол адамның ішкі дүнеиесінің терең негіздерін қозғайды.

Домбыра үйірмесі оқушыларды ұлттық өнерге баулыды. Олардың өнерге, аспапқа деген қызығушылы артты. Оған домбыра аспабына қызығушылық танытқан, оны үйренуге ынтасы бар оқушылар қабылданды. Оларға ұлттық аспаптар туралы мағлұмат беріліп, домбыра аспабы құрылысы түсіндірілді. Домбыраны қалай ұстау, домбырыны қалай үйрету керектігі үйретілді. Домбыраның құлақ күйін келтіру, домбыра қағыстарын үйренуге назар аударылды.Домбыра аспабын меңгеруге байланысты музыкалық терминдер түсіндіріліп, іс жүзінде көрсетіледі. Домбыра тарту техникасына көп көңіл бөлінеді.

Домбыра аспабының әрбір қазақ жанұясында қастерлі мүлкіне айналуына қол жеткізуіне оқушылармен бірге жұмыстанып келе жатырмын. Оқушылар арқылы ата – аналарына қозғау салып, қазақ өнерінің жоғалмай биіктей беруіне өз үлесімді қосу менің алға қойған мақсаттарымның бірі.

Жұмыстарымның нәтижесінде оқушыларымның қазақтың күй өнеріне, аспапқа қызығушылықтары артты.

Болашақта бұл оқушыларымның саналы, адамгершілігі мол, қазақ өнерін бағалайтын, өнерге жақын Қазақстан азаматтары болатындықтарына сенімдімін.

Пайдаланған әдебиеттер:



  1. «Әдістемелік вернисаж» А.Сарсекенова, Алматы -2011

  2. «Ғасырлар пернесі» А.Жұбанов, Алматы-2002 ж

  3. «Қазақтың күй өнері» А.Сейдімбек, Астана-2002

  4. «Қазақ күйлерінің тарихы» Т.Мерғалиев, Алматы-2000 ж.

  5. «Өнер» Қ.Болатбев Алматы-2006 ж

  6. «Бастауыш мектеп» журнал №2,5 2012 ж.

Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет