Күні: 09. 02. 2015. Тақырыбы: Сәби болғым келеді, сәби болғым Мақсаты



Дата11.01.2017
өлшемі174,81 Kb.
#6906
Күні: 09.02.2015.

Тақырыбы: Сәби болғым келеді, сәби болғым

Мақсаты: 1) М.Мақатаевтың өмір жолымен, балалық шағымен қысқаша таныстыру
2) Өлең – жырларды мәнерлеп оқуға, айтуға дағдыландыру.
3)Ақынның ойшыл – парасаттылығын әңгімелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: Түсіндіру, репродуктивті

Көрнекілігі: Суреттер.

Түрі: Ертеңгілік

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе:

Ақниет: М. Мақатаев ( 1931 – 1976) Алматы облысының Райымбек ауданында Қарасазда Хантәңірі тауының баурайында туып өсті. Балалық кезі

Отан соғысына тұспа – тұс келеді.

Мұқағали ақиық ақын. Ол кісі бала кезінен – ақ өлең жаза бастапты.

Біз бұл атамызбен мектепке келген күннен бастап таныспыз. Ілім білімнің бастау, бұлағы көзі Әліппені не деп жырға қосты?


Ержанат: Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым ағасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы

Мектебің мынау класың

Осында он жыл тұрасың

Тарыдай болып кіресің

Таудай болып шығасың


Ұлпан: Аяз ұрған ақпанда

Аунайықшы ақ қарға

Қайтайықшы бір барып

Қайран бала шақтарға - дегендей атамыздың бала кезінен білгендерімізді

ортаға салайық. Мұқағали атамыз балаларды хан тұтып, өте жақсы көрді және балалық шақ бал дәуренін жиі еске алатын. Сондықтан да «Сәби болғым келеді » өлеңін жазып бүлдіршін болған кезін аңсап өткен.

Ән: «Сәби болғым келеді » Ақниет

Данияр: Мен таулықпын

Мен таулықпын

Таудан мен жаратылғам

Бұлт бүркеніп жай отын ала туғам

Күн алғашқы сәулесін маған шашты

Маған келіп түнейді қара тұман

Тау ұлымын, тау менің дәу бесігім

Мен оның әуресімін сәулесімін

Асқар шыңдар желпиді бесігімді

Бір орамын ағытып сәлдесінің



Ән: Мектебім – айтар әнім

Наз: Мұқағали өзі де 10 – 11 жасында өлең жаза бастапты. Өлеңдері көбнесе асқар таудай әкесіне арналады сағынышын білдіреді.
Абылай: Мен қасқа атпен тепеңдеп желемін кеп

Ойлаушы едім артыңнан еремін деп

Қанша жүрсем жан әкем жеткізбейсің

Атанып – ең майданнан келемін - деп



Айгерім: Өлең деген әкежан, өлең деген

Өлеңдесе құлағым өлеңдеген

Күнде күтем сарғайып түнде күтем

Жауды жеңіп, батыр боп келем - деп ең


Әліби: Тауға шығып ойнаймын жуа аламын

Қолында аласы жоқ дуанамын

Көңілім шат көркімді нұр ойнатып

Қашан мен әкем келіп қуанамын

Бірте – бірте осындай өлеңдері қалың дәптерге айналады.
Айым: «Он жастамын »

Онда мен он жастамын, он жастамын

Соғыспай-ақ сұрапыл жол басқамын

Атаңнан қалып қалған мұраңды мен

Әжеңмен бірге жүріп қорғасқанмын

Жерді жыртып тоңды ашқанмын

Солай менің басталды жол дастаным

Ұлпан: Мұқағалидың өмір баяны өлеңдерін де өмір оны ерте есейтті. Мұқағали балаларға деген сүйіспеншілігін білдіріп бірсыпыра өлеңдер жазған. Балалық шақтың бал қызығын сағыныш сырындай шертеді. Осындай өлеңдерінің бірі « Бәсіре »

Аружан: Жылқышы атам қамқоршы асыл еді

Әкелді де ерттеді бәсірені

Үзеңгімді тең теуіп орныққанша

Бәсірені құлақтан басып берді


Әлия: Асау тай мөңкитұғын көрінбеді

Тебінбеді немесе шегінбеді

Атам тайдың қоя беріп

Тізгін шылбыр ұстатып «Тебін » деді


У. Дулат: Сарт еткізіп мама ағашты

Әзер тұрған асау тай ала қашты

Бір тентектің үстінде бір тентек бар

Екі тентек әй-әй кеп жағаласты.




Ж. Дулат:Құлаймын – ау деген бір қауыппенен

Шауып келем ызғытып , шауып келем

Атам таққан құйысқан түсіп қапты – ау

Әттеген – ай қай жерден тауып берем



Наз: Н. Тілендиев Мұқағалидың көптеген жырларына ән жазды. Оның ішінде балаларға арналған «Көгершіндер әні », Қырқыншы жылдар «Бесік жыры », «Құттықтаймын мама туған күніңмен », «Сәби болңым келеді ».
Томирис: Қысқа ғұмыр кешсе де мінезі бала

Мұқағали ата бал дәуренін аса бір

Ілтипатпен есіне алады
Дияр: Қоңырау күлкім айналам

Қошақандарым ойнаған

Сәнді шағымды жайнаған

Сәби кезімді ойға алам


Н. Әли: Балғын ем мен де ақ бала

Орнатқан мен де аққала

Ырзамын бала шаққа да

Ырзамын бола шаққа да


Маржан: Бала дәурен өтті ғой құйындаған

Балы мен шекері бұйырмаған

Өзін – өзі 10 жастар қорғамаса

Өзгелерді қорғауы қиын балам


Шұға: Сезілген сөзінен

Мінезі жайдарман

Өмірдің өзі ол

Өлеңге айналған.


Б. Әли: Құрметтеп елі оны

Өшірмес санадан

Өлеңі өйткені

Аумайды анадан

Аумайды ағадан

Аумайды баладан

Аумайды даладан
Ақниет: Шеше сен бақыттысың, жыламағын

Жай түсіп жатқанда да құламадың

Мен едім тәңіріңнен сұрағаның,

Сондықтан жыламағын, жыламағын

Бармын ғой , тірімін ғой, қасыңдамын

Өлмеймін, мен де өзіңдей асылданмын!

Таусылып өз – өзіңнен шашылмағын

Байырғы берекеңді қашырмағын!

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа

Өзім кепіл тот басып тозбасыма

Екі жыр жазсам саған, бірін арнап

« Шеше » деп жаздым ылғи сөз басына

Тәңірім кеше көрсін кесірімді

Аспанға жазам сенің есіміңді

Ана, сен бақыттысың тербете бер,

Иілген құба талдан бесігімді.


Ұлпан: Ең бірінші бақытым- Халқым менің

Соған берем ойымның алтын кенін

Ол бар болса, мен бармын , қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тілімнен тілімдедім

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім

Бақытым бар үшінші - Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба ?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.



Томирис: Түтін түтет, өс – өрбі, көгере бер,

Немерелер көбейсін, шөберелер

Жадыңда ұста, жақсылық күтпегейсің!

От емес, оқ сұрасаң менен егер!



Қорытынды:

Аружан: Кірпікке кір жуытпай құндақтаған

Мыны өмір, мына дәуір қымбат маған

Бұл ғасыр сірә менің жүрегім – ау

Танысын қыбыр етпей тыңдап бағам.

Мына дәуір менікі, мына ғасыр

Минут сайын керемет ұлан – асыр

Мәңгілікке ғасырың бара жатса

Бірге кетпей қалайша тұра аласың

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім

Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім


Ұлпан:М. Мақатаев – қазақ халқының Фарабиден Абайға , Абайдан Мағжанға, Мағжаннан бүгінге дейін жалғасып келе жатқан жыр кешеніндегі өзіндік орны бар біртуар талант иесі. М. Мақатаев

халықты қалай сүйсе, халықта оны солай сүйеді.


Мұқағали атамыз туралы, ақындық өнері туралы , балалық шағы туралы мәлімет алдық. Халқымыздың тіл өнерін, сөз қудіреті, ақындық өнеріне биік шыңға көтеріп кеткен атамызды еске ала отырып ертеңгілігімізді аяқтаймыз.





Сыныбы 2 «а»

Математика

1

Сабақтың тақырыбы

Қайталау. Есептер шығару

2

Жалпы мақсаты

  1. Екі амалмен және бір амалмен шығарылатын есептер бойынша алған білімдерін пысықтау.

  2. Ойлау , есте сақтау , танымдық қабілеттерін дамыту.

  3. Ынтымақтастыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

3

Күтілетін нәтиже

Екі амалмен және бір амалмен шығарылатын есептерді шығаруға дағдыланады. Өз беттерінше есеп шығаруға талпынады. Қосу мен азайтуды өмірде керекті жағдайларға қолдана білуге ұмтылады.

4

Сабақ түрі

Пысықтау сабақ

5

Әдісі

Сұрақ-жауап, түсіндіру, сыни тұрғыдан ойлау.




Көрнекілігі

Қима қағаздар, суреттер.

6

Орындалатын жаттығулар

Психологиялық ахуал;

Математикалық диктант;

Есептер шығару;

Қызықты жаттығулар;

Қорытынды;

Рефлексия;

Бағалау.


7

Сабақ кезеңдері

Мативациялық бағдарлау кезеңі;

Орындаушылық кезеңі;

Рефлексиялық- бағалау кезеңі.





Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Білімнің тұңғиығын бойлайтұғын Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын

“Ғылымдар патшасы” боп дараланып Математика қызығына тоймайтұғын, -деп математика сабағын бастайық !


Ынтымақтастық, атмосфера қалыптастыру




Топқа бөлу

1- топ. “Зерде” Ой арманын кешеміз, Ақылды боп өсеміз. Есепке тұнған әлемнің,

Жұмбақ сырын шешеміз.

2-топ. “Зеректер” Мақсатымыз білім алу, Міндетіміз еңбектену.

3-топ. “Қырандар” Математика сабағын, Жақсылап ұғып аламыз. Сәулесі боп сананың, Мәнінен ой табамыз.









Жаңа сабаққа дайындық. Ой қозғау.

Математикалық диктант.

Мыналардан тұратын сандарды жаз

1 онд. 5бірл

2онд. 3 бірл

5 онд. 2 бірл 7 онд. 8 бірл

8 онд. 1 бірл

6 онд. 0 бірл


Оқушылар ауызша айтылған сандарды жазады.




Есептер шығару

1-топ. Саяжайдан 30кг қияр және 20кг қызанақ жиналды. Саяжайдан барлығы неше кг көкеніс жиналды ?

Ш: 30+20= 50

Ж: 50 кг көкеніс.

2-топ. Саяжайдан 50 кг қызанақ және қияр жиналды. Қияр 30 кг. Неше кг қызанақ жиналды ? Ш: 50-30=20 Ж: 20 кг қызанақ.

3-топ

Саяжайдан 50кг қызанақ және қияр жиналды. Қызанақ 20кг. Неше кг қияр жиналды? Ш: 50-20= 30 Ж: 30 кг қияр.


Әр топ өздеріне берілген тапсырманы бірлесіп орындап, жауабын тақтаға жазады.


Оқулық





№3 Есеп шартын,сұрағын, шешуін, жауабын құрады, дәлелдейді, сыни тұрғыда ойлайды.

Оқушылар №3 есепті орындайды.

Оқулық

Теңдеуді шешу

№4

8+х= 60; х-8=52; 60-х=8;






Оқулық

Сергіту сәті










Мысалдар шғару

№6

50-4꞊46 35-5꞊30 71-8꞊63

40+(4+7)꞊51 50-(6+9)꞊35 25-(12-5)꞊18

61+9꞊70 35+9꞊44 65+6꞊71



Әр топ өздеріне берілген мысалды өздері орындайды.

Оқулық


Қызықты жаттығулар

1. Балапанға көмектес.

1 т. (6 6) =2

2 т. (11 5) = 6

3т. (9 6 ) = 3

2. Сандарды қалай тез қосуға болады ?

3. Кел ойнайық !









Рефлексия

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсері туралы өз ойларын жазады.

Кері байланыс өз ойларын жазу.

Стикер

Бағалау

Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды мадақтау,жұлдызшалар тарату.







Үйге тапсырма

№2. 136- бет.









Күні: 15.01.2015

Сабақтың тақырыбы

Түбір мен қосымша

Сабақтың мақсаты

1.Түбір мен қосымшаны бір-бірінен ажырата білуге үйрету.

2.Оқушылардың сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.

3.Ұйымшылдыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже

Түбір мен қосымшаны ажырата білуге дағдыланады.Түбір мен қосымшаны қосу арқылы жаңа сөз шығарады.

Түйінді идея



Түдыбір мен қосымшаны пайдалана отырып жаңа сөз құрауауды үйренеді.Жаңа сөзді пайдалана отырып сөйлем құрайды.

Әдіс - тәсілі

Түсіндіру,репродуктивті.

Көрнекілігі

Кесте ,суреттер.

Сабақтың барысы

Өтілу кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті


Оқушының әрекеті

Уақыты

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг

-ұжымдыққа

үйренеді





Білу

Түбір мен қосымшаны пайдаланады

-түбір мен қосымшаны пайдалана отырып шығарма жазуды үйренеді




Мотевациялық
Түсіну

Балалар бүгін біз ертегілер әлеміне кіру үшін біздің сөз құрамы туралы біліміміз керек болады .Жақсылықтың жамандықты жеңуіне көмектесуіміз керек.Сынып үш топқа бөлінген

1.Ой арманын кешеміз

Ақылды болып өсеміз

2.Мақсатымыз білім алу міндетіміз еңбек ету.

3.Шаршы алаңда үдірмеу,

Көп ойлананып кідірмеу



Сөз жұмбаұ шешу

1.Қыстан ұйтқып соққан қатты жел.

2.Қыста жауатын жел не?

3.Қыста күн қандай болады

Оқу сөзіне қосымша .жалғап, жаңа сөз құрастыру

-оқу-лық ,оқу-шы

Қосымша жалғанғаннан кейін сөздердің мағналары өзгеріп тті

-оқулық-кітап ,оқушы-адам т.б.Оқулық-кітап сөздеріне сөйлем құрату






Сергіту сәті

Қолдану


Орнымыздан тұрайық

Керегені құрайық

Уықтар боп иіліп

Қазақ үйді құрайық

272 –жаттығу. Мәтінді оқыту.

273-жаттығу. Сөздің түбірін тауып,тиісті белгімен көрсету.

274-жаттығу.Түбір сөзге қосымша қосып,екінші жақтағы сөздермен байланысты

Білім,өнер,еңбек туралы мақал-мәтел айтқызу

276-жаттығу

Суретке қарап,шағын әңгіме құрап жаздырту

-суреттен кімдерді көріп отырмыз?

-Қарт әтеш не істеді?

-Бала не істеді?


-дене қозғалыстарын

жасайды


-ауызша орындайды

Сөздердің түбірін тауып,тиісті белгімен көрсету

1-топ

кидім


Ұшақ міндім

түстім


2-топ

келдім


Мектеп кеттім

оқыдым


3-топ

келдім


Ауыл тұрдым

сағындым


1-Топ

Түбір сөздерге қосымша жалғап жаңа сөз жаса біл,сыз,ән

-ғыш,-ім,-ші

2-топ


Өнер,күй,ер

–ші,-лі, лік

3-топ

Еңбек,домбыра,су



–лы,шы,тің

Мақал-мәтел айтады

-шығарма жазады





Жинақтау

Ауызша тест







Бағалау









Үйге тапсырма беру

275- жаттығу






Мерзімі: 05.02.2015 ж

Сыныбы: 2 «а»


Сабақтың тақырыбы

Зат есім

Сабақтың мақсаты

1.Зат есім туралы түсінік беру. Зат есімді таба білуге үйрету.
2.Оқушылардың сөздік қорын, байқағыштық қасиетін дамыту
3.Адамгершілікке , ұқыптылыққа тәрбиелеу


Әдісі

Түсіндіру, репрадуктивті



Көрнекілігі

кесте,суреттер



Сабақтың түрі

Аралас сабақ



Жаттығулар

Психологиялық ахуал
Ой қозғау
Ой толғау
Қорытынды. Рефлексия
Үйге тапсырма

Сабақ кезеңдері



Мотивациялық - бағдарлау кезеңі.
Операциялық - орындаушылық кезең.
Рефлексиялық - бағалау кезең.


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Өткенді қайталау

Сөз таптарын еске түсіру

Кім? Не? Не істеді? Қандай? Қанша ? сұрақтарына жауап беретін сөздерге мысал келтіру.

(М.Мақатаев туралы айтып өту)


Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру

Жаңа сабаққа дайындық







Жаңа сабақ

Сөз жұмбақты шешу арқылы тақырыпты табу.Ережені меңгерту.



Оқулықпен жұмыс



318-жаттығу.

Мақалдарды көшіріп жаздыру.Кім?Не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыздыру.








Сергіту жаттығуы





Дене қозғалыстарын жасайды




Мақал-мәтелдер,

жұмбақтар айтқызу



Ішінен зат есімдерді табады.




319-жаттығу.Сызбаның орныне не сұрағына жауап болатын сөзді қойып,сөйлемдерді көшіріп жаздыру.

Оқушылар тақтаға орындайды

Ой қорыту

321-жаттығу Сөздерді оқып,зат есім екенін дәлелдеу


Бұл зат есім,өйткені...

......


........

Бағалау.Рефлекция




Кері байланыс.Өз ойларын жазу.

Үйге тапсырма

320-жаттығу




Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет