Күні: 17. 10. 2017 Пәні: Технология Мұғалім



Дата04.07.2018
өлшемі116 Kb.
#46790

Сыныбы: 6

Күні: 17.10.2017 Пәні: Технология Мұғалім: Қойшыбаева М.Е.

Сабақтың тақырыбы:

Тамақ әзірлеудің негізгі әдістері. Жылумен өңдеу түрлері. Аспаздық жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Сілтеме

6 сыныпқа арналған «Технология» оқулығы

(Н.А. Якупова, А.Л.Калашникова, Р.Ш. Алимсаева, И.А. Развенкова)



Жалпы мақсаты:

Оқушылардың өз жұмысына деген қызығушылығын арттыру, аспаздық шеберлігін дамыту.

Күтілетін нәтиже:

Асүй жабдықтарына қойылатын санитарлық - гигиеналық және эстетикалық талаптармен, қауіпсіздік техникасы ережелерімен, асүй керек - жарақтарымен және ыдыс - аяқтарымен таныстыру.

Сабақтың ғылымилығы:

Мектептегі технология журналы.

Сабақтың түрі:

Аралас.

Пән аралық байланыс:

Дүниетаану,Биология.

Негізгі дереккөздер:

Оқулық, интернет материалары.

Ресурстар:

Маркер, А4, оқулық, суреттер, мұғалімге арналған нұсқаулық, плакаттар.

Қолданатын әдіс- тәсілдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер: СТО, миға шабуыл, слайд, топтық жұмыс. «Қауіпсіздік техникасы ережелері» кестелері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

(4 мин)

-Оқушылармен сәлемдесіп, көңіл-күйлерін сұрау;

-Сыныпты түгендеу;

-Психологиялық дайындық;

-Оқушылар зейінін сабаққа аударып, үй тапсырмасын тексеру;

-Оқушыларды топқа бөлу;


ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

(10 мин).

ІІІ.«Топтық жұмыс»

(12 мин)

«Жеке жұмыс»

(5 мин)

" Тамақтану бойынша жалпы мәліметтер. Үстелді жабдықтау.".
1.Азық – түліктерді өңдеудің кезеңдерін ата. Олар қалай орындалады?

2.Азық – түліктерді жылумен өңдеудің қандай түрлерін білесіңдер?

3. Аспаздық жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін айтып беріңдер?

Жоспар:


1. Тамақ әзірлеудің негізгі әдістері. Жылумен өңдеу түрлері.

2. Аспаздық жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы.


Миға шабуыл.

«Ас – адамның арқауы» деген мақал нені білдіреді, кім айтады?


Жауабы: Денсаулықтың жақсы болуы, адамның жақсы ойлап, жұмыс істеуі. Адам тамақтанғанда жұмыс жасауға, өмір сүруге қызығушылығы артады. Аспен адамның ойлау өрісі кеңейіп, тірек күші артады.

Оқушылар топ болып берілген тапсырма бойынша дайындалады.

1-тапсырма.

Сіздер үйде ата-аналарыңызбен ас үйінде жүргенде қандай қауіпсіздік ережелері мен тазалық, гигиеналық сақтайсыздар?

Олай болса бәріміз бірге еске түсіріп жіберейік, тақтаға назар аударайық.
Артық болмас білгенің..............
1.Тамақ пісірер алдында, алжапқыш пен бас орамалыңды міндетті түрде тақ.
2Қолыңды мұқият жу.
3. Қызып тұрған кастрөлді немесе басқада ыдыстарды үстел үстіне қоюға болмайды.
4. Егер үйде газ плитасымен тамақ әзірлесең, мына ережені ұмытпа.
- газ жанбай қалып, шығуына жол берме, газдың шығуын оның иісін білуге болады;
-газ белгілі бір себептермен шыға бастаса, оны тез арада жауып, терезе мен есікті ашып, бөлменің ауасын тазарту керек. 

2-тапсырма. Дәптерлеріңе санитарлық - гигиеналық талаптар байланысты өз ойларыңды жазыңдар.



10 мин ішінде үй тапсырмасын орындап, сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар сұраққа жауап беру сабақтың тақырыбын анықтайды.


Топтар тақырыппен танысып, бүгінгі тақырыпты талқылайды.


Дәптермен жұмыс.



IV.Сергіту сәті

(2 мин)

«Қаражорға биі»

Оқушылар сергиді.

V.Жинақтау

(5мин)



1. Адам өміріндегі тамақтанудың маңызы қандай ?

2. Тамақтану мәдениеті дегенді қалай түсінесіңдер?



3. Қандай дәруменді білесіңдер?


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

VI.Бағалау

(1мин)

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату.



Топтар бірін – бірі бағалайды.

VII.Рефлексия (1мин)

« Мен қандай әсер алдым»



Оқушылар сабақтан алған әсерлерін өз ойлары арқылы жеткізеді.

VIII.Үйге тапсырма.

Тамақ әзірлеудің негізгі әдістері. Жылумен өңдеу түрлері. Аспаздық жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы. (оқу). Ереже жаттау.

Оқушылар үй тапсырмасын орындайды.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет