Күні: 29. 02. 2016 Сынып: 6 «А» Тәрбие сағатының тақырыбы



Дата08.10.2019
өлшемі16,47 Kb.
#49419
Байланысты:
«Мен және менің отбасым»
72 Тузету ыргагы, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», ДТжС-мәдениеттану-
Күні: 29.02.2016

Сынып: 6 «А»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен және менің отбасым»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға «Отбасы» туралы, оның құндылығы туралы түсінік беру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана алдындағы парызын өтеуге, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: баяндау, пікір айту, сұрақ – жауап.

Көрнекілігі: АКТ, отбасы туралы нақыл сөздер.

Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылардың назарын аудару.


Психологиялық дайындық
Қайырлы күн!
Армысыз, мейірімді Жер - Ана
Бәріміз дос болайық!
Бәріміз тату болайық!

ІІ. Кіріспе:

- Біз бүгін бір ғажайып бір әлемге саяхатқа шыққалы отырмыз. Ол қандай әлем болуы мүмкін? Ол бір кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, мемлекеттің аты «Отбасы» деп аталады.
- Ол мемлекет қандай болуы мүмкін?
Жауаптары: Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі...

ІІІ. Ой қозғау: «Әке мен бала»


« Саябақта баласы мен әкесі серуендеп жүреді. Әкесі баласынан:
- Балам, мынау ненің даусы? - деп сұрайды.
- Ол құстың даусы, - деп жауап береді.
Сәлден кейін әкесі тағы сұрайды. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі сұрағын тағы да қайталағанда, баласы:
- Ол - құс, құс! Өзім шаршап келе жатырғанда, неге сұрай бересің - деп баласы ренжіпті. Сонда әкесі:
- Балам, кішкене кезіңде ауыр тірліктен шаршап келгенде сенің "Анау не? Мынау не?", - деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын деп үнемі жауап беретінмін

Мұғалім:
1. Әке баласына неге ренжіді?
2. Сен әкеңе не деп жауап берер едің?
3. Әкемді ренжітіп алған жоқпын ба деген ой мазалайды ма?
IV . «Біз бақытты жанұямыз!»
Оқушылардың отбасы туралы «Біз бақытты жанұямыз!» атты постерлері.
Қыркүйек айының бірінші жексенбісі «Отбасы күні» болып белгіленді.
V. Қорытынды.

Жанұяның қуанышы - бала. Ал жанұяның бәйтерегі - ата, әже, әке, ана. Бала - одан тәлім - тәрбие, өнеге алушы ұрпақ.

VІ. Рефлексия:

«Жүректен жүрекке» шеңбері.

Шеңберге тұрып, өз отбасыларының жақсы қасиеттері жайлы айтып, шеңбер ішімен жүрейік.
Осындай айтылған жақсы тілектер сендердің отбасыларыңа дарысын. Отбасыларының шамшырағы болып жаңа беріңдер

Ұлағатты сөздер

Ата-ананы ұмытқан жас – опасыздың опасызы, рахымсыздың рахымсызы.
(Ғ. Мустафин)
Баланың жақсысы – қызық, жаманы –күйік
(Абай)
Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес
(Ғ. Мустафин)
Ата-бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі
(А.С.Пушкин)
Баланың бас ұстазы – ата-анасы.

Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.

Атаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.

Анадан артық дос бар ма,
Ашудан артық қас бар ма?

Ата-анаңның қадірін – балалы болғанда білерсің,
(халық мақалы)


Жаднама: «Ата-анам – ардақтым!»

Ата-анаңды өмір бойы сыйла!;
Ата-анаңа ауыр сөз айтпа;
Ата-анаңның қателігін бетіне баспа;
Өзгелердің ата-анасымен салыстырма;
Оларды қалай жақсы көретініңді жиі айтып отыр;
Күнде таңертең амандас;
Үй шаруасына қолғабыс ет;
Алыста жүрсең жиі хабарласып тұр;
Ата-анаңа жаманат келтірме;
Өзің есейгенде рухани, материалдық жағынан қарасып тұр!;
Ата-анаңның достарын сыйла;
Қартайған шақтарында көңілдерін аула!;
Ауырып-сырқағанда қабақ шытпай бақ!;
Олар қандай жағдай да сен үшін «ең асыл жандар» екенін ұмытпа!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет