Күні: /мад топ\ Білім беру саласы



Дата11.01.2017
өлшемі44,71 Kb.
#6700
Оқу қызметінің ұйымдастырылған технологиялық картасы
Күні:


/МАД топ\

Білім беру саласы: Шығармашылық,таным.

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Ертегідегі құс.

Мақсаты: құстар туралы білімдерін жетілдіру, құстардың бейнесін қағаз бетіне түсіре білу біліктілігін машықтандыру, құстарға деген қамқорлық пен сүйіспеншілікке баулу.

Қолданылатын құралдар: ертегі құстарының суреттері (әңгімелесуге).

Сөздік жұмыс: құстарға қамқорлық, аялау, қыстап қалатын құстар т.б.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері жайында әңгімелесу.

- Қыста қыстап қалған қандай құстарды білесіңдер?

-Қазір қандай құстар ұшып келді?

Әлі келмеген, өздерің бұл жақта әлі көре қоймаған қандай құстар бар? (Аққу, қаз, бүркіт, тырна т.б.).


Балалар «Әтеш пен тоты», «Қарға мен лашын», «Шымшық пен көгершін»,

«Екі қаз - бір бақа»

ертегілерінің бірін айтып береді. Ертегі аяқталған соң сергіту сәтін жасайды. Құстардың дыбысын, қимыл қозғалысын көрсетеді (жем шоқып жеуі, қораз тәрізді қанатын жайып ұшуы, торғай сияқты секектеп жүруі т.б.)






Балалар сурет салуға қажетті құрал-жабдықтарын алып, іске кірісер алдында көрнекті

көркем суреттер көрсетіліп, қысқаша әңгіме өткізіледі.

- Балалар, өткенде серуенде құстарға ұя жасап, ағаштың басына іліп, құстарға бақылау жасағанда ұя салатын және ұя салмайтын құстар бар екенін білгенбіз, ұя салмайтын,

жұмыртқасын өзге құстың

ұясына салатын қандай құс?

(көкек).


- Құстар туралы қандай ертегі білеміз? Естеріңе түсіріп көріңдерші: «Құс базары», «Үй

құстары» т.б. Құстардың дене бітімін еске

түсіру (денесі сопақша, басы дөңгелек, тұмсығы үшбұрыш т.б.). Тырналардың үшбұрыш жасай ұшып келе жатқанын немесе ұясының жанындағы қараторғай бейнесін суреттен көрсетемін.


Балалар сурет салуға қажетті құрал-жабдықтарын алып, сурет сала бастайды.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Суретті салудың ретін түсіндіріп, тақтаға салып,

қарапайым сызықтармен салудың жолдарын ауада көрсетіп, бормен сызып, салып көрсетеді.

- Балалар, алдымен карындашпен қағаздың ортаңғы бөлігіне сопақша пішінді қиғаштап саламыз. Сопақшаның жоғарғы бөлігі сол жаққа қарай салынса, ал астыңғы бөлігі қағаздың оң жағына қарай төменге қарай бұрыла салынады. Дайын болған сопақша пішіннің оң жағы мен сол жағына құстың қанатын саламыз. Сопақша пішіннің жоғарғы бөлігіне құстың басын салу үшін кішкентай домалақ пішінді саламыз. Ал төменгі бөлікке құстың құйрығын саламыз. Қарындашпен салынып, дайын болған құсты қылқаламның көмегімен қағаз бетіне бояуды сүйкей жаға отырып түрлі түске бояп, көрік береміз.

(Жұмыс барысында кейбір балаларға жеке нұсқаулар беріліп, жалпылама бақылау арқылы басшылық жасалады).



Сурет салуда алдымен қағаз

ортасын белгілеп алады, құстың дене бөлігі сопақша

дөңгелекке ұқсайды,

басы домалақ, үлкен бөліктерінен бастап бейнені

ұсақ бөліктермен толықтырады (көзі, тұмсығы, қанаты т.б.) және бояу түсін

дұрыс таңдауға назар аударады.




Рефлексиялық-түзетушілік

Еңбек нәтижесін балалармен бірлесе талдап, балалардың суреттерін бағалаймын.


Балалардың әдемі салған құстары табиғат бұрышына қоюға таңдалып алынады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: табиғат құбылыстарынан бақылағандарын әңгімелеп айта білуді, құстарды сүйіп, оларға қамқорлық жасап, қорғай білу керектігін біледі.

Игереді: құстардың бейнесін қағаз бетіне түсіре білу іскерліктерін игереді.

Меңгереді: жұмыс барысында икемділік пен дағдылары және қызығушылықтары қалыптасады.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет