Күні/Дата/Date: 26. 01. 2016 Пән/Предмет/Subject



Дата08.09.2017
өлшемі45,93 Kb.
#29989
түріСабақ
Сабақ жоспары

Поурочный план

The plan of the lesson

Күні/Дата/Date:26.01.2016

Пән/Предмет/Subject: Еңбекке баулу.

Сынып/Класс/Class: 4 «в»

Тақырып/Тема/Theme: Ермексаздан мүсін жасау.

Мақсаты/Цель/Aim:

Білімділік:қазақ халқының ыдыстарын таныстыра отырып, оларды жасап үйрету.

Дамытушылық:Сабаққа көрнекіліктер арқылы қызығушылықтарын ояту, шеберліктерін, іскерліктерін шыңдап дамыту, мүсіндерді жасап отырып, танымдық процестерін , қол моторикасын дамыту.

Тәрбиелік:Таза, ұқыпты жұмыс жасауға баулу. еңбексүйгіштікке, әдемілікке, тындырымды іс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:сарамандық жұмыс

Құрал-жабдықтар: презентация, ермексаз.

Сабақ барысы/ход урока/course of the lesson

Начало формы

І. Ұйымдастыру

-Психологиялық дайындық


- Сынып оқушыларын түгелдеу.
- Үй тапсырмасын тексеру. Оқу, талдау, тиянақтау.
-Бағалау.

ІІ. Негізгі бөлім.
Ағаш ұсталары ыдыс-аяқ жасауға айрықша ден қойған. Ыдыстарды негізінен қайыңнан жасаған. Өйткені қайың мықты ағаш. Әбден кепкен қайыңда иіс те, шайыр да болмайды. Оған құйылған астың дәмі де бұзылмайды. Бұйымдардың пішіні, оюлары нені елестеді?
Әрине, пішін, түс, сурет үйлесімділік табиғаттан алынған. Идеялар қорындағы ыдыстарға қараңдаршы?
Олар әр шебердің қолынан шыққандықтан алуан түрлі, әдемі бұйым адамды таңқалдырып, қуаныш сыйлайды. Сонымен әдемі ыдыс жасап көрейік.

Гигиеналық ереже. Ермексаздан жұмыс істегенде гигиеналық ережелерді сақтау.
1) Қол сүртетін орамал әкелу.
2) Партаға төсеніш төсеу.
3) Ермексазбен жұмыс істегенде қолды жылы сабынды сумен жуу керек.
- Ал, енді балалар, сендерді ыдыс жөнінде мақал-мәтелдермен таныстырып өтейін:
Қазан қайнап тұрса,
Ақыл сайрап тұрады.
Ыдысын көріп – асын іш.
Қарны ашқан қазанға қарар.
Қазанға не салсаң, шөмішке сол ілігер.
Қазақ халқы ерте кезден бастап ыдысты бұтақтан, ағаштың қабығынан, саздан, қайың ағашынан жасаған. Уақыт өте келе адамдар ыдысты шыныдан, металдан,қыштан және т.б. материалдардан жасай бастады. Қазақ халқының ұлттық ыдысы - тостаған, ожау, кесе, құмған сияқты ыдыстар.
Торсық ыдысын малдың терісінен илеп, тіккен, торсыққа қымыз, шұбат т.б. сусындар құйған.
Оқушыларға торсықтың жасалу жолы түсіндіріліп беріледі, оқушылар ермексаздан торсықты жасап көрсетеді. Содан кейін тостағанды, ожауды жасау жолдарын түсіндіріп, соны өздері ермексаздан жасап шығады.

Сергіту сәті.
Ал, енді балалар, сергіту сәтіне жұмбақтар шешіп жіберейік.
Жұдырықтай қамырды,
Жаулықтай ғып жаяды. (Оқтау)
Төбесінен бу шығады,
Аузынан су шығады. (Самаурын)
Танауы шуылдап тұр. (Шәйнек)
Тым үлкен беті өзге денесінен,
Бір түсіп, бір шығады кемесінен.
Ішіне уыс-уыс ас толтырып,
Сүңгиді ыстыққа да денесімен (Ожау-шөміш)
Ең үлкен қазанның бетіне не сыймайды? (Өзінің қақпағы)
- Балалар, енді өзіміз дастархан мәзіріне керекті ыдыстарды жасап көрейік.
- Ең алдымен дастарханға не қойылады?
- Дұрыс айтсағдар, ең алдымен, дастарханға нан қойылады. Ал енді өз беттеріңмен дастархан мәзірін жасаңдар. Дастарханға қандай ыдыстар қажет? Шәугім, шәйнек, нан салғыш, нан тағамдарын, жеті шелпек бауырсақ, шай ішу үшін кеселер қоямыз. Ал енді тағы дастарханға не қоюға болады? Жеміс жидектерді жасайық: алма, алмұрт, жүзім.
-

ІІІ. Қорытынды:
Рефлексия.

-Оқушылардың алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы тексеру.

-Дастархан мәзірін, әр оқушы өзі жасаған жұмыстарын әңгімелеп қорғап береді.

Үйге тапсырма:

Ермексаздан ыдыс жасау жұмысын аяқтап келу.


Бағалау.

-Сабақ аяқталды, дем аламыз!



Мұғалімнің қолы_______


Өзін-өзі талдау

Самоанализ

Self-analysis

Күні/Дата/Date:26.01.2015 жылы

Пән/Предмет/Subject: Еңбекке баулу.

Сынып/Класс/Class: 4 «в»

Тақырып/Тема/Theme: Ермексаздан мүсін жасау.

Мақсаты/Цель/Aim:

Білімділікқазақ халқының ыдыстарын таныстыра отырып, оларды жасап үйрету.Дамытушылық:Сабаққа көрнекіліктер арқылы қызығушылықтарын ояту, шеберліктерін, іскерліктерін шыңдап дамыту, мүсіндерді жасап отырып, танымдық процестерін , қол моторикасын дамыту.

Тәрбиелік:Таза, ұқыпты жұмыс жасауға баулу. еңбексүйгіштікке, әдемілікке, тындырымды іс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:сарамандық жұмыс

Құрал-жабдықтар: презентация, ермексаз.


+

-

Ұйымдастыру кезеңі сәтті өтті. Психологиялық ахуал, ынтымақтастық атмосферасын құру арқылы оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиеледім, бұл мақсатым ұйымдастыру кезеңінде байқалды.Сабақ мақсатын айттым.

Өткен тақырыпты бекіту үшін дидактикалық тапсырманы қолдана отыра,сұрақ-жауап әдісін қолдандым.Бұл әдіс арқылы оқушылардың өткен тақырыпты меңгеру деңгейлерін байқадым. Осы арқылы дамытушылық мақсатым орындалды.

Сабақ барысында оқушыларды тақтада, дәптерде дұрыс жазуға, дұрыс отыруға тәрбиеледім. Білімділік мақсатым жаңа тақырып кезеңінде түсіндіру әдісі, мысал келтіру, жаттығу жұмыстары арқылы жүзеге асты. Топтық әдіс және жұптық әдістер қолданылды.Жергілікті компонент тақырыпқа сай болды.Үштілділік болды.

Пәнге қызығушылық қалыптастыру үшін жаңа мәліметтер, житондар тарату, көрнекіліктерді қолдандым.Сергіту сәті тақырыпқа сай болды. Жаттығуларды орындау арқылы білімділік мақсатым жүзеге асты.Қызықты тапсырмалар беру арқылы ой-өрістерін дамыту арқылы,дамытушылық мақсатыма жеттім. Үй тапсырмасын түсіндірдім.



Оқушыларды сабақ барысындағы белсенділіктеріне байланысты бағаладым.

Қобалжу болды.


Тұжырым: Мен өз мақсатыма толық жеттім. Себебі оқушылар белсенді болды. Тақырыпты түсінгендері байқалды.Әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырдым.
Каталог: uploads -> doc -> 093c
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
093c -> Сабақтың тақырыбы: Лексикалық тақырып: Менің сүйікті ісім Грамматикалық тақырып: Тәуелдік жалғау жекеше түрі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет