«Көк тудың желбірегені – қазақтың асқақ беделі!»



Дата06.07.2018
өлшемі18,13 Kb.
#48165
«Көк тудың желбірегені – қазақтың асқақ беделі!»

1991жылы 16 желтоқсан-тарихтағы ұлы күн. Осы күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Тәуелсіздік - қазақ халқының ежелгі арманы еді. Тәуелсіздік үшін күресте басынан талай қиындықты кешірді. Алайда, ешқашан мойымады, керісінше, күресе білді.

Тәуелсіздік.Тәуелсіздік.Тәуелсіздік.

Қандай қасиетті, ұғым десеңізші!!! Тәуелсіздік - біздің басты байлығымыз және бақытымыз.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміз талай қиындықтарға тап болды. Мінекей, енді балалық шақтан шығып, еңсесін тіктеп, тұғырын биіктеп, тамаша толағай табыстарға қол жеткізді. Жігіт жастан шығып жатыр. Еркіндік, бірлік, тұрақтылық, гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасты. Осы уақытта Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз. Тәуелсіздік таңын жастар атырды. Қуанышты күн нұрын сыйлады. Кезінде біз сияқты мектепте оқып жүріп, өсіп-жетіліп, білім алу үшін арман қуып, Алматыға барды. Тәуелсіздік таңын атқызуға жанын салды. Жандарын қиған жастар есімдері тарихта қалды. Тарих сабағында есімдерін оқыған сайын бойың түршігеді, ойланасың, толғанасың... Олардың есімдерін ешкім ұмытпау керек деп ойлаймын. Тәуелсіздігіміздің ең алғашқы қастерлі нышандарының бірі - Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументі.

Тәуелсіздік алған жылдарының жетістігі сайын далада бой көтерген ару Астана дәлелдеп тұрғандай. Астана - біздің мақтанышымыз.Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс күш берді. Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, жоғары қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз. Қазақстанның өзіндік үні, пікірі, мәртебесі бар. Халық атының үлкен деңгейде сөйлей алатын, айтқан сөзіне құлақ түретін, тыңдайтын, мемлекетке бағыт бағдар беріп отыратын, ерекше тұлға мемлекет басшысы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Елбасымыз бар. Біздің Президенттіміз Н.Ә.Назарбаев халық үшін көп нәрсе істеді. Қазақстанда мемлекеттік тіл-қазак тілі. Қазақстанда тұрған адамдар, қазақ тілін білуге тиіс. Қазақстаның тұрғындары үш тіл білуге керек. Олар: 1.қазақ тілі 2.Орыс тілі 3.Ағылшын тілі. Қазақ тілі және француз тілдері әлемде ең әдемі тілдер деп саналады.

Қазақстанда өзендер, көлдер ағады, таулар үлкен, әдемі бар, үлкен далалар, әдемі жасыл ормандар көп. Мында әртүрлі, ерекше көп жануарлар мекендейді. Жасыл жайлаулар көп. Ерекше әдемі гүлдер көп өседі. Қазақстан басқа мемлекеттермен тату-тәтті тұрады. Менің ұлтым –орыс. Алайда, мені ата-анам көрегендік жасап, бірінші қазақ сыныбына берген екен. Қазақша таза сөйлеймін және мақтан тұтамын.

Тәуелсіздіктің көк туы желбіреп, қазақ халқы қырандай самғап, еркіндікте өз елін, өз жерім деп мақтанып шаттануда.Көк туымыз желбіреп, әлем деңгейінде әнұранымыз асқақтай шырқалуда. 

Мен сол еліммен бірге жасап қарыштап алға баса беремін. Мен еліммен бірге мәңгі  жасаймын. Қазақ елінің төрінде Елтаңбасы ілініп, көгінде көк туымыз желбіреп, кең  далада әнұраны шарықтап ойнағанда менің  елімнен басқа бақытты ел барма? -деп басымды тік көтеріп, бой түзеймін.Болашаққа нық қадам басамын. Қазақстанның әрбір азаматы осылай мақтануы тиіс. Себебі,  менің елім Тәуелсіз  және  ынтымағы жарасқан Нұрсұлтан атамның жолына аяғын адаспай анық басқан ел.

Мектебімізде көптеген іс-шаралар өтеді. Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше, қуанады, ендеше, келешегім нұрлы болмақ. Мен орыс болсам да, қазақ жерінде туылғаныма мақтанамын, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма қуанамын. басты құндылығымыз-Тәуелсіздігіміз! Сол үшін де бүгінгі жас ұрпақ Тәуелсіздігімізді ардақ тұтып, қадірлей білгені абзал. Ал мен өзіме келсем, кішкене де болса, алған білімімді шыңдап, білікті маман иесі болғым келеді. Жұдырықтай жүрегім Қазақстан деп соғады.


Ешқандай қиыншылық көрмей, тәуелсіздігінің арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін!

Тәуелсіздік осындай қысқа уақытта мол жетістіктерге жетіп отырса, әлі де берері мол деп сенемін. Мен Қазақстаң Республикасының патриотымын. Өз еліммен мақтанамын!



Петрашева Марина

7 «Н» сынып оқушысы

65 мектеп-гимназиясы



Жетекшісі Тұрғамбекова Орынбасар Мусаевна


Каталог: 2018
2018 -> Сабақ: Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері. Aқтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> «дизайн» бойынша Қалалық олимпиадасы
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың мақсаты: ден 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту тәсідерін қайталау. Апта күндерін ретімен меңгерту
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет