Көкшетау 2011 Құрастырғандар



бет1/9
Дата25.12.2016
өлшемі2,39 Mb.
#4988
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Тарихи география пәнінең

оқу- әдістемелік құрал

Көкшетау 2011

Құрастырғандар: Жалпы тарих және құқық кафедрасының аға оқытушылары

Абдрахманова С.А., Жапарова К.Г., Идрисов Р.А.



Пікір жазған: А.Б. Кушпаева, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Оқу-әдістемелік құрал ерте заманнан бастап осы күнге дейінгі жер шарының зерттелу тарихын баяндайды. Бұл - өрісі кең, алуан түрлі оқиғалы, үлкен маңызы бар тарих. Оқу құралы жер шарының зерттелу тарихынан, аз да болса, мағлұмат аламын деген студенттер мен жоғары сынып оқушыларына, көпшілік қауымға арналған.



Кіріспе

География – ғылымдардың ішіндегі ең көнелердің бірі. Сондықтан да бұл ғылымды терең зерттеп, дұрыс түсінуді, бүкіл жастар өзіне міндет деп санауға тиіс. География ғылымының тарихы бізді адам баласының жер шарын бірте–бірте қалай ашып білуімен таныстырады. Бұл ұзақ әрі тамаша тарихи оқиға. Біздің заманымызға дейінгі жыл санаудың V- IV ғасырында грек ғалымдары ғана жерді шар тәрізді деп дұрыс түсінді. Бұдан орта ғасырлардағы араб. Орта Азия тағы басқа елдер ғалымдары да өз үлесін қосты. ХV- XVI ғасырларларда жер шарының ұлы географиялық жаңа жерлер ашылды.

XVIІІ ғасырда Батыс Европа елдерінде капитализмнің дамып, өріс алуына байланысты оған жаңа рынок отар қажет болғаны белгілі. Осыған орай енді сол бұрын ашылған жаңа мекендерді түбегейлі мұқият зерттеу ісі нақтылы жүзеге асырыла басталды.

ХІХ ғасырда дүние жүзілік географиялық зерттеулердің құлаш жайғаны сонша, жер шарында елеулі белгісіз мекен–жай қалмады. Арктика, Антарктида ашылды.

ХХ ғасырда дүние жүзі географтары осы күнгі ғылым мен техника табыстарына сүйене отырып, Арктикана, Антарктиданы зерттеп, күрделі ғылыми табыстарға ие болып отыр. География ғылымының әріден келе жатқан көне тарихына қарағанда, ол өзі басталуынан–ақ бүкіл адам баласының игілігін мақсат еткен, барша жұртқа ортақ ғылым болды.

Жастар география ғылымын неғұрлым жақсы біліп, оның тамаша тарихымен жете танысса, соғұрлым олардың бұл пәнге деген құштарлығы, сүйіспеншілігі арта бермек. Отанын, елін, жерін жанындай жақсы көретін болады. Қоғамда адамдардың бәріне бірдей ортақ сөздер бар. Солардың ішіндегі ең бір асылы – Отан деген сөз.

Отанын, жерін, елін шын сүйген адам өмірінде кездесетін қиындықтың қандайын болса да жеңетіні даусыз. Сол жағдайларды ескере отырып, «Тарихи география» деп аталатын осы оқу- әдістемелік құралда отаншылдар туралы сөз болады. Оқу құралы ерте заманнан осы күнге дейінгі жер шарының зерттелу тарихын баяндайды. Мұнда дүниежүзілік географиялық ғылым тарихына шолу жасалып, әрбір тарихи даму кезеңіндегі географиялық зерттеулердің ең негізгілерін таңдап алып, солар жайында деректі мағлұмат берілді.

Оқу- әдістемелік құрал алты тараудан тұрады: ерте замандағы географиялық деректер, орта ғасырдағы географиялық мағлұматтар, ұлы географиялық ашулар, ХVІІ–ХVІІІ ғасырлардағы зерттеулер, ХІХ–ХХ ғасырлардағы зерттеулер. Кейінгі тарауы орыс саяхатшы–географтарының зерттеулеріне арналған.

Оқу құралдың тараулары өз ара бір-бірімен байланысты болып келеді,

сондай – ақ студенттерге арналган бақылау және өзін-өзі тексеру тапсырмалар материалдары келтірілген.




Бірінші тарау
Ерте замандардағы адамдардың географиялық көзқарастары
Жер шарында географиялық түсінік тұңғыш рет қай жерде туып, оның қай жерден басталғанын осы күнге дейін ғылым әлі толық айта алған жоқ, тек кейінгі кездегі археологиялық қалдықтарды, тасқа басылған таңбаларды, тағы басқа ескі мұралар зерттеулеріне сүйене отырып, тұңғыш географиялық түсінік Жерорта теңізі аралдарында, жағалауларында басталған деп топшалайды.Бұл өңір ертедегі мәдениет орталығы, ғылым, білімнің тұңғыш рет тараған жері. Осыған орай алғашқы географиялық түсінік Жерорта теңізі маңында болған.

Тұңғыш географиялық зерттеуді Жерорта теңізіндегі Крит аралын мекендеген миной халқы бастаған. Минойлар біздің жыл санауымызға дейінгі 2500 жылдар шамасында Жерорта теңізінің шығысымен, Египетпен, кейінірек Кипр аралындағы және батысындағы Сицилия, Италия жерлеріндегі елдермен сауда, қарым-қатынас жүргізіп тұрған. Минойлардан кейін елеулі географиялық деректер Жерорта теңізінің шығыс жағалауын мекендеген финикиялықтарда болды. Өйткені, бұл жағалау кеме тоқтауға, Месопотамия және Египет жерлерімен сауда жұмысын жүргізуге қолайлы еді. Ерте замандағы екі ұлы держава Египет пен Вавилон аралығында орналасқан финикиялықтар олармен қарым-қатынасын күшейтті, Азияның кейбір жерлерінде болды, Африка жағына кемемен барды.



Египеттіктер. Ніл өзенінің сағасы мен төменгі ағысы бойындағы Египет жері ертедегі мәдениеттің, егіншіліктің, жалпы жер шаруакшылығының, географиялық деректің орталығы болған. Бұған оның географиялық қолайлы жағдайы әсер еткен. Біздің дәуіріміздің мыңдаған жылдар бұрын Ніл бойы мәдениет орталығы болғандығын, осы өңірден табылған археологиялық қалдықтар, ертедегі қалалар жұртынан табылған мұралар дәлелдейді. Бұл деректерге қарағанда, египеттіктер ертеден-ақ мәдениеттің жоғарғы сатысына көтерілген. Оларда сол кездің өзінде астрономиялық, географиялық, геометриялық дұрыс түсінік болған. Египеттіктер алдымен өз жерін, одан кейін, көршілес елдер жерін білген, кейінірек олар алыс сапарға шығып, түрлі саяхаттарға аттанып отырған. Мәселен, біздің жыл санауымыздан көп бұрын, Фараон Асса билеп тұрған кезде, Египет қолбасшысы Урдурду, Пунт жерінде болған. Урдурдан кейін Египет саяхатшысы- Киркуф тағы да оғңтүстікке атанып, ол Урдурду болған жерден әрі барып, «бақытты елді» ашып қайтты. Бұл жайында біз 1892 ж. Асуан маңынан, Скиапарели ашқан Киркуфа жазуынан біліп отырмыз.

Сонымен қатар, египеттіктер Пунт жеріне түрлі географиялық экспедициялар жасап отырды. Оның бірі Қызыл теңіз жағОның бірі Қызыл теңіз жағалауына және Аден бұғазына жетіп, бұл өңірді ашып қайтты. Египеттіктердің географиялық зерттеулері ерте заманда-ақ елеулі болды, олар бір жағы Жерорта теңізі жағалауын, екінші жағы Нілдің орта ағысын және Сирия, Палестина жерлерін, Тигр, Ефрат өзен бойларының географиялық жағдайларын жақсы білген. Месопотамия жеріне Египет мәдениеті көп әсер етті. Бұлар ерте заманнан-ақ бір-бірімен қарым-қатынас, сауда жасап ортырды. Бірнеше мыңдар жылдар бұрын Вавилон сауда керуендері оңтүстікке, батысқа, солтүстікке және шығысқа сапар шегетін. Ертедегі Ассирия-Вавилон сауда керуені жалғыз Египет қана емес, алыстағы Үнді, Парсы жерлерінде болғаны анық. Вавилондықтардың осындай сауда керуендерінің әр тарапқа шарықтауының нәтижесінде олар дүние жүзі географиялық зерттеулерге елеулі үлес қосты. Ассириялықтар мен вавилондықтар глобус пен жер шарының географиялық картасын тұңғыш рет 360 градусқа бөлді. Вавилон болжаушылары аспан әлемін де зерттеді. Олар жұлдыздарды белгілеген жұлдыздарына шаян, скорпион, арыстан деп ат қойған.бұл ертедгі астрономиялық, географиялық түсінікті біраз кеңейтті. Вавилондықтардың түсінігі бойынша құрлық дүние жүзі мұхитының орталығында болады, аспан әлеміне қосылған дүние жүзілік мұхитта күн қалқып жүреді де, кешке қарай күн өзінің қақпасымен жер астына түседі,ертемен шығыстан (қақпасынан) шығады, жер астына күннің патшалығы бар деп түсінген.



Финикиялықтар. Финикия - Жерорта теңізінің шығыс жағалауы мен Ливан таулары аралығына орналасқан жер. Халқы- финикия тілінде сөйлейтін, ханнан тобына кіретін солтүстік семиттер. Ертедегі екі ел- Египет пен Вавилон арасына орналасқан финикиялықтар бұл екі мемлекетке де бағынып,екеуінің де экономикасын ұштастыра берді. Мықты ағаштан үлкен кеме жасап, Жерорта теңізін, оның жағалауын шарлап жүзді. Финикиялықтар тарихта тұңғыш рет Жерорта теңізіне кеме түсіріп, оның зерттеушісі болды. Теңіздегі зерттеу жұмысына белсене кірісіп, басқа елдермен қарым-қатынасыты күшейтті. Біздің заманымыздан 1500 жыл бұрын Кипр аралыф финикиялықтардың отары болған. Соымен қатар, Эгей теңізінің көптеген аралдарын, оның жағалауларын да отарлаған. Олар Египетпен, Солтүстік Америкамен, Сицилия, Сардиния аралдарын мекендеген елдермен, Оңтүстік Франция, Испания елдерімен сауда жасасқан. Финикиялықтар Кіші Азияға, батысында Еуропа жағалауларына, иоңтүстігінде Африка жағалауларына тауарларын апарып, алтын мен күміске, қолаға айырбастап отырған. Египет пен Вавилонға өте қажетті түсті металдарды және еріксіз құлдарды саудалап және оларды ұстап алу үшін финикиялықтар Жерорта теңізі мен Гибралтар бұғазынан өтіп, Антлант мұхиты арқылы Еуропаға және Африка жағалауына дейін алып жүзе берді. Енді финикиялықтар Тира, Сидона қалаларын өз отарына айналдырды. Босфор бұғазын өз қолына алып, оған Кальта деп аталатын бекініс салды. Кейін гректер оны Калхедон деп атады. Жерорта теңізіндегі Мальта, Кипр,м Крит аралдарын финикиялықтар өзіне қаратып алды. Сонымен қатар олар Жерорта теңізіндегі Матс-Эль қаласын «Құдай гаваны» деп атады. Олар тұңғыш рет дүние жүзінің екі үлкен құрлығына (материгіне) Еуропа, Азия деп ат қойды. Финикиялықтар Жерорта теңізінің шығысындағы құрылықты «асу», батысындағы құрылықты «эреб» деп атады. Сол кездегі озық Азия мәдениетін, техникасын Ұлыбританияға таратты. Еуропаға металдан жасалған бұйымдар апарды. Жер шарындағы тұңғыш теңізшілер-финикиялықтар тоқымадан түрлі киім түгуді басқа елдерге таратты. Сондай-ақ олар ертеде балшықтан, шыныдан ыдыс жасады. әр түрлі елдерде болған финикиялықтар сол елдердің тіл дыбысын, сөз құрамын салыстыра келіп, алғашқы әріптерді ойлап тапты, яғни ескі иероглифтерді өзгертіп, оның алғашқы нұсқасын дұрыс жазды.

Үнді мен майялықтар. Ертедегі Үнді мемлекеті Инд және Ганг өзендері бассейні мен Гималай тауларының аралығын мекендеді. Бұлар біздің заманымызға дейінгі 1000 жылдар шамасы бұрын Иран және Месопотамиямен сауда қарым-қатынасын құрлықпен де, сумен де жүргізіп отырды. Солтүстік және оңтүстік үнділердің мәдени, сауда қарым-қатынасы өз ара тығыз байланысты еді. Үндістанда, Орталық Азия халықтарында бұл діннің ықпалы күшті болған. Біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда Үндістан императоры Магадха Ашока будда діншілдерінің көмегімен көрші іргелес елдерге дін таратып, олармен қарым-қатынас жасап отырды. Сөйтіп Ашока дін таратушыларды Египетике, Сирияға, Ливияға, Грецияға тағы басқа жерлерге аттандырды.Б.з. І ғасырында үнділер будда дінін Тибет төңірегінде, Малакка түбегіне, Малайя архипелагын көптеген аралдарына таратты. Осы кезде Индонезияның басты аралдары Суматра мен Ява ашылып, ерте замандағы елдердің географиялық түсінігі кеңи бастаған еді. Сөйтіп Индонезия аралдарын ұнділер келіп қоныстана бастады. Сол кезде үнділердің құрлықтағы географиялық зерттеулері күшті болса, малайялықтарда теңіз жағалауын кемемен зерттеуі басым болды. Малайялықтар өздерінің жеңіл кемесімен бүкіл Индонезия аралдарының жағалауларын аралап шықты. Олар Борнео, Целебес және Молукка аралдарын ашып, олардың тұрғындарымен сауда қарым-қатынас жасап отырды. Кейіннен, Мадагаскар аралын ашып, оған өздері көшіп барып орналасты.

Ертедегі парсылар. Біздің жыл санауымызға дейінгі VI ғасырда Кир ІІ өз империясына Батыс Ирандағы парсыларды қосып алып, Арменияға. Кіші Азия мен Месопотамияға ықпал жасады. Бұдан кейін Кир ІІ Солтүстік Ирандағы көшпелі елдерді жаулап алды. Парсылардың солтүстік жорығы Гиркан (Каспий) теңізін ашты. Кейіннен оны парсы әдебиетінен алып, грек ойшысы Геродот толық сипаттады.

Парсылар копет-Даг тауынан асып, Қарақұмды көктей өтіп, Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан жерінде болды. Олар Окс (Амудария), Яскарт (Сырдария) бойларын, Хорезм маңын білді, Ферғана ойпатында болды. Кейінірек Орта Азия мен Қазақстан жері Орталық Азиядан Еуропаға баратын жолдың үстінде болды, сондықтан шапқыншылар бұл өңірдегі елдерді дүркін-дүркін күйзелушілікке ұшыратып отырды.



Гректер. Жерорта теңізінің , оныңғ ішінде Эгей теңізі жағалауында ертедегі гректер орнығып алып, өз ықпалын төрт құбылысына бірдей таратты. Гректердің бастыс және солтүстік жорықтары қанатын кең жайды, олар біздің заманымызға дейінгі кездің өзінде-ақ Еуропаның көп жерлерін ашты. Сондай-ақ гректер Қара теңіз, Каспий теңізі жағалауларын, Дунай, Дон өзендерін бойларын отарлап алды. Сол кездегі грек отарына Орта Азия мен Батыс Қазақстан жерлері де кіреді,-дейді кейбір зерттеушілер.

Аргонавтар аңызы ертедегі гректердің алысқа сапар шеккен экспедиция бағытына негізделіп айтылады. Аңыз өте құнды, өйткені ол сол кездегі гректердің бүкіл Жерорта теңізіндегі, оның жағалауларындағы жаңадан ашқан жерлерін, Азия, Еуропа жайында дұрыс түсініктерін көрсетеді. Оны Одиссея сапары анықтай түседі. Сондықтан Аргонавтар аңызы Одиссея мен Илиаданың таң ғажайып оқиғалары сол кездегі грек география тарихын бейнелейтін аса құнды ғылыми деректер болды. Кейбір зерттеушілердің болжамына және Аргонавтар аңызына қарағанда, бұл экспедиция біздің жыл санауымызға дейінгі 1350 жылы басталған тәрізді. Экспедиция ұйымдастырудағы мақсат аңыздағы «Алтын жабағыны» іздеу болған. Аргонавтар Қара теңізде, Колхида ойпатында болып, кейіннен «алтын жабағыны» қолға түсіріп, зор қиыншылықтарға кездесіп, өзінің шыққан жолымен Грецияға қайта оралады.

Эгей теңізінің Еуропалық және Азиялық жағалауларын мекендеген халықтардың ала ауыздығы б.з.д. 1193 -1184 жылға дейін, яғни 10 жылға созылған-Троя соғысына әкеліп соққаны белгілі. Сөйтіп, ерте замандағы гректердің географиялық түсінігін көзге елестетін «Илиада» және «Одессея» дейтін екі тарихи поэмасын шығарды. Оны гректің соқыр ақыны Гомер жазған. Ақын шығармаларын б.д.д VIII-VIIғ. жазған, бірақ оқиға одан әлдеқайда бұрын, ХІІ ғ. икезінде болғанға ұқсайды. Ақынның бұл шығармаларына арқау болған, грек тарихындағы шындық оқиға, сондықтан халық аузында үзілмей келе жатқан қаһарман жыр.

Бұл екі поэмадан Гомэрдің географиялық түсінігі көрініп отырады. Бірақ Гомэрдің географиялық түсінігі Эгей теңізі жайында болып, одан арғы жер- Жерорта теңізінің батысы, Қара теңізі маңы туралы деректер көрсетілмеген.

«Илиада» грек болмысының ішкі жағдайын дәріптейді де, «Одессея» алысқа сапар шеккен жорық жағдайын әңгімелейді. Бұл оқиғаларға қарағанда, Гомерге Кіші Азия жағалауы, Египет және Ливия жерлері белгілі екендігі байқалады. Ақын шығыс пен батысты ғана мезейді, оның солтүстік, оңтүстік деген ұғымы жоқ, солтүстікті батысқа, оңтүстікті шығысқа қосады. Шығыс күнге жақын, батыс одан алыс... кұн шығыста жерді айналып жатқан Өэен-Мұхиттан (Ертеде теңіз деген түсінік жоқ, құрылықты Өзен-Мұхит қоршаған деп түсінген) шығып, батыстағы сол Өзен-Мұхитқа қайта батады деп түсінеді. Жерді ол деңестеу жазық, оны Өзен-Мұхит қайта батады деп түсінеді. Жерді ол дөңестеу жазық, оны Өзен-Мұхит қоршайды деп білді, теңіз деген түсінігі жоқ. Көгілдір аспанда шығыстағы судан шығатын күн батысқа қарай қалқиды. Күнді жүргізетін, желді соққызатын, жерді сілкіндіретін, бұл көтеріп күн жауғызатын, нажағай шартылдап жай түсіретін «құдай» деп білген. Жер ауамен қоршалған, оның биік тау басында «құдай» тұратын жерін Эфир, жел құдайын Эол деп атайды. Аспанды «Аида», жер астын- «Тартар» дейді. Адам өлгеннен кейін оның жаны «Аида» түнегінде сезімсіз жағдайда болады,- деп түсінеді. Міне, ертедегі гректердің, Гомердің географиялық әлем туралы түсінігі осындай болған. Сөйтіп, ерт е заманда финикиялықтардан, парсылардан кейін дүние жүзілік толығырақ географиялық деректер гректерге көшті. Гректер бүкіл Жерорта теңізі, Қара теңіз, Каспий теңізі жағалауларын, құрлықта Қырым, Кавказ жерлерін өз ықпалына қаратып, оларды толығырақ зерттеп, нақтылы дұрыс деректер қалдырды. Сондықтан, біз грек саяхатшы-географтарына төменде толығырақ тоқталамыз.

Геродот (б.з.д. 484-406). Геродот-гректерден шыққан ең көрнекті ғалым-географ. Оны «тарих ғылымының» және «география ғылымының атасы» дейді. Геродот Кіші Азиядағы Глаикарнас қаласында көп жерлермен байланысы бар,белгілі бай-көпес отбасында туған. Ол 464 ж. белгісіз жерлерді зерттеп білу үшін саясатқа шыққан.

Геродоттың өмірбаяны оншама анық емес, бірақ оның ертедегі гректен шыққан атақты тарихшы, саяхатшы, географ екендігіне ешкім де шүбә келтірмейді. Геродот египеттіктердің әдет-ғұрыпын, тарихын асқан шеберлікпен жазады. Египет пирамидаларын зерттейді. Бұдан кейін саяхатшы эфиопиялықтарды, финикиялықтарды «Сирия және Палестина» деген очерктерінде жазады. Геродот Аравия түбегіне барып, арабтар, Ассирия, Вавилон тарихын жазады.бұдан соң атақты саяхатшы Мидияда болып, Мидия тарихымен танысады. Ол Қара теңіз бен Каспий теңізі жағалауларында болады. Каспийдің басқа теңіздермен байланысы жоқ деп дұрыс түсінеді. Каспийге екі үлкен өзен құяды дейді. Онысы Орал мен Волга өзендері болуы мүмкін. Саяхатшының түсінігіне қарағанда, Каспийдің батысы таумен (Кавказбен) қоршалған, шығысы кілең жазық болады. Қара теңіз бен Каспий теңізі аралығындағы далада скифтер мекендеген. Отырықшы скифтер Танаис (Дон), көшпелі скифтер Борисфен (Днепр) бойын мекендеген. Геродоттың қара теңіз, Каспий, Азов теңіздері, Истр (Дунай), Борисфен (Днепр), Танаис (Дон) өзендері туралы жазғандары нақты географиялық деректер болып саналады.



Скиф жеріне ағаш өспейді, Каспийдің батысын алып жатқан Кавказ тауы өте биік, оны әр түрлі тайпалар мекендейді. Каспийдің шығысы кілең жазық емес, оның үлкен тауында ір түрлі қазба байлықтар бар,- деп жазады Геродот. Ол Урал тауы болуы мүмкін. Геродот өмінің соңғы кезінде Италияға келіп тұрған кезінде б.з.д. 406 жылы қайтыс болған.

Пифей. Ертедегі гректерде Геродоттан кейінгі көрнекті саяхатшы Пифей болған. Пифей қажырлы саяхатшы, теңізші-географ, әрі астроном болған. Пифей б.з.д. 340 ж. бір ғана кемемен жүзіп, Атлант мұхитын аралады. Ол Еуропа жағалауларын жиектей, Ла-Манш бұғазынан өтіп, оны жердің шеті деп есептейді. Пифей аралды Альбион деп атады. Бұл Англия жері, Британия аралы еді. Ол аралда біраз тұрып, жергілікті адамдармен сауда жасасады, адалд, қайырымды, момын тұрғындар алыстан келген кемені таңырқап қарсы алады, саяхатшылар олардан қола алып қайтады. Саяхатшы Британия аралының солтүстігінде жүзіп жүріп, Аркад аралын ашады, одан әрі тағы 6 күн жүзіп, Фул жерінек шығады. Тегінде, бұл не Норвегия, не Исландия аралы болуы ықтимал. Пифей бұдан арғы жерде теңіз жоқ дейді. Демек, ол түк көрінбейтін солтүстік тұманын айтса керек. Ол б.з.д. 340 ж. бұрын айдың теңіз суына әсерін анықтап, соның салдарынан судың дүркін-дүркін көтерілуі мен қайтуына дұрыс қорытынды жасады. Пифей өзінің солтүстікке жасаған екі саяхатының нәтижесін жазып қалдырды: біріншісі- «Мұхит сипаттамасы», екіншісі-«Дәуір» деп аталған. Бізге саяхатшының бұл еңбектерінің кейбір үзінділері ғана жеткен.

Аристофан (б.з.б. 446-385 ж.). ол аса көрнекті грек ақыны, оның жазған 44 комедиялық пьесасының 11-і біздің заманымызға жеткен. Бұлардың ішінде география ғылымына қатысты бары м «Бұлт» деп аталатын комедиясы. Мұнда ол грек ғалымдарының жердің көлемін қалай өлшегенін дәріптейді.

Демокрит пен Платон өз заманында Жерорта теңізі маңына саяхатқа шығып, географиялық зерттеу жүргізді. Мысалы, Демокрит сол гректердің қалаларында, кейбір отарларына өзінің материалистік көзқарасын таратып, өмір шындығымен байланыстырады. Сол сияқты тон да Египет, Италия, Сицилия елдерін аралап саяхатқа шыққан. Ол өзінің «Федон» дейтін шығармасында әлем кіндігі Жер деп жазды және «Атлантида» материгін іздеп табамын деп әуреленді.

Ксенофонт. (б.з.д. 430-355). Ол Афиныда туып, жас кезінде Сократтың шәкірті болған. Ксенофонт артына әр түрлі құнды еңбектер қалдырды. Бұлардың ішіндегі география ғылымы тарихы үшін маңыздылары- «Анабасис», «Грек тарихы», «Сократ туралы естелік», «Апология Сократа», «Киропедия» (Кир тәрбиесі)деген еңбектері. Ғалым «Анабасистің» бірінші кіәтабының 5 тарауында былай деп жазады: «Патша Кир әскері Аравия шөліне түсті, оң жақта Ефрат. Бұл жерлер мидай жазық, тек қана жусан өседі. Кейде бірен-саран бұта, қамыс, құрақты шөп кездеседі. Кей жерлері мүлде жалаңаш, құлазып жатыр. Жануарлары әр түрлі: жосып жүрген құландары, қара-құрым құстары, жабайы ешкілерді, қаптай ұшқан дуадақтарды көресің. Бұл жануарлар атты әскерлердің атын орайды». Ксенофонт екінші кітабының төртінші тарауында қызықты деректер келтіреді. «Кир әскері Миддейге жетті, одан да әрі өтті. Миддей күйген кірпіштен қаланып, бетонмен бекітілген, ені 20, биіктігі 100 фунт, ұзындығы 20 пара санг болып есептеледі. Миддей Вавилоннан алыс емес». Төртінші кітаптың бірінші тарауында: «Кир әскеріне қарсы келе жатқан Эллан әскері Тигрден өте алмады да Каппрдук тауынан асып кетті»...- деп жазылған.

Аристотель (б.з.д. 384-322). Бұл ертедегі, атақты грек философы, өз заманындағы ғалымдардың алыбы, ғылымның барлық салаларын зерттеп өз үлесін қосқан ғалым. Аристотель ғылымның барлық саласынан көптеген еңбек жазып қалдырды. Оның өмірін, еңбектерін зерттеушілер, оның атаулы еңбектерінің өзі 1000-ға жеткен дейді. Географияға қатысты жеке тракровкалар, ұғымдар оның көптеген еңбектерінде кездеседі. Бұлар өте-мөте «Метеорология» (4 кітап), «Аспан», «Әлем» (4 кітап), «Жаратылыстың негізгі заңдары» (8 кітап), «Жасалу және жойылу жайында» (5 кітап), «Жануарлар» (4 кітап), «Өсімдіктер» деп аталатын еңбектерінде айтылған. Оның тұспалдауынша, аспан әлемі өте алыста, өзгермейді, ал жер өзгерісте болады, ауыр заттардан құралғандықтан жер қозғалмайды. Аристотель Пифагордың Жер-шар деген түсінігін қабылдап, бұл ұғымды ілгері дамытады. Жылды 365 күнге бөлу, айдың, күннің тұтылу себептерін дұрыс дәлелдеп берді. Қазіргі өзіміз оқитын Жер жағдайын, Жердің шар тәрізді екендігін Аристотель тұңғыш рет дәлелдеп берді. Жердің көлеңкесі айға түседі және күн сәулесі жер шарының әр нүктесіне әр түрлі көлбеуде түседі дей келіп, жер бетіндегі өсімдіктердің, жануарлардың түпкі тегі бір екендігін, олардың өзара байланысын дұрыс шешеді. Мұны дәлелдеу үшін Үнді пілі мен Африка піл негізінде бір түсті, айырмасы аз, бір кезде бұл құрлықтар бірге болған деген қорытындыға келеді.

Александр Македонский (б.з.д. 356-323 ж.). Александр Македонскийдің жорығы ертедегі гректердің географиялық түсінігін кеңейте түсті, аты аңыз болған Үндістанды ашты, Таяу Шығысты, Персияны, Каспий теңізі маңын толығырақ таныстырады. Енді гректердің білетін жер көлемі бұрынғыдан 4 есе ұлғайды. Әсіресе, Александр Македонский жорығында оның бұйрығымен әскер басы Неархтың теңіз зерттеуі география ғылымына елеулі, әрі бағалы із қалдырды.

Александр Неархтың Үндістаннан Персияға кемемен жүзіп бару мүмкіндігін білу үшін, Инд өзенінің сағасынан Ефрат өзенінің сағасына дейін бүкіл Үндістан жағалауын зерттемек болды, демек, Үндістаннан Месопотамия арқылы Вавилонға жол тартпақ болды. Осы мақсатты көздеген император б.з.б. 326 жылы Инд өзенінің жоғарғы ағысында теңіз экспедициясын құруға бұйрық берді. Бұл жорыққа арналып 2000 теңізші-жауынгерді алып жүретін 80 кеме дайындалды. Неарх бастаған экспедиция Үнді мұхитында жүзіп, оның суын, жағалауын зерттей отырып, сансыз көп қиыншылықтарды бастан кешірді, алты айдан соң аман-есен Ефрат өзені сағасынан шықты. Сөйтіп, тұңғыш рет Үнді мұхитына, кіші Азиядан Үндістанға баратын кеме жолы ашылды. Басқаша айтқанда, сол кезге дейін белгісіз болған Үндістанды ашты. Неарх өзінің саяхаты туралы жазып отырды, бірақ оның жазғандары біздің заманымызға дейін жетпеді, біз Неарх экспедициясы жайындағы деректерді грек тарихшысы Флавия Ариананың «Үндістан тарихы» деген кітабынан білеміз.

Македонский 330 жылы Орта Азияға шабуыл жасады. Гиркан (Каспий) теңізін зерттеуге экспедиция аттандырған. Бұл экспедицияның мақсаты-Каспий теңізінің солтүстік теңіздермен ұштастығы бар-жоғын анықтап, сол арқылы Үндістанға кемемен баруды білу еді. Экспедиция Каспийдің шығыс жағында болды, оған құятын өзендерді анықтады, бірақ теңіздің солтүстігі бұғаз арқылы солтүстік теңіздермен ұштастығы бар деген теріс қорытынды жасады. Тегінде, ол кезде зерттеушілердің бұғаз деп түсінгені-Волга сағасы болуы мүмкін. Дегенмен, бұл экспедиция да гректерді Каспий маңымен, Волга, Амудария, Сырдария өзендерімен таныстырды. Александр әскерінде өзімен бірге алып жүрген сол кездегі ғылымның барлық саласының өкілдері болды. Тарихшы, ақын, жазушы, жүрген жерлерін өлшеп отыратындар, ауа райын, жер жағдайын байқаушылар, демек, оның жорығында ғалымдар штабы өз алдына бір төбе еді және оған император үлкен мән беріп отырған.

Эратосфен (б.з.д. 276-194). Эратосфен география ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Ол ең алдымен асқан географ, астроном, математик, философ әрі ақын болған адам. Эратосфен Кирен қаласында туған. Ол Александр кітапханасында жаратылыс тану ғылымын, әсіресе географияны зерттеуге көп күш салды, география деген түсінікті нақтылап, басқа жаратылыс тану ғалымдарынан бөліп, тұңғыш рет ғылыми жолға қойды. Бұл ғылымның міндеті планетамызды зерттеп білу деп, оған өзі құлшына кірісті. Ол Жерді тұңғыш рет ғылыми тұрғыда дұрыс өлшеп берді. Эратосфен Аристотельдің Жерді шер тәрізді деген пікіріне қосылып, оны нақты математикалық цифрлармен өлшеді. Сөйтіп, Эратосфен математикалық географиясының негізін салушы болды. Эратосфен өзінің жер өлшеу ғылымын «Географика» деп атады. Ол Жердің шар екенін дәлелдеп есептеп шығару үшін оның әрбір нүктесіне күннің түсіретін көлеңкесін зерттеді.

Эратосфеннің география ғылымының зерттелуіне қосқан тағы бір жаңалығы- жоғары айтылғандай, ол нақты математикалық өлшеулермен ендікті, бойлықты дұрыс өлшеп, тұңғыш рет географиялық карта жасады. Ол жер шарының географиялық картасын жасауға үлгі болды. Эратосфен өзінің «Географиялық очерктер» деген еңбегінде Жер туралы ғылыми зерттеулерін жазды. Бұл зерттеу сол замандағы аңыз, әңгіме, негізсіз жормалдарға қарама-қарсы қойылған. Әрине, Эратосфеннің қатесі де болды. Өйткені ол кезде жер шарының кейбір бөлектері-мұхит, теңіздердің көбі ғылымға әлі белгісіз еді. Сондықтан, ол өзіне дейінгі қателерден шыға алмай, Каспий солтүстік теңіздердің үлкен бұғазы деп және көлемін дұрыс есептей алмады.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет