Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын №8 «Ақбота» шипа жай-типті балабақшасының тәрбиешісі: Сарсекенова Лида Аменқызы



Дата11.01.2017
өлшемі41,01 Kb.
#7273
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

8 «Ақбота» шипа жай-типті балабақшасының



тәрбиешісі:Сарсекенова Лида Аменқызы


Тақырыбы: Зообаққа саяхат
Мақсаты: Балалардың Зообақ туралы түсініктерін кеңейту, жабайы аңдармен құстардың тіршіліктері мен ерекшеліктерімен таныстыру, немен көріктенетіні туралы түсінік беру. Аңдар мен құстарға қамқорлық жасай білуге, күтіп баптауға, қорғауға тәрбиелеу. Балалардың тілдік мәдениетін, сөздік грамматикалық формасын қалыптастыру, сөздік қорын жаңа сөздер мен (алашат, түйеқұс, керік бегемот) толықтыру. Бейне таспа (слайд) және мұражай арқылы сұрақтарға үш тілде жауап беру, әңгіме құрастыру. Балалардың білімдерін бейнелеу өнерімен ұштастыру. (сурет, жапсыру, оригами), ой өрісін жетілдіру.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, электрондық көрсету, жұмбақтар, көркем сөздер, ой қозғау, жеке жұмыс, ойындар.
Көрнекіліктер: Жабайы аңдар мен құстардың суреттері, муляждар, бейне таспа (слайд), бейнелеу құралдары.
Жаңа сөздер: алашат, түйеқұс, сусиыр, керік, маймыл, бүркіт.
Шаттық шеңбер

Біз қандаймыз қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Ренжісуді білмейміз

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнде
Балалар шеңберге тұрады. Тақпақтарын айтып, бүгінгі күнге деген қызығушылығын көңіл күйлерін білдіреді.

Ұйымдастыру, іздестіру:

Тәрбиеші: Балалар бүгін біздер зообаққа саяхатқа барамыз.

Қызықты сәт: Орман бақташысы келеді: Балалар мен балабақшаға келе жатсам, сандық тауып алдым. Ол сандықтың ішінде сыйқырлы ормандағы аңдар мен құстарды сыйқырлап салып қойыпты. Оларды сандықтан шығару үшін, жұмбақтар шешуміз керек.

Жұмбақтар:

Қорбан қорбан етеді,

Орман оның мекені,

Тәтті балға тойып ап,

Қыста ұйқыға кетеді. (Аю, медведь, bear)
Орманда тұрады өзі бар қу

Өзі ізін жасырады

Жүрген жері айқай шу (Түлкі, лиса, fox)
Екі құлақты,

Екі аяқты,

Есек құлақты (Қоян, заяц, hear)
Мұрны насос, кранда

Таңғаламын бұл аңға (Піл, слон, elephant)


Байғам елді іздейді,

Малдан күдер үзбейді. (Қасқыр, волк, wolk)


Аяғы түйеге ұқсайды

Құс болса да ұшпайды (Түйеқұс, страус, ostrich)


Құйрықта салдырмай бұлқынар

Матрос жейден жылқылар (Алашат, зебра, zebra)


Тәрбиеші: Жасырған жұмбақтар арқылы зообаққа саяхатқа барып тамашалаймыз жан-жануарлар мен құстарды көреміз. Зообақ туралы түсінік беру.
Қауіпсіздік ережесі туралы баяндау.
Балалар! Зообаққа кірген кезде жануарлар мен аң құстарды ұстауға болмайды. Тамақтандыруға болмайды.

Бейне таспаны тамашалау.

Балаларды айнала орналасақан жабайы жануарлар мен аң құстармен таныстыра отырып, олардың тыныс тіршілігін, немен қоректенетіні туралы және үй жануарлар мен жыртқыш аңдарды ажырата білу керек екенін түсіндіру.

Көрген аңдар туралы өлең, тақпақ оқып, қимыл қозғалыстар орындау.


Жан-жануарлар туралы тақпақтар:

Аю: Қорбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп теріп алайық

Аузымызға салайық
Қоян: Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы, қырлы жерлермен

Ытқып ытқып жүгірді.


Қасқыр: Мен қасқырмын қасқырмын

Тың тыңдаймын айнала

Көз жүгіртіп алысқа

Азығымды жинаймын


Түлкі: Түлкі деген қу ғой

Жүрген жері ду ғой

Отырып алып жағады

Көздегені су ғой


Мұражайды тамашалайық.

Мақсаты: Балалардың білімдерін бекіту, таспада көрген аңдарын мен құстарын тауып алу, әңгімелеу. Таныс емес аңдармен (алашат, керік, сусиыр, түйеқұс) балаларды таныстыру. Сөздік жұмыс: сөздерді дұрыс анық айтуға жаттықтыру.


Дидактикалық ойын: «Жан жануарларды орналастыр»

Мақсаты: Балалардың көрген алған білімдерін бекіту, еске сақтау қабілеттерін дамыту. Жабайы жануарлармен құстарды өз мекеніне (торға) орналастыру.

Сергіту сәті: «Жабайы жануарларды тап»

Мақсаты. Балаларға жабайы жануарлардың аттарын айтамын, ал сендер тек қана зообақтағы жануарлардың аттарын айтқанда ғана қолдарыңды шапалақтауларың керек.
Тәрбиеші: Өздерінің көрген білгендерін бейнелеу арқылы (сурет, жапсыру, оригами) жан-жануарларды бейнелеңдер.

Қорытынды:

-Бүгін біздерге қонаққа кім келді, не әкелді?

-Біздер бүгін қайда бардық, нені көріп тамашаладық?

-қандай аңдармен таныстыңдар?

-Осындай аңдарды сендер көрдіңдер ме? Қайдан көрдіңдер?



-Балалар бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?

Мадақтау балаларды.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет