Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту



бет1/2
Дата14.04.2017
өлшемі435,07 Kb.
#13940
  1   2
ӘОЖ 004:159.943:371.33 Қолжазба құқығында

МЫРЗАГУЛОВА НУРШАТ АБЖАНОВНА




Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың

сөйлеу дағдысын дамыту
6М011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы
Білім магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациялық жұмыстың

РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2012 жыл

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универститетінің

роман-герман тілдер кадедрасында орындалған

Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының докторы,

профессор Е.Н. Нұрахметов


Ресми оппонент: филология ғылымдарының кандидаты,

доцент, ХҚТУ профессоры Р.Б. Таукебаева
Диссертацияны қорғау «___»___________20__ж. сағат_____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Желтоқсан, 40, №1 оқу ғимараты, филология факультеті) өтеді.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады



Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» жалпы білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген. Оны жүзеге асыру жолдары мектеп жасындағы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуға септігін тигізетін оқу үдерісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді [1.2-5]. Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық прогресс кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуына тікелей байланысты. Демек, оқыту барысындағы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас жасай білуге үйрету – көкейкесті мәселе.

Егемен елімізде болашақ мамандар кәсіби деңгейде даярлауға аса үлкен көңіл бөлінуде. Сондықтан да ағылшын тілін мектептерде жүйелі оқыту үдерісінде қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Ағылшын тілін оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. Орта мектептердегі ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру, ағылшын тілін меңгеріп, сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда ағылшын тілін оқытудың озық технологиясын меңгеру – үлкен істің бастамасы [2.10].

Диссертациялық жұмыста компьютерлік технологияны пайдаланып оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытудың педагогикалық шарттарын анықтау мектепте ағылшын тілі пәнін оқыту мысалында қарастылырған. Алайда, ағылшын тілі сабағында компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту көкейкесті мәселе болса да қазіргі педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нысаны ретінде аз қамтылған. Біріншіден, он жылдан астам уақыт бұрынғы компьютерлік технологияның педагогикалық бағдарламалық-ақпараттық мүмкіндіктері мүлдем өзгеше (төмен) болғандықтан, екіншіден, бұл жұмыста интернет желісі, электрондық оқулықтар, мультимедиа және электрондық тақта мүмкіндіктері қарастырылмағандықтан, үшіншіден, сөйлеу дағдысын компьютерлік технологияны пайдалану арқылы дамытудың тұтастай педогогикалық шарттары кешені анықталмағандықтан, диссертациялық жұмыс осы аталған мәселелер зерттеу қажеттілігін айқындай түседі.

Осы тұста Қазақстан Республикасының мектептерінде ағылшын тілін үйреніп жатқан, қазіргі заман талабына сай компьютерді қолданып жүрген оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту қажеттілігі зерттеу мәселесінің негізі болып, «Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту» тақырыбын таңдауға себеп болды.



Зерттеудің нысаны: оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын дамытуда компьютерлік технологияны қолдану.

Зерттеу пәні: жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуда компьютерлік технологияны пайдалану әдістемесі.

Зерттеудің мақсаты: компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуды теориялық тұрғыда негіздеу және оны әдістемелік жағынан қамтамасыз ету жолдарын тәжірибеде тексеру.

Зерттеудің міндеттері:

  • Оқушылардың сөйлеу дағдысын жеке қабілеттеріне, технологиялық жаңа әдістеме талаптарына сай жетілдірудің ғылыми теориялық негізін айқындау;

  • Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытудағы компьютерлік технологияның әдістемелік шарттарын, мүмкіндіктерін айқындау;

  • Оқущылардың сөйлеу дағдысын компьютерлік технологияны пайдалану арқылы дамытудың моделін, деңгейлері мен көрсеткіштерін негіздеу;

  • Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытудың әдістемесін жасау және оның тиімділігін тексеру, ағылшын тілін оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану арқылы мектептердің оқу үдерісіне енгізудің жолдарын және нәтижесін айқындау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер оқушылардың сөйлеу дағдысында компьютерлік технологияның әдістемелік мүмкіндіктері тиімді пайдаланылса, онда оқушылардың оқу мотивациясы мен сөйлеу дағдысы қалыптасып, шығармашылықпен әрекет жасау дағдылары дамиды.

Зерттеудің жетекші идеясы: мектептердің оқу үдерісінде компьютерлік технологияны пайдалану қазіргі заман талабына сай жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасайды, тілді қатысымдық тұрғыдан меңгеруге ықпал етеді, қарым-қатынасты жасау қызметі артады, оқушылардың ой-өрісі, сөйлеу қабілеті дамиды.



Зерттеудің әдіснамалық негізіне мектепте ағылшын тілін оқытудың нәтижесін бақылаудың тиімділігін компьютерлік технологияны қолдану арқылы жүзеге асырудың әдістемесін жасау және оны эксперименттік тексеруден өткізу. Ағылшын тілін компьютерлік технологияны пайдаланудың теориялық тұрғыдан қарастыру және оның тиімділігін анықтау.

Зерттеудің әдістері: зерттеу жұмысының нәтижелігін анықтау барысында эксперимент әдісі жүргізілді, сонымен қатар бақылау, әңгіме жүргізу, сауалнама әдістер пайдаланылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:



  • Оқушылардың сөйлеу дағдысын жеке қабілеттеріне, технологиялық жаңа әдістеме талаптарына сай жетілдірудің ғылыми теориялық негіздері айқындалды;

  • Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытудағы компьютерлік технологияның әдістемелік шарттары, мүмкіндіктері айқындалды;

  • Компьютерлік технология көмегімен оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытудың деңгейлері мен көрсеткіштері негізделді;

  • Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытудың әдістемесін жасау және оның тиімділігі тексеріліп, ағылшын тілін оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану арқылы мектептердің оқу үдерісіне енгізудің жолдары және нәтижесі айқындалды.

Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы: Оқушылардың

сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы компьютерлік технология ағылшын тілін оқыту әдістемесін жетілдіреді. Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы тыңду, айту, диалог, монолог жаттығулары орындалып, оқушылардың сөйлеу дағдысы қалыптасады.

Зерттеудің тәжірибедегі мәні: зерттеу жұмысы нәтижелері мектепте ағылшын тілін оқытудың сапасын жақсартуға, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыруға көмегін тигізеді. Мұғалімдер өз тәжірибесінде, сабақ барысында компьютерлік технологияны пайдаланудың тиімділігіне көз жеткізе алады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:



  • Теориялық негізге сүйене отырып, оқушылардың сөйлеу дағдысын компьютерлік технологияны пайдалану арқылы дамытуға болады;

  • Сөйлеу дағдысын дамытуда тыңдап түсіну, айту, оқу арқылы сөйлеу қабілетін арттыру әдістемесін қолдануға болады;

  • Әдістемелік шарттар негізінде ағылшын тілін компьютерлік технология арқылы оқытуды ұйымдастыру оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуға мүмкіндік береді;

  • Оқушылар оқу барысында дербес компьютерлік технологиямен қамтамасыз етілуі керек.

Жұмыстың талқылануы мен жариялануы: Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің роман-герман тілдер кафедрасының отырысында және сәуір айында өткен «Студенттердің ғылыми-инновациялық шығармашылығы: зерттеулер тәжірибесі және басым бағыттары» атты ғылыми конференцияда кеңінен талқыланды. Сондай-ақ университеттен жарық көретін «Хабаршы» журналына басылымға берілді.

Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеудің ғылыми аппараты, тақырыптың өзектілігі мен маңызы анықталып, ғылыми жұмыстың мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық негіздері, зерттеу әдістері мен кезеңдері, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық мәнділігі ашып көрсетілген, қорғауға ұсынылатын қағидалар және зерттеу нәтижесінің дәлелділігі баяндалған.

«Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту идеясының пайда болуы мен қалыптасуының теориялық негіздері зерделеніп, сөйлеу дағдысының маңызыдылығына түсінік берілді. Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысының дамуының деңгейлері мен көрсеткіштері анықталды. Компьютерлік технологияның маңызы ашылып, оның оқу үдерісін жетілдірудегі методикалық мүмкіндіктері анықталды. Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытудың басты педагогикалық шарттары ғылыми негізделіп, ағылшын тіді пәні бойынша мектептерде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен сөйлеу дағдыларын дамытуға болатындығы туралы баяндалған.

«Зерттеу әдістемесі мен жұмыстың сипаты» атты екінші бөлімде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуғ бағытталған компьютерлік технологияның мүмкіндіктері анықталды. Компьютерлік технологияны қолдану арқылы тапсырмаларды орындау оқушыларға телекоммуникациялық қарым-қатынас арқылы шынайы тілдік ортаға енуге мүмкіндік беретіндігін, электронды, дидактикалық жəне анықтамалық материалдарға, өзекті түпнұсқа ақпараттарға қол жеткізу жолын ашатыдығын, оқушылардың əлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер пайда болатындығын экперименттік жұмыста көрсетілді. Заман ағымына қарай күнделікгі сабаққа компьютер арқылы бейне, аудио-мәтін, фильмдерден үзінді көру айтарлықтай нəтижелер беруде. Сабақта компьютерлік технологияны пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне, сөйлеу дағдысын дамытуға жағдай жасайтындығы экперименттік жұмыстардың нәтижелері мен қорытындыларында баяндалды.

Қорытындыда оқушылардың сөйлеу дағдысын компьютерлік технологияны пайдалану арқылы дамытудың теориялық және практикалық негіздері нақтыланды. Зерттеу нәтижелері бойынша алынған негізгі тұжырымдар келтірілді және қарастырылып отырған мәселенің келешекте зерделенетін бағыттары айқындалып, ұсыныстар жасалынды.

Негізгі бөлім

Бірінші тарау «Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытудың теориялық негіздері» деп аталады.

Елбасымыз «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында оқушыларды қазіргі заманға сай жаңа технологиямен оқыту маңызды екенін атап көрсетті [1]. Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуына тікелей байланысты. Демек, оқыту барысындағы сөйлеу дағдысы жоғары, жаңа технологияны жетік меңгерген тұлғаны қалыптастыру – басты міндет. Коммуникативтілік білім беру мақсатына жетудегі шарттардың бірі болып табылады. Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту барысында өздері игерген білімі негізінде пікір алысады, сөз жарыстырып, өзара сынға дайын болады, жеке фактілер мен бақылаулардан ой тұжырымдауға, талқылауға жетеді, өз бетінше шешім қабылдаудың жолдарын, әдістерін қарастырады.

Компьютерлік технология көмегімен сөйлеу дағдысын дамыту дегеніміз – оқушылардың компьютерлік технологияны оқу барысында тиімді пайдаланып, көптеген жаттығулар орындап, өзара ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау болып табылады.

Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар, білім саласында ақпараттық технологиялардың жаңаша құралдарын қолдану бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр. Отандық және шетелдік оқулықтарда білім процессін компьютерлендіру ең өзекті факторлардың бірі ретінде қарастырылады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың сөйлеу белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі және дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс [2. 10]. Осы әдістерді құрастыру үшін компьютердің маңызы зор және компьютерді пайдалану барысында оқушылардың қызығушылығы артып, сөйлеу дағдысы дамуына септігін тигізеді.


Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен гөрі оқыту процессінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процессінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында белгіленгендей, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып табылады. Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру және педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды, сонымен қатар, басқа да жаңа технологияларды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады [3. 5].

Қазіргі кезде жаңа білім жүйесінде компьютердің пайда болып, жедел дамуының арқасында білімнің қарқынды дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген мұғалімдер видеофильм, электрондық пошта (e-mail), мультимедиалық презентация, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен ағылшын тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды орындаумен айналысып жатыр. Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай шаруа емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмаларының бірі ағылшын тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеу дағдысын дамыту болып табылады. Ағылшын тілін үйрету процессінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видео-көріністер, кинодан үзінділер, презентациялар және т.б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады [4. 65]. Бұл динамикалық және оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процессінде оқушының белсенділігі оянады. Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарлап, ағылшын тілін меңгеруге ынтасы оянып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал жасайды.

Мұғалімнің қоғам өмірінде алатын орны мен олардың атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын Елбасымыз Н.Назарбаев «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең елжанды, ең санампаз бөлігі болып табылады» деп атап көрсетті [3]. Яғни, әр мұғалім күнделікті сабақта өз ісін зерттеп, заманауи әдіс–тәсілдермен оқушының білім сапасын арттыруы қажет. Соның бірі компьютерлік технология.

Мектептерде де компьютермен жұмыс істеу өте пайдалы. Өйткені нашар оқитын оқушының өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, себебі балаға компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Сонымен бірге оқушының сөйлеу дағдысын арттыра отырып білім нәтижесіне көзін жеткізеді. Заманға сай техникалық құралдарды ағылшын тілі сабақтарында қолдану – мұғалім жетістігіне апаратын тиімді жол. Компьютер – мұғалім мен оқушының арасындағы байланысқа кедергі емес. Көптеген мұғалімдер сабақты компьютер жәрдемімен өткізу кезінде, оқушылар жұмыс жасағанда аудиторияға көбірек қосымша көңіл бөлу керек және компьютерлік сабақ ұзақ жағдайда өтеді деп ұғынады. Мұндай ұғым компьютерлік сабақтарды дұрыс пайдаланбауға негізделген. Компьютер оқушымен арақатынасын бұрынғыдан да күшейтіп, оқушыға қосымша көмек көрсетеді:



  • Біріншіден, компьютер оқушылардың реакция қателіктерін ескеріп,

көптеген функцияларға бақылау жасайды. Оқушылардың қателігі компьютермен анықталады, бұл өзінің қателігімен қайта жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Компьютер алдында отырған оқушылармен жеке-жеке жұмыс жасауға және оқушымен қатынасқа мұғалімнің көп уақыты қалады;

  • Екіншіден, компьютер оқушымен тығыз байланыста болып,

мұғалімнің оқушылармен тығыз жұмыс жасағанда жеңілдіктер туғызады. Сыныпта оқушылар «өзімен-өзі» жұмыс жасау нәтижесінде сыныптағы жағдайды мұғалім біліп, анықтауға мүмкіндік береді, осыдан барып мұғалім жекелеген оқушыларға көңіл бөледі. Дегенмен, сыныпта техникалық, ақпараттық және сабақ әдістемелерімен қамтамасыз етілуі тиіс, ал мұғалім компьютермен жеткілікті және жалпы жұмыстарды жеңіл түсіне білу керек [5].

Компьютер арқылы оқыту орта мектепте мынадай міндеттерді қамтиды: оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу; оқыту, тәрбиелеу үдерісіндегі ақпараттық алмасу сипатын айқындау; дайын бағдарламаларды қолдана білу шеберлігін арттыру; ойлау қабілетін дамыту; сөйлеу дағдысын дамыту; компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін пәндік материалда меңгеруді қолдана білуге үйрету; компьютерлік технология уақытты үнемдеп, күтілген нәтижеге қол жеткізеді; компьютерлік технология оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады; болашақта да, яғни жоғары оқу орындарында, жұмыс барысында компьютермен еркін жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастырады.

Осыған орай оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін ең күрделі түрі: «Компьютер арқылы ағылшын тілінде сабақтар өткізу». Бұл, сөз жоқ, оқушылардың пәнге деген қызығуын арттырады, сөйлеу дағдысын дамытады, тияқнақты білім алуына жағдай туғызады. Сабақ үстінде өз бетінше берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушының оған қызығуы арта түседі. Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары: түрлі-түсті иллюстрациялар, музыка, видео, анимациялар есте сақтау процесі үшін және көрген материалдарды сипаттап, әнгімелесу үшін тиімді [6. 45-53].

Ағылшын тілі сабағын оқытудың жаңа компьютерлік жүйесі шартты белгілерден тұрады. Бұл арқылы оқушы нақтылыққа дағдыланады. Соның негізіне оқытудың мынадай ұтымды жақтарын атап көрсетуге болады. Олар мыналар: оқушылардың ойлану дәрежесіне, материалды қабылдау ерекшелігіне байланысты әрбір оқушы үшін жеке-жеке компьютерде бағдарлама құрып, дербес жұмыс жасауға болады; компьютер арқылы нашар оқитын балаларды оқытудың тиімділігі артады; компьютерді пайдалану уакытты үнемдейді; оқушының сабаққа деген қызығуын арттырады; білімді игертудегі барлық материлдың сан-алуан түрлілігі: бейнефрагменттер, аудиомәтіндер, сурет-сызбалар, диаграммалар т.б; тапсырмалардың әртүрлілігі; өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндігі; коммуникативтік дағдыларын дамыту мүмкіндігі; тапсырманың нақты, әрі түсінікті берілуі; игерген жаңа білімді өз бетімен бекітіп, қорытындылауы; жоғарғы оқу орнына барғанда компьютермен еркін жұмыс істеу мүмкіндігі.

Әр сабақта сөз әрекетінің төрт түрі де қолданылады: тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу. Әр сабақ төмендегілерді қамтиды: компьютермен үзіліссіз тілдік қарым-қатынас; бірнеше рет тыңдау мен оқып-білген материалды қайталаудың арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі; компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады; оқушымен тікелей жұмысты іске асырады; компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін табысты байланыстырады.

Компьютерде мәтінмен жұмыс жасау барысында тапсырмалар төмендегідей бірнеше бөлімдерден болуы мүмкін: берілген мәтіннің тақырыбын ашу; мәтіндегі кейіпкер тобын ажырату (кейіпкердің аты-жөні, ұнамды ма, ұнамсыз ба?); қызықты оқиғалар бойынша суреттер салу; мәтін мазмұнында кездесетін қанатты сөздерді жазу; мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою; мәтінннің әрбір бөліктеріне тақырып қою; ұнаған тақырыбына қысқаша өз ойын жазу арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеті қалыптасып, өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады [7.19-22].



Оқушылардың ағылшын тілі пәнінен білімін бағалау негізінен, екі түрлі шартқа байланысты. Оның бірі – түсінгенін дұрыс айта білу, яғни сөйлемді дұрыс құрастыру, жеке дыбыстарды, сөз тіркестерін дұрыс оқуы, яғни оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту. Екіншісіден, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды меңгермейінше, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу мүмкін емес. Сонымен қатар оқушылардың білім-білік деңгейін анықтайтын негізгі әдістер мыналар:

  • Тесттік жұмыстар;

  • Өздік жұмыстар;

  • Бақылау жұмыстары;

  • Практикалық тапсырмалар;

Өз жұмысында компьютерді қолданған мұғалім өзінің өткізетін сабағының сапасын арттырып, оқушылардың сөйлеу дағдысының қызметін ұйымдастыруды белсенді түрде жүргізеді. Бұл жағдайда ағылшын тілі пәні мұғалімінің міндеті оқушыларға әр түрлі жаттығуларды орындауда компьютер көмегімен мүмкіндігін көрсету, өз бетімен компьютерді қолдануды және белгілі бір үлгідегі жаттығулар жиынтығын игеруде арнаулы қолданбалы пакеттерді пайдалануды үйрету болып табылады. Сондай-ақ ағылшын тілін меңгерту барысында компьютерлік ойындардың да тигізер пайдасы зор. Компьютерлік ойындар жаттықтыру, оқыту және сөйлеу дағдысын дамыту сипаттарын ескере отырып жасалынса, олардың әрбір жаттықтыру элементтері оқушының білім сапасын арттыруға тигізер пайдасы зор. Сабақ арасында ойын элементтерін тиімді пайдалану олардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра түседі, әр баланың бойындағы қабілеттерді, ойлау мүмкіндіктерін анықтауға және сөйлеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сол сияқты ағылшын тілін игеру барысында білімнің, дағдының маңыздылығын, ал компьютерлік технология тек қолдану барысындағы көрнекі құрал екенін оқушылар санасына жеткізе білу де басты мақсаттың бірі болуы қажет [7. 12-15]. Сабақтың тартымды өтуі, ұғымды тәсілдерді дұрыс қолдана білу бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етеді. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып тұр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас іздемпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Компьютерлік технологиялар арқылы өтетін оқу үдерісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптырып, ойлау арқылы олардың сөйлеу дағдылары дамытуға септігін тигізеді. Компьютерлік технологиялар оқыту үдерісінде білім сапасын заман талабына сай, жаңашыл бағытта білім алушыларды толық қамтамасыз етеді. Мектептерде компьютерлік технологияны оқулықтың орнына қолдану қазіргі заман талабына сай болып отыр. Сондықтан да бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу үшін білі саласына да жаңаша өзгірістер енгізу керек. Оқушылардың сабақ өтетін орындарына, яғни сыныптарына көп көңілі бөлу қажет. Мұғалімдер заман талабына сай жаңа инновациялық технологияларды пайдаланып, оқу үдерісін жандандыру керек.

Диссертацияның екінші тарауы «Зерттеудің әдістемесі мен жұмыстың сипаты» деп аталады.

Компьютерлік технологиялар арқылы өтетін оқу үдерісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамытып, өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Компьютерлік технологиялар оқытуда білім сапасын заман талабына сай, жаңашыл бағытта білім алушыларды толық қамтамасыз етеді. Сондықтан оқушылардың сөйлеу дағдысын компьютер арқылы дамытуға болады [7]. Оны біз ғылыми-экперимент арқылы жүзеге асырдық. Экперимент жұмысы 8 сынып оқушыларымен жүргізілді. Экпериментке 12 оқушы қатысты. Тәжірибелік-экперимент жұмыстары сауалнама, сұхбат, сұрақ-жауап, бақылау әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылды. Айқындау экперименті анықталған көрсеткіштерді ала отырып, оқушылардың сөйлеу дағдысының қалыптасу деңгейін, білім сапасын және компьютермен жұмыс істеу қабілетін анықтау мақсатында жүргізілді.

Айқындау эксперименті оқушылардың сөйлеу дағдыларының қалыптасу деңгейінің төмен дәрежеде екендігін көрсетті. Зерттеудің нәтижесі қазіргі білім беру жүйесіндегі оқушылардың білім, білік және дағдыларында кездесетін негізгі кемшіліктердің бірі өзіндік жұмыс жасау біліктерінің төмендігі екендігін көрсетті. Оқушылардың сөйлеу дағдыларының қалыптасу деңгейлерінің төмен болу себебін анықтау мақсатында сауалнамалар жүргізу әдісі қолданылды. Мектепте оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуда компьютерлік технологияның тиімділігін анықтадық. Дәстүрлі, дәстүрлі емес шығармашылық сипаттағы сабақтар, сабақтан тыс шаралар өткізілді. Осыған байланысты оқушылардың өз бетінше компьютерлік технология көмегімен орындауына арналған ағылшын тілінің негізгі бөлімін қамтитын тапсырмалар, компьютерлік бағдарламалар жүйесі мен бағдарламалық құралдарды пайдаландық. Оқу барысында компьютерлік технологияның мүмкіндігін қолдану жеткілікті нәтижеде дайындығы бар оқушы ғана емес, қабылдау, ойлау, оқуға және берілген мәлеметті қайта жаңғыртуға қабілеті әртүрлі оқушылармен жұмыс жүргізуге мүмкіндік берді. Компьютерлік технологияны пайдалану оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытудың әдістемесі, жүзеге асыру жолдары мен нысандары, оқу үдерісіне енгізудің мүмкіндіктері, сөйлеу дағдысының мәні мен мазмұнының басты құралы болып табылатынын анықтадық. Сөйлеу дағдысы – оқу үдерісіндегі жетістікке жетудің негізгі талабы ретінде қаралды.

Экперимент барысында оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту әдістемесі бойынша оқушылардың ойлану дәрежесіне, материалды қабылдауға байланысты әрбір оқушы үшін жеке-жеке компьютерлік технология ұсынылып, дербес жұмыс жасауға мүмкіндік берілді. Әр сабақта сөз әрекетінің төрт түрі де қолданылды: тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу. Сабақ барысында snapshot, conversation, grammar focus, listening, role play, pronunciation, word power, writing, reading жаттығулары қолданылды.

1. Snapshot жаттығу барысында оқущылардың назары экран бетіне шыққан суретке аударылды. Суретте түстер пайда болды. Олар суретте көрсетілген түстердің Америка Құрама Штаттарында нені білдіретін туралы айту керек болды. Blue – truthful, green – jealous, yellow – happy, orange – fun, red – exciting, pink – loving, white – pure, gray – boring, black – sad, brown – friendly, purple – mysterious. Содан кейін оқушылар берілген сурақтарға жауап берді: Which words have a positive meaning?

Which words have a negative meaning?

What does your favorite color make you think of?

2. Conversation. Бұл жаттығуда оқушылар Стив пен Мариянын әңгімесін тыңдап, содан кейін өздері айтып жаттықты.

3. Grammar Focus. Complete these conversations. Then practice with a partner.

1. A: Excuse me. How much are those jeans?

B: Which …………? Do you mean …………?

A: No, the light blue ………… .

B: Oh, ………… are $59.95.

A: Almost $60! Are you kidding?

2.A: I like ………… backpack over there.

How much ………… it?

B: Which …………?

A: The red ………… .

B: It’s $27.49. But ………… green ………… is only $22.25

A: OK. Let me see it, please.

Оқушылар жоғарыда көрсетілген тапсырманы тыңдап, бос орынды толтырып, кейін өздері ролді сомдады. Жауаптары:

1. A: Excuse me. How much are those jeans?

B: Which ones? Do you mean these?

A: No, the light blue ones.

B: Oh, those are $59.95.

A: Almost $60! Are you kidding?

2.A: I like that backpack over there.

How much is it?

B: Which one?

A: The red one.

B: It’s $27.49. But this green one is only $22.25

A: OK. Let me see it, please.



4. Listening. Бұл жаттығуда оқушылар Тим мен Сандраның дүкендегі диалогін тыңдады. Және төмендегі тапсырмаларды орындады:

Listen to Tim and Sandra shopping. Complete the chart.




Item

Price

Do they buy it?

Reason



Yes

No

1.In-line skates













2.Cap













3.Sunglasses













4.Watch
















  1. Pronunciation. Sentence stress

Бұл жаттығуда оқушылар әр сөйлемдегі сөздердің маңыздылығын, екпінді дұрыс қоя білу керектігін диалогты тыңдау арқылы түсінеді. Мысалы:

Listen and practice. Notice that the important words in a sentence have more stress.

Excuse me. They’re perfect. I like the blue one. They’re not very attractive

Practice the conversations. Pay attention to the sentence stress.



  1. Word power. Компьютер экранында заттардың суреттері берілген.

Оқушылар заттардың неден жасалғанын айту үшін жоғары жағында берілген сөздерді қолданды.

  1. a plastic bracelet 5) a leather jacket

  2. a gold ring 6) a cotton shirt

  3. a silk tie 7) silver earrings

  4. a wool socks 8) rubber boots

  1. Writing. Бұл жаттығуда оқушылар кестені толтырды.

How much do these things cost in your country. Complete the chart. Then compare the prices in your country with the prices in the U.S.




Price in my country

Price in the U.S.

a newspaper




$ 0.75

a cup of coffee




$ 1.00

a CD




$ 17.99

a paperback book




$ 7.95




  1. Reading. Бұл жаттығуда оқушылар мәтінді оқып, берілген тапсырмаларды

орындады. Тақырып “The world’s online marketplace – eBay!”.

  1. Read the article. Answer these questions. Then write the number of the paragraph where you find each answer.

…… a. How many people use eBay?

…… b. What do people think about eBay?

…… c. How do you sell items on eBay?

…… d. What is eBay?

…… e. Where is eBay?

…… f. What can you buy and sell on eBay?



  1. Find these statements in the article. Which are facts? Which are opinions? Check (√) Fact or Opinion. Бұл жаттығуда оқушылар тексттен төмендегі

берілген сөйлемдердің қайсысы факт, қайсысы ой екенін айту керек болатын. Бұл тапсырманы да жақсы орындап шығуға тырысты.




Fact

Opinion

1

It’s a place to buy and sell almost anything







2

eBay is more popular than any other shopping site







3

The person who bids the most money gets to buy the items







4

Selling on eBay is easy







5

The traditional way to shop is better










  1. Pair work. Have you ever shopped online? If so, how was your experience?

[8] деген текстке байланысты сұрақтар берілді. Оқушылар бұрын соңды онлайнда сауда жасамағандарын айтты. Бірақ олар болашақта бұл сауда түрін қолданып көргісі келетіндерін айттып жатты.

Яғни, сыныпта компьютер көмегімен орындалатын жаттығулардың барлығы жоғары деңгейде өтті деп айтуға болады. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары жоғарлап, сөйлеу, ойлау, оқу дағдылары бұрынғыға қарағанда біршама қалыптасты. Олар берілген тапсырмаларды апта өткен сайын жақсы орындап шығуға тырысты. Олардың тапсырмаларды қаншалықты меңгергендігін, күнделікті жаттғуды орындау шеберліктерінен байқап отырдық.



Оны төмендегі диаграммадан көруге болады:

1-диаграмма «Жаттығулар түрлері»

Мысалы: “How much is it?” тақырыбында оқушылар компьютер арқылы Стив және Мария атты қыз бен баланың диалогін тыңдап, сұрақтарға жауап берді (What else do they buy? Who pays for it?), сөйлеу әрекетін дамытуға бағытталған “Which one do you prefer?” деген тақырыпка оқушыларға диалог құруға тапсырма берілді. Сыныптан бірнеше оқушы белсенділік танытып, диалог құруға белсене қатысты. Мысалы:

Akmaral: Look! These jackets are really nice. Which one do you prefer?

Zhazira: I like the wool one better.

Akmaral: The wool one? Why?

Zhazira: It looks warmer.

Akmaral: Well, I like the leather one better. It’s more stylish than the wool one.

Zhazira: Hmm. There’s no price tag.

Akmaral: Excuse me. How much is this jacket?

Nurlan: It’s $499. Would you like to try it on?

Akmaral: Uh, no. That’s OK. But thanks anyway/

Nurlan: You’re welcome.

Оқылымға арналған “The Changing Family” мәтіні беріліп, төменгі жағында толтыруға берілген тапсырманы оқушылар орындап шықты. Компьютерде мәтінмен жұмыс жасау барысында тапсырмалар төмендегідей бірнеше бөлімдерден құрылды: оқушылар берілген мәтіннің тақырыбын ашты; мәтіндегі кейіпкер тобын ажыратты (кейіпкердің аты-жөні, ұнамды ма, ұнамсыз ба?); қызықты оқиғалар бойынша суреттер салды; мәтін мазмұнында кездесетін қанатты сөздерді жазды; мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойылды; мәтінннің әрбір бөліктеріне тақырып қойып, ұнаған тақырыбына қысқаша өз ойын жазды.

Оқушылардың ағылшын тілі пәнінен білімін бағалау негізінен, екі түрлі шартқа байланысты. Оның бірі – түсінгенін дұрыс айта білу, яғни сөйлемді дұрыс құрастыру, жеке дыбыстарды, сөз тіркестерін дұрыс оқуы, яғни оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту. Екіншісінен, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды меңгермейінше, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу мүмкін емес. Сонымен қатар оқушылардың білім-білік деңгейін анықтайтын негізгі әдістер қолданылды: ағылшын тіліндегі тесттік жұмыстар, өздік жұмыстар, бақылау жұмыстары, практикалық тапсырмалар [4]. Оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыруда оқытудың әдістері мен құралдары, тіпті сабақты ұйымдастыру жағынан да өзгеше болатын дәстүрлі емес сабақтардың төмендегі түрлерін жиі өткізіп тұрдық: конференция, ауызша журнал, жарыс-сабақтары, викторина, іскери ойындар, репортаж, сұхбаттасу, тренинг, оқушылардың баяндамалары және ақпараттық хабарлары, пікір талас. Компьютерлік ойындар жаттықтыру, оқыту және дамыту сипаттарын ескере отырып оқушыларға эссе, хат жазу; слайд-презентациялар әзірлеу; баяндама, реферат дайындау; әңгіме, диалог құрастыру немесе оларды аяқтау, толықтыру; жобалар дайындау тапсырмаларын жүктеп отырдық. Компьютер технологиясы арқылы оқушылар видео роликтер, фильмдерден үзінді көріп, соған байланысты өз ойларын айтып, жаттығулар орындады.

Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жаттығуларына диолог және монолог жатады. Осы жаттығуларды орындау нәтижесінде оқушылардың тыңдап-түсіну қабілеті әрекетін дамыту арқылы сөйлеу дағдысын жетілдіріп, одан әрі байланыстырып сөйлеуін дамытуына ықпал тигенін байқадық. Монолог барысында оқушылар мәтін мазмұнын ауызша, алдын ала дайындап, баяндады. Бұл жұмыс оқушылардың жоспар жасап, мазмұндама, шығарма жазып, түсінігін айтып сөйлеу дағдысын дамытуда кең орын алды. Оқушыларды мәнерлеп айту мен оқуға үйретуде мына жұмыстар жүргізілді: қалыпты дем алуға және дыбыстарды дұрыс оқуға үйрету; сөздің айтылу қалпын (орфографиясын) сақтап оқу; дұрыс құбылысы, интонациясын сақтау; үн кідірістерін, паузаны дұрыс пайдалану, ой екпінін түсініп айту. Монолог барысында сөйлеуде оқушылар оқыған, тыңдаған тақырып немесе жағдай бойынша алдын-ала дайындықсыз сөйлей білу, тіл стильдеріне байланысты хабар, сипаттау, пікір айту мәтіндерінің стильдік реңдерін сақтай отырып айтып беру, естіген, көрген оқиғаларды өзінің қатынасын, пікірін, көзқарасын, сезімін білдіре отырып сөйлей білу жаттығулары қолданылды [9. 18]. Бұл жаттығулар оқушыларға олардың сөйлеу қабілеттірін дмытуға берілді.

Диалог тілінің икемділіктері мен дағдыларының қалыптасуы диологтік бірліктің әр түрлі құрылымдық түрінің негізінде жүзеге асырылады. Диалогтік бірлік негізінде сөйлеу дағдыны дамыту үшін оқушылардың төмендегі икемділіктері мен дағдылары қалыптастырылды: 1) әр түрлі құрылымдық-семантикалық түрдегі диалогтік бірлікті құрастыру; 2) хабарды сұрату және оған деген тілдік пікір білдіру түріндегі диалогтік бірлікті құру; 3) деректеме хабарлама және оған деген тілдік пікір түріндегі диалогтік пікір құру; 4) сөйлеу әрекетіне шақыру және оған диолог құру; 5) әр түрлі тақырыпты қолдана отырып, тосыннан диалог құру; 6) белгілі тақырыптар төңірегінде диалог-әңгіме жүргізе білу; 7) жеке көзқарастардың қалыптасуын болжамайтын пікір-сайыс диалогін жүргізу [10. 165]. (How do you spend your day? Why do you need a job? How are they related? How often do you exercise? немесе I really like pop music, Asking about families, About favorite activities.) Бұл икемділік пен дағдыларды қалыптастыру үшін ауызша диалог түрінің мынадай жанрлармен жұмыс жүргізу маңызды болып саналды: күнделікті-тұрмыстық диалог (естігені, көргені бойынша) және ауызша-ғылыми, ресми іс диалогі (әңгімелер, пікірталастар, диспуттар) [11. 43].

Мектепте оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту мәселесі бойынша жүргізілген экперименттің нәтижелерін сараптау барысында әр сабақ мыналарды қамтыды: компьютермен үзіліссіз тілдік қарым-қатынас жасалды; бірнеше рет тыңдау мен оқып-білген материалды қайталаудың арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертілді; компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырды; оқушымен тікелей жұмысты іске асырды; компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін табысты байланыстырды.

Зерттеудің соңғы кезеңдеріндегі алынған нәтижелерді талдау барысында экперименттен кейінгі көрсеткіштер мен экспериментке дейінгі көрсеткіштерді салыстыру нәтижесінде эксперимент жұмысы оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуға тиімді ықпал етті деп тұжырымдауға мүмкіндік береді.

Компьютерлік технология оқушының жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Ал осы компьютерлік технологияны үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол – мұғалім. Жаңаша ойлай білсең ғана ұстазсың. Сол себептенде компьютерлік технологияны енгізуші таратушы тұлғаға үлкен талаптар қойылып отыр.

Мұғалімдірдің алдына қойылған міндет оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп, оқушылардың сөйлеу дағдысын, қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Әрбір компьютерлік технология оқушының өзін өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.

Қоғам талабына сай ағылшын тілін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет тілді коммуникативті бағытта оқытып, сөйлеу дағдыларын дамыту. Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да, өз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектепте берілетін бүкіл білімнің негізгі мақсаты оқушының ағылшын тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру [12. 6].

Ғылыми әдістеменің обьективті түрде дамуы ағылшын тілін оқыту әдістемелерінің жаңа тиімді түрлерін қарастырып, пайдалануына әкеліп соқтырды. Ағылшын тілін үйретудегі коммуникативтік оқыту әдістемесін, интернет мүмкіндіктерін қолдану әдістерін жоғарыда ұсындық.

Компьютерлік технология ағылшын тілін үйренушілерге мәтіндерді қолдануға, тіл тасушыларын тыңдап, олармен қарым-қатынас жасауға қайталанбас мүмкіндіктер береді, яғни ол табиғи тілдік ортаны қалыптастырады.

Ағылшын тілін меңгеру оқушылардың өмір қажеттілігінен туындап отыр. Біздің ойымызша, ағылшын тілі сабақтарында жоғарыда көрсетілген әдіс тәсілдерді , компьютерді қолдану оқушылардың ағылшын тілі сабақтарында шығармашылық, актерлік, логикалық ойлау қабілеттерімен қоса белсенділігін жетілдіріп, қызығушылығын арттырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан сабақты бір сарынды өткізбей, түрлендіріп, тартымды өткізу, оқулықпен шектеліп қоймай, қосымша материалды да пайланану әр ұстаздың шеберлігіне байланысты болмақ. Оқытудың өзі өнер және ғылым болып табылатындықтан мұғалім өзінің кәсіби іс-әрекетінің аясында біліктілік деңгейін үзбей шыңдап, ғылыми әдістемелік деңгейін көтеріп, ағылшын тілінен өткізетін сабақтарында компьютерлік технологияларды, қазіргі заманда өміршеңдігі дәлелденген әдіс тәсілдерді қолданса ғана XXI ғасырға сай білімді және дарынды азаматтарды тәрбиелей алады.

Біз өзіміздің жұмысымызда барлық қойылған міндеттер мен мақсатқа жеттік деп ойлаймыз. Себебі бұл тақырып кең таралып, жатқандықтан алға қойған талаптар орындалды.

Қорыта айтқанда, қай пәнді оқытуда болмасын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіре отыра оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойлау және сөйлеу қабілетін, ынта жігерін арттыра түседі. Өз ана тілін қадір тұтып, ағылшын тілді еркін меңгерген, ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын, тәуелсіз мемлекеттің ойшыл ұрпағын тәрбиелеу еліміздің білікті ұстаздарының қарызы мен парызы деп есептейміз.

Оқушылардың сөйлеу қабілеттерін ағылшын тілі сабақтарын арттыру мақсатында жүргізілген мұндай жұмыстар олардың тек қана ойлау дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, шетел тіліндегі сөздерді есте сақтауға, образдық кейіпке бойлау мен өз ойын әсерлі жеткізу дағдыларын бекітуге үлкен көмегін тигізеді. Жоғарыда айтылған тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр.Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын артуы, ағылшын тілінде сөздерді есте сақтауға, образдық кейіпке бойлау мен өз ойын әсерлі жеткізу дағдыларын бекітуге үлкен көмегін тигізеді. Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын артуы, ағылшын тілінде ауыз екі тілдесу іс әрекетінің белсенділігінің артуы және лексико грамматикалық материалды меңгеру нәтижелері бұған айқын дәлел болып табылады.

Міне осындай әдіс тәсілдерді ағылшын тілі сабақтарында пайдалану арқылы оқушылардың тек қана сөйлеу қабілеттері емес, оқу, тыңдау және жазба тіліндегі білігі мен дағдылары жетіледі. Компьютерлік технология арқылы мұғалім оқушының қандай қабілеті бар екендігін байқап, оқушылардың мүмкіндіктерін, жас және дербес ерекшеліктерін ескеріп, қызығушылықтарын арттыра түседі.

Сонымен оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуда проблемалық оқытуды ұйымдастырудың, мәселелік жағдайларды жасау мен шешудің компьютерлік технологияны пайдаланудың маңызы ерекше. Жүргізілген зерттеу жұмысы зерттеу мәселенің өзектілігіне, ағылшын тілін оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастырудың педагогикалық шарттары мен жасалған үлгісінің әрекетттілігіне көз жеткіздік. Олардың тиімділігі эксперименттік жұмыстар арқылы сынақтан өткізіліп, зерттеу болжамы расталды.


Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет