Конкурс тәсілімен «Еуро-Азия Эйр»



бет1/5
Дата02.07.2018
өлшемі106,64 Kb.
#46057
түріКонкурс
  1   2   3   4   5




Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен

«Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы»

акционерлік қоғамының 100% акцияларын сату бойынша

САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19-үй мекенжайындағы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Сатушы», «Меншік иесі», «ҚМГ» немесе «Сауда-саттықты ұйымдастырушы») осымен «Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Компания», «Қоғам» немесе «Актив») 100% акцияларын (бұдан әрі – «Акциялар») сату бойынша екі кезеңдік ашық конкурс (бұдан әрі – «Сауда-саттық» немесе «Конкурс») өткізетіні туралы хабарлайды.

Акцияларды сату «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) кемінде елу проценті «Самұрық-Қазына» АҚ-қа меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың активтер мен объектілерді сатуының бірыңғай қағидасына (2016 жылғы 28 қаңтардағы №126 хаттама, бұдан әрі – «Қағида») сәйкес жүзеге асырылады.

Өткізілетін Сауда-саттық туралы ақпараты орналастырылған веб-сайттың электрондық адресі: www.kmg.kz және www.skc.kz.

Өткізілетін Сауда-саттыққа байланысты өтініш берушілердің құқықтары бұзылған жағдайда олардың жүгінуі үшін электрондық почтаның адресі мен телефон нөмірлері:

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ активтерді басқару департаментінің сарапшысы

Аманжол

Нұрболат Аманжолұлы



N.Amanzhol@kmg.kz;

жұмыс тел.: 8 (7172) 786126



«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ активтерді басқару департаментінің сарапшысы

Нургазиев Тимур Айратович

t.nurgaziyev@kmg.kz;

жұмыс тел.: 8 (7172) 786417



Сатылатын Активтің атауы мен деректемелері: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997ж.09.07 қаулысымен құрылған, Астана қаласының әділет департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға ретінде тіркелген, мемлекеттік қайта тіркеу туралы 2007ж.12.03 куәлігінің №26069-1901-АО, БСН 971040001526, СТН 150100225112, КБЕ 16, БСК HSBKKZKX «Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы» акционерлік қоғамы.

Қызметтің түрі: заңды және жеке тұлғаларға авиатасымалдау бойынша қызметтер көрсету; пайдалы қазбалар кен орындарын дамыту және игеру, мұнай құбырларына, газ құбырларына және электр беру желілеріне қызмет көрсету бойынша ұшуды орындау.

Компанияның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 18-үй.

Компанияның меншік иесі мен Сауда-саттықты ұйымдастыру: «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

Компанияның меншік иесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 19-үй.

Байланыс деректері: 8 (7172) 786533 және 8 (7172) 786417 (ҚМГ активтерді басқару департаменті).

Сауда-саттықты өткізудің барлық кезеңдерінде Активті сатуға байланысты шешімдерді қабылдайтын Компанияның меншік иесінің уәкілетті органы: ҚМГ Активтерді сату комиссиясы.

Компания қызметінің бейіні: осы хабарламаға «Компания қызметі бейінінің сипаттамасы» туралы 1-қосымшаны қараңыз.

Өндірістік-экономикалық ерекшелік және сипаттамалар: осы хабарламаға «Компанияның өндірістік-экономикалық ерекшелігі және сипаттамалары» туралы 2-қосымшаны қараңыз.

Компанияның өндірістік базасымен танысу: осы хабарламаға «Активпен танысу тәртібі» туралы 3-қосымшаны қараңыз.

Бастапқы баға: 15 599 339 000(он бес миллиард бес жүз тоқсан тоғыз миллион үш жүз отыз тоғыз мың) теңге.

Базалық төлем шарттары: Акциялар Сауда-саттықтың жеңімпазы болып танылған және Акциялардың сатып алу бағасын толық көлемде төлегеннен кейін ғана Сатушымен Сатып алу-сату шартын жасасқан тұлғаға беріледі.

Компанияға қатысты құжаттардың электрондық базасы: құжаттардың электрондық базасына қол жеткізу мерзімінің тәсілі осы хабарламаға 3-қосымшада көрсетілген.

Актив бойынша құжаттама пакетін алу тәсілі: осы хабарламаның толық нұсқасы мен оған барлық қосымшаларды мынадай сілтеме бойынша алуға болады: www.kmg.kz немесе www.skc.kz (бұдан әрі – ҚМГ мен Жалғыз оператордың корпоративтік веб-сайттары).

Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді беру мерзімі: осы хабарлама мерзімді баспасөз басылымдарында және ҚМГ мен «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС (бұдан әрі – Бірыңғай оператор) корпоративтік веб-сайттарында жарияланған сәттен бастап 30 күні. Конкурсқа қатысуға арналған өтініштер бар конверттерді ашу Конкурсқа қатысуға арналған өтініштер беру мерзімі аяқталған күні жүргізіледі.

Конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі: осы хабарлама мерзімді баспасөз басылымдарында және ҚМГ мен Бірыңғай оператор корпоративтік веб-сайттарында жарияланған сәттен бастап 65 күні.

Сауда-саттықты өткізу күні: 2016 тамызғы «19» тамыз 11 сағат 00 минутта (Астана уақыты).

Сауда-саттықты өткізу орны: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19-үй, А блогы.

Сауда-саттыққа қатысу тәртібі: осы хабарламаға «Сауда-саттыққа қатысу тәртібі» туралы 4-қосымша, сондай-ақ Қағиданы қараңыз.

Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді берудің түпкілікті мерзімі: 2016 жылғы «19» тамыз 10 сағат 00 минутта.

Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштер мен конкурстық ұсыныстарды беру және тіркеу мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19-үй, А блогы, 1104 кабинет.

Сауда-саттыққа қатысуды қамтамасыз ету: осы хабарламаға «Сауда-саттыққа қатысуды қамтамасыз ету» туралы 5-қосымшаны қараңыз.

Сауда-саттықты өткізу тәртібі: осы хабарламаға «Сауда-саттықты өткізу тәртібі» туралы 6-қосымшаны, сондай-ақ Қағиданы қараңыз.

Акцияларды сатудың ерекше шарттары: осы хабарламаға «Акцияларды сатудың ерекше шарттары» туралы 7-қосымшаны қараңыз.

Акцияларды сатудың өзге де шарттары: осы хабарламаға «Сатып алу-сату шарты» туралы 11-қосымшаны қараңыз.

Сауда-саттықтың жеңімпазымен Активті сатып алу-сату шартына қол қою шарты: ҚМГ Активтерді сату комиссиясының тиісті шешімі қабылданған күннен бастап көп деген 20 жұмыс күні, бұл ретте шарттың жобасына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

Қосымша ақпарат және анықтама: осы Сауда-саттықты өткізу туралы хабарламаны жариялаумен қатар ҚМГ мен Жалғыз оператордың корпоративтік веб-сайттарында Сауда-саттықты өткізу тәртібі, оның ішінде Сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу тәртібі, Сауда-саттықтың жеңімпазын белгілеу шарттары жазылған қағида орналастырылған. Сауда-саттық туралы қосымша ақпаратты ҚМГ-де мынадай телефондар бойынша алуға болады: 8 (7172) 786126 и 8 (7172) 786417.

Осы Хабарламаға қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады және ҚМГ мен Жалғыз акционердің корпоративтік веб-сайттарында орналастырылған.



Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен

«Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы»

акционерлік қоғамының 100% акцияларын сату бойынша

сауда-саттық өткізу туралы хабарламаға

1-қосымша
Компания қызметі бейінінің сипаттамасы

Мыналар Компания қызметінің негізгі түрлері болып табылады:



  1. мұнай құбырларына, газ құбырларына және электр беру желілеріне қызмет көрсету бойынша ұшуды орындау;

  2. офшорға ұшуды орындау;

  3. пайдалы қазбалар кен орындарын дамыту және игеру бойынша ұшуды орындау;

  4. төтенше жағдайларда авариялық-құтқару жұмыстарын орындау;

  5. геологтардың, энергетиктердің, сейсмологтардың, гляциологтардың, өрт қызметтері мен мемлекеттік шекараны күзету қызметтерінің жұмысын қамтамасыз ету бойынша ұшу;

  6. санитарлық тапсырмалар бойынша жетуге жолы қиын және шалғайдағы аудандарға ұшу;

  7. табиғатты қорғау бойынша ұшу;

  8. заңды және жеке тұлғаларға авиатасымалдау қызметтерін көрсету;

  9. чартерлік және тұрақты рейстер, авиатасымалдауды сату;

  10. жүк, вахталық және өзге де тасымалдар;

  11. Компанияның Жарғысына сәйкес өзге де қызмет.

Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен

«Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы»

акционерлік қоғамының 100% акцияларын сату бойынша

сауда-саттық өткізу туралы хабарламаға

2-қосымша

Компанияның өндірістік-экономикалық ерекшелігі және сипаттамалары

Компания тікұшақ операциялары мен жолаушы тасымалдарына мамандандырылатын, өз қызметін халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстандағы ең ірі компания болып табылады.

Компания Ресейде және батыста жасалған, халықаралық талаптарға сәйкес заманауи борт жабдығымен жабдықталған тікұшақ техникасы паркін және жолаушы ұшақтар паркін пайдаланады.

Компанияның әуе кемелерінің паркі 20 әуе кемесінен тұрады, оның ішінде:



  • Ми-8Т модельді 12 тікұшақ (РФ);

  • AS-365N3 модельді 2 тікұшақ (Франция);

  • 2 Challenger-850 және Challenger-870 ұшағы (Канада);

  • Augusta Westland-139 модельді 12 тікұшақ (Италия).

Компанияның мынадай негізгі қорлары бар:

  • өндірістік үй-жайлар, авиатехникалық базалар (АТБ), авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу бойынша технологиялық жабдығы бар ангарлар;

  • жергілікті әуе желілерінің әуежайлары;

  • әуе кемелері тұрағының орны;

  • Ми-8Т тікұшақ тренажері бар оқу-жаттығу орталығы;

  • авиакомпанияның мүлкін сақтауға арналған қоймалық үй-жайлар;

  • арнайы автокөлік құралдары мен гараждары;

  • автономиялық энергетикалық қоректену көзі, инженерлік желілері мен коммуникациялар;

  • ЖЖМ сақтауға арналған сыйымдылықтар;

  • лицензиялық медициналық-санитарлық бөлімше.

2015 жылға арналған қаржы көрсеткіштері:

Компанияның 2015 жылғы кірістері 15 878 093 мың теңгні, шығыстар – 15 049 329 мың теңгені, қорытынды пайда – 637 512 мың теңгені құрайды. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жеке капитал 15 513 812 мың теңге болды. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша активтер 26 976 476 мың теңгені, бұл ретте, міндеттемелер 11 462 664 мың теңгені құрайды.

Тұтастай алғанда, Компания рентабельді, қаржылық-орнықты және дербес ұйым ретінде сипатталады.



Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен

«Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы»

акционерлік қоғамының 100% акцияларын сату бойынша

сауда-саттық өткізу туралы хабарламаға

3-қосымша

Активпен танысу тәртібі

Конкурсқа қатысушы Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінішті бергенге дейін, сондай-ақ бергеннен кейін кез келген жұмыс күні 10:00-ден 18:00-ге дейін сатылатын Активті және оның өндірістік қуаттарын қарауға және олармен танысуға, сондай-ақ виртуалды ақпараттық бөлмесіне (Virtual Data room) қол жеткізу рұқсатын алуға құқылы.

Компаниямен танысқысы келетін тұлға ҚМГ атына тиісті өтініш береді. Компания 2 жұмыс күні ішінде ҚМГ-ден тиісті тапсырманы алғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде Компаниямен танысқысы келетін тұлғаға өзінің объектілеріне келіп қарау немесе виртуалды ақпараттық бөлмесіне (Virtual Data room) қол жеткізу мүмкіндігін береді. Өтініш берушілердің Объектімен танысуы Компанияның қызметкері болып табылатын және оның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға тағайындаған тұлғаның қатысуымен жүргізіледі.

Компанияға келетін тұлғалар өздеріне құпиялылық бойынша міндеттемелерді қабылдауы (ҚМГ-мен тиісті шартқа қол қою арқылы) және Сауда-саттыққа қатысуды есептемегенде, олардың алынған мәліметтерді және/немесе ақпаратты қандай да бір болмасын мақсаттарда қолдануға сондай-ақ оны үшінші тұлғаларға беруге құқылы жоқ. Компанияның бірінші басшысының шешімі бойынша Объектінің өндірістік қуаттарының немесе үй-жайларының бір бөлігі өндірістік қауіпсіздік немесе коммерциялық құпия мақсатында келушілер үшін жабық болуы мүмкін.



Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен

«Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы»

акционерлік қоғамының 100% акцияларын сату бойынша

сауда-саттық өткізу туралы хабарламаға

4-қосымша

Сауда-саттыққа қатысу тәртібі

  1. Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініш беру

Жеке және заңды тұлғалар (консорциумдар, одақтар), оның ішінде шетелдік заңды тұлғалар (консорциумдар, одақтар) Сауда-саттыққа қатысуға жіберіледі.

Сауда-саттыққа қатысу үшін ҚМГ мен Жалғыз акционердің корпоративтік веб-сайттарында орналастырылған, Қағиданың талаптарына сәйкес келуі тиіс нысан бойынша Өтінішті беру керек.

Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштер 2016 жылғы «19» тамыз 10 сағат 00 минутқа дейін Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19-үй, А блогы, 1104-кабинет мекенжайында берілуі және Қағидада және осы хабарламада көзделген ақпаратты қамтуы тиіс.

Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:



  1. жеке тұлғалар үшін:

    1. паспорттың немесе жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі;

    2. ағымдағы шоттың болуын растайтын банк анықтамасының түпнұсқасы;

    3. байланыс деректері (почталық адрес, телефон, факс, e-mail);

    4. кепілдік жарнаның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе банк кепілдігінің түпнұсқасы;

  2. заңды тұлғалар үшін:

    1. барлық өзгерістермен және толықтырулармен Жарғының нотариаттық куәландырылған көшірмесі;

    2. заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариаттық куәландырылған көшірмесі;

    3. банк шотының болуын растайтын анықтаманың түпнұсқасы;

    4. байланыс деректері (почталық адрес, телефон, факс, e-mail);

  3. кепілдік жарнаның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе банк кепілдігінің түпнұсқасы;

  4. жеке тұлғаны және Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінішке қол қоюшының өкілеттіктерін куәландыратын құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері;

  5. барлық меншік нысандарындағы ұйымдар үшін – Сауда-саттыққа қатысуға талаптанған заңды тұлғаның меншік иелері туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар. Акционерлік қоғамдар үшін –осы хабарлама жарияланған күннен ерте емес күнгі жағдай бойынша Сауда-саттыққа қатысуға талаптанатын тұлғаға қатысты акционерлердің тізілімінен үзінді көшірменің түпнұсқасы;

  6. шетелдік заңды тұлғалар үшін – осы хабарлама жарияланған күнге дейін 2 айдан ерте емес берілуі тиіс құрылтайшы және тіркеу құжаттарының нотариаттық куәландырылған және апостильденген көшірмелері;

  7. осы хабарламада аталған талаптарға сәйкес келуін растайтын құжаттар;

  8. Сауда-саттыққа ықтимал қатысушының қаржылық, техникалық, басқарушылық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктері, оның ішінде персоналдың біліктілігі туралы деректерді қамтитын құжаттар (оның ішінде, бірақ олармен ғана шектелмей: Сауда-саттыққа ықтимал қатысушы – заңды тұлғаның соңғы 3 жылдағы аудиттелген қаржы есептілігі, салық берешегінің болмауы туралы анықтама және өзгелері);

  9. қолданыстағы заңнамада және оның құрылтайшы құжаттарында көзделген Конкурсқа ықтимал қатысушының барлық қажетті корпоративтік шешімдері, Конкурсқа ықтимал қатысушының енгізуі үшін қажетті қамтамасыз ету, оның ішінде ірі мәмілелерді немесе жасалуына мүдделілік бар мәмілені мақұлдау туралы және/немесе жасасу туралы шешім (егер қолданылса);

  10. Сауда-саттық өткізу туралы осы хабарламаға сәйкес өзге де құжаттар мен мәліметтер.

  11. Акцияларды сатудың ерекше шарттарының орындалуын қамтамасыз ететін құжаттар:

    1. 5 жыл ішінде Компания персоналының ағымдағы штат санын қысқартпау туралы жазбаша міндеттеме;

    2. 5 жыл ішінде Компания қызметінің бейінін сақтау туралы жазбаша міндеттеме;

    3. 5 жыл ішінде Қоғам мен оның қызметкерлері арасында жасалған еңбек шарттарында аталған қолданыстағы талаптарды, оның ішінде жалақының ағымдағы деңгейін нашарлатпау туралы жазбаша міндеттеме;

    4. 5 жыл ішінде Компанияның қызметтерді көрсету туралы қолданыстағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шарттар бойынша міндеттемелерді орындау, Компания және ҚМГ компаниялар тобы арасындағы осындай шарттар Компания-тың ҚМГ компаниялар тобының қауіпсіздік және пайдалану техникасы бөлігінегі талаптарына сәйкес келуі бойынша нақты көрсетілген міндеттемесін, сондай-ақ осындай талаптардың сақталуының кезеңдік аудитін жүргізуге келісімін қамтуы тиіс, бұл орайда, осындай келісім және міндеттеме Компания және ҚМГ компаниялар тобы арасында болашақта жасалатын шарттардың бір бөлігі болуы тиіс, туралы жазбаша міндеттеме;

    5. 5 жыл ішінде Сатушы компанияларының тобы үшін авиациялық қызмет көрсетудің қазіргі бағаларын сақтау туралы жазбаша міндеттеме;

    6. 5 жыл ішінде Сатушы компанияларының тобына кемінде 5000 ұшу сағаты жылдық көлемін көрсету туралы жазбаша міндеттеме;

    7. Активті сатып алу-сату шартын жасасу сәтіне дейін, оның ішінде ҚМГ компаниялары тобы үшін 11.5 және 11.6-тармақтарда аталған бағалар мен көлемді сақтау мәніне белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органының қажетті келісуін алу туралы жазбаша міндеттеме;

    8. Компания мен HSBC BANK plc London арасында жасалған займ беру туралы 2008 жылғы 15 қыркүйектегі №SXC/54318.00135/8658304.01 шарт бойынша Компанияның міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін ҚМГ кепілдігінің орнына HSBC BANK pls London және Export Development Canada талаптарын қанағаттандыратын Компанияның жаңа меншік иесінен кепілдік беру туралы жазбаша міндеттеме не Компания мен HSBC BANK plc London арасында жасалған займ беру туралы 2008 жылғы 15 қыркүйектегі №SXC/54318.00135/8658304.01 шарт бойынша Компанияның займын мерзімінен бұрын дереу өтеуді қамтамасыз ету туралы жазбаша міндеттеме, сондай-ақ өтініш берушінің банк шотында Компанияның жоғарыда аталған шарт бойынша займды өтеуін қамтамасыз ету үшін ақша қаражатының жеткілікті сомасының болуын растайтын құжат;

    9. Компания мен ДСБ Қазақстан Банкі АҚ ЕБ арасында жасалған банк займы туралы 2014 жылғы 31 қаңтардағы №18/003 шарт бойынша міндеттемелердің одан әрі орындалуын қамтамасыз ету туралы жазбаша міндеттеме не Компания мен ДСБ Қазақстан Банкі АҚ ЕБ арасында жасалған банк займы туралы 2014 жылғы 31 қаңтардағы №18/003 шарт бойынша Компанияның займын мерзімінен бұрын дереу өтеуді қамтамасыз ету туралы жазбаша міндеттеме, сондай-ақ өтініш берушінің банк шотында Компанияның жоғарыда аталған шарт бойынша займды өтеуін қамтамасыз ету үшін ақша қаражатының жеткілікті сомасының болуын растайтын құжат;

    10. Компания мен HSBC BANK plc London арасында жасалған займ беру туралы 2008 жылғы 15 қыркүйектегі №SXC/54318.00135/8658304.01 шартқа және Компания мен ДСБ Қазақстан Банкі АҚ ЕБ арасында жасалған банк займы туралы 2014 жылғы 31 қаңтардағы №18/003 шартқа қосымша келісімдерге қол қою туралы жазбаша міндеттеме (қажет болғанда);

    11. Компанияның Қазақстан Республикасының азаматтық авиацияны басқару саласындағы барлық нормативтік талаптарының, қауіпсіздік, сапа және пайдалану жөніндегі талаптарға сәйкес стандарттар мен рәсімдердің, сондай-ақ қолданылатын басқа да тиісті стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету туралы жазбаша міндеттеме.

Жоғарыда аталған мәліметтер мен құжаттарға қосымша, Сауда-саттыққа ықтимал қатысушы Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінішпен бірге, осы хабарламада көрсетілген алдын ала ұсыныстарды бағалау критерийлеріне сәйкес ҚМГ-ге алдын ала ұсынысты береді.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын шетелдік заңды тұлғалары мен жеке тұлғалары жоғарыда аталған құжаттарды не осы секілді мәліметтерді қамтитын құжаттарды береді.

Шетелдік заңды тұлғалар беретін барлық құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес нотариаттық куәландырылуы және апостильденуі тиіс.

Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініш осы хабарламаға және Қағидаға сәйкес келуі тиіс, қолмен және, болған жағдайда, өтініш берушінің мөрімен бекітілуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініш, Конкурстық ұсыныс, сондай-ақ оларға қоса берілетін құжаттар мен мәліметтер жабылған конвертте Сауда-саттықты өткізу туралы орыс тілінде берілуі тиіс не осындай тілге нотариаттық куәландырылып аударылуы тиіс.

Жеке немесе заңды тұлғалар тобы (консорциум, одақ және т.б.) Сауда-саттыққа қатысушы ретінде қатысқысы келген жағдайда осындай тұлғалар Сауда-саттыққа қатысуға арналған бірыңғай өтініш береді. Жалғыз данада берілетін Қамтамасыз етудің берілгенін растайтын құжаттың түпнұсқасын есептемегенде, осындай топ шеңберінде әрбір тұлға Қағидада және осы хабарламада көзделген құжаттарды береді. Аталған тұлғалар тобының әрбір қатысушысы осы хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес келуі және тиісті растайтын құжаттарды беруі тиіс. Жеке немесе заңды тұлғалар тобы (консорциум, одақ және т.б.) беретін Сауда-саттыққа қатысу туралы өтінішке осындай тұлғалардың бірлескен қызметін реттейтін келісім, сондай-ақ осындай тұлғалардың біреуіне аталған тұлғалар тобының қалған қатысушыларын білдіруге уәкілеттік беретін құжат қоса беріледі.

Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді қабылдау және тіркеу осы хабарлама мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланған күннен бастап 2016 жылғы «19» тамыз 10 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі.



  1. Сауда-саттыққа қатысуға шектеулер

Сауда-саттыққа қатысқысы келген тұлғалар мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

  1. Активті сатып алу туралы шарт жасасу үшін жеке тұлғаның іс-әрекет қабілеттілігі және заңды тұлғаның азаматтық құқықтық қабілеттілігі болуы тиіс. Осы талапқа сәйкес келетінін растау ретінде өтініш беруші заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың түпнұсқасын немесе тиісті түрде куәландырылған көшірмесін, сондай-ақ жарғының тиісті түрде куәландырылған көшірмесін беруі тиіс;

  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы №1318 қаулысы) сәйкес жеңілдікті салық салынатын мемлекеттердің резиденті болмауы тиіс. Осы талапқа сәйкес келетінін растау ретінде өтініш беруші Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуді растайтын құжатты немесе өзге мемлекеттің резиденттік сертификатын беруі тиіс;

  3. Активті сатып алу туралы шарттың талаптарын орындауға мүмкіндігі болуы тиіс. Осы талапқа сәйкес келетінін растау ретінде өтініш беруші Сатып алу-сату шартын орындау үшін жеткілікті ақша қаражаты сомасының болуын растайтын құжатты немесе Сауда-саттық жеңімпазы болып танылған жағдайда, оның негізінде өтініш беруші Сатып алу-сату шарты бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін ақша қаражатын алатын жасалған займ шартын беруі тиіс;

  4. таратылмауы немесе банкрот болмауы тиіс. Осы талапқа сәйкес келетінін растау ретінде өтініш беруші заңды тұлға таратылмайтыны немесе банкрот емес екендігі туралы растау-хат беруі тиіс;

  5. қаржы-шаруашылық қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен уақытша тоқтатылған тұлға болмауы тиіс. Осы талапқа сәйкес келетінін растау ретінде өтініш беруші заңды тұлға қаржы-шаруашылық қызметінің заңнамада белгіленген тәртіппен уақытша тоқтатылмағаны туралы растау-хат беруі тиіс.

мыналар Сауда-саттыққа қатыса алмайды:

  1. бұрын ҚМГ-мен сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан немесе сатып алу-сату шартын жасасқан, бірақ оның талаптарын орындамаған сауда-саттық жеңімпаздары;

  2. Қағидаға сәйкес Қордың уәкілетті органының, Қор Басқармасының, ҚМГ Комиссиясының және Қордың мүшелері мен қызметкерлері, Сауда-саттықты ұйымдастырушы, сондай-ақ олардың жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы (зайыбы), аға-інілері, апа-сіңлілері (қарындастары), балалары) немесе жекжаттары (ата-анасы, аға-інілері, апа-сіңлілері (қарындастары), жұбайының (зайыбының) балалары);

  3. Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтайшы құжаттарға сәйкес олардың жүзеге асыру Сауда-саттықта Активті сату шарты болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлғалар;

  4. Сауда-саттық өткізу туралы осы хабарламада көзделген талаптарға сәйкес келмейтін тұлғалар;

  5. заңнаманың нормаларынан туындайтын жағдайларда шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар мен бейрезиденттер мен олармен үлестес тұлғалардың қатысуы бар (тікелей немесе жанама) заңды тұлғалар.

Егер Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді беру мерзімі аяқталған сәтте көп дегенде 2-ден аз өтініш берілсе, Сауда-саттық өткізілмеді деп танылады.

  1. Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді ашу және тексеру

Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді беру мерзімі аяқталған күні өтініштер бар пакеттер ашылады және олардың осы хабарлама мен Қағиданың талаптарына сәйкес келу мәніне тексеріледі (алдын ала ұсыныстарды бағалау критерийлеріне сәйкес келуін тексермей). Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде берілген материалдар қаралады және өтініш берушілерге телефон байланысы, электрондық почта немесе өзге де байланыс құралдары арқылы анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарланады.

  1. Каталог: uploads
    uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
    uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
    uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
    uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
    uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
    uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
    uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
    uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
    uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
    uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет