Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар



Дата11.01.2017
өлшемі50,88 Kb.
#6841


«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға сол органның мемлекеттік қызметшілері арасында

ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

Е-2 санаты үшін: жоғары білімі, жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;


      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
      3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
      4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*

      5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;


      6) ғылыми дәрежесінің болуы.*


Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты




min

max

Е-2


134917


182388


* Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін, сондай-ақ конкурстан тыс негізде мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің, кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының лауазымдарына тағайындалатын адамдарға қойылады.

«Павлодар аудандық мәслихатының аппараты” мемлекеттік мекемесі, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, 109-кабинет, анықтама үшін телефон: 8(7182) 32-81-17, электрондық поштаның мекенжайы: maslihat-pvlspec3@mail.ru «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға сол мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
Мәслихат аппаратының басшысы, санаты Е-2 (лауазым индексі 3-06-1).

Функционалдық міндеттері: Сессияның бекітуіне мәслихаттың Регламентін, құрылымына және штатына ұсыныс енгізеді. Мемлекеттік мекеменің жұмысын үйлестіреді, жергілікті мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара байланысты қамтамасыз етеді. Депутаттардың сауалдарын қарастыруын және сол жөнінде шешімдер қабылдауының бақылауын қамтамасыз етеді. Мәслихаттың жылдық жұмыс жоспарын құрайды.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Жоғары білім: құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, білім, ауылшаруашылық ғылымы салаларында. Аталған санаттың қызметі бойынша функционалдық міндеттерді атқару үшін қажетті білімдер. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Бекітілген нысандағы өтініш;

2) Лауазымдық міндеттеріне мәслихат аппаратының кадрлық жұмысы енетін мәслихат аппаратының бас маманымен куәландырылған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде жүргізіледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын «Павлодар аудандық мәслихатының аппараты» ММ-не қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толық емес ұсынылуы конкурстық комиссияның қараудан бас тартудың негізі болып есептеледі.

Бірыңғай конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығын және нақтылығын қамтамасыз ету үшін оның мәжілісіне байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда және ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар қалалық мәслихат аппараты» ММ-де Павлодар қаласы, Қайырбаеы көшесі, 32 мекенжайында өтеді.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет