Көпшілік алдында сөз сөйлеудің психологиялық ерекшеліктері



Дата24.10.2019
өлшемі254,97 Kb.
#50631
Байланысты:
Іскерлік қарым қатынас
Карым катынас умкд, зуб. мат, зуб. мат, Ереже
Көпшілік алдында сөз сөйлеудің психологиялық ерекшеліктері
Сөйлей білмес жаманның, Сөзі өтпес бір пышақ.  

Сөз білетін адамның, Әр сөзіне бір тұсақ. 

Халық даналығы
Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Таба алмаған жағдайда, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты. Адам өзінің сөйлеу мәдениетін жетілдірмейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жете алмайды. 

Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұлардан басқа ауызша сөйлеудің мынадай екі түрі бар:

1. Диалогтық сөйлеу.

2. Монологтық сөйлеу.



Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. 

Монологтық сөйлеу – бір адамның сөйлеуі, әңгіме, баяндама, лекция және басқа да түрлері кездеседі. Мұнда сөйлеуші бір адам, тыңдаушы – көп халық. Осылайша, сыртқы сөйлесу: ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша монологтық сөйлеу, жазбаша сөйлеу болып бөлінеді.

Ел алдында шебер, шешен сөйлеу көп еңбектену, оқу, үйренуді талап етеді. Шешен адамдарда негізінен, сөз көркемдігі ой тасқынынан табиғи түрде туындап жатады. Көркемдік талғам мен шешендік тәсілдерді дұрыс пайдалана білген адам ғана эстетикалық әсер ету күшіне ие бола алады. Сонда шешендік өнерге көп сөйлеп, оны сынатып үйренуге болады ма, әлде оған жазып дайындалған дұрыс па? Әйгілі шешен, данагөй Цицерон былай дейді: «Қалам – көркем сөздің ең жақсы жаттықтырушысы. Басқалардан үйренуде өнеге тұтарлықтай теңесуге ұмтылу керек. Өзін үлгі еткен шешеннің жақсысының бәрін алуға тырыс. Оңайын, көзге түсіп тұрғанын ғана емес, ең маңыздысы – шынайы шеберлігіне жету. Ол еліктеу болып кетпеуі керек. Мықтыға қанша ұқсап тұрсан да, көшірме түпнұсқадан ылғи да көш төмен болады. Халық алдында сөйлеу үшін сөзіңнің өзіндік «бейнесі», өз мәнері болғаны абзал.

Көпшілік алдында сенімді сөйлеу үшін:


  1. Жарасымды киім үлгісі;

  2. Керемет сәлемдесу;

  3. Мақсаты бар сөз;

  4. Сенімді ақпарат;

  5. Ыңғайлы көріністі елестету;

  6. Өзіңді сырттай бақылау.

Ым-ишарат қимылдары

Психолог Альберт Мейербани анықтағандай, адамдар ақпарат алмасудың 7% тек сөздер, дыбыстық интонация мен дауыс тембрі құралдары 38% және бейвербалды құралдар 55% тұратынын дәлелдеді. Мейербанидің ойын профессор Бердсвиссл де растап, адамның күніне сөздің өзін 10-11 минут қолданатынын атап өтті. Сәйкесінше, ол адамдардың вербалды құралдарды 35% және бейвербалдыны 65% қолданатынын дәлелдеп өтті.

Бейвербалды коммуникацияның ішінде бірінші кезекте ойымызға ым келеді. Ымдардың маңыздылығы туралы немесе оны қолданылуы туралы адамдар көп ойланбайды. Ымды білу және қолдана білген адамдар тарихта өздерінің іздерін қалдырды. Мысалы, Джон Кеннедидің Ричард Никсонды теледидарлық пікірсайыста жеңуі, Ленин мен Гитлердің қолдарын сілтеуі, Наполеонның қолын күртесінде ұстауы және т.с.с. тұлғалардың ымдары тарихта із қалдырды, қалдырады да.

Ендігі кезекте ымдардың өздеріне келетін болсақ. Белгілі бір өлшемді, көлемді көрсету ымы. Қолыңызбен қаншалықты мөлшерде екендігін көрсету тыңдаушыларға бейнелі түсінік береді.



Басыңа меңзеу, біреуді немесе бірдеңені пікірсайысшының басына меңзегенде өздеріңіз ойлап қараңыздар, логикалық түрде түсініп көріңіздер деген мағына білдірсе немесе бірдеңені меңзеуді соған сілтеме ретінде қабылданады.



Қолды жұдырыққа жұму, қолды жүректе ұстау, 5 саусақты біріктіру немесе сұқ саусақты көрсету секілді ымдар тәртіпті орнату менің қолымнан келеді, маған сеніңіздер деген ұғымдарды білдіреді.





Әрине, жоғарыдағы ымдармен қатар басқа да ымдар жетерлік.





Өзін-өзі ұстау (эмоция, тәртіп)

Спикерлік қасиеттер:



  • Сабырлық, яғни, сөзбұйдаға салыну, сөз таласуда тыныштық сақтай алмаудан аулақ болу;

  • Білім, әрине, білімсіз дебатқа қатысудың мәні жоқ;

  • Жан-жақтылық, бір сұрақтың көлемінде емес, барлық салада аз да болса түсінік болу;

  • Сыртқы келбет.

  • Лексикондық сөздік қордың байлығы. Алуан терминдерді білу, қолдану. Жаргон, ауызекі сөйлеу стиліндегі сөздерді дебатта қолданыстан алу;

  • Әлемдегі соңғы жаңалықтардан естігенің болса, жеңіс;

  • Сыйластық. Аяқ астынан шу шығарып, атыс-жұлысқа салынып жеңіп шығу ойға сыймайтын нәрсе.

Уақыт тиімділігі және Кілттік сөз

«Үлкен адам болу үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға» - дейді Мұхтар Шаханов ағамыз. Тарихта Наполеон 4 сағат қана ұйықтап-ақ есімі әйгілі болған болса, Эйнштейн қызметшісіне жарты сағаттан соң оятуын өтінеді, демалсын деп 1 сағаттан кейін келген қызметшісіне Эйнштейн налып: «30 минутымды қайтарыңыз» - деп сұраған екен. Осы мысалдардан арманға жету үшін уақытты тиімді пайдаланудың мәнін аңғарамыз.

Бұхари риуаят еткен хадисте «Адамдардың көбісі бағаламайтын екі нығмет бар. Ол – денсаулық пен бос уақыт» делінген және бұл қай ғасырға да сай. Ал бүгінгі қоғамда уақыттың қадірін бағалауға пайдасын тигізер істің бірі – пікірсайыс. Ережеге сай, әр спикер өзіне берілген уақыт лимитін сақтап, идеясын нақты жеткізуге міндетті. Уақытты шектеу – ойындағы әділеттілік пен тәртіптің кепілі.

Ендігі кезекте уақыт тиімділігінің қағидаларын ұсынамыз:



  1. Таймкипердің ескерту белгілерін назардан тыс қалдырмаңыз, ол ойыңызды тиянақтауға әсер етеді.

  2. Тарих та, ғылым да мойындаған әдіс – жазу. Өз ойыңызды, яки қарсылықтарыңызды қағаз бетіне қысқаша түртіп отырыңыз. Ой жүйелілігі уақытты үнемдейді.

  3. Уақыт лимиті – сіз үшін сүзгі. Идеяларыңыздың ең маңыздысын таңдап алып қана ұсыныңыз. Ойыншыға сапа, уақытқа пайда.Тіл тазалығы, яғни бейсауыт сөздерді (жаргон, диалект) қысқартыңыз. Бір сөзді үнемі қайталайтын (яғни, және, тағы) әдеттен арылыңыз. Идеяны нақты, түсінікті сөйлеммен беріңіз.

  4. Мүмкіндікті толық пайдаланыңыз. «Ырыс астың қалғанында болуы мүмкін». Жеңіске жеткізер сөз соңғы минуттарда айтылуы да ғажап емес. Дегенмен, уақыт толтыру үшін құрғақ қасықпен ауыз жыртудың қажеті шамалы.

Кілттік сөз (дефиниция).

Қоғамда болып жатқан құбылыстарды әр тұлға өзінше ой елегінен өткізетіні белгілі. Ал пікірсайыс осы көзқарастарды зерттеп, ақ-қарасын айыруға көмектеседі. Тақырыпты өзекті етіп, ашу үшін кілттік сөздің орны айтарлықтай. Мәселен, резолюция «БП Гитлердің саясатын ақтайды» болса, Гитлерді және саясатты позициясына орай таныстырып, дефинициясын ұсынады. Ойын алаңы соған қарай құрылады. Енді кілттік сөздердің қыр-сырын қағидалармен жүйелейік:

1-қағида: дефиниция неғұрлым қысқа, жинақы болса, тез жатталады.

2-қағида: өз позициясын, кейсін толық ашуы, қуаттауы тиіс.



3-қағида: жан-жақты қарастырылса, дефиниция сапалы болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет