Көпшілік ән, опера және балет. Көпшілік әні



Дата04.01.2022
өлшемі25,91 Kb.
#109367
Байланысты:
Музыка тарихы 10 апта
2 5213183883150887720, ЭНТОМОЛОГИЯ ТЕСТ Б-19-1 Модуль 2 (1), Список ИИН, 545194.pptx, Казыбаева Ақниет философия Сөж, 6 дәріс 2023

Көпшілік ән, опера және балет.

Көпшілік әні – топ болып қосылып айтуға лайықталған ән жанрының бір түрі. Көпшілік әні кеңес дәуірі кезіндегі поэзия мен музыкада көп қолданылған жанр болды.

Көпшілік әні салтанатты шерулер мен мерекелерде, көпшілік орындарда, күнделікті өмір тұрмысында орындалады. Екпінді де көтеріңкі, ширақ үн, пунктирлі ырғақ, жарқын интонациямен көпшілікке ортақ көңіл-күйді бейнелеу, ортақ мүддеге, ұжымдасар іске жұмылуға үндеу – Көпшілік әніне тән қасиет. Муз. үлгісі – куплетті (шумақты), оның поэтик. негізіне 3 – 5 шумақ өлең алынады. 20 ғ-дың алғашқы ширегіндегі ірі қоғамдық-саяси өзгерістер барысында қазақ қауымында Көпшілік әніне мән беріле бастады. Алаш милициясы құрылған соң оған арнап, қазақ автономиясының жауынгерлері сапта қосылып (хормен) айтатын патриоттық жорық әндері шығарылды. Кеңес өкіметі орнай келе, рев. әндерді қазақ тілінде орындау, әйгілі саздарға жаңа мәтін жазу үрдісі болды. 1918 ж. сәуірде С.Сейфуллин сол кезде кең таралған белгілі рев. ән “Марсельеза” (кейін Француз республикасының гимні) әсерімен, сол әуенмен айтуға лайықталған “Жас қазақ Марсельезасын” жазды. 20-жылдары Ж.Аймауытов “Интернационал” атты коммунистердің партиялық гимнінің сөзін қазақшаға аударды, әнші-композитор Мүсәйіп Байтілеуұлының “Жалпы әлемі” жаңа өмір құрушы жастар арасында кең тарап, таңдаулы рев. қазақ әндері қатарына қосылды. 30-жылдардан бастап (Р.Елебаев пен Қ.Байсейітовтің “Жолдастары”) К. ә. Л.Хамидидің “Отан” (сөзі Д.Әбіловтікі), Е.Г. Брусиловскийдің “Гүлденген Қазақстан”, “Алтай” (сөзі Н.Баймұхамедовтікі), А.Қ. Жұбановтың “Москва” (сөзі Ж.Сыздықовтікі), М.Төлебаевтың “Соқ, барабан” (сөзі Қ.Қалиевтікі), Ш.Қалдаяқовтың “Менің Қазақстаным” (сөзі Ж.Нәжімеденовтікі) әндерінен басқа лирикалық, еңбек тақырыптарына, балаларға арналған да (М.Төлебаев пен Т.Жароковтың “Жылқышы” мен “Ақ мақтасы”, Жұбанов пен И.Матақовтың “Қарлығашы”, т.б.) К. ә. жазылды. Патриоттық үлгідегі К. ә-дерін шырқау (“Менің Қазақстаным”, т.б.) 1986 ж. Желтоқсан толқуына қатысушыларға ерекше рух берді. 


Түрлі тақырыптағы К. ә-дерін көбейтіп, дамытуға тәуелсіздік жылдары арнайы байқаулар жариялау жолымен едәуір көңіл бөліне бастады.[1]


Опера (итал. ореrа - дәлме-дәл шығарма, лат.ореrа - еңбек, бұйым, туынды) — музыкалық өнер жанры.

Операның әдеби негізі (либретто) музыкалық драматургия және ең алдымен вокалдық музыка формаларының тәсілдері арқылы өзінің көркемдік шешімін табады. Ол - вокалдық пен аспаптық муз., драматургия, хореография(балет) және бейнелеу өнерінің (декорация, костюм) бірлестігінен туған театр шығармасы, яғни осындай әртүрлі өнер түрлерін біртұтас театр әрекетіне біріктіретін синтезді жанр. Жеке айтылатын ән (ария, ариозо, каватина, монолог, баллада), речитатив (тақпақ сазды қысқа әуен), ансамбль (дуэт, трио, квартет, квинтет), хор көріністері, би, оркестрлік нөмірлер (увертюра, антракт) опералық музыканың түрлеріне жатады.

Операның тарихи даму барысында оның түрлі жанрлары қалыптасты: эпикалық-қаһармандық, тарихи-қаһармандық, тарихи-романтикалық, тарихи-тұрмыстық, лирикалық-тұрмыстық, драмалық, комедиялық және сатиралық опералар. Сондай-ақ, Италияда опера-сериа мен опера-буффа, Францияда комедиялық және лирикалық, ал Англияда балладалық опера жанрлары өмірге келді. Бұдан басқа муз. драма, опера-балет секілді жанрлары болды. Опера тарихы адамзат қоғамы тарихы мен мәдениетінің даму жолымен тығыз байланысты. Музыкалық театрдың негізгі халықтық ойын-сауыққа саяды. Ежелгі гректердің дионисийлік ойындары мен грек трагедияларының өзінде-ақ музыка үлкен рөл атқарды. Опера жеке жанр болып 16-17 ғасырлар аралығында қалыптасты. Қайта өркендеу дәуірінің гуманистік идеялары ықпалымен көптеген еуропалық ұлттық мәдениетте музыкалық-драмалық спектакльдердің жаңа түрі туа бастады. Бұл әсіресе Италияда кеңінен өріс алды. Опера жанрының Батыс Еуропадағы көрнекті өкілдері: К.Монтеверди, А.Скарлатти, Дж. Б.Перголези, Дж. Россини, Дж. Верди, Дж. Пуччини (Италия); Г.Ф. Гендель (Англия); Ж.Б. Люлли, Ж.Ф. Рамо, Ш.Гуно, Ж.Бизе (Франция); К.В. Глюк (Астрия, Франция); В.А. Моцарт (Австрия); Л.Бетховен, К.М. Вебер, Р.Вагнер (Германия); Ф.Эркель (Венгрия); С.Монюшко (Польша); Б.Сметана, А.Дворжак (Чехия), т.б.

Алғашқы орыс опералары 18 ғасырдың 70-жылдары пайда болды. Классикалық орыс операсының негізін салған М.И.Глинка. Оның халықтық-патриоттық тақырыпқа жазылған "Иван Сусанині" (1836) мен "Руслан мен Людмиласы" (1842) реалистік опера өнерінің үлгілері болып табылады. Ресейде тұңғыш әлеуметтік-тұрмыс драмасын А.С. Даргомыжский ("Русалка", 1855) жазды. "Құдіретті топ" композиторлары орыс операсын одан әрі дамытып, оның классикалық үлгілерін жасады: М.П. Мусоргскийдің муз. драмалары ("Борис Годунов", 1869, "Хованщина", соңғысын 1883 жылы Н.А. Римский-Корсаков аяқтаған), А.П. Бородиннің "Князь Игорі", (1888 жылы Римский-Корсаков пен А.К. Глазунов аяқтаған), Римский-Корсаковтың "Садкосы" (1881) т.б. Музыкалық театрда П.И. Чайковскийдіңопералық шығармашылығы ерекше орын алады. Оның опералары ("Евгений Онегин" 1878, "Қарғаның мәткесі", 1890) нәзік психологиялық әсер-қуатымен, адамның жан дүниесін терең сезінуімен ерекшеленеді. Орыс операсының дамуына мол үлес қосқан композиторлар: А.Г. Рубинштейн, ("Демон", 1871), С.В. Рахманинов("Алеко", 1892), А.Н. Серов, т.б. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырда әртүрлі музыкалық ағымдар опералық өнерде де бой көрсетті. Мысалы, импрессионизм К.Дебюссиді, экспрессионизмР.Штраустың, А.Шенбергтің,, т.б. композиторлардың шығармаларында белең алды. 20 ғасырда КСРО елдерінде де Украинада- Г.И. Майборода; Әзірбайжанда - Ү.А. Ғаджыбеков; Грузияда - З.П. Палиашвили т.б.) опера өнері өркен жайды. Тарихи және замануи сюжетке опера жазған композиторлар И.И.Дзержинский, Н.Г. Жиганов, Д.Б. Кабалевский, Э.Капп, Ю.С. Мейтус, С.С.Прокофьев, А.Жұбанов, Е.Г. Брусиловский, М.Төлебаев, т.б. Қазақстанда опера жанры 20 ғасырдың 30 жылдары туды. Алғашқы опералық шығармалар музыкалық пьеса және драма түрінде болды. Олар түгелдей қазақтың халық музыкасына, оның ән-күй байлығына негізделіп жазылды. 1934 жылы Е.Г. Брусиловский казақтың тұңғыш операсы "Қыз Жібекті", одан кейінгі жылдары Жұбанов пен Л.А. Хамиди "Абай" (1944), М.Төлебаев "Біржан - Сара" (1946), Қ.Қожамияров "Назугум" (1956), С.Мұхамеджанов "Айсұлу" (1964), Е.Рахмадиев"Қамар сұлу" (1963) және Ғ.Жұбанова "Еңлік-Кебекті" (1975) жазып, ұлттық операны кәсіби тұрғыда жаңа белеске көтерді. Егемендік алғаннан кейінгі жылдары қазақ операсы жаңа сатыға көтерілді. Е.Рахмадиевтің "Абылай хан" операсы (2004) елеулі оқиғаға айналды. 2000 жылы Астана қаласында Опера және балет театры ашылды. 2013 жылы Астана қаласында жаңа "Астана-опера" ұлттық опера және балет театры ашылды.[1]


Балет (франц. ballet, итал. balleto, лат. ballo — билеймін) — сахналық өнердің бір түрі, мазмұны музыка-хореографиялық образдар арқылы ашылатын спектакль.

Балет — ой мен жан құбылысын қозғалыс, дене қимылымен көрсетеді. Мұнда либретто жазушысценарист, музыка шығарушы композитор, билерді қоюшы балетмейстер және суретшіеңбегі тоғысып, ортақ арнаға саяды. Балеттің арқауы би мен пантомима. Пантомима — сөзсіз, адам денесінің мәнерлілігімен, мимикамен спектакльдің мазмұнын ашатын театр өнерінің бір жанры. Сюжетті Балеттерде қимыл-пантомима мен әрекетті көріністер (па, g’аксьон) көп қызмет атқарады. Балеттің дәстүрлі музыка-хореографиялық формалары қалыптасқан: екі кісілік би (па-де-де) және көпшілік биі (па-де-труа, па-де-катр, гран па). Соңғысын кордебалеттер орындайды. Қаһармандық, драматикалық, комедиялық сюжеттер Балет жанрын айқындайды. Сондай-ақ, шағын Балет, Балет-пантомима, Балет-феериялар болып бөлінеді.



Балеттің негізгі элементтері халықтың музыка-би шығармаларымен тікелей байланыста туған. Еуропада (Италия, Франция, Англия, Испания, т.б.) Балет Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келді. Алғаш Италияда тұрмыс-салтты көрсететін битүрлері іріктеліп, жүйеге түсіп, сахналық заңдылыққа бағындырыла бастады. Той-думанда орындалатын халық билері жаңа мәнерлі, әсем өрнекті, бір идеяны ұқтыруға, бір ойды айтуға мегзеген Балеттерге арқау болды. Бұлар үлкен сарайларда, сән-салтанат ордасында қойылып отырған. Францияда Балет белгілі сюжеттер, аңыздар негізінде құрылды. Балет өнердің басқа түрлерімен тығыз байланыста дамыды. Оған көбінесе музыка мен әдебиеттегі ағымдар ықпал жасап отырған. 17 ғасырдың 2-жартысында өмірге опера-Балет (композиторлар Люлли, Рамо) және комедия-Балет (драматург Мольер) келді. 18 ғасырда Англия, Аустралияда, кейінірек Францияда Балет өнердің жеке бір саласы болып әбден қалыптасады. Осы кездегі би өнерінде үлкен реформатор болған француз балетмейстері Ж. Новер П. Корнель трагедияларын Балетке айналдырып, өзінің теориялық ой-пікірлерін жанды спектакльдерде жүзеге асырды. Оның “Балет жайлы хаттар” (1760) еңбегі басқа елдердің ұлттық Балет өнерлерін дамытуда көп себін тигізді. Содан соң ұлттық Балет мектептері (француз, италиялық, т.б.) шыға бастады. Келе-келе Балет техникасы жетіліп, айналма, секірме қимылдардың ой емеурінін берудегі мәні тереңдей түсті. 20 ғасырда Шығыс елдерінде (Мысыр, Түркия, Жапония т.б.) Балеттер туып, дами бастады. Орыстың Балет өнері 18 ғасырдың 2-жартысынан қалыптасты. Халықтың би қазынасы бірте-бірте игеріліп, өнегелі Балет мектептерінің ыңғайымен жүйеге түсті. 19 ғасырдың бас кезінде, әсіресе, балетмейстер Ш. Дидлоның қызметі тұсында орыстың Балет өнері едәуір табысқа жетті. Е.И. Колосова, М.И. Данилова, А.И. Истомина, А.П. Глушковский сынды бишілер тобы өз өнерлерімен бой көрсетті. Балет өнері мен музыкасының ілгері дамуына кезінде зор үлес қосқан орыстың ұлы композиторы П.И. Чайковский болды. Балетмейстерлер М. Петипа мен Л.И. Иванов орыстың халық билерін классикалық би үлгілерімен ұштастыра отырып, оның “Ұйқыдағы ару”, “Аққу көлі” және “Щелкунчик” (1890 — 1895) Балеттерін қойды. П.И. Чайковскийдің Балет музыкасында игі дәстүрін жалғастырып, одан әрі дамытуда көптеген композиторлар (А. Глазунов, И. Стравинский, С. Прокофьев, т.б.) елеулі еңбек етті. 20 ғасырдың басында балетмейстерлер М.М. Фокин мен А.А. Горский Балет өнері саласында батыл ізденістер жасады. Орыс бишілері А.П. Павлова, В.Ф. Нижинский, Г.П. Карсавина, Е.В. Гельцер, М.М. Мордкин, В.Д. Тихомировтар Балет өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. 20 ғасырдағы орыстың Балет өнері Англия, Францияда Балеттің қайта өркендеуіне, ал, АҚШ-та Балеттің тууына игі әсер етті. Қазантөңкерісінен кейінгі Б.В. Астафьевтің (“Париж жалыны”, “Бақшасарай фонтаны”), Р.М. Глиэрдің (“Қызыл гүл”), А.И. Хачатурянның (“Гаянэ”, “Спартак”), С.С. Прокофьевтің (“Ромео мен Джульетта”), А.А. Крейннің (“Лауренсия”), Қ.А. Қараевтың (“Жеті ару”) Б-тері кеңес өнерін дүние жүзіне танытып, даңққа бөлеген туындылар. Г.С. Уланова, М.Т. Семенова, Н.М. Дудинская, О.П. Лепешинская, М.М. Плисецкая, В.М. Чабукиани, Г. Алмасзаде, Б. Бейшеналиева, З.Насретдинова, М. Тұрғынбаева, Л. Сахьянова, Ш. Жиенқұлова секілді бишілер есімі өнер әлеміне мәшһүр болды. Кеңес одағында 40 опера және балет театры, 16 мемлекеттік балет училищесі жұмыс істеді. Балет өнерінің кадрларын Мәскеудегі Театр өнері институты мен Мәдениет институты, Санкт-Петербургконсерваториясы, Қазақстанда Алматы жоғары би өнер мектебі даярлады. Қазақ Балеті әуелде драматикалық, опералық спектакльдер ішіндегі би көріністері ретінде қалыптаса бастады. Діни сенімнің салдарынан үзіліп қалған халықтың көне билері қайта түледі. Тұңғыш қазақ режиссер Ж. Шанин ұлттық Балетті халық топырағында бар элементтер негізінде, туыстас елдер пластикасына негіздеп жасау керек деген ойын “Қоян-бүркіт”, “Киіз басу”, “Өрмек би”, “Шашу” секілді билерді сахнаға шығаруда іске асырған. Алғашқы опералық қойылымдардың өзінде “Қара жорға”, “Қоян би”, “Келіншек”, “Ақ сүйек”, “Тәттімбет”, “Айжан қыз”, т.б. би нөмірлері сыналып кіргізіліп, спектакльдің толық қанды құрамдас бөлігіне айналды. Қобыз, домбыра ырғақтары, күй әуезі Балет музыкасына арқау болып, оның ұлттық, даралық ерекшелігін айқындады. 1938 жылы қазақ музыка театрында қазақтың тұңғыш балеті “Қалқаман — Мамыр” қойылды. В.Великановтың “Қамбар—Назым”, Н. Тілендиев, Л. Степанов пен Е. Манаевтың “Достық жолымен” және Ғ. Жұбанованың “Аққұс туралы аңызы” — қазақ Балет өнерінің өсу кезеңін көрсететін шығармалар. Т. Мыңбаевтың “Фрескалар”, А. Серкебаевтың “Ақсақ құлан” Балеттері әртүрлі музыка жанр мен стильдің басын құрайтын ұлттық композиторлық мектептің өсіп, өркендеуінің айқын айғағы болды. Жер-жерде Балет спектакльдерін қоятын халық театрлары (“Алматының жас балеті”, “Қарағандының мәдениет сарайы”, т.б.) құрылды. 1986 жылы құрылған “Алтынай” мемлекеттік халық би ансамблі қазақ би өнерінің жаңа белесі болды. Қазақ опера және балет театры жаңа өнерді дамытудың тамаша ордасына айналды.[1]

Балет – сахналық өнердің бір түрі, мазмұны музыкалық-хореографиялық образдар арқылы ашылатын спектакль. Балет – ой мен жан құбылысын қозғалыс, дене қимылымен көрсетеді. Мұнда либретто жазушы сценарист, музыка шығарушы композитор, билерді қоюшы балетмейстер және суретші еңбегі тоғысып, ортақ арнаға саяды. Балеттің арқауы би мен пантомима.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет