Көрнекілігі: шарлар, кеспе әріптер, топшамалар Өту барысы: Кіріспе бөлім



Дата28.01.2018
өлшемі32,12 Kb.
#34859
Іс-шараның тақырыбы: Жігіт сұлтаны

Мақсаты: Жігіттеріміздің бойындағы ұлттық салт-дәстүрімізге сай «Сегіз қырлы, бір сырлы» қасиеттерін қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін арттыру, адамгершіліктерін нығайту. Жігіттерімізді көріктілікке, ептілікке, мергендікке тәрбиелеу.


Көрнекілігі: шарлар, кеспе әріптер, топшамалар

Өту барысы:
Кіріспе бөлім

  • Мамыр айында қандай мерекелер тойланады ?

  • 7-мамыр қандай мереке?

  • Отан қорғау күні

18 жасқа толған әрбір азамат өзінің Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарына шақырылады. Еліміздің конституациясының 36-бабында «Қазақстан Республикасын қорғау-оның әобір азаматының қасиетті борышы және парызы»деп атап көрсеткен.
Бүгін мерекеге қарсаңында 4 «г» сыныбында «Жігіт сұлтаны» сайысы өткелі отыр. Сайысқа сыныптағы ер балалар қатысады.

Негізгі бөлім
Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең.
Олай болса жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдығын тамашалайық.
Сайыстың шарттары

1. «Таныстырсам өзімді» - таныстыру


2.«Сегіз қырлы бір сырлы» - өз өнерін көрсету
3. «Білімді мыңды жығар» сұрақ-жауап

4. «Құралайды көзге атқан» ( асық ату, жұмбақ шешу)


5. «Күш атасын танымас» күш сынасу.
Уа, жігіттер, жігіттер!

Бар өнерді салыңдар

Ер сұлтан атты халықтар

Біреуің жеңіп алыңдар.


Сайысымыздың 1-ші шарты бойынша жігіттер өздерін таныстырады.

Көрелік жігіттерді салыстырып

Алайық бірін-бірін шалыстырып

Сайыстың қатысушы мүшелері

Өтеді өзін-өзі таныстырып.
2. Өнер көрсету
Өнер үшін жаралған

Сол өнерден нәр алған

Біз қазақтың ұрпағы

Жан жүрегі жаралған.


Ойын: аналарынң көздері байлаулы болады, балаларына алма жегізу керек 1 минут ішінде. Көп желінген алма есепке алынады.
3. Білімді мыңды жығар Сұрақ-жауап.

Сұрақ жазылған топшаманы суырып 3 сұраққа жауап береді.




  1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)

  2. Жеңіс күні қай күн?

  3. Қазақтың ұлттық ойындарын ата. ( асық ату, қыз қуу, көкпар, тоғызқұмалақ, қазақша күрес т.б)



  1. Мемлекеттік туда не бейнеленген? ( Қыран, күн, ою-өрнек)

  2. Ержігіттің неше жұрты бар? ( өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)

  3. Қазақстан президенті кім?



  1. Қазақстанның тәуелсіздік алған жылы? (1991 жыл)

  2. Әр ұл мен қыз мәңгі қарыздар ұлы адам. ( ана)

  3. 7-мамыр қандай мереке? Отан қорғау күні

4.Асық ату арқылы жұмақтың шешуін табу.

  1. Бір қораға қамалғандар

Жану үшін жаралғандар ( сіріңке)

  1. Қыста киімін тастайды

Көктемде киіне бастайды. ( ағаш)

  1. Бойын жерге жасырған

Бұрымы бар жасылдан ( сәбіз)

  1. Қалың киімді ұнатады

Шешіндірсең жылатады. ( пияз)

  1. Мұртыменен туады,

Мұртын күнде жуады. ( мысық)

  1. Сөнбес бір, қырағы

Әлемнің шырағы. ( күн)

  1. Күш сынасу

Сауық кешке келейік

Сөзден маржан терейік

Енді бір сәт-

Спортқа кезек берейік.


Қортынды. Сайысқа қатысушыларды марапаттау.
Отан қорғайтын азаматтар көп болсын. Сіздерде отан қорғайтын азамат болыңдар!

Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!

Батыс Қазақстан облысы , Қаратөбе ауданы

Қаратөбе ауылы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің



бастауыш сынып мұғалімі Қасымова Гүлназ Рсқалиқызы
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет