Кошкимбаева Куляйхан Абдыкадыровна 1 орта мектеп информатика пәнінің мұғалімі Жамбыл облысы, Меркі ауданы Зерттеусіз әрекет жоқ



Дата22.08.2017
өлшемі107,47 Kb.
#24311
Кошкимбаева Куляйхан Абдыкадыровна

1 орта мектеп

информатика пәнінің мұғалімі

Жамбыл облысы, Меркі ауданы

Зерттеусіз әрекет жоқ - әрекетсіз зерттеу жоқ

(коучинг)



Мақсаты:

Іс-әрекеттегі зерттеу маңыздылығын негіздеу;

Іс-әрекеттегі зерттеу тәсілінің сабақ беру тәжірибесін жақсарту үшін маңыздылығын түсініп, оқу үдерісінде пайдалануға ықпал ету.



Күтілетін нәтиже

Әріптестерім іс-әрекеттегі зерттеу маңыздылығын түсінеді. Сыныпта іс-әрекеттегі зерттеу тәсілін пайдалану туралы практикалық ұсыныстар алады. Іс-әрекеттегі зерттеу тәсілінің этаптарын нақтылайды.

Кезеңдер

Коучинг барысы

Ресурстар

1.Ұйымдастыру кезеңі

1 минут


1. Әріптестеріммен сәлемдесу:

2. Коучинг тақырыбымен, мақсатымен таныстыру, бірлесе жұмыс жасау ережесін құру;












2. Ынтымақтас-тық атмос-ферасын құру.

3 минут



 Жаттығу  “Мен саған сенемін”

Бұл жаттығулардың мағынасы- топтағы адамдардың бір-біріне сенімділігін арттырады, себебі сыныпта іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үшін, әрине өзара сенімділік керек.

Екі-екіден жұпқа бөлініңіздер. Бір- біріңізге қарама-қарсы отырыңыздар. Шамалы уақыт бір-біріңіздің көздеріңізге қарап, үндемей отырыңыз. Енді рет-реттеріңізбен мынадай сөздерді аяқтайсыздар.

Мысалы: “Мен сенімдімін, сіз алдағы уақытта өз ісіңіздің  шебері болады деп”, “Мен сенемін маған алдағы уақытқа көмек керек болса, сіз маған көмектесесіз”, “Мен сенемін сен ешқашанда мен туралы жаман ештеңе айтпайсыз” және т.б

Бұл жаттығудың жалғасы: ортаға бір адам шығады, артына 4 адам тұрады. Ортада тұрған адам артында тұрған адамдарға сенсе, артқа қарай құлау керек, артында тұрғандар ұстап қалады.

Қорытынды: бұл жаттығу іс-әрекеттегі зерттеу кезінде бір фокус топта зерттеу жүргізетін мұғалімдердің бір-біріне сенімін арттырады.


Сөздер жазылған қағаздар.

3. Ой түрткі.

2 минут


Коучтың кіріспе сөзі.

Іс-әрекет негізінде зерттеу. Action research. Іс-әрекет зерттеу туралы алғаш американдық психолог Курт Левин айта бастады (презентация бойынша Сократ, Платон, Джон Дьюи, Жүсіпбек Аймауытов сөздерін мысалға келтіру).

«Зерттеусіз әрекет жоқ-әрекетсіз зерттеу жоқ » деген Левин. Атап айтқанда Левин осы зерттеулерді алғаш циклдық үдеріс ретінде сипаттап берді. Мұнда міндетті түрде мұғалімнің ойы болады: Менің сабағымда кімдер отыр? Мен нені дұрыс істемедім? Мен өзімнің жоспарлаған нәтижелеріме қалай жетемін?

Сонда мұғалімдер нені зерттейді?

Мұғалім өз тәжірибесін өзі шешетін және оқушыларға ең тиімді не екенін шешу арқылы өзін зерттеуші деп таниды. Мұғалім өз тәжірибесін өзі зерттейді. Сіздер ойлайтын шығарсыздар: Неліктен жай орта мектеп мұғалімі зерттеу жүргізуі керек? Әрине зейнетке шыққанша ақырын жұмыс жасай беруге болады, бірақ та басқа қызығырақ жолды да таңдауға болады ғой. «Айнадағы Алиса» ертегісіндегі қара ханшайымның айтқаны бар: «Бір орында тұру үшін өте жылдам жүгіру керек, ал бір жерге жету үшін екі есе жылдам жүгіру керек» Осы сөздің мағынасын ойлап көріңізші.



Презентация, суреттер.

1.Рольдік ойын.

10 минут



Рольдік ойын.

(Әркімге басына корона беріледі: проблема, завуч, директор, РОО, ОблОНО, мұғалім, ПБ жетекшісі) Кароналарды киіп, мен сіздердің рольдеріңізді оқығанда рольге кіріп ойнауларыңыз керек.

(Қосымша 1)

Проблема, завуч, директор, РОО, Обл-ОНО, мұға-лім, ПБ жетекшісі деп жазыл-ған корона-лар.

2.Топқа бөлу.

Іс- әрекетті зерттеуге қатысты және қатысы жоқ сөздер жазылған парақтар бойынша екі топтарға бөліну.

Қимақағаздар.

2.Топтық тапсырма.

« Сиқырлы қорап» тәсілі. 

10 минут


« Сиқырлы қорап» тәсілі. 

2 топқа бірдей 2 қорап беремін. Қай топ бірінші тапсырманы орындайды. Сиқырлы қораптарда іс-әрекеттегі этаптарына байланысты әртүрлі заттар бар. Сіздер заттарды іс- әрекеттегі зерттеу этаптарына қандай байланысы барын тауып, рет- ретімен орналастырыңдар.

Іс –әрекеттегі зерттеу.

1. Лупа. Іс –әрекеттегі зерттеуді неден бастау керек?

-Проблемадан. (қағазға проблеме деп жазып іледі) Яғни, проблемадан бастау керек, проблема – бұл сені толғандыратын нәрсе. Не дұрыс емес? Неге?

2. Дәптер, анкета, журнал. Проблема туралы мәлімет жинау.

(Мәлімет деп жазып іледі.) Бұл – біз проблеманы байқаған жеріміз.

3. Нысана. ( Мишень) Мақсат қоямыз. (Мақсат деп жазып іледі)



Мақсат-бұл сіз неге жеткіңіз келеді? 

4. Таза қағаз. Ойларымызды, әдістемелерімізді жазамыз. (Іс-әрекет деп жазып іледі) Таза қағазды аударсақ , артында сабақ жоспары жазылған. Оған біз өзіміздің жаңа идеяларымызды жазамыз. Сөйтіп, бұл парақ проектіге айналады.



5.Фотоаппарат, видео камера, анкета. Дәлелдемелер жинаймыз. (Дәлелдемелер деп жазып іледі)Ойланайық, мен дәлелдемелер қалай жинаймын. Мен өзгерістер жайлы қалай білемін?

6. Плюс, минус стикерлері. Не сәтті болды, не сәтсіз болды анықтаймыз. (Нәтижені бағалау қағазы ілінеді) Күтілетін нәтиже орындалды ма? Мақсатқа жеттік пе? Нені жақсарту керек?

7. Спираль. Спиральдың не қатысы бар? Нәтижеге бірден жете алмаймыз, сондықтан іс-әрекетті бірнеше рет нәтижеге жеткенше қайталау керек. (Спираль сөзін ортаға орналастырамыз)

8. Диск, педагогикалық журнал. Іс-әрекеттегі зерттеуді нәтижесі мектепте, желілік қауымдастықта таратылады.

Қорытынды: Іс-әрекеттегі зерттеу этаптары неден тұрады екен?

Проблема-Деректер жинау- Зерттеу сұрағы (Қалай)- Әрекет ету (Не істейміз) - Жоспар-Бақылау-Әрекет талдау (Рефлекция)- Қайтадан бастау- Тәжірибені жетілдіру. (Слайд)



Қорап, лупа, дәптер, анкеталар, журнал, нысана, А4 қағазы
Фотоаппарат, видео камера, анкета, стикерлер, спираль, диск, педагоги-калық журнал










3. Топтық тапсырма.

5 минут


Топтық тапсырма:

Мұғалімнің зерттеуі қандай болуы керек?

Әр топ өздеріне қатысты бір проблеманы анықтап, зерттеу тақырыбын, зерттеу сұрағын, зерттеу мақсатын, күтілетін нәтиже, әрекет жоспарын құрады.

Мысалы:

Проблема: Оқушылар сабаққа нашар қатысады.

Тақырып: Топтық жұмыстарды пайдалану арқылы оқушылардың тәртібін жақсарту.

Зерттеу сұрағы: Қалайша топтық жұмыстар сабаққа қатыспайтын оқушыларды ынталандырады?

Күтілетін нәтиже: оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады, топта жұмыс жасауға дағдыланады, оқушылардың тәртібі жақсарады.

Жоспар құру: топтық ереже құру, топқа бөлу әдістерін үйрету, алдын-ала тапсырма беру, рольдерді бөлу, бірлескен топтық жұмыстар ұйымдастыру және т.б.

Нәтижені талдау: Кері байланыс алу, рефлексия жасау, видеоға түсіру, оны талдау.

Циклды қайталау жоспардан бастап.

Постер, түрлі-түсті маркерлер

1.Топтық тапсырма. «Эстафета ойыны »

3 минут



Іс-әрекеттегі зерттеу дегеніміз не? екендігін қорытып шығару үшін келесі ойынды ұсынғым келеді.

«Эстафета ойыны »

Плакатта Іс-әрекеттегі зерттеу Іс-әрекеттегі зерттеу емес деп жазылған, әр топ мүшелері бір сөзден бірінен кейін бірі тұрып, жазып шығу керек.



Мысалы:

Іс-әрекеттегі зерттеу Іс-әрекеттегі зерттеу- .... емес

Ізденіс лабораториядағы ғалымдар

Рефлексия статистика

Бірлескен жұмыс... салыстыру...



Плакат, түрлі түсті маркерлер

9. Кері байланыс

3 минут


2 жұлдыз, 1 тілек.

Стикерлер, түрлі түсті маркерлер

Коучтан:

Өз тәжірибеңізді зерттеңіз. Өз балаларыңызды бақылап жүріңіз, рефлекция жасаңыз, мейлінше жетілуге тырысыңыз, іс-әрекет негізінде зерттеңіз.







Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет