Көзге арналған дәрілік түрлердің сипаттамасы



бет1/4
Дата12.09.2020
өлшемі21,02 Kb.
#78372
  1   2   3   4
Байланысты:
Көзге арналған дәрілік түрлер
8прак.жумыс

Көзге арналған дәрілік түрлердің сипаттамасы. Практикалық офтальмологияда көз ауруларын емдеу үшін ерітінді инстилляциясы, жақпа май, көз пленкалары, таблеткалар, ламелалар, инъекциялық препараттар, сондай-ақ контактілі линзалар мен электрофорез конъюнктивалық қапшыққа орналастырылу арқылы қолданылады. Көзге арналған дәрілер қатты, сұйық, жұмсақ, газ тәріздес түрінде шығарылады.

Қатты көзге арналған дәрілерге: таблеткалар, қарындаштар, сеппелер, көз қыстырғыштары, ламелалар; газ тәріздес – аэрозольдер (көз спрейлері); жұмсақ – гомогенді және гетерогенді жағармайлар; сұйық – нақты сулы және майлы ерітінділер, коллоидты ерітінділер, суспензиялар, эмульсиялар жатады. Олар көз тамшылары, көзге басуға арналған ерітінділер, шаншуға арналған ерітінділер түрінде қолданылады.

Көз дәрілік түрлері қолдану тәсіліне байланысты ерекше топқа бөлінеді. Офтальмологиялық ерітінділерді дайындау процесі дәріхана жағдайында қиын және жұмысы көп.

Көз тамшылары - Guttae ophthalmіcaе. Көз тамшылары сулы немесе майлы ерітінділер, дәрілік заттардың майдағы суспензиясы.

Көз тамшыларын стерильді пипетка көмегімен көздің шырышты қабығына енгізеді. Қысқа мерзім аралығында қолдану есебімен көз тамшыларын аз (5-10 мл) көлемде белгілейді.

Көз тамшылары түрінде әртүрлі дәрілік заттардың ерітінділері қолданылады. Олардың көбі тұрақсыз және жоғары температура, жарық, микрофлоралар және басқа факторлардың әсерінен өзгереді немесе бұзылады.

Жиі көз тамшыларын витаминдермен (аскорбин қышқылы, тиамин бромиді, рибофлавин), алкалоид тұздарымен (атропин сулфаты, пилокарпин гидрохлориді және басқалар), антибиотиктермен (бензилпенициллин, левомицетин, неомицин және басқалар), мырыш сульфатымен, бор қышқылымен, сульфацил-натриймен белгілейді.

Көз тамшыларына, көзге басуға арналған ерітінділерге келесі талаптар қойылады: стерильділік, тұрақтылық, қарусыз көзбен көрінетін механикалық қоспалардың болмауы және изотондық.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет