Кудерина Жанар Агзамовна Тәуелсіз елім- тірегім. 6 сынып. 15- сабақ



Дата02.07.2018
өлшемі173,39 Kb.
#45321
түріСабақ


Астана қаласы

38 мектеп-лицейдің



музыка пәні мұғалімі

Кудерина Жанар Агзамовна

Тәуелсіз елім- тірегім. 6 сынып. 15- сабақ

  • Сабақтың мақсаты: Әнді үйрете отырып ,оқушыларға халқымыздың тарихынан, мәдениетінен, өнерінен құнды деректер беру. Баланың дүниетанымын кеңейту.

  • Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Отанды қорғауға,батылдылыққа,ержүректілікке тәрбиелеу.

  • Ойлау қабілетін, ой-өрісін жан-жақты жетілдіру, рухани дамуына ықпал жасау. Музыкалық шығарманың ерекшелігін талдай білуге дағдыландыру. Көркемдік талғамын дамыту.

  • Сабақтың міндеті: оқушылардың музыкалық білімін жетілдіру.

  • Туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру.

  • Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: лекция-концерт

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, музыкалық орталық, фортепиано,баян аспаптары, видео фильм, СД дисклер , карточкалар т.б.



Сабақтың барысы: (Видео фильм көрсетіледі)

Көк туым көтерілді бағым жанып,


Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым –Ата заңым қабылданып.
Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 26 жыл толып отыр.
Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?

(Слайд. Интерактивті тақтадан суреттер көрсетіліп тұрады.)


Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық!

Ой шақыру кезеңі.

Тәуелсіз деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Қазақстан тәуелсіздігін қай жылдан бастап алды?

Еліміздің қандай рәміздері бар?

Оқушылыр жауаптары тыңдалынып , толықтырылады.

Оқушылар, қазір біз гүлденген Қазақстанда оның ішінде Астана қаласында тұрып жатырмыз. Еліміздің Тәуелсіздігін, Отанымыздың байлығы мен сұлулығын жырлайтын әндер қазіргі уақытта көптеп саналады.

Қазір сендер 2 топқа бөлініп жұмыс істейсіңдер.Топ басшылары сайланып топ белсенділерін басшылары бағалайды.

Топтық жұмыс. Әр топқа жауап жазатын қағаздар үлестіріледі

1 тапсырма. Ән тыңдап орындаушы мен әннің атын жазып беру.

1 – топ. Е. Құдайберген. «Мен қазақпын»

2- топ. А. Жорабаева «Астана»

2 тапсырма. Инт акт тақтада композиторлардың суреттері көрсетіледі. Оқушылар олардың шығарған әндерін тауып айтулары қажет.

1-топ. Е. Хасанғалиев «Ата мекен»,

2- топ. Ш. Қалдаяқов «Менің Қазақстаным»

Жалпы сұрақ Н. Назарбаев пен Б. Тілеухановтың суреттері шығады. Жауаптар тыңдалған соң әндер тыңдалынады.



Ән үйрену. Сабақта үйретілетін әнмен таныстырамын. Б.Жұманиязовтың Х. Әдібаевтың сөзіне жазған әні «Жазира жерім» . Ән орташа екпінде си минор тоналдігінде жазылған. Бала дауысына диапазон биік болғандықтан бір тон төмендетіліп үйретіледі.

Ән үйренбес бұрын дауыс ашатын распевкалар мен жаттығулар жасалынады.

Әнді фразалар бойынша үйрену.

Сабақты қорытындылау.


  • «Қазақстан қалалары» сөзжұмбағын шешу.

  • Тәуелсіздік алған жыл?

  • Желтоқсан жауқазындары кімдер?

Сабақты бағалау.

Белсенділік танытқан, сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалау.



Үйге тапсырма:

  • Өткен тақырыпқа байланысты қосымша мәлімет дайындап келіп қорғау.

  • Үйренген әнді әуенімен жаттап келу..

  • Тақырыпты оқып келу


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет