Курмашева Анаргуль Назымбековна «1-сынып оқушыларына арналған психологиялық дамыту сабақтары» психологиялық дамыту бағдарламасы



бет1/17
Дата25.08.2017
өлшемі2,5 Mb.
#26559
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№19 ОМ КММ»
Курмашева Анаргуль Назымбековна

«1-сынып оқушыларына арналған психологиялық дамыту сабақтары»

(психологиялық дамыту бағдарламасы)

Көкшетау қ. 2015 жыл

УДК 37.015.3-053.5 «465.06/11» (073.3)

ББК 88.8

К 77


Көкшетау қаласы педагог-психологтар әдістемелік бірлестігінің шешімі бойынша баспаға ұсынылды. №6 Хаттама 14.04.2015ж.

Рецензент: Басболатова А.Р. Педагогика және психология магистрі «Өрлеу» БАҰО АҚФ» «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»

«Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы.

К 77 Психологиялық дамыту бағдарламасы:«1-сынып оқушыларына арналған психологиялық дамыту сабақтары». Құрастырушы Көкшетау қаласының № 19 ОМ педагог-психологі Курмашева А.Н., Көкшетау қаласы 2015 ж. 128 бет.

Педагог – психологтар мен бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатында құрастырылған «1-сыныпқа арналған психологиялық дамыту сабақтары» бағдарламасында осы жастағы балалардың танымдық үрдісін дамытуға бағытталған жаттығулар жинақталған.

Психологиялық дамыта оқыту сабақтарының мақсаты мен міндеттері мазмұны мен құрылымы, әдіс-тәсілдері, тиімділігі мен маңыздылығы жөнінде ауқымды түрде түсінік бере отырып, бастауыш сыныптарда өткізілетін психологиялық сабақтар мен тапсырмалардың үлгілері келтірілген.


ББК 88.8

УДК 37.015.3-053.5 «465.06/11» (073.3)


Курмашева А.Н.

2015


Кіріспе
Бүгінгі таңда мұғалімдердің өзі күнделікті сабақтарында психологиялық білімсіз, психология ғылымдарының жетістіктеріне сүйенбей оқу үрдісін нәтижелі ұйымдастыру мүмкін емес екенін жақсы түсінеді. Нәтижелі оқыту үшін ең басты кедергі жекелеген оқушылардың танымдық - тұлғалық жеке қасиеті деңгейінің төмен болуы екендігін жиі мойындаймыз. Көпшілігі: «Оқу нәтижесін арттыру және оқушылардың білім алуына нақты қандай ұсыныс жасар едіңіз?» деген сұрақтарымен мектеп психологтеріне жиі жүгінеді.

Педагог – психологтар мен бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатында құрастырылған «1-сыныпқа арналған психологиялық дамыту сабақтары» бағдарламасында осы жастағы балалардың танымдық үрдісін дамытуға бағытталған жаттығулар жинақталған.

Бұл әдістемелік құралдың өзектілігі бүгінгі таңда мектептердегі білім берудің, әсіресе білім берудің төменгі сатысы, бастауыш сынып кезеңіндегі оқушылардың ақыл-ой қабілеттерінің әртүрлі деңгейде болуынан және оқушылардың ақыл-ойын, дүниетанымын жан-жақты дамытуда, пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, білім алуға деген құштарлықтарын жетілдіруге бағытталғандығында.

Мектептегі психология жөнінде сөз қозғағанда, оны психологиялық пән ретінде емес сабаққа көмекші өзекті пән ретінде түсіну қажет деп ойлаймыз. Оның басты мақсаты оқушылардың танымдық-тұлғалық дамуы болып табылады. Мұнда оқушылардың әртүрлі танымдық әрекеттері қалыптастырылады, оқушылардың тұлғалық қасиеті дамытылады, оқушылардың жекелеген пәндер бойынша оқу бағдарламасын толық игеру үшін қажетті қасиеттері: өз пікірін анық жеткізе білу, өзін-өзі ұстау, өз ұстанымын дәлелді қорғап шығуы сияқты қабілеттері дамытылады.

Психологиялық дамыту сабақтары – мектептегі ең қажетті, негізгі сабақтардың бірі. Дамыту сабақтарын дағдылы, дәстүрлі үлгіде – сабақ үлгісінде өткізуді ұсына отырып, мектептің әдістемелік-тәрбиелік үрдісіне басым түрде сәйкестендіріп алдық.

Бастауыш сыныптарда психологиялық дамытудың маңыздылығы, соңғы уақыттарда психогенетика мен психофизиологиялық зерттеулердің мәліметтеріне сүйенсек, психологиялық дамудың дәл осы кезеңінде баланың ақыл-ой қабілетінің дамуының психофизиологиялық негіздері қалыптасып, оған қоршаған орта, әлеуметтік тұрмыс-жағдайы, нейрофизиологиялық және психологиялық өзгерістер әсер ететіндігінен келіп шығады.

Психологиялық дамыту сабақтары жеке пән ретінде қарастырылмайды, дидактикалық – әдістемелік жүйеден бөлек тұрса да, жинақталған тәжірибеден оқушылардың психологиялық, танымдық және тұлғалық дамуына ықпал ете отырып, кез келген пән бойынша білім сапасының артуын қамтамасыз ете алады. Әсіресе, психологиялық көмекке өте мұқтаж – коррекциялық сынып оқушыларына өте қажет.

Қосымшада берілген бастауыш сынып оқушыларының танымдық үрдістерін дамытуға арналған жаттығу түрлерін, мұғалімдер қауымы өздерінің сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыруға қолдана алады. Сонымен қатар, психологиялық дамыту сабақтарында қолданылатын тапсырма үлгілері көрсетілген.

Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін негізге ала отырып құрылған аталмыш бағдарламадағы психологиялық дамыту сабақтары мен дидактикалық материалдары, бастауыш сынып мұғалімдеріне көп көмек береріне және педагог-психологтармен қолдау табарына сенімдімін.
І бөлім

«1 – сынып оқушыларына арналған психологиялық дамыту сабақтары» бағдарламасы жөнінде

Оқушыларды психологиялық дамыту – қазіргі білім беру жүйесін жетілдірудің тиімді жолы
Мектептегі білім беруді ізгілендіру ең алдымен, жеке тұлғаның жан-жақты дамуы мен дарындылығының ашылуына қолайлы жағдай жасауға бағытталады. Мектептегі білім беру жүйесін ізгілендіру бағытында жаңарту үшін ең алдымен, мақсаты мен міндеттерін қайта қараудан басталуға тиіс.

Қазіргі, ойлау қабілетін дамыту әдістерінің психологиялық-теориялық түсініктерін негізге ала отырып, мектептегі білім беру жүйесінің мақсаттарын төмендегідей құруға болады: оқушыны өзін-өзі ұйымдастыра, өзін-өзі тани, өзін-өзі дамыта алатын, жоғары деңгейде дамыған ашық, жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

Оны дамыту әдістерінің бірі, жаңа білім мен өзін-өзі дамытуға негіз болатын, интеллектуалдық қызметтің әдістері мен үлгілері жөнінде жалпылама түсінік беру.

Жинақталған психологиялық-педагогикалық міндеттердің бірі: жекелеген пәндер бойынша білім мазмұнын игеруге қажетті әдістер мен тәсілдер жөнінде жалпылама түсінік беру арқылы, оқушылардың жекелеген пәндер бойынша нақты да, жалпы түсінік алуын, мектеп талабына сәйкес нақты білім деңгейін жақсарту. Бұл бір жағынан алғанда, ақыл-ойды дамытудың басты құралы болса, екінші жағынан алғанда, болашақта өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдірудің ғана емес, өзіндік білім алудың, білімін жетілдірудің тиімді әдістерін жинақтаған оқыту жүйесінің психологиялық негіздерін қалыптастыру жолы болып табылады. Интеллектуалдық танымдық іс-әрекеттер жайында түсінік беру, мектептегі білім беру жүйесінің сол кезеңіндегі талаптарға ғана емес оқушылардың маңызды қажеттіліктерін басшылыққа ала отырып, нақты бір мазмұнға құрылады.

Бастауыш сынып мұғалімдері соңғы кезде жеке тұлғалық даму деңгейі төмен оқушылардың білім алудағы қиындықтарының көбейіп кеткендігін ерекше атауда. Сондықтан да бастауыш сынып кезеңіндегі оқыту жүйесінде оқушыларға психологиялық көмек беру мәселесі маңызды міндет болып отыр.

Мектептерге психологиялық көмек қажет болып отырғандықтан және түзету-дамыту сыныптарында оқушыларға психологиялық көмек ең бірінші мұғалім тарапынан жасалу қажеттілігін маңызы артып келеді. Дамыту жұмыстарының басты назарында оқыту жүйесіне психологиялық дайындығы төмен, ерекше бақылауды қажет ететін мұқтаж оқушылар болуы тиіс.

Психологиялық көмектің нәтижелілігіне қолайлы жағдайлар біздің ойымызша, мыналар болуы тиіс:


  • Жалпы білім беретін мектептердегі білім беру жүйесіне сәйкес ықпалдастырыла енгізілуі;

  • Мұғалімнің психологиялық дамыту жұмыстарын өзіне ыңғайлы, қалыпты түрде тиімді әдістермен өткізуі;

  • Материалдық қажеттіліктің қарапайымдылығы.

Мұғалім үшін дағдылы оқыту үлгісі жалпы білім беретін мектептердегі сыныптық-сабақ үлгісі болып табылады. Біздің ұсынып отырған психологиялық дамыту бағадарламасы да сондықтан «1- сынып оқушыларына арналған психологиялық дамыту сабақтары» деп аталып отыр.
1.1. Психологиялық дамыту сабақтарының мазмұны

«1- сынып оқушыларына арналған психологиялық дамыту сабақтары» бағдарламасының мазмұнын анықтаған кезде мынадай жағдаяттар негізге алынды:

1) негізгі пәндер бойынша мектеп бағдарламасын игеру кезіндегі 1- сынып оқушыларына қиындық туғызатын жағдаяттарды талдау;

2) бастауыш сынып жасындағы оқушылардың психологиялық білімін жаңартуға бағытталған бағдарлы әрекеттерді қалыптастыру қажеттіліктерін сараптау;

3) орта мектеп деңгейіне өтуге оқушылардың психологиялық дайындығын қалыптастыру қажеттіліктерін қалыптастыру жолдарын сараптау.

Осы қажеттіліктер мен талаптарды басшылыққа ала отырып, бұл сабақтардың мазмұны танымдық қабілеттерді дамытуға бағытталып отыр (түйсіну, қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлау, қиял); оқыту жүйесінің қабылдаудың психологиялық алғышарттары болып табылатын, онсыз оқыту жүйесі жүзеге аса алмайтын психологиялық сапа мен біліктілік (көрсетілген немесе мұғалімнің оқыған үлгісін көру және есту арқылы көшіріп алу, мұғалімнің айтқан талаптарын еске сақтау және өз ісінде қойылған талаптарды есепке алып отыру біліктілігі); бастауыш сынып жасындағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін жаңартуды қалыптастыру (іштей жоспар құру, яғни, ешқандай сүйенусіз және ешкімнің ықпалынсыз тапсырмаларды орындау біліктілігі, дағдылы интеллектуалдық үрдіс – қабылдау, зейін арқылы көргені мен естігенін дағдылы түрде есте сақтау, ойлау қызметін алдына қойылған тапсырмаға ғана аудару, кері байланыс, яғни өзінің психикалық іс-әрекетін тану, әр ісін анық бағдарлау, өз жауабы мен қателіктерін, қиыншылықтарын талдау .



1.2. Психологиялық дамыту сабақтарының дәстүрлі сабақтардан айырмашылығы
Құрылымы мен түріне қарай (кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімі) дәстүрлі сабақ үлгісіне көп ұқсағанымен психологиялық дамыту сабақтарының да өзіндік ерекшелігі бар. Бұл сабақтар мақсаты, міндеті және мазмұны бойынша да ерекшеленеді. Бұл сабақтардың жалпы мақсаты – оқыту үрдісінің бірыңғай психологиялық тұтастығын қалыптастыру, оқушылардың тұлғалық дамуын қамтамасыз ету және болашақта өзін-өзі жетілдіріп отыру дағдысын қалыптастыру. Бұл мәселені бастауыш сынып деңгейінде шешкен дұрыс. Маңызды мәселелердің бірі, оқушылар бойында, бағдарлы түрде қолайлы орта мен позитивті жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Дәстүрлі пәндік сабақтардан психологиялық дамыта оқыту сабақтарының ең маңызды ерекшелігі, басты көңіл сабақтың соңғы нәтижесіне емес, сабақтың бүкіл барысына қойылатындығында болып отыр.

Психологиялық дамыту сабақтарында баға қойылмайды, бірақ бағаланады. Оқушылар бұл сабақта дәстүрлі «бағалық» психологиядан алшақтап, төмен баға алып қалу қорқынышынан арылады. Барлық жауаптар толық тыңдалаған соң, ұжымдық талдау арқылы белгілі бір дұрыс шешімге келеді. Оқушылардың ойында бұл сабақтар өзіндік, тұлғалық қасиетін дамыту сабақтары ретінде түсінік қалыптасады. Оқушылар үшін басты сұрақ «Бүгінгі сабақта мен қандай баға алдым?» емес, «Бүгінгі сабақта мен нені оқып үйрендім, неге үйрендім?» деген сұрақ туындайды. Психологиялық дамыту сабақтарындағы атмосфералық жағдай оң нәтижелі көңіл-күй ортасын қалыптастырады: ашықтық, қызығушылық, тапсырмаларды орындауға деген құлшыныс пайда болады. Өзінің мүмкіндіктерін түсінген оқушы психологиялық ашылып, өзін-өзі бағалауы мен өз-өзіне деген сенімділігі артады. Психологиялық дамыту сабақтарындағы бұл көңіл-күй ортасы оқушылардың мұғалімнің тапсырмаларына деген оң көзқарастарын қалыптастырып, дәстүрлі пәндік сабақтарда да жалғасын тауып, дәстүрге айналады. Мұғалімдердің пікірлеріне сүйенсек, психологиялық дамыту сабақтарынан кейін, оқушылар белсенді, зейінді, берілген тапсырмаларды орындауға деген ынталары да жоғары болатындығы анықталған. Психологиялық дамыту сабақтары сондықтан жалпы білім беру үрдісіндегі барлық пәндік сабақтарға деген қызығушылықты қалыптастыру пен ынталандырудың тиімді жолы болып отыр.

Психологиялық дамыту сабақтарының тиімділігі аптасына бір рет, жүйелі түрде өткізіліп отырған жағдайда ғана артады. Бағдарлама аптасына 40-45 минуттық 1 сағатқа, жылына 33 сағат сабақ үлгісінде жоспарланған.
1.3. Психологиялық дамыту сабақтарының құрылымы және түрлері
Құрылымы бойынша психологиялық дамыту сабақтары кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады. Кіріспе бөлімнің міндетіне сабақтың тиімді өтуіне қажетті көңіл-күй ортасын қалыптастыру болып табылады. Психологиялық дамыту сабақтарында қалыптастырылған бұл көңіл-күй ортасы басқа пәндер бойынша өтетін сабақтарда жалғасын табуы және сақталуы тиіс. Оң нәтижелі көңіл-күй ортасын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдеріне бір-біріне күлімдей қарап, жылы лебіз білдіру немесе жақсы сөздер айту болып табылады. Бізде жылы сөздер қоры бар ма, біз оны бір-бірімізге жиі айтамыз ба? Бұл сөздер оң энергия көзі болып табылады және адамдар арасында сенімділік пен жақсы қарым-қатынастың, достықтың, жақсы көңіл-күйдің қалыптасуына әсері мол.

Кіріспе бөлімнің маңызды бөліктерінің бірі ми жұмысын жақсарту жаттығулары болып табылады. Дене шынықтыру жаттығуларының психикалық қызметке тиімді әсері бұрыннан дәлелденген болатын. Дене шынықтыру жаттығуларының әр түрлі психикалық үрдістерге әсері бары анықталған: есте сақтау көлемі ұлғаяды, зейіннің тұрақтылығы артады, интеллектуалдық қарапайым тапсырмаларды шешу қарқыны артады, психомоторлық үрдістің қызметі жеделдейді. Бұл еңбек қызметінің белсенділігі артып, сабақтың нәтижелі өтуіне барлық жағдай жасалады. Әр сабақта бағдарлы түрде белгілі бір психикалық қызметті дамытуға арналған арнайы жаттығулар іріктеліп алынған.

Негізгі бөлімге іріктеліп алынған арнайы тапсырмалар белгілі бір жүйелі таным бөлігін дамытуға және топтық жұмысқа ыңғайластырылып бағдарланған. Дамыту нәтижесіне қол жеткізу үшін тапсырмаларды бірнеше рет қайталап орындау қажет. Бірақ оқушылардың бір жаттығуларды қайталап орындаудан, қызығушылықтары төмендеп кетпес үшін, бір тапсырманың сыртқы түрі мен үлгісін әртүрлі қылып өзгерте отырып, ішкі мазмұны мен психологиялық бағыт-бағдарын ғана сақтауды мақсат етіп алынды. Оңайдан күрделіге әдісін және бір тапсырмаға «спиральді» түрде қайта қайтып оралу тәсілі де қолданылды.

Қорытынды бөлімінде сабақтың нәтижелілігі, қорытындысы шығарылып, оқушылардың әртүрлі тапсырмаларды орындау барысында туындаған қиындықтарды талдауға көңіл бөлінеді. Бұл кезеңнің маңызды кезі, оқушылардың «Не оқыдық, не үйрендік?» сұрағына жауап беру болып табылады.



1.4. Психологиялық дамыту сабақтарын тиімді өткізуге арналған ұсыныстар
Барлық мұғалімдердің тілектері мен қажеттіліктерін қанағаттандырарлық бағдарламаны құрастыру мүмкін емес. Оқушылардың психологиялық және психофизиологиялық даму деңгейіне, тәрбие ерекшелігіне, әлеуметтік ортасына, ауыл немесе қалада тұру ерекшеліктеріне негізделеді. Оқушылар контингенті психологиялық даму деңгейінің әртүрлілігімен, дамудың қарқындылығына, белгілі бір тапсырмаларды қайталап орындаудың жиілігімен, тапсырмаларды орындаудағы жауапкершілігмен ерекшеленеді. Психологиялық дамыту сабақтарын өткізетін мұғалімдер де педагогикалық біліктілігі мен шеберлігі бойынша, қызметтегі даралығы мен жұмысындағы дәстүрі бойынша, темпераменті мен ойлау қабілеті және тағы басқа да психологиялық ерекшеліктерімен ерекшеленетіндігін есепке алмау мүмкін емес. Бұл жағдаяттар мұғалімнің қызметін айқындауы мүмкін, бірі бір сабақта барлық тапсырмаларды жүйелі түрде орындап шыға алса, бірі үлгермеуі мүмкін.

Осы жағдаяттарды есепке ала отырып, мынадай ұсыныстарды үнемі есте ұстаған абзал: барлық сабақтардың белгілі бір ұстанымы – бір тапсырманы оқушылар толық орындамайынша келесі тапсырмаға көшпеу керек (ондай жағдайда сабақ бар мәнінен айрылады және жекелеген оқушылар үлгермей жатса, олармен жекелей, қосымша жұмыстар өткізген дұрыс). Бір тапсырманы мұғалім екі сабақ бойы талдап өткізгендіктің ешқандай өрескелдігі жоқ.

Бұл бағдарламаны сабақтың үлгісі, ал тапсырмаларын – тапсырмалар үлгісі деп қабылдаған жөн. Тапсырмалардың көлемін қажетінше ұлғайтуға, немесе оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне қарай азайтуға да болады. Осыған ұқсас тапсырмаларды мұғалім өздігінен құрастыруына да болады, немесе әртүрлі психологиялық жинақтардан алуына болады. Тапсырмаларды құрастыру мұғалімнің педагогикалық шеберлігін шыңдауға психологиялық тұрғыда көп септігін тигізеді.

2. Сабақ өткізу барысында тапсырмаларды орындау мақсатын оқушылар жете түсінуі қажет. Қажет болса мұғалім тапсырманы қалай орындау керектігін екі-үш рет қайта-қайта түсіндіріп жіберуі де артық болмас.

3. Тапсырмаға берілген уақытты да тиімді пайдалануды ұмытпаған жөн.

4. Тапсырмаларды орындау кезінде мұғалім тек қана көмекші, бағыттаушы, түсіндірушілік ұстанымында болып, оқушыларға өзіндік еркіндік берген жөн. Міндетті түрде оқушылардың жауабын ортаға салып, дұрысын анықтау керек.

5. Сабақтарды 10-12 баламен ғана шектелген топтарда өткізген тиімді. Мектеп бөлмесі оқушылардың әртүрлі жаттығулар жасауына мен қозғалмалы ойындар өткізуіне қолайлы кең болуы да шарт. Үстелдерді шахмат үлгісінде немесе мұғалімнің оқушылармен тығыз қарым-қатынас жасауына ыңғайлы «П» әріпі үлгісінде қойған дұрыс.
1.5.Психологиялық дамыту сабақтарында қалай бағалаған дұрыс?
Психологиялық дамыту сабақтарында бағалау тиімді болу үшін мынадай көрсеткіштерді басшылыққа алған жөн:


  • Мұғалімнің оқушылар тапсырмаларды орындау барысында қандай көлемде көмек бергендігі: мұғалім неғұрлым аз көмектескен болса, сабақтың тиімділігі соғұрлым жоғары болады;

  • Оқушылардың сабақ үстіндегі әрекеттері: белсенділігі, қызығушылығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сабақтың нәтижелілігі де жоғары болады;

  • Қосымша психологиялық бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша, оқушылардың өзгертілген бір тапсырмаларды қайталап еркін орындауымен бағаланады;

  • Бұл сабақтарды жанама бағалау жолдары. Басқа пәндер бойынша білім деңгейінің артуымен де, оқушылардың басқа пәндердегі белсенділігі мен зейіндерінің артуымен де байланыстыруға да болады.

Психологиялық дамыту сабақтары оқушылардың көңіл-күйін арттыруға да әсерін ерекше бағалауға болады. Ол үшін оқушыларға сабақ соңында өз көңіл-күйлерін түрлі-түсті бояулармен суреттеу арқылы білдіруін сұрауға болады.

Қызыл түс – көтеріңкі көңіл-күйді білдірсе, қызғылт-сары түс – қуанышты, жасыл түс – салмақтылықты, күлгін түс – алаңдаушылықты, қара түс – уайым мен қайғыруды, күштің кемуін білдіреді. Осы сияқты сабақ басындағы және аяғындағы көңіл-күй өзгерістерін бақылау арқылы, психологиялық сабақтардың оқушылардың көңіл-күйіне әсерін байқауға болады.



ІІ бөлім. 1 – сынып оқушыларының психологиялық дамуына

арналған сабақтар
2.1. Күнтізбелік – тақырыптық жоспары



Сабақтар


Психологиялық даму процестері

Тапсырмалар және әдістемелер


1 – сабақ

Балалардың танысуы.

Зейін.


Доп.

Кім байқағыш және назар аударғыш? Корректуралық байқау.



2 – сабақ

Зейін.

Кеңістіктік қабылдау.

Зат атауының мәні.


Кім байқағыш және назар аударғыш? Дұрыс бояу.

Заттарды ата.



3 – сабақ

Есту сезімі.

Естіп қабылдау.

Зейін.


Дыбысты тыңда.

Ұру арқылы тексер және ата. Тығылыспақ. Жіптің ұшын тап.



4 – сабақ

Зейін (тұрақтылығы, шүйлігуі)
Ойлау (талдау)

Графикалык диктант.

Ең зейінді.

Ерекшелікті тап.

Қиылысу.


5 – сабақ

Үлгіні салыстыру.

Көріп қабылдау.

Ойлау.

Қиял.


Осылай бейнелеп сал.

Фигураларды ата.

Артық зат.

Өзің бейнелеп сал.



6 – сабақ

Зейін.

Үлгіні салыстыру.

Қиял.


Графикалық диктант.

Осылай бейнелеп сал.

Буратиноның жұмысын тексер. Сиқырлы жұмыртқа.


7 – сабақ

Ес.

Кеңістіктік елестету.



Көру диктанты.

Ретін есте сақта.

Телеграфистер.


8 – сабақ

Ес (көріп есте сақтау).

Ойлау.


Көру диктанты.

Түстер.


Суретгі таңдау.

9 – сабақ

Ойлау (заңдылықты қалыптастыру).

Кеңістіктік қабылдау.

Қиял.


Керекті сурет.

Фигураны анықта.

Ою салу.


10 – сабақ

Үлгіні салыстыру.

Зейін.


Ес. (тікелей есте сақтау)

Осылай бейнелеп сал.

Буратино қай жерде қателесті?

Жіптің ұшын тап.

Магнитафон.



11 – сабақ

Көріп қабылдау.

Ес.


Қиял.

Бірдей фигураны тап және атын ата.

Кімнің қатары ұзынырақ?

Сиқырлы орман.


12 – сабақ


Ес.

Кеңістіктік қабылдау.

Ойлау.


Көру диктанты.

Ою салу.

Дұрыс орында.

Қиылысу.


13 – сабақ

Сөздік тапсырманы орындау.

Зейін.


Ойлау.

Қиял.


Графикалық диктант.

Ерекшелігін тап.

Керекті сурет.

Ою салу.


14 – сабақ

Үлгіні салыстыру.

Ойлау.


Қиял.

Осылай бейнелеп сал.

Буратиноның жұмысын тексер. Заттарды топтау.

Сиқырлы саяжай.


15 – сабақ

Зейін. (шүйлігуі, көлемі)

Ес.(тікелей, көру) Ойлау.(ұғымдық)



Жіптерді жүргіз.

Сана және суретті боя.

Қарлы үйіншек.

Артық зат.



16 – сабақ

Сөздік тапсырманың орындалуы.

Зейін көлемі.

Ес.

Ойлау. (заңдылықты қалыптастыру, ұғымдық қатынас)



Графикалық диктант.

Сана және суретті боя.

Зат иесі.

Бос тор көз.

Артық зат.


17 – сабақ

Үлгіні салыстыру. Бейнені көріп, қабылдау.

Қиял.



Ою салу.

Шатасу.


Бірдей фигураны тап.

Текемет.


18 – сабақ


Ес. (тікелей көріп есте сақтау) Ойлау.

Зат иесі.

Ерекшелігін ата.

Жалпыны іздеу.


19 – сабақ

Зейін көлемі.

Ес. (тактильдік)

Қабылдау.


1 ден 15-ке дейінгі сандарды тап. Қаптағы мысық.

Бөлшектерге бөлу.

Ойыншықты анықта.


20 – сабақ

Зейіннің тұрақтылығы.

Ойлау. (заңдылықты қалыптастыру)



Крестер, нүктелер.

Жазу машинасы.

Тоғызыншыны тап.

Үйге дейін жеткіз.



21 – сабақ

Үлгіні талдау.

Зейін. (бақылау әрекеті) Зейіннің бөлініуі.

Ойлау. (ұғымдық)


Ою салу.

Жұмысты тексер.

Фигураны сызып көрсет.

Артық сөз.



22 – сабақ

Кеңістіктік қабылдау.

Ойлау. (ұғымдық)



Мына үй қайда?

Бір сөзбен атап шық.

Вордбол.


23 – сабақ

Зейін. (көлемі, ауысуы)

Ес. (тактильдік)

Қиял.


1 ден 15-ке дейінгі сандарды тап. Белгілер қойып шық.

Конспиратор.

Сиқыршылар.


24 – сабақ

Үлгіні талдау.

Талдау және жинақтау. (анаграмма)

Ойлау.


Ою салу.

Сөзді тал.

Тоғызыншыны тап.


25 – сабақ

Қабылдау.

Ойлау. (ұғымдық)

Қиял.


Тезірек санап шық.

Ұқсастық және айырмашылық.

Би.


26 – сабақ

Зейін.

Ойлау абстрактілілігі.

Ойлау.


Керісінше.

Ретімен санап шық.

Артық сөз.


27 – сабақ

Зейін.

Ойлау.


Қиял.

Қос қолмен.

Артық сөз.

Ұқсастық және айырмашылық.

Картошка монологы.



28 – сабақ

Ес. (тактильдік).

Ойлау (логикалық байланысты орнату)



Тактильдік бейне.

Аналогияны іздеу.

Жұбын тап.


29 – сабақ

Ес.

Ойлау.


Қиял.

Қарлы үйіншек.

Жұбын тап.

Ертегі құрастыр.


30 – сабақ

Зейін.

Ойлау.


Қос қолмен.

Талдауды үйренеміз.



31 – сабақ

Ойлау (талдау және жинақтау)

Заттарды ата. Талдап үйренеміз.

32 – сабақ

Зейін.

Қиял.


Ойлау (талдау)

Қос қолмен.

Есепте.


Талдап үйренеміз.

33 – сабақ

Зейін.

Ойлау (белгілерді абстрактілеу) Ойлау (талдау)



Тыңда және орында.

Бірдейді көрсет.

Талдап үйренеміз.



2.2. Сабақтар мазмұны
1-сабақ.
Мақсаты: топ балаларының етене жақын танысуы үшін жағдай жасау, зейін және байқағыштықты дамыту.

Сабақтың барысы:
I. Оқытушының алғы сөзі. Оқушыларға сабақтың мақсаты мен оның өтілуі түсіндіріледі. Сонымен бірге топтағы қарапайым мінез ережелері енгізіледі.
II. Бой жазу (разминка) (сабақ жетекшісінің қалауына байланысты таңдалады).
III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. "Доп".

Бұл ойында балалар доптың көмегімен бір-бірімен танысады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Ойыншының бірі допты қолына алады.

Оқытушы: "Ал енді доппен ойнай отырып танысатын боламыз. Шеңбер бойынша, сағат тілімен, доп кімде болса сол кісіден бастап, атымызды айта отырып допты бірімізден — екіншімізге береміз. Допты бере отырып көршіміздің көзіне қараймыз. Доп кімде болса сол бала шеңбердегі кез келген баланың біріне, сол баланың атын айтып, допты лақтырады. Егер кімде кім доп бағытталған баланың атын жаңылыстырса,онда өзінен бастап сағат тілімен барлық ойыншылардын атын айтып шығады. Сонымен, допты кімге бағыттайсыңдар соның атын айтып бір-бірлеріңізге лақтырыңдар. Бастаймыз!" – дейді.

Допты қағып алу оңай болу үшін лақтырушы балаға допты тура: лақтыруы керектігі түсіндіріледі.


2-тапсырма. "Кім байқағыш және назар аударғыш".

Балалардың біреуі жүргізуші болады. Ол ойыншылардың киімі мен отырыстарын есіне сақтап бөлмеден шығуы керек. Осы уақытта ойыншылар өздерінің отырыстары мен киімдеріне 5 өзгешелік енгізулері қажет. Әрбір ойыншыда емес, барлығы 5 өзгешелік болуы керек. Осыдан кейін жүргізуші келіп өзгерген ерекшеліктерді орындарына келтіруі қажет.

Егер жүргізуші барлық 5 өзгешелікгі тапса, онда ол балада жоғарғы деңгейдегі зейін мен жақсы байқағыштық басым болғаны.
3-тапсырма . "Корректуралық байқау".

Әрбір оқушы өз аты жазылған қағаз алады. Қағазда қыздар бейнесі бейнеленген. Оларды сыныптарға (класстарға) бөлу кажет.(1-сурет).

Бірінші тапсырма: қара бантигі бар барлық қыздарды тік сызықпен сызу керек.

Екінші тапсырма: қара шашы мен қара бантигі бар барлық қыздарды көлденең сызықтармен сызу керек.

Үшінші тапсырма: қара шашы мен ақ бантигі бар қыздарды қатесіз және барынша тез астын сызып шығу керек.

"Бастаңдар!" бұйрығы (команда) бойынша сызуды бастайды да, "Тоқтаңдар!" бұйрығы бойынша жұмыс тоқтатылып, сол тоқтатылған жерге тік сызық қойылады. Содан соң қағаздар тексеріледі де, 3 тапсырманың нәтижесі бойынша қаралған белгілер саны мен жіберілген қателер саны есептелінеді. 10-11 қатарды қатесіз қарап шыққандардың жоғарғы нәтиже көрсеткенін, ал 8-9 қатарды қатесіз қарап шыққандардың жақсы нәтижесін мақтан тұтуына болатындығын келесі сабақта балаларға айтамыз.


IV. Сабақтың қорытындысын шығару.

Біз бүгінгі сабағымызда немен таныстық?

Ол сізге несімен ұнады?

Ол сізге несімен ұнамады?

Бұл ойындарды біз не үшін ойнаймыз?

2-сабақ.
Мақсаты: Зейін байқағыштығы мен кеңістіктік елестетулерді дамыту. Затты нақты және

дұрыс айту қабілетін дамыту.




Сабақтың барысы:

ІІІ. Сабақтың мазмұны:
1-тапсырма. "Кім байқағыш және назар аударғыш" (1-сабақты қара).

Бірінші сабақта ойналған нұсқасына қарағанда ойындағы өзгерістер күрделеніп әсем әуенмен орындалады. Ойын соңында аса байқағыш және назар аударғыш баланы ерекшелеп айтуымыз қажет. Жетекші етіп алғашқыда қате жіберген балаларды алған жөн.


2-тапсырма. "Дұрыс боя".

Тапсырма материал. Әрбір оқушыда түрлі түсті қалам мен квадрат сызықтарға бөлінген және үйшік бейнеленген қағаз парақтары болуы қажет. (2-сурет).

а) оқытушы балаларға сол жақтағы 2-үйшікті; көк қаламмен, оң жақтағы 3-үйшікті қызылмен, көктің алдындағы үйшікті жасылмен, қызғыш түс көк пен сары түстің арасында қалатындай үйшікті сарымен, сарыдан кейін келетін үйшікті қоңырмен бояуды ұсынады.

б) оқытушы жұлдызшамен белгіленген тор көзді (клетка) қара қаламмен бояуды талап етеді. Төмендегі тор көзді жасылмен, ал жоғарыдағы тор көзді сарымен бояйды. Қара мен қызылдың арасында сары тор көз қалатындай тор көзді қызылмен бояйды.

в) екі сызықтың қиылысуында орналасқан тор көзді жасылмен, жасылдың оң жағындағысын қызылмен, сол жағындағысын сарымен, қызылдан кейін келетін тор көзді көкпен, сарыдан бұрын келетінін қарамен, жасылдың үстіндегісін көгілдір түспен бояуды ұсынады.

Әрі қарай сабақ бөлімдерінің тек мазмұндары түсіндіріледі.

г) шеңберлердің реттік ізділігін қарап шығып бос тор көздерді толтыруды ұсынады.


3-тапсырма. "Заттарды ата". Балалар бірінен соң бірі сыныпта бар айналадағы заттарды атап шығады.

Содан кейін оқытушының тапсырмасы бойынша мына тақырыптардағы сөздерді атауды ұсынады: Мысалы "Көкөніс", "Жиһаз", "Киім", "Ыдыс", "Өсімдік", "Дүкен".


3-сабақ
Мақсаты: есту сезімі, зейіннің шүйлігуі мен тұрақтылығын дамыту.

Сабақтың барысы:
III. Сабақтың мазмұны:
1-тапсырма "Дыбысты тыңда".

Оқушылар терезе сыртында шығып жатқан дыбысты тыныштықта естуге тырысады. Мысалға: шыны үстіне тамған тамшы дыбысын, желдің уілін, құлаған қардың және күннің күркіреген дыбысын.


2-тапсырма. "Атын ата және ұрғылап тексер".

Балалар оқытушымен бірге бөлменің әрбір түкпірінде тұрған 10-15 әртүрлі заттарды таңдап алады. Ол заттардан қаламмен ұрғанда қандай дыбыс шығатындығын тыңдайды. Содан соң оқушылар көздерін жұмады да оқытушы осы заттардың бірін қаламмен 5-10 рет ұрады. Ол затты оқушылар табулары қажет.


3-тапсырма. "Жасырынбақ".

Тапсырмаға материал. Футбол ойнап жүрген балалар бейнеленген сурет. Балалар суретті жақсылап қарап шығып, ондағы бірдей формадағы балаларды тауып, түрлі -түсті қаламмен бояулары қажет. (3-сурет).
4-тапсырма. "Жіптің ұшын тап".

Тапсырмаға материал. Шатасқан сызықтар бейнеленген бет қағаз (4-сурет).

Оқушылар көз жүгірте отырып сызықтардың бағыттарын қараулары қажет (қинаған жағдайда, бірінші кезеңде таяқшаны немесе саусақты пайдалану рұқсат етіледі). Кімде-кім басқалардан тез дұрыс жауап бере отырып тапсырманы орындаса, сол жеңімпаз болады.



4-сабақ.
Мақсаты: Зейіннің шүйлігуі мен тұрақтылығын және ойлауды (талдау) дамыту.
Сабақтың барысы:
III. Сабақтың мазмұны:
1-тапсырма. "Графикалық диктант".

Өрнек үлгісі ауызша нұсқау формасында оқылады. Мысалға: бір клетка оңға, бір клетка жоғары, бір клетка оңға; бір клетка жоғары, бір клетка оңға, бір клетка төмен және сол секілді. Төменде үлгі сурет көрсетілген. Ал, балалар 5 - суретке мұғалімнің айтуымен осыны салулары қажет.



5 - сурет


Каталог: uploads -> doc -> 1309
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1309 -> Сабақтың тақырыбы: Тамыр аймақтары. Сабақтың мақсаты
1309 -> Дәріс №1. Компьютерлік графика түсінігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет