Курстық жұмыстың мақсаты Астана қаласының ономастикалық кеңістігі аясында годонимдердің қала өмірінің тарихи дамуы мен мәдени өсуіне тигізер ықпалы жөнінде мәселе қозғау



Дата02.05.2020
өлшемі14,25 Kb.
#65481
Байланысты:
Кіріспе
Айтуған Мөлдір ИВТ, Карпаева А.Т Лд 117-1, Карпаева А.Т Лд 117-1, Айтуған Мөлдір ИВТ, №13 лекция, Анг бронх астма, операционное дело высшая категори, операционное дело высшая категори, операционное дело высшая категори, операционное дело высшая категори

Кіріспе

Курстық жұмыс Астана қаласының көше, даңғыл атаулары негізінде қазіргі отандық тіл біліміндегі түйткілді мәселелердің бірі – ономастика ғылымының зерттеу нысанындағы онимдер разрядтары (годонимдер, эргонимдер, прагматонимдер, менсонимдер, т.б.) және олардың зерттелу жайы. Себебі қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени қатынастар динамикасы қарыштаған сайын онимдер табиғаты да күрделене, өзгере, жаңғыра түседі. Сондықтан белгілі бір ономастикалық кеңістікті, әсіресе, қала ономастикасын тілдік-тарихи тұрғыдан, саяси-әлеуметтік тұрғыдан қарастыру аса өзекті.

Курстық жұмыстың мақсаты – Астана қаласының ономастикалық кеңістігі аясында годонимдердің қала өмірінің тарихи дамуы мен мәдени өсуіне тигізер ықпалы жөнінде мәселе қозғау. «Годоним» ғылыми сөздіктерде қала ішілік желілік нысандар – даңғыл, көше, бульвар, жағалау, т.б. атаулары деп беріледі.

Астана қаласының ономастикалық кеңістігін тарихи-хронологиялық тұрғыдан зерттеуде қазақ тарихындағы жағдайларға байланысты оны үш кезеңге жіктеп қарастырдық:

1-кезең. 1862-1919 ж.,

2-кезең. 1920-1991 ж.,



3-кезең. 1991- 2015ж.

Астана қаласының қала мәртебесін алғаннан бергі кезең ішінде (1862 жылдан бері) годонимия жүйесі тарихпен бірге өзгеріп, құбылып, түрленіп келеді, сондықтан бүгінгі Елорда тарихын шынайы сөйлетуде оны жан-жақты зерттеудің маңызды екендігі сөзсіз. Бірден айтарлығы, Астана қаласының годонимдер кеңістігі «көп қабатты»: онда төңкеріске дейінгі жұрнақтар, кеңестік кезең кезіндегі билік саясаты, тәуелсіздік алған жылдардағы бұрынғы атауды қайта беру сынды сипаттар сақталған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет