Кємелетке толмаѓандардыњ Ќ¦ЌЫЌТЫЌ мєдениетiн ќалыптастырудыњ нысандары мен єдiстерi



Дата19.07.2020
өлшемі36 Kb.
#74432


КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТIН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДIСТЕРI
Арыстанова А.Б.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз


Егеменді Қазақстанның қазіргі кезеңінде ұлттық мәдениеттердің көне үлгілерін заман талаптарына сай қайта жаңғыртып, жас ұрпақ тәрбиесіне қолданып, жоғарғы оқу орындарында болашақ педагогтарды дайындау жүйесіне енгізу жаңа ізденістерді кажет етеді. Демократияның қанат жайып көркеюінің басты кепілі - құқықтық мәдениеттің жан-жақты дами түсуі.

Қазіргі бiздiң қоғамымыздың басты талабы - мемлекеттiк және халықаралық деңгейге сай, бәсекеге икемдi жан-жақты дүниетанымы кең, әлеуметтiк-адамгершiлiк талаптар мен этикалық нормаларды меңгерген, отансүйгiш, патриоттық сезiмде тәрбиеленген ұрпақтар қалыптастыру болып табылады.

Құқықтық мәдениетi қалыптастыру-үйлесiмдi тәрбиенi бiлiм беретiн оқу орындарында пайдалану, оны жетілдіру, оны өзге тәрбие нысандарымен байланыстыра отырып, оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруда, олардың қоғам алдындағы жауапкершiлiгін арттыруда қолдану басты іс болып табылады.[1, 10 б.]

Нарықтық экономикаға өтуге байланысты жаңа заман қажеттілігіне сай қазіргі ақпараттық және жаңа технологиялық жаңалықтарды өз бойына жинаған, жоғары білімді оқушылар даярлау ісі құқықтық білім беру және құқықтық тәрбиемен ұштасып жатыр.

Сондықтан да қазіргі кезде құқықтық мәдениеті жоғары білімді оқушылар тәрбиелеу және қалыптастру ісі кезек күттірмей атқарылатын мемлекеттік маңызды шаралардың қатарында тұр. Жас, тәуелсіз мемлектіміздің алдында ертенгі күні айқын, мәдениетті және тәрбиелі ұрпақты қалыптастыру міндеті тұр.

Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері осы уақытқа дейін зерттеліп келе жатқан тақырыптардың қатарына жатады. Бұл мәселеге көптеген ғалымдардың ден қоюын біз жалпы мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру қоғам дамуының талап-тілектеріне сәйкес өзгеріп отыратын құбылыс екендігімен түсіндіре аламыз.

Оқушылардың құқықтық мәдениетiн жетілдіру бағытында атқарылып жатқан iс-әрекеттердiң маңызы мен мәнiн саралау, оқушылардың құқықтық мәдениетiн қалыптастыруда құқықтық тәрбиенiң атқаратын рөлi, оқушылардың құқықтық мәдениетiнің қалыптасу құрылымы мен даму кезеңдерi зерттеудің нақты обьектісін айқындайды.

Берілген зерттеу мақаласында мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін өмiрдiң дербес құбылысы есебіндегi, мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін көтеру ісіндегі оқушылардың құқықтық санасының қалыптасуы мен оған ықпал ететін қозғаушы күштердің деңгейін анықтау қарастырылған. Мектеп оқушыларының құқықтық өмiрдегi рухани бастауларын зерттеп-зерделеп, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда салт-дәстүрдің тигізетін ықпалын, оның адами құндылықтарын, бағыт-бағдарларын айқындауымыз керек. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетінің астарының негiзгi құрамдас бөлiктерiн жiктеу, олардың жеке- жеке орнын, өзара байланысын, қатынасын сарапқа салып, оқушылардың сөз өнерi мен құқықтық мәдениет арасындағы тамырластың төркiнiне көз жүгiртуіміз қажет. Бұдан басқа да көптеген атқарылатын әс-шаралар бар. Мысалыға, мектеп оқушыларында құқықтық мәдениетті қалыптастырудың нысандары мен әдіс-тәсілдерін саралап, мектеп оқушыларының құқықтық сана-сезімінің қалыптасуына ықпал ететін факторларды айқындап, зерделеуіміздің қажеттілігі бар.

Балалардың құқығын қамтамасыз етудi мiндеттейтiн халықаралық құжаттар бар. Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдардың дербес мүшесi болғандықтан халықаралық құжаттарда бекiтiлген құқықтарды орындауға мiндеттi.

Құқықтық бiлiмнiң негiздерiн мектепте тек жалаң сөз арқылы емес, адамның сезiм дүниесiнен әсер ететiндей тұрғыда әртүрлi үйiрмелер, клубтар, оқушылардың ғылыми қоғамдары тәрiздi нышандарға негiзделген жоқ. Жартылай орта мектебiнде 5-8 сыныптарында «құқық негiздерi пәнiн енгiзiп, онда балалардың санасында мемлекет, заң, әдiлеттiк, тәртiптiлiк, құқықтық жауапкершiлiк, әлеуметтiк теңдiк, жоғары азаматтық сезiмдер туралы қалыптаса бастаған болған пiкiрлер мен ұстандарды одан әрi тереңдете түсу қажет. 9 сыныпта Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы сабақ жүргiзiледi. 10-11 сыныптарда құқықтың негiзгi салалары туралы бастапқы мәлiметтер беру керектiгi көзделген. [2, 36 б.]

Сөйтiп мектеп қабырғасында құқықтың бiлiм берудiң өзiндiк жүйесi қалыптасуда. Бұл әрине, қуанарлық жайт. Оқушы 1-сыныптан бастап 2-сыныпқа дейiн құқықтық ұғымдар мен танысып, олардың мәнiн терең түсiнбесе де, сондай ұғымдар, заңдар бар екенiн бiлiп жүредi. Мұның өзi үлкен жетiстiк.

Әрине, қазiргi уақытта құқық пәндерiн кез-келген бос мұғалiм өткiзiп жүр. Бұл дұрыс үрдiс емес. Кез келген жақсы бастама, бағдарлама әкеп iске асыратын кәсiптiк дайындығы бар, өз iсiне жетiк бiлiктi маман болмаса орындалмай қалуы мүмкiн. Мектеп жұмыстарына жауап беретiн департаменттiң бастапқы мiндетi құқық пәнiн оқытатын мамандарды жұмысқа тарту, оларға әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Құқық әлiппесiн әрбiр оқушының санасына жекiзу оңай емес. Ол үшiн құқық туралы теорияның бiлiмдерiмен қатар баланы қызықтыра алатын әртүрлi тәсiлдердi ойлап таба алатын бiлiктiлiк қажет.

Адамның жалпы мәдениетi мен оның құқықтық мәдениетiнiң арасында тығыз байланыс бар. Құқықтық мәдениет жалпы адамзаттық рухани мәдениет мазмұнына енедi, бiрақ өзiндiк ерекшелiктерiн сақтайды. Сондықтан да құқықтық тәрбиенiң адамгершiлiктi адам тәрбиелеу теориясының құрамды бөлiгi ретiнде қарастырамыз.

Қоғамды қайта құру кезеңiнде құқықтық мәдениеттi қалыптастыру барысындағы кемшiлiктердi жеңу ерекше орын алады. Бұл жұмыс нәтижелi жүрiп және көздеген мақсатқа жету үшiн ол кемшiлiктердi жақсы бiлiп, олардың жеке адамға және қоғамға қандай зиян келтiретiнiн бiлдiру керек.

Күнделiктi өмiрде көптеген жарамсыз құбылыстар болып жатады. Ол құбылыстарға қатынастардың көмескiлiгi, бағалаудың анық болмауы олармен күрестi қиындатады. Мысалы, мектеп оқушыларының арасында жеке немесе топ болып төбелесу көп кездесетiн жай. Нәтижесi кейде қайғылы уақиғаларға да душар етедi.

Оқушылардың құқықтық мәдениетi – жалпы құқықтық мәдениеттiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетiн қалыптастыру, өркендету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды дәрiптеуге тәрбиелеу. [3, 8 б.] Оқушылардың құқықтық мәдениетiн қалыптастыру үшiн бiлiмдi ұрпақты тәрбиелеп шығаруымыз қажет. Мектеп оқушыларынан құқықтық мәдениетiн қалыптастыру үшiн адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттiлiктерi мен мүдделерi қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығын әрбiр оқушының санасына жеткiзу қажет.

Оқушылардың құқықтық мәдениетiн көтеру болашақ елiмiздiң стратегиялық маңызы бар қызмет бағыттарының бiрiне құрап отыр. Бұл қазiргi кезде елiмiзде құқықтық, демократиялық, зиялы қоғам орнату бағытында өте үлкен маңыз алуда. Сондықтан да демократияның өзi – адамның ой-санасы мен мiнез-құлық мәдениетi. Олай болса елiмiздiң алдында жас ұрпақ тәлiм-тәрбиесi мен құқықтық мәдениетiн көтеруде үлкен-үлкен атқарылуға тиiс шараларының жүйесi тұр. Осы iсте мемлекет тарапынан жүйелi, ғылыми негiзiнде концептуалдық бағдарламалар қажет.

Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетiн қалыптастыру iсi өте күрделi проблемаларды жаңаша ойластыруды талап етуде. Демек оқушылардың құқықтық мәдениетiн қалыптастыруға байланысты, әлемдiк деңгейде, өркениеттi негiздегi тәрбиелiк, үгiт-насихаттық iс-шаралар қоғамның әлеуметтiк-экономикалық даму бағытында туындайтын өзгерiстердi тез сезiп, бiлiм-тәрбие беру ғаламдық мәнi бар проблемаға бейiмдеуге ыңғайланып отыруы қажет. Онсыз мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетiн қалыптастыру iсi өз дәрежесiнде нәтижесiн бермейдi.


Әдебиет


  1. Омар Е.О., Самарова Ю.А. Қарым-қатынас мәдениеті: Оқу құралы. – Шымкент, 2004. – 116 б.

  2. Кенжалиев З.Ж. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет: теориялық мәселелері, тарихи тағылымы: Заң ғыл. д-ры дис. автореф. – Алматы, 1997. – 42 б.

  3. Бейсебаева С.Б. Жастардың құқықтық мәдениеті: Заң ғыл. канд. дис. – Алматы, 2004. – 120 б.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2013 I
Konferencia -> МҰхаммед хайдар дулати қазақ хандығының тарихын алғаш зерттеуші кәрібаев Б. Б
Konferencia -> С., Алпысбаева Ғ. Б. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Konferencia -> ШӘКӘрім мұрасы – Ұрпақтар мұраты өтеш Ж.Ә., Рахимкулова Д. Т. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
Konferencia -> Өмірбаяны мен еңбектері керімбаева Р.Қ., Сембаева Г. П
Konferencia -> М. Х. Дулатидің «ЖАҺаннаме» поэмасының Ұлттық руханияттағы маңызы тамабаева Қ.Ө
Konferencia -> Әож 81. 1(574) ахмет байтұрсынов және терминология мәселелері
Konferencia -> Әож 809. 434 058 О. БӨкей шығармаларының ерекшеліктері
Konferencia -> Әож 821. 512. 122: 82-96 МҰхамед хайдар дулатидың Әдеби көркемділігі
konf 2013 I -> Оќушылардыњ ізденімпаздыѓыныњ АЌпараттыќ Ж‡йесін ќолдау
konf 2013 I -> «техникалыќ Ѓылымдар жєне технологиялар»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет