Л. С. Выготский мен В. В. Давыдовтың «Дамыта оқыту» технологиясы


Бөлінді разрядтарының бірі нөл болатын жағдайдағы көптаңбалы сандарды бөлу



бет2/2
Дата19.05.2020
өлшемі77,08 Kb.
#69615
1   2
Байланысты:
Kursty 1179 zh 1201 mys Berikbol 1179 yzy Aygerim
Kursty 1179 zh 1201 mys Berikbol 1179 yzy Aygerim
Бөлінді разрядтарының бірі нөл болатын жағдайдағы көптаңбалы сандарды бөлу

Оқу мақсаты

  1. Білімдерін қайталап тиянақтайды

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар

Көптеген оқушылар

Кейбір оқушылар

өрнектерді баған түрінде жаза алады.

берілген есептерді шығара алады.

берілген есептерді түсіндіріп шығара алады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану, жинақтау

Тілдік мақсаттар

Бөлу, көбейту, бағандап шығару

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, дене шынықтыру, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Оқулық, А-4 қағаздары,маркер, үлестірмелі қағаздар

Сабақ барысы

Кезеңдері / Уақыты

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ойлау дағдылары

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Психологиялық ахуал туғызу


Сабаққа дайындалады

(оқушылар хормен айтады)













Сабақтың ортасы


Балалар, бір – біріңе қарап  жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан  дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

2.Оқушыларды топқа бөлу

3.Бағалаумен таныстыру.Қызыл жұлдыз-өте тамаша.жасыл жұлдыз-жақсы

4.Үй тапсырмасы.

5.Өткен сабақты пысықтау. «Қарлығашқа көмек көрсету»арқылы.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын түсіндіремін. 



Жаңа сабақ. Бөлінді разрядтарының бірі нөл болатын жағдайдағы көптаңбалы сандарды бөлу.

Оқулықпен жұмыс. «Ой маржан»әдісі



1-тапсырма.Қалдықпен бөлуді орында81:8=10 (1) 81:90=0(81) 481:8=60(1)171:285=0(171

Егер бөлінгіш кіші болса,онда бөлінді 0 санына,қалдық бөлінгішке тең болады.

171:285=0(171қалд.) Тексеру: 285*0+171=17

2-тапсырма.Бөлудің қалай орындалғанын түсіндіру.

А)түсіндіреді мұғалім

Ә)150756:739=204

132184:164=806

264750:375=706

257024:512=502


«Кім зерек»әдісі арқылы 3-тапсырманы орындайық

3 тәул. > 71 сағ

32м> 320дм

7 сағ < 422 мин

1км < 1 452 м 

3 600 с> 6 мин

16 т 350 кг = 16 350 кг

16 км < 18 800 м

26кг 500г > 7 500г

4-тапсырма. Егіс даласынын картоп тиелген екі машина шықты.Олар таңғы сағат 8.00-де шығып,бір бағытта жүрді. Сағат 10.00-де олардың арақашықтығы 4 км болды.Егер екіншісінің жылдамдығы 50км/сағ болса, онда бірінші жүк машинасы қандай жылдамдықпен жүрді?

Шарты:t-8.00-де шықты10.00-де 4км V2 =50км/сағ V1=? Км/сағШ:10-8=2 50*2=100км (100-4):2=48 Ж: V1=48км/сағ

«Кім шапшаң» ойыны.5-тапсырма

А) 24 кг жүзімнен 6 кг мейіз жасалады.840 кг мейіз жасау үшін неше килограмм жүзім керек?

Ә)Балабақшаға 92 теңгеден 26 кг қант және 450теңгеден бірнеше килограмм май сатып алынды.Барлық сатып алынған затқа 4 642 теңге төленді.Балабақшаға неше килограмм май сатып алынды?

Б)Қоймаға 650 кг сәбіз әкелінді.Әкелінген сәбіздің бірінші бөлігі 7 кг-нан 21 қапшыққа және екінші бөлігі 8 кг –нан 16 қапшыққа бөлініп салынды.Неше килограмм сәбіз қапшыққа салынбай қалды?

6-тапсырма. «Ойлан тап»әдісі бойынша.

4860+860=5720

3000+5720=8720

8720:4=2180

2180*28=61040



Топтық жұмыс.7-тапсырма Фигураларды ата.Оларды екі топқа бөл.Әрқайсысының қабырғасын өлшеп,периметрін тап.

Білу,


жинақ тау, зерттеу

Оқушылар жұпта отырып есептеп шығарады.



Өзара бағалау

Білу, түсіну, қолдану
«Мадақ-тау»

әдісі


АКТ


АКТ






Дескриптор:

1. Оқушылар берілген есептерді жеке, жұпта, топта орындай алады.

2. Есептерді дұрыс орындайды.


Ширату жаттығуы

«Баллада» биі

Барлық оқушы қатысады. Қимылдар жасайды




Деңгейлік тапсырмалар

.А-деңгейінде. Бөліндіні орында

360:72=5

189:21=9


720:45=16

В –деңгейінде. Көбейтуді орында.

17 * 14=238

13 * 15=195

29 * 13 =377

С-деңгейінде. Амалдарды орында.

795+570=1365

455+130=585

688+125=813



Оқушылар жеке орындайды

Білу, ойлау,

Қоры-тынды-лау

Мадақтау әдісі

АКТ




Дескриптор:

1. Оқушылар бөлінді амалына берілген есептерді шығара алады.

2. Оқушылар көбейту амалына берілген есептерді шығара алады.

3. Оқушылар үш таңбалы амалдарды қосып, мәнін шығара алады.



Рефлексия

Көңілді кеме


Сабақтағы орындалған барлық есептерді түсінсе –кемені жасыл түспен,

жартылай түсінсе –сары ,

түсінбесе – қызыл түспен кемені бояйды.


Білу, ойлау, жинақтау


Өзара бағалау

АКТ


Зерттеу барысында мұғалім оқушылардың сабақта әрбір тапсырманы, әрбір әрекеттерді жоспарлап, болжап, тұжырымдауда көрсеткіштерді қалыптастырады. Сабақты бастамас бұрын оқушыны қандай мәселелерге көңіл бөліну керектігін, оқушы нені біліп, нені игеретіні туралы толық мәлімет беріледі.

Зерттеу жұмысымның тақырыбы: Бөлінді разрядтарының бірі нөл болатын жағдайдағы көптаңбалы сандарды бөлу

Зерттеу жұмысымның мақсаты: Барлық оқушылар: өрнектерді баған түрінде жаза алады. Көптеген оқушылар: берілген есептерді шығара алады. Кейбір оқушылар берілген есептерді түсіндіріп шығара алады.

Оқушылардың белсенділіктерін арттыруға арналған тапсырмалар әртүрлі болғаны жөн. Бұдан:


  1. Математика сабағында балалар өздері орындайтын тапсырмалар арқылы таным белсенділіктері артады;

  2. Өздік жұмыстарды шешуде оқушыға оқу мен ойлау әрекетінің тиімді тәсілдері қалыптасады;

  3. Танымдық белсенділік қабілеттерін арттыру оқудағы беріктік, саналықты қамтамасыз етеді және де оқушыға керекті білік дағдыларды қалыптастырып, оқушының шығармашылық қабілетін, сонымен қатар оқуға деген ынтасын арттырады.

Мектепте өткен іс-тәжірибемізде қазіргі кезде оқытудың мақсаты- оқушының білімді меңгеріп, түсінуінде, оны тек дайын күйінде ғана алмай, өзінің ізденісімен, алған білімін сыныптан тыс басқа ортада қолдана алатындай етуін талап етеді. Сабақ үрдісінде сыныпты ұйымдастырып, оқушыға бағыт – бағдар беріп, жеке жұмыспен қатар топтық жұмыс жүргізіп, сол арқылы баланың жеке ерекшеліктерін, қабілеттерін, мүмкіндіктерін аша білу бұл мұғалімнің басты рөлі. Осыған орай зерттеу сабағымызға көшсек. Сабақтың барысында балалар бір – бірлеріне жақсы тілек айтып, топқа бөлінді. Сабақтың тақырыбымен, мақсаты түсіндірілді. Оқулықпен жұмыс жүргізілді. Есепті түсіндіру барысында балаларға бөлудің қалай орындалғанын түсіндіріліп өтілді. «Кім зерек» әдісі арқылы 3-тапсырманы орындады. «Кім шапшаң» тапсырмасын оқушылар шешімін тапты, балаларға топтық жұмыс ұсынды.

Осы бөлімде оқушылар жеке және топтық жұмыста жұмыс істей алды. Топтық жұмыс жүргізу кезінде оқушылар:



  • Балалардың бір – біріне деген сыйластықтары пайда болып, бағынышты болады.

  • Жауапкершіліктері артады.

  • Топта балалар өздерін, бір – бірлерін тыңдай біледі, бір – бірін күте біледі, кезектесіп сөйлеп, бір – бірінің сөзін бөлмеуге, өз ойларын ашық айта білу дағдылары қалыптасады.

  • Топпен жұмысты жиі өткізсе оқушылардың есте сақтау қабілеттері, ой талқылауы, өз пікірлерін ашық айта білу, сөйлеу дағдылары жақсы дамиды.

Оқушылармен ширату жаттығуын орындағаннан кейін оқушылардың деңгейлеріне қарай деңгейлік орындалды.

Сабақтың соңында бағалау шкаласы бойынша балалар өздерін бағалайды. Сабаққа қатысты пікірлерін айтады.

Рефлексия кезеңінде «Көңілді кеме» әдісі. Оқушылар сабақта орындалған есептерді түсінсе – кемені жасыл түспен, жартылай түсінсе – сары, түсінбесе – қызыл түспен кемені бояйды.

Оқушыларға рефлексияны жасатуды психологиялық жағынан қарайтын болсақ, бұнда мұғалімнің басты міндеті: оқушының сабақ барысында өткізген уақытын, істелген жұмысы туралы ойларымен бөліскісі келетіндей психологиялық ахуал жасау керек. Бұндай жағдайда баланың өзі жасаған әрекеттерін, басынан өткен сезімдерін қайта оралту, ол туралы қағазға түсіруі мен басқашалай суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді. Психологиялық жағдайда мұғалімнің шығармашылығын дамытудың формуласы «тәжірибе + тәжірибенің рефлексиясы = даму» түрінде ұсынылады. Бұл жағдай мұғалімнің кәсіби әрекетінде байқалады: біріншіден, мұғалім оқушының ойын, іс – әрекетін түсінуінде әрекеттесуі; екіншіден, оқушылардың жас ерекшеліктерін, даму мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту үрдісін анықтауда және жобалауында; үшіншіден, оқушының әрекетінің субъект ретінде талдауында. Тек осы жағдайдан кейін мұғалімнің педагогикалық әрекетіндегі шығармашылыққа деген жолы ашылады.

Зерттеу жұмысында дамыта оқыту технологиясының нәтижесі ретінде:

- әртүрлі әдістерді пайдалану сабақтың мәнін терең ашуға көмектеседі;

- оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

- олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;

- оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;

- оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;

- оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;

Бүгінгі таңдағы оқыту үдерісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Мен де оқыту тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын қарастырудамын. Оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын еркін және ерікті түрде білдірсе, шығармашылықпен жұмыс істесе екен деген мақсаттарды көздеймін. Тек білдіру емес, сонымен бірге өз пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс жүзінде де асыра алатын тұлға болып қалыптасcа екен деймін. 

Қорытынды



Білім беру жүйесінің мазмұны қоғамдық ағымдағы және болашақ қажеттіліктерді ескеріп және адам танымының ерекшеліктерін бейнелеп, әлеуметтік даму деңгейін есепке алудың негізінде қоғамға қабылданған білім берудің даму тұжырымдамасына сәйкес келуі тиіс.

Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік көзқарасын қалыптастыру мен жеке дамуын қамтамасыз ету бүгінгі күннің басты талабы. Өйткені мектеп жасына келген баланың ынтасын жоймаудың басты тәсілі - олардың танымдық талабын қанағаттандыру, ынтасын оятып, білім алуға шабыттандыру.

Осы мақсатта "Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану" деген тақырыпты зерттей отырып, көңілге түйгенім: оқушылардың танымдық қабілетін, жалпы ой-ерісін дамыту үшін, оқушыға оқулықтағы тапсырманы беріп, оны қалайда орыңдайтынын талап етіп қоймай, осы тақырып бойынша қосымша тапсырма беріп, оның қайсысын орындайтынын оқушының өз еркіне беріп, өмірмен ұштастырып, мысалдар келтіріп, бала қабілетін тежемей, дамыта отырып оқыту не байланысты дербес зерттеуді қажет етеді.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеті екі түрлі дамиды. Біріншіден, баланың осы кезге дейін жинақтаған тәжірибесін меңгеруге бағытталған оқу - әрекеті арқылы дамиды, білім, білік, дағдыны қабылдайды. Екіншіден, кез - келген оқушы шығармашылық есептер орыңдау, ойлау арқылы өзін дамытады.

Осыған дейін көрген іс- тәжірибем мен мекгептегі ұстаздардың әдіс- тәсілдерін саралай келе, оқушылардың танымдық қабіпетін дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын, ақыл-ойын дамытуды, қабілетіне қарай қарастырдым. Эксперимент нәтижесінде дамыта оқыту технологиясы орташа оқушылардың басым бөлігі жоғары деңгейге дейін көтеріліп, зерттеу болжамының дұрыстығы дәлелденді,

Мен зерттеу жұмысымда бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда түрлі еоептерді пайдаланудың тиімді жолдарын толық талдап, зерттеп, толық шештім деп есептемеймін, себебі заман талабының өзгеруіне, өндіріс салаларына түрлі техника мен технологиялардың енуіне байланысты білім беру мазмұны да өзгеріске ұшырауы заңдылық. Сондықтан, бұл мәселе бастауыш мектеп мұғалімдерінің даярлығына қойылатын талаптың үздіксіз өсуіне байланысты келешекте басқа қырынан дербес зерттеуді қажет етеді деген ойдамын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 

  2. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

  3. Бабаев С.Б «Бастауыш мектеп педагогикасы» оқу құралы: Алматы: «Заң әдебиеті» 2007Бекмағамбетова Р.Қ Педагогика-1 «Педагогиканың жалпы негіздері» Алматы, Альманах, 2018ж

  4. Бантова М.А. Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы / М.А. Бантова .- Алматы: Мектеп,

  5. Бекматова Б.Е Методикалық құрал «Рухани әлем» 2018

  6. Бидосов Ə. Математиканы оқыту методикасы / Ə. Бидосов.-Алматы: Мектеп, 1981.-221 бет.

  7. Берикханова А.Е «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» Кәсіби құзыретті ұстаздарды даярлау негіздері. Оқу құралы 2009ж

  8. Елубаев С «Математиканы оқытудың әдістемесі» жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Алматы, «Эвро» баспанасы 2016ж

  9. Жоламанова Т.М «Жаңа педагогикалық технология» оқу құралы – Қарағанды: «АҚНҰР» баспасы 2018ж

  10. Ибрагимов Р «Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі мен технологиясы» оқу құралы. Алматы:Альманах 2018ж

  11. Изгенбаева Р.Т «Жоғары мектеп педагогикасы»

  12. Қаңлыбаев Қ.И «Математиканы оқыту әдістемесі» оқулық Алматы: ЖШС РПБҚ «Дәуір» 2013

  13. Қасымова Р.С «Әлеуметтік педагогика» пәнінен оқу әдістемелік құрал. Астана 2014

  14. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Университет студенттеріне арналған оқу құралы. Астана. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті. 2003ж

  15. Қоянбаев Ж.Б, Қоянбаев Р.М . «Педагогика» Алматы, 2002ж.

  16. Құрманалина Ш «Педагогика» оқулық 2-басылым. Астана: Фолиант, 2012жыл

  17. Мұқанова Б.Ж, Ильясова Р.Қ «Этнопедагогика»: оқу құралы – Астана: Фолиант 2008ж

  18. ХХІ ғасырдағы қазақ мектебі: Даму болашағы ІІ том Республикалық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары.Алматы -2006ж.

  19. ХХІ ғасырдағы қазақ мектебі: Даму болашағы І том Республикалық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары.Алматы -2006ж.

  20. Сатбекова А.А «Қазақстанық ЖОО мен орта мектептерде білім берудің сапасын дамыту жолдары»: әдістемелік оқу құралы – Алматы:Республикалық www.gylym-bilim.kz интернет ресурсы 2015ж. IX-шығуы.

Қосымша

Кесте 1 - эксперименттік оқушылардың экспериментке дейінгі тәжірибесінің нәтижелері. (% есебімен)


Сынып

Оқушы

Тапсырма түрі

Дұрыс орындағандар

Дұрыс емес орындағандар

%

%

эксперимент

А - оқушы

1

90

10

2

92

8

3

92

8

эксперимент

В - оқушы

1

79

21

2

84

16

3

80

20

эксперимент

С - оқушы

1

32ө

68

2

30

70

3

41

59

Кесте 2 - эксперименттік топтың эксперименттен кейінгі тәжірибесінің нәтижелері. (% есебімен)

Сынып

Оқушы

Тапсырма түрі

Дұрыс орындағандар

Дұрыс емес орындағандар

%

%

эксперимент

А - оқушы

1

98

2

2

97

3

3

98

2

эксперимент

В - оқушы

1

90

10

2

89

11

3

90

10

эксперимент

С - оқушы

1

61

39

2

56

44

3

60

40





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет