Латын әліпбиіне көшу – тілімізге жасалған игі қадам



Дата15.09.2017
өлшемі54,87 Kb.
#32542



Латын әліпбиіне көшу – тілімізге жасалған игі қадам
п.ғ.м., аға оқытушы Сатыбалдиева А.У.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ-сы,

Аннотация: Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында латын әліпбиіне көшу мәселесін айтып өтті. Шын мәнінде латын әліпбиіне көшу мәселесінің айтылып келе жатқанына біраз уақыт болғанын көпшілік жақсы біледі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілшілері осы мәселені қозғап, орыс жазуына негізделген қазақ жазуының әліпбиінен латын әліпбиіне көшу туралы жазған еді. Сол кезде кей ғалымдар көне түрік жазуын қолдаса, кейбіреулері Қытай, Моңғолия, Иран, Түркия, Ауғанстан мемлекеттерінде тұрып жатқан қандас бауырларымыздың араб жазуына негізделген қазақ жазуын қолданып жүргенін ескеріп, араб графикасына негізделген қазақ жазуын қолдаған болатын. Дегенмен де, сол кездің өзінде-ақ латын жазуына негізделген әліпбиді қолдағандар басымырақ болғаны жасырын емес. Бүгінде бұлардың қатары көбеймесе азаймағаны анық. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Талдау нәтижелері бойынша латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ еліміз үшін әлдеқайда маңыздырақ.

Кілттік сөздер: латын әліппесі, жаңа әліпби, тіл.
Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев
Латын әліпбиіне көшу туралы мәселе тәуелсіздік алған жылдардан бермен қарай көтеріліп келеді. 2006 жылы Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек», — деген еді [1]. «Қазақстан-2050» стратегиясында латын тіліне 2025 жылы толық көшетініміз туралы кесімді сөз айтылды. Биылғы жылы Президент "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында латын әліпбиіне көшу туралы идеяға қайта тоқталып, осы идеяны жүзеге асыруға қатысты нақты жоспарларды айтады. 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. ", - деп келтірді. Латын әліпбиіне көшу тек әлпібиімізді ауыстыру ғана емес, заман ағымына ілесу, дамыған 30 елдің қатарына қосылуға бір қадам, ұлттық жаңғырумыздың бір бейнесі іспетті. Ақпараттық технология заманында компьютер тілі латын тілі екені бәрімізге аян. Жас ұрпаққа саналы да, сапалы білім беруде жаңа әліпби алар орны өзгерек. Латын қаріпі біз таңсық емес. Электрондық поштамыз болсын, машиналардың номері, төлқұжаттарымыз латын әріпімен жазылған,яғни бізге латын қарпі баяғыдан еніп келеді деп айта кеткеніміз жөн болар, медицина тілі болсын, әртүрлі құнды дееректер латын қаріпінде, әліпбиді өзгерту қоғам талабы емес, заман ағымы деп ұғынғанымыз жөн болар. Латын қаріпіне көшкенде ұтарымыз не деген сұраққа тоқталсақ, өзімізге тән жаңа әліпби қалыптасар еді, тіл тазалығы сақталар еді, кітаптар мен журналдардағы, жарнамалардағы өріп жүрген қателерден бір жола айығар едік. латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. 

Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің мәртебесіне дем береді. Себебі барлық кітаптарды жаңадан шығару керек болады. Бүгінгідей екі мың немесе бір мың таралымдай емес, кәдімгідей он мыңдап, жүз мыңдап, бүкіл мектепке, бүкіл аудандық кітапханаға, бәріне жететіндей етіп шығару мәселесі шығады. Яғни, бұл бірнеше саланың экономикалық дамуына да үлкен ықпалын тигізеді, және осыған дейін көп жылдар бойы шықпай қалған қаншама әдебиет бар, қаншама тарих кітаптары бар, басқасы бар – осының бәрін жаңартып, қайтадан рухани айналымға түсуі, қайтадан оқыла басталуы үлкен ықпалын тигізеді [2].

Латын әріптеріне көшкен уақытта оны іске асуында көп қиыншылық болады деуге негіз жоқ. Өйткені бүгінгі таңда әсіресе жастар ағылшын тілін де білгендіктін ертен-ақ латынға көшкеннің өзінде қиналмай оқи да, жаза да біледі. Тіпті бүгінгі таңда ғаламторда, Қазақстан латынға көшу жайында шешім қабылдамағанның өзінде,олар латын әріптерімен қазақша жазып та жатыр. Қиыншылық белгілі жастың, атап айтқанда 40-тың үстіндегі, ағылшын тілін мүлде білмейтін азаматтарда болуы мүмкін. Олар латын әріптерін бір екі күнде оқый алатын болса да, бір неше ай сол әріптерде жазуда қиналары анық. Бірақ негізінде оңнан солға қарай жазылатын арап әріптеріне қарағанда, кириллица мен латын әріптерінің жүйесі бір. 

Тәуелсіздікті мойындап, тарихи қуанышымызға ортақтасқаны күні кешегідей ел есінде. Себебі, Қазақстанның тәуелсіздігі, ол – тұтас түркі дүниесінің егемендігінің емен-жарқын ашылған алғашқы беті еді. Айтары жоқ, Қазақстанның жаңа әліпбиге көшуі, сөзсіз түбі бір түркі тілдес елдердің бауырластық береке-бірлігіне де оң ықпалын тигізеді. Ендеше, сол бес саусақтың жұдырық болып жұмылуы – қапысыз қажеттілік, талассыз тарихи талап. Бұл – мәңгілік ел мұратына бет түзеген қазақстандықтардың мүддесі, сонымен бірге айбыны асқақтаған атажұртқа тілеулес, шекараның ар жағынан елжірей, мөлдірей қараған барша қандастарымызды рухани бірлікке бастайтын алтын көпір [3].



Қорыты айтанда, тәуелсіз ел болып қалыптасқан Қазақстан үшін ұлттық жаңғыруда әліпбиді өзгерту болашаққа жасалған нық қадамдардың бірі деп ұғынайық.  Ол сонымен қатар әлемнің технологияда үздік дамыған елдері және туысқан түркі халықтарымен етене араласуына мол мүмкіндік береді. Қазақ жазуы қоғам дамуының заманауи талаптарына лайық болу үшін латын графикасына көшу елдік, мемлекеттік деңгейдегі проблемаға айналды. ХХІ ғ. латын тілі – технология, ақпарат, коммуникация тіліне айналып отыр. Бұл латын тілінің экономикалық тиімділігін айқындайды.

Қазіргі таңда латын әліпбиіне негізделген жазу түрі әлемде кең қолданысқа ие болып отыр. Әлем халықтарының 40 % латын графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланады. Латын негізді жазу түрінің кең қанат жаюына осы әліпбиді тұтынушы елдердің әлемдік өркениет пен мәдениеттегі, ғылым мен техника, медицина т.б. салалардағы жетістіктері мен өнімдері де әсер етті.



Жалпы әлемдік елдермен бәсекеге түсуде елімізге керек басты қарудың бірі – латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуы болса керек. Әлемдегі басқа ұлттармен бәсекеге түсуде қазақ ұлтына қажетті нәрсе жалпы зияткерлік мен әлемдік деңгейдегі білім. Ал бұларға бастар қадам жақын уақытта латын әліпбиіне көшу деп есептеймін. Оның үстіне бұл шара Қазақстанның бүгінгі даму үрдісінің рухани саладағы жалғасы болып табылады. Сондай-ақ ол тәуелсіздікті, әсіресе мәдени саладағы тәуелсіздікті бекемдей түседі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты /Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан.

  2. https://www.nur.kz/

  3. https://baq.kz/kk

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет