Ўлдан – ўлаєат



бет1/11
Дата20.07.2020
өлшемі74,5 Kb.
#63335
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11



Тәрбие сағаты




Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ұлдан – ұлағат,

Қыздан – инабат»


Мақсаты:

Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға, өз халқының салт-дәстүрін ұйрене отырып, әдеп әліпесін дарыту.






















Сабақтың көрнекілігі:

Өсиет сөздер, мақалдар, адамгершілікке байланысты суреттер, мультимедиялық проектор, жылжымалы экран, слайд.










Хор: «Өз елім менің»
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қауым! Бүгінгі №10 топ оқушыларының ұйымдастырылуымен «Ұлдан – ұлағат, қыздан – инабат» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Отбасы – адам баласының діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

Мақпал: Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін – шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тілалғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
Нұрсұлтан: Ерлі-зайыптылар балалар көзінше бір-біріне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде, өз беделдерін жоғалтудың, бала-шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың үстіне, олардың жанына кейін үй болғанда, алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді. Бұл жағынан аналардың балаларға: «Әкеңмен ақылдас», «Әкең біледі», «Әкеңнің айтқанын істе» т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет! Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. «...Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй, балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып сәлем бер!» - дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бір шеткерірек оқшау тұрған топқақарай адымдай жөнеледі.» Ұлы жазушы М.Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.
Жүргізуші: Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі - әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Келесі кезекті Құлтасов Нұрболаттың орындауындағы әсем әнге береміз.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет