Лекция 15 Мектеп жасына дейінгі балалармен психодиагностикалық жұмыс жүргізудің негізгі ұстанымдары



бет1/5
Дата02.01.2022
өлшемі30,5 Kb.
#107844
түріЛекция
  1   2   3   4   5
Байланысты:
лекция Танабаева Г. куратор
Бастауыш білім беру деңгейінің 1, лекция Танабаева Г. куратор, лекция Танабаева Г. куратор, миндетти бак тизьбеси-1

Лекция 15

Мектеп жасына дейінгі балалармен психодиагностикалық жұмыс жүргізудің негізгі ұстанымдары.

Жоспар

  1. Диагностикалық міндеттері балалардың жасына сәйкес әр түрлі нұсқаулар арқылы анықтау

  2. Диагностикалық сұхбат

  3. Психикалық дамудың диагностикасы


1. Оқушылардың психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу және олардың білім, дағды, үйренулерінің жастық дамуға қаншалықты сәйкес келетінін анықтау мектеп психологының басты міндетіне жатады.

Психодиагностика оқушылардың тәрбиеде, оқу барысындағы қиыншылықтарын анықтауда, сондай-ақ қызығушылықтардың, қабілеттердің даму ерекшеліктерін зерттеуде үлкен рөл атқарады. Балалардың жеке психикалық ерекшеліктері туралы ақпаратты жинау, К.М.Гуревичтің анықтамасы бойынша, психодиагностиканың негізгі міндеті болып табылады. Бұл ақпараттар оқушылармен жұмыс істейтін адамдар үшін өте пайдалы. Мектеп психологының практик-психологпен диагностикалық жұмыс барысындағы ерекшеліктері. Психологиялық қызмет жүйесінде психодиагностиканың біршама ерекшеліктері бар. Психодиагностиканың «ғылыми - зерттеуші» және «ғылыми - практикалық» секілді түрлерін ажырату керек. Егер біріншісінің міндеті психикалық психикалық даму заңдылықтарын зерттеу болса, ал ғылыми – практикалық психодиагностиканың мақсаты нақты психологиялық бұзылыстың себебін анықтау болып табылады. Практик-психолог бала дамуына ұсыныс беру үшін, балаға түзетуші шаралар жасау үшін психодиагностиканы қолданады.

Психодиагностикалық ақпараттар мына жағдайларда: 1) даму бұзылыстарын түзетуді ертерек бастау, оқушылардың психикалық даму қарқынын зерттеу; 2) төмен деңгейдегі және озат оқитын балалардың дұрыс жетілуіне жағымды жағдай қалыптастыру мақсатында дамытушы бағдарламаны жасау; 3) ерекше қабілеттері бар балалардың дамуына жағдай жасау; 4) психолог жүргізетін психопрофилактикалық жұмысының тиімділігін тексеру; 5) тәрбиелеу және оқыту жүйесіне салыстырмалы психологиялық талдау жасау; 6) психологиялық ағартудың өзекті тақырыптарын таңдау мақсатында қажет. т.б.

Мектептегі психологиялық қызмет шеңберінде түзету, дамыту, диагностика секілді әдістер бөлек жүргізілмейді. Олар мектепте бір кезеңде атқарылатын жұмыс болып табылады. Мысалы: диагностикалық – коррекциялық немесе диагностикалық – дамытушы жұмыстар.

Мектеп психологының жұмысы диагноз қойып, тұлғаны дамыту бағдарламасын жасаумен шектелмейді. Ол балалардың дамуын зерттеп, ұсыныстардың орындалуын қадағалайды, сонымен қатар психологиялық, түзетушілік, тәрбиелік жұмыстың басым бөлігін өзі атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет