Лекция Тақырыбы: Балаларды сауаттылыққа меңгертуге дайындау Мақсаты: Студенттерге балалардың тілін дамыту, сауаттылықты меңгертуге үйретудің әдіс -тәсілдерімен таныстыру



Дата14.04.2020
өлшемі25,18 Kb.
#62399
түріЛекция
Байланысты:
10-дәріс
лекция 9, лекция 9
10 –лекция

Тақырыбы: Балаларды сауаттылыққа меңгертуге дайындау

Мақсаты: Студенттерге балалардың тілін дамыту, сауаттылықты меңгертуге үйретудің әдіс –тәсілдерімен таныстыру.

Лекция жоспары:

  1. Балалардың тілін дамытуға шетелдік ғалымдардың еңбектерінің маңызы

  2. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту, сауаттылыққа үйрету жолдары

1.

Баланың сөзі сыртқы ортамен байланысты үш түрлі қызмет атқарады: қатынастық, танымдық, реттеушілік. ..............................

Қатынастық қызмет- ертеректегі өмірдің тоғызыншы айынан он екінші айына дейін түрленген былдырауынан туындайтын баланың бірінші сөзі дәл осы қызметті атқарады. Айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасау қажеттілігі баланың сөйлеуін одан ары жетілдіруге ынталандырады. Екінші жылдың аяғында бала айналасндағы адамдар анық түсінетіндей өз тілегін, бақылауын сөзбен толық жеткізе алады, өзіне сөйлеген ересек адамның сөзін түсінеді.

Көрнекті ғалымдар бала тілін дамыту жайында. Мектепке дейінгі педагогика және психология ғылымы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздің дыбыстық құрамын меңгерту мәселелеріне жан-жақты көңіл бөліп, бұл жұмысты ақыл-ой тәрбиесімен бірлікте қарастырады. Өйткені ойлау үрдісі заттар мен құбылыстардың жалпы сипатын, заңды байланыстраы мен кейбір ерекшеліктерін бейнелесе, сол заттардың шындық болмысы ойда сәулеленетін ұғым арқылы көрінеді. Ал сөйлеу – ойлаудың негізгі формасы.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қоры мен сөйлеу дәрежесі жөніндегі әдебиеттерге талдау жасағанда көрнекті ғалымдар баланың сөз меңгеру ерекшеліктерін жан-жақты қарастырған. Баланың сөздік функциясын меңгеру туралы (Л.С.Выготский, А.А.Люблинская, т.б), баланың психикалық үрдістерін дамытуға түрлі іс әрекетін жетілдіруде сөздің әсері(А.Р.Лурия, Ф.Я.Юдович, З.М.Истомина), сөздің дыбыстық құрамын меңгеру ерекшеліктері (Н.Х.Швачкин, А.Н.Гвоздев), грамматикалық формалардың бала тілінде қалыптасу үрдістері жөніндегі(В.П.Вахтеров, Ф.А.Сохин, А.В.Захаров, И.И.Попова), сөздік қорды меңгеру заңдылықтары туралы (Е.А.Аркин, Н.А.Рыбников, К.И.Чуковский т.б), еңбектері соның айғағы. Көрнекті ғалымдардың бір тобы мектеп жасына дейінгі балаларды ана тілінде сөйлеуге үйрету әдістеріне егжей-тегжейлі тоқталып педагогика ғылымна мол үлес қосты. Мектепке дейінгі ұйымдағы балаларды оқыту проблемасының негізін қалады. Олар: Е.И.Водовозова, Е.И.Тихеева, А.П.Усова, А.И.Леушина, О.И.Соловьева т.б аталған ағалымдар классик педагогтардың еңбектерін шығармашылықпен дамыта отырып, оқытудың жалпы дидактикалық принциптерін мектепке дейінгі балалардың ждас ерекшелігіне шебер сәйкестендіре білді. Бірсыпыра ғылыми еңбектер мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі көркем әдебиеттің рөліне арналған. Бұл жөнінде: Н.С.Карпинская, Т.А.Маркова, М.М.Конина, Е.Ф.Лукина, Т.В.Рубцова, В.М.Федияевская секілді педагог-ғалымдар көрнекті еңбектер жазды. Ол еңбектер бала бақшаның тіл дамыту сабақтарында көркем шығармаларды оқыту әдістемесін қарастырады. Бұл жөнінде әсіресе В.И.Федияевская еңбегі маңызды орын алады. Оның әдістемелік еңбегі ұзақ жылдар бойы жүргізілген арнайы зерттеу мен балабақшадағы алдыңғы қатарлы тәжірибелер нәтижелері негізінде жазылған.

Бала үш жастан аса іштей сөйлеуді меңгере бастайды. Дәл осы кезден бастап сөз ол үшін тек қарым-қатынас құралы ғана болудан қалады да, енді басқа да қызметті, ең алдымен таным қызметін атқарады: бала жаңа сөздерді және жаңа граматикалық формаларды меңгере отырып, айналадағы өмір туралы, заттар туралы, өмірдің шындық құбылыстары мен олардың қарым-қатынасы туралы түсінігін кеңейтеді. ..........................................................

Балада қатынастық және танымдық қызметтердің қатар дамуымен бірге оның мінез-құлқын реттеуші ретінде сөзді меңгеру басталды. Баланың мінез-құлқын реттеуші алғашқы сөздер-болады, болмайды және етістіктің бұйрық рай түріндегі іш, жүр, сияқты сөздер............................................................


- Болмайды,- дейді ересек адам, пышақтың жүзіне немесе жалынға қол созған балаға үрейленген дауыс екпінімен. Болаттың қолы аурады ( ақылды болу, яғни өз қылығының неге апарып соғатынын болжай білу керек).
Болмайды- дейді ол ренішті дауыспен егер бала саусағымен оның көзін түртіп қоймаса-ауырады ғой. Онан да сен мені аяп, қолыңмен сипа (ешкімді ренжітпей, басқаға зияндық жасамай, мейірімді болу керек).
-Болмайды-дейді анасы кесімді түрде, ол жыртпақ болған кітапты қолынан алып қояды. Мұндай сөздер баланың санасын өздігінен оятады (оның) еркін машықтандырады тәртіптендіреді. Жеке адамның қасиеті ретіндегі тәртіп, кейінірек болатын өзін-өзі тану, тәрбиелеу-адамға қажетті мінез-құлық дамуының кепілі болып табылады.
Бала бұйрық етістіктерін де «болмайды» деген сияқты, жағымды эмоциямен қабылдауы керек.

Сонда бұл сөздер баланың еркін жаттықтыру құралы болады да, ол сөзді дұрыс қабылдай отырып, өзінің мінез-құлқын реттеуші қызмет атқаратын, өзі үшін жаңа сөздердің мәніне ой жүгіртеді. Ақырында, бала өзіндік мінез-құлық жасау үшін өз тілімен сөйлеуге үйренеді. Бұл- тілді меңгерудің жоғары формасы. Баланың қарым-қатынас жасау, өмірді тану, өзінің іс-әркетін жоспарлау қабілетті мидың дамуына байланысты қалыптасады, бірақ даму процесі көбіне машықтануға, яғни оның осы кезге дейін меңгерген сөздеріне үнемі назар аударуына байланысты.


2.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту, сауаттылыққа үйрету жолдары

Мектеп жасына дейінгі барлық топ балаларды тәрбиешінің қамқорлығы әр баланың лексикалық сөз қорын кеңейтуге ғана емес (бұл да қажет болғанымен), сондай-ақ әр баланың қабылдаған сөзі оның өзіне тән жалпылау дәрежесінде үйренуіне бағытталуы тиіс.

Өйтпейінше сөздің дыбыстық құрылымын ғана есте сақтауды емес, сөздің лексикалық мағындасын толық тусінді талап ететін ана тілін үйрену заңдылығы бұзылады.

Лексика-көне гректің Lexiros (сөздік) деген сөзі. Лексика деген сөз жер жүзіндегі халықтар тілінің көпшілігінде термин болып қалыптасып кеткен. Біздің тілімізге ол орыс тілі арқылы келіп орнықты. Бұл термин - бір тілдегі барлық сөздердің жинағы деген ұғымды білдіреді. Осы лексика деген терминнің ұғымына тілдің жергілікті ерекшелігі де, сол бір тілдің говорлары да, диалектілері де енеді. Лексиканың құрамына енген сөздерді тексеретін-лексикология, мағыналарын тексеретін-этимология, сөздік жасау, сөздерді жүйелі түрде жинау ісін тексеретін-лексикография кіреді. Бұған фразеология да іргелесіп отырады. Тіл ғылымының этимология, лексикология, семасиология, лексикография деген тараулары лексиканы тексереді. Сонымен қатар лексика грамматиканың негізгі базасы болып табылады.  Грамматикалық категорияларды сөздің грамматикалық өзгерістерін, түрленуін, бір сөз бен екінші сөздің байланысын-оның негізгі обьектісі болатын-сөзден бөліп қарауға болмайды. Сөздердің мағынасын, оның жалпы лексикалық системадағы алатын орнын, шығу төркініне қолдану қабілеттігін күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, стильдік мәні мен сипатын тексеретін лексикология.


Лексикология тілдегі барлық сөздердің жиынтығын, сөз байлығын зерттейді, тілдің негізгі сөздік құрамының келесі мәселелерін түгел қамтып, оны егжей-тегжейлі түсіндіруді мақсат етеді.

Қатынас құралы ретіндегі тілдің сөздік құрамына және лексикалық ретіндегі сөздің табиғатына қатысты жалпы лингвистикалық проблемалар бар. Олардың қатарына тілдің лексика-семантикалық жүйесі туралы мәселе, тілдік единицалардың ішінде сөздің алатын орны, сөзге тән басты белгілер, сөз бен ұғымның ара қатынасы, сөздің лексикалық мағыналарының түрлері, сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналарының ара қатынасы мен байланысы және т. б. мәселелер енеді. Бұлар лексикология теориясының жалпы проблемалары ретінде лексикологияда (общая лексикология) қарастырылады. Ал нақты бір тілдің лексикасы және оның ерекшеліктері жеке лексикологияда (частная лексикология) қарастырылады. Жалпы лексикология мен жалқы (жеке) лексикология бір-бірімен байланыста болады. Бұлай болатындығы мынадан: қоғамдық құбылыс ретіндегі жалпы адам баласының тілін сипаттайтын жалпы заңдылықтар жеке, нақтылы тілге де тән болады. Мысалы, қоғам дамуының барысында жаңа сөздердің жасалып, тілдің толығуы, дамуы, кейбір  ескірген сөздердің одан шығып қалуы немесе өте сирек қолданылатын сөздерге айналуы — тіл атаулыға тән жалпы заңдылық. Сондай-ак, тілдің сөз мағынасының өзгеруі, көп мағыналы сөздердің жасалуы және синонимдік қатарлардың пайда болуы — осылардың бәрі тілдердің барлығында да бар.  Осы аталған мағлұматтарды меңгере отырып, баланың сөйлеу тілінің дамуына жол ашамыз.



Бақылау сұрақтары

  1. Баланың сөзі сыртқы ортамен байланыста қандай қызмет атқарады?

  2. Мектеп жасына дейінгі баланың тілінің дамуына сыртқы ортаның ықпалы

  3. Шетелдік ғалымдардың бала тілін дамытуға қосқан үлесі

  4. Баланың сауатты сөйлеуінің алғышарттары

1-8 әдебиеттерді пайдалану

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет