Лекция тақырыбы: Оқыту мен оқудаақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану. Сабақ жоспары



бет1/3
Дата22.09.2022
өлшемі26,17 Kb.
#150426
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
6 Дәріс
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ

6 Лекция тақырыбы:Оқыту мен оқудаақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану.


Сабақ жоспары:
1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін жасау және оны жүйелеу;
2. Білім беруді ақпараттандыру кезеңіне педагог мамандардың біліктілігін көтеру.
Сабақтыңмақсаты:
Оқыту мен оқудаақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімді әдіс – тәсілдерін анықтау.

Қазіргі кездегі мұғалімнің мақсаты–білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Ал тарихты оқыту – өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі үрдіс. Қазір білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінде қажеттілігін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану - басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе – тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Сондықтан тарих сабақтарында көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдана білу мұғалім алдында тұрған бірде бір міндет. Сабақта жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан жақты қолдану, сабаққа керекті материалды ақпараттық кеңістіктен іздеу, мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оның уақытын үнемдейді, жаңа ақпарат түрі көбейіп, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді.


Оқытудың ақпараттық –коммуникациялық интерактивтік технологиялары – жеке тұлғаның ақпараттық –коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру негізі.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мəлімет алмасуына, қарым–қатынасына ақпараттық–коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау –құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияныпайдалану дағдыларын қалыптастыру жəне оқушы əлеуметінің ақпараттықсауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тəрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу жəне тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық жəне кибернетикалық тəсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу əдістерімен механизмдерін жəне оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым. Оқытудың ақпараттық –коммуникациялық жəне интерактивтік технологияларын пайдалану – педагогикалық іс –əрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты –коммуникациялық технологияларкеңістігін құруға жағдай жасайды.
Ақпараттық –коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тəрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау жəне шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.Оқытудың ақпараттық –коммуникативтік жəне интерактивтік технологиялары бағыттары мына 4 бөлікке бөлуге болады:
а) электронды оқулықтар; ə) телекоммуникациялық технологиялар; б)мультимедиалық жəне гипермəтіндік технологиялар; в) қашықтықтан оқыту(басқару) Интернет.
Ақпараттық –коммуникативтік технологияны оқу –тəрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады: Өз пəні бойынша оқу –əдістемелік электронды кешендер құру,əдістемелік пəндік Web–сайттар ашу; Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану; Бағдарламалау ортасында инновациялық əдістерді пайдаланып,бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық жəне гипермəтіндік технологиялар). • Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.
Ақпараттық –коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер,электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нəтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On–line сабақтар арқылы іске асырылуда.
Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін –өзітолықтыратын, барлық қатысушылардың өзара əрекетіне негізделген, оқупроцесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру. Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік əрекет өзара түсіністікке, өзара əрекетке,қатысушының əрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін – ұйымдастыру жəне сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.
Бүгінгі күні инновациялық əдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Əсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пəндерінің барлық бағыттары бойынша электрондық оқулықтар құрылуы жəне Интернеттің дамуы мысал бола алады. Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттық жəне телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру жəне қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мəдениетін жəне ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мəселесі бүгінгі күннің өзекті мəселесіне айналып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет