Лекция тақырыбы: Оқудың түрлері және оқу сапалары Лекцияның мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата26.05.2022
өлшемі260,9 Kb.
#145087
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
80 1643979304, 9 сынып ҚМЖ, Әуезхан Н 13 срс, Лабораториялық жұмыс, 5 лекция, =фиброзды альвеолит-emirsaba.org, аза стан Республикасында акушерлік-гинекологиялы к мек к рсету, 251339


№11 Лекция тақырыбы:
Оқудың түрлері және оқу сапалары 
Лекцияның мақсаты мен міндеттері:
Студенттерге қажетті ұғымдар мен түсініктердің мән мағынасын ашып кӛрсету. 
Бастауыш сынып оқушыларына бастауыш сыныптарда тіл дамыту әдістемесінде 
қарастырылатын материалдарды оқып–үйретуге, оларды осы пән арқылы 
тәрбиелеу және дамытуға қажет болатын теориялық, әдістемелік мәлімет беру.
Негізгі ұғымдар:
нормативтік-құжаттар, мемлекеттік стандарт, тұжырымдама, 
баланың кұқығын қорғау конвенциясы, бағдарламалар мен оқу-әдістемелік 
құралдар.
Лекция мазмұны:
Оқудың екі түрі бар: 
дауыстап оқу
, іштен оқу. Оқудың бұл екі түрі де бастауыш 
сыныпта қолданылып, дамытылады. 
Сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу жүзеге асырылады, ӛйткені балаларға іштен 
оқытсақ, оның оқу деңгейін тексере алмаймыз. Дауыстап оқыту арқылы оқуға енді 
тәсіліп отырған Оқушылардың Оқу сапасын дұрыс, яғни түсініп, мәнерлеп оқуын, 
оқуға шапшандығын байқауға болады. 
Әліппеден кейінгі кезең материалдарын оқыту кезеңіндеіштен оқуға дағдыландыра 
бастаймыз. Іштен оқуға үйретудің маңызы зор. Тек дауыстап оқуға үйренген бала 
мектептің негізгі білім жүйесіне кӛшкен кезде кӛп қиыншылыққа кездеседі. 
Біріншіден, оқушы сабаққа дайындалу үшін жеке ӛзі ғана болуы керек. Дауыстап 
оқып отырса, қалған оқушыларға зияны тиеді. Оқу залдарында сабаққа дайындалу 
қиынға түседі. Екіншіден, оқу шапшаңдығы дамымайды. Дауыстап оқығаннан гӛрі 
іштей оқу жылдамдығы артады. Мысалы: 2-сыныпта дауыстап оқығанда, оқу 
шапшаңдығы минутына 35-50 сӛз болса, іштен оқығанда, оқу шапшаңдығы 45-60 
сӛз болады. 3-сыныпта дауыстап оқығанда, минутына 60-75 сӛз болса, іштей 
оқығанда 80-100 болады. 2,3,4 сыныптарда оқудың екі түрі де қабаттаса 
жүргізіледі. 3,4 сыныпта дауыстап оқудан гӛрі іштей оқуға баса назар аударған 
жӛн. Оқушыларғажаңа материалды ӛздігінен іштей оқып түсіну қиын. Сондықтан 
тексті іштен Оқуға тапсырмас бұрын саналы, түсініп оқуға дайындық жү-мыстары 
жүргізіледі. Жаңа тексті алдымен дауыстап оқытып, содан соң ғана іштен оқуға 
нұсқау беруге болады. 
Оқушының іштен оқуға қаншалықты тәсілгенін байқау үшін, түсінуге жеңіл 
материалдарды іштен оқуға беріп, оқып шыққан соң, әр түрлі әдіс-тәсілмен 
түсінігін байқау жұмыстарын жүргізген дұрыс. Мұғалім оқудың бұл екі түрін де 
іске асыру кезінде оқу сапаларына назар аударуы керек. Оқу сапаларына 
жататындар: дұрыс оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу, шапшаң оқу. 
Мәтінді дұрыс оқу жеке сейлемді дұрыс оқудан тұрады. Дұрыс оқу үшін оқушылар 
тӛмендегідей талаптарды орындауы керек: 1. Сӛзді оқығанда әріптеп оқымай, 
буындап, буындарды жалғастырып Оқу, ша-на-лар, то-қу. 2. Оқып тұрған сӛздің 
алдынан не артынан, не ортасына артық дыбыс қоспай, не түсірмей оқу, ұқсас 
дыбыспен ауыстырмай оқу. 3. Бір 
дыбысты не буынды ұзақ созып
, не екі рет 
айтпау аа-на, баа- ла, а-на-на, ба-ба-ла, т.б. 4. Бір сӛз орнына екінші бір сӛзді, 
/мағынасына сәйкес келетін/ айтпау, сӛйлем соңындағы сӛзді, буынды жұтып 
қоймау. 5. Ұсақ дыбыстарды, тілі келмейтін дыбыстарды ауыстырмау. 
Сауат ашу кезеңінде Оқушылар Бұл талаптарды орындамай, оқу кезінде кӛптеген 
қателер жібереді. Сондықтан мұғалім оқудың қалған сапаларын жүзеге асырып, 
оқудағдысын жетілдіру үшін, Оқу сапасының негізі болып табылатын дұрыс оқу 
түріне баса назар аудару керек. Егер бала оқуға үйрету кезінде қате оқыса, мұғалім 


дереу дұрыс оқуға үйрету керек. Бұл жұмыстарды тӛмендегіше топтап кӛрсетуге 
болады. 1. Әр оқушының оқу дағдысын мұғалімнің жеке есепке алып, сол бойынша 
жұмыс жүргізуі. 2. Қате оқыған сӛзін оқыту, сӛзді дұрыс оқымағанына кӛз жеткізу. 
Мысалы, тон деген сӛзді оңн деп оқыса, сан мен сандық ұғымды қарапайым тілмен 
түсіндіріп, кеспе әріп, буынмен жұмыс жасату / ба-бал-ала, доп-топ, ас-аш/. 3. 
Сӛздің, сӛйлемнің мағынасын түсіндіру арқылы дұрыс оқуға үйрету. 4. Ұқсас 
дыбыстарды артикуляциялық жаттығулар арқылы дұрыс дыбыстауға үйрету. 
Мысалы, ш дыбысы тіл алдынан жасалса, с дыбысы тістін бір-біріне тиюінен 
жасалады. 5. Жаңылтпаштар айтқызып, тілін сындыру. 6. Орфоэпиялық талаптарға 
сай оқыту. 7. Оқушының ӛзіндік ерекшеліктерімен санасу, /кӛзі нашар, құлағы 
нашар еститін, қабылдауы тӛмен/ олармен жеке жұмыс түрін ойластыру. 8. 
Мәтіндегі сӛздің мағынасына қарай лайықты дауыс ырғағын, интонациясын сақтап 
оқуға үйрету. Дұрыс оқымаса, мұғалім дұрыс оқып беріп, оқушыға 
қайталаттырады, немесе жақсы оқитын оқушыға оқыттырады. 
Оқудың сапалық қасиетінің екінші бір түрі - түсініп оқу. Түсініп оқу дегеніміз - 
оқушыға оқыған сӛз не сӛйлемнің мағынасын, ондағы айтылған ойды дұрыс 
түсініп, оны екінші бӛлімдегі айтылған оймен байланыстыруы. Сондай-ақ, тұтас 
мәтіндегі негізгі ойды айырып, оған ӛзінің кӛзқарасын білдіру. 
Түсініп оқу дұрыс оқу сапасы арқылы іске асады. Егер бала оқыған материалын 
дұрыс оқымаса, онда 
айтылғалы тұрған ойды аңғармай
, сӛйлемдер арасындағы 
логикалық, психологиялық байланысты дұрыс қабылдай алмайды. 
Егер оқушы оқыған материалдарының мазмұнын саналы түрде меңгермесе, 
оқушыда белгілі бір икемділік, ӛмір, зат, құбылыс табиғат, адам, олардың іс-әрекеті 
туралы ӛзіндік кӛзқарасы болмайды. Мұндай жағдайда оқу сабағы ӛзінің алдында 
тұрған негізгі мақсат-міндетін де шешпейді, сондықтан, бастауыш сынып мұғалімі 
дұрыс оқыта отырып, оқығанын түсіну, саналы меңгерту жұмыстарында ерекше 
мән беруі керек. 
Ӛз бетінше мәтінді оқы, оның мазмұнын ӛз сӛзімен айтып беру - бастауыш сынып 
балалары үшін қиынға соғады. Бұған қарағанда, олар ауызша айтылған әңгімені тез 
қабылдап, ӛз сӛздерімен жеткізе алатынын байқатады. Ӛйткені ауызша айтылған 
сӛзді қабылдауда бала үннің, дауыс ырғағының қалай естілетініне кӛңіл бӛледі. 
Айтылудағы дауыс интонациясы мәтін мазмұнын дұрыс түсінуге кӛмектеседі. 
Мәтінді ӛз бетінше оқығанда оқудың түрі мен техникасын /сапасын/ жақсы 
меңгерген, сӛздік қоры мол бала тез түсініп, түсінігін айтуы мүмкін. Ал керісінше 
жағдайда мұндай іс-әрекет жүзеге аспайды. 
Оқушы оқығанын саналы түрде түсініп, толық қабылдауы үшін мұғалімге кӛптеген 
жұмыс түрлерін ойластырып, әдіс-тәсілдерді іріктеуіне тура келеді. Мұндай жұмыс 
түрлерін шамамен тӛмендегідей бағытта топтап кӛрсетуге болады: 
I. Оқытылатын мәтінге байланысты мұғалімнің ӛз дайындығы. 
Оқушыға оқытылатын мәтіннің қашан оқытылатынын, оның мазмұнын, ондағы 
айтылатын негізгі идеялық ойды мұғалімнің күні бұрын толық білуі.
Оқу 
материалының 
кӛлемін, 
ауыр-жеңілдігін, 
ӛткен 
материалмен 
байланыстылығын ескеріп, саналы түрде түсініп оқуға итермелейтін әдіс-тәсілдерді 
іріктеуі.
Мәтінде кездесетін түсініксіз сӛздер мен образды ой оралымдарын бала 
лексиконына ендіру, мағынасын түсіндіру жұмыстарын ойластыруы.
Ұзақ мәтіндерді бӛлімдерге бӛліп, ат қоюы. Шығарманық идеялық мазмұнына 
сәйкес қорытынды ой дайындауы.


II. Мәтінді түсініп қабылдауы үшін оқушылармен жүргізілетін жұмыстар:
Оқытылатын мәтінге дайындық ретінде алдын ала экскурсияға шығару, әр түрлі 
тәжірибе жасату.
Ӛтілетін тақырып мазмұнын толықтыратындай қосымша сыныптан тыс оқу 
материалдарын беру, оқыту.
Жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақырыптың суреттер іздету.
III. Жаңа материалды түсініп қабылдау үшін сабақ үстінде жүргізілетін жұмыстар: 
Кіріспе әңгіме.
Мұғалімнің мәтінді тұтас баяндауы не оқып беруі.
Сӛздік жұмысы.
Бӛлім-бӛлім бойынша оқушыларға дауыстатып оқыту.
Сұрақ-жауап арқылы не түсінгендерін, қалай тү-сінгендерін байқау.
Іштен оқу.
Қажетті жағдайда оқудың басқа түрлерін іске асыру. Мысалы: рӛлге бӛліп оқу, 
теріп оқу, бӛлімге бӛліп оқу.
Түсінгендері бойынша бӛлімге ат қою, мазмұндық сурет салу, мазмұнына сәйкес 
мақал-мәтел айту.
Осы әңгімеге құсас, идеялық ойын аша түсетін қосымша әңгімеге ӛлең, т.б. айту.
Осындай жұмыс түрлері ӛз жүйесін тауып жүргізілгенде ғана бала оқу материалын 
толық түсініп, ӛзінің бойына рухани азық алмақ. 
Бастауыш сынып оқушыларын дұрыс оқуға үйрету үшін қойылатын талаптың бірі - 
мәнерлеп оқу. Дауыс интонациясын сақтап оқығанда ғана бала дұрыс оқиды әрі 
оқығанын түсінеді. Бұдан шығатын қорытынды: оқудың сапалары бірімен-бірі 
тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отырады. Түсініп оқу үшін дұрыс оқу 
керек. Мәнерлеп оқу үшін оқып отырғанын түсіну керек. Мәнерлі оқылмаса, дұрыс 
оқыды дей алмаймыз. Еңдеше бастауыш сыныпта мәнерлеп оқуға үйрету сауат ашу 
кезеңінен басталады. Сауат ашу кезеңінің дайындық сатысынан бастап сӛйлеуге 
үйретеміз. Ал оның басты үлгісі - мұғалімнің ӛзінің дауыс интонациясы. Мәнерлеп 
оқу дегеніміз - дұрыс оқу, сонымен бірге дауыс интонациясы арқылы сӛйлем не 
мәтіндегі негізгі ойды жеткізу, мазмұндық ой екпінін қоя білу, кейіпкер кӛңіл-
күйін сезіне оқу. Екінші сӛзбен айтқанда, қарапайым сӛйлеу тіліне жақын, еркін 
оқу, дауысты құбылтып, тындаушысына әсерлі етіп жеткізу. 
Баланы мәнерлеп оқуға үйрету үшін мұғалімнің ӛзі мәнерлеп оқу техникасын жетік 
біліп, оның оқушыларына меңгерте алатындай дәрежеде болуы керек. 
Кӛркем шығарманы мәнеріне келтіріп, әсерлі оқу үшін ең алдымен дыбыстау 
мүшелерінің қызметіне, әр дыбыстың жасалуына, естілуіне, оқылуына баса назар 
аударып, түрлі жаттығулар жасатып отырған жӛн. Оқудың, сӛйлеудің мәнерлі 
болуы дұрыс, еркін дем алуға байланысты. Оқу процесінде ауаны керегінше 
жұтып, 
сыртқа бірден сарқып шығармай
, ерікті түрде дем алып, орынды пайдалана 
білсек, бұл мәнерлі оқудың негізгі құралы болмақ. 
Мәнерлі оқуда дауыстың маңызы зор. Дауыс сӛйлеу мүшелері мен ауанық бір-
біріне соқтығысуымен жасалады. Соның ішінде дауыстың ажыратылуы дауыс 
шымылдырығына тікелей байланысты. Дауыс шымылдырығында пайдйболған үн 
қуыс мүшелері арқылы ӛткенде әр түрлі реңге ие болады. Сӛйлеу мүшелерінің 
физиологиялық құрылысында кемшіліктер болмаса, дауыс таза, күшті шығады. Ал 
сӛйлеу мүшелерін күтпей, суыққа шалдырса, дауыс қырылдап, дауыс шықпай 
немесе міңгірлеп, түсініксіз болуы мүмкін. 


Әр адамның ӛз дауысы болады, ӛйткені әр адамның ӛзінше анатомиялық, 
физиологиялық ерекшеліктері бар. 
Дауыстың ӛзіндік сапасы болады, олар: дауыс күші, қарқыны, тембр. 
Сӛйлеу, не оқу кезінде дауыс күші бірде жоғары, бірде тӛмен болады. Мысалы: 
Құмырсқа мен қара қоңыз бір сыныпта оқып жүр. 
Құмырсқа күн сайын бес алып, қоңыздың күнделігі екіге тола берді деген 
сӛйлемдерде кӛтеріңкі дауыспен оқылатын сӛздер - бір сыныпта, күн сайын, екіге, 
ал жай, тӛмендеп оқылатын сӛздер - оқып жүрді, алып, тола берді, артынша бір 
қалыпта оқылатын сӛздер - құмырсқа мен қара қоңыз, құмырсқа бес, қоңыздың 
күнделігі. 
Осы сӛздерді оқудағы дауыс қарқыны /темпі/ орташа болып келеді. Бұл 
сӛйлемдерді тез оқуға болмайды. 
Ал дауыстың тембрі /құбылуы/ тыңдаушыға әсер ететіндей болуы керек. Құбылта 
оқу шығарманық мазмұнын дұрыс түсінгенде ғана іске аспақ. 
Дауыстың құбылуын, әсіресе мысал жанрында берілген Кӛркем шығармаларды 
оқығанда анық байқауға болады. Мәнерлеп оқуда дикцияның мәні зор. Дикция 
сӛйлеудің тазалығы мен ашықтығы. Бастауыш сынып мұғалімдерінің, дикциясы 
ашық, таза болуы керек, сӛйлеу тілінде мүкіс болмауы керек. Ол үшін мұғалім 
дыбыстардың жасалуының артикуляциясын жақсы біліп, сӛйлеу барысындаоны 
дұрыс қолданып, оқушыларынан да соны талап етіп, түрлі артикуляциялық 
жаттығулар жасап отырғаны жӛн. Мәнерлеп оқуда дауыс ырғағы-интонацияның 
орны бӛлек. Кӛркем сӛз оқушы адамның шығармадағы кейіпкерлердің кӛңіл-күйі, 
ішкі сезімін, жандүниесін тыңдаушыға сан алуан дауыс сазы арқылы жеткізуін 
интонация дейміз. Интонация дұрыс болу үшін 
оның элементтерін дұрыс
, бір-
бірімен ұштастыра пайдалануымыз керек. 
Олар дауыс күші, тембрі, екпін, пауза түрлері, сӛйлеу /мелодия/ нормативтік дауыс 
ырғағы. 
Дауыстың күші, темпі /қарқын/, /тембрі/ туралы жоғарыда түсінік беріліп кетті. 
Енді қалған элементтеріне қысңаша түсінік берелік. Интонацияны сақтауда кіді-
рістерді дұрыс пайдаланудың маңызы зор. Кідірістер /пауза/ логикалық, 
психологиялық, грамматикалық болып 3-ке бӛлінеді. Әрбір сӛйлемде айтылатын 
ойға қазық болатын жеке сӛз, не сӛз тіркестері болады. Бұл сӛздер сӛйлемдегі басқа 
сӛздер мен сӛз тіркестерінен кӛтеріңкі оқылып, тыңдаушының назарын ӛзіне 
аударады. Мұндай сӛйлем ішіндегі мағына жағынан мәні басым сӛздерге 
логикалық екпін түсіріліп, логикалық кідіріс жасалып, мәнерлі оқылуы керек. 
Мысалы, Сүлеймен деген патша кірпі мен қарғаға былай деп бүйрың береді: 
- Сен, қарға, бір күнде жер дүниені аралап, жақсы сайрайтын құс тап. /Қазақтың 
халық ертегісінен/. 
Бұл сӛйлемде логикалық кідіріс "Сүлеймен деген патша", "сен, қарға", "бір күнде" 
деген сӛз тіркестерінен соң жасалады. Ӛйткені, ой екпіні осы тіркестерге түсіп тұр. 
Логикалық кідіріс жасап, ой екпінін дұрыс білу үшін сӛйлем мағынасын, 
сӛйлемдегі сӛздердің бір-бірімен грамматикалық байланысын таба білу керек. 
Психологиялық кідіріс текстің мазмұн-мағынасын, ондағы кейіпкердің іс, 
әрекетіне, оның кӛңіл-күйінің құбылуына байланысты оқылады. Мәтінді оқығанда 
психологиялық кідіріс дұрыс жасалса, тыңдаушы әрі қарай не болатынын 
тағатсыздана күтеді.
" Біраз сайрасам қайтеді ?.. " депті бұлбұл жалынып.


Жолбарыс:
"Мен саған сайрағанды кӛрсетейін", - деп ұмтыла бергенде, бұлбұл пыр етіп үша 
жәнеліпті. / "Мақтаншақ жолбарыс"/.
Бұл мысалда психологиялық кідірістер "сайрасам қайтеді", "жолбарыс", 
"сайрағанды кӛрсетейін" деген тіркестерден кейін қойылады. 
Мәтін 
Мәтін - бірнеше сӛйлемдерден құралған белгілі ойды, оқиғаны білдіреді. 
Мәтінге әңгіме, ӛлең, жыр, ертегі сияқты жанрлар жатады. 
Мәтінді оқушыларға мынадай түрлерімен береді: әңгімелесу, пайымдау, сипаттау. 
Әңгімелесу арқылы мәтінді бергенде тек мұғалімні ӛзі емес оқушылар да қатысып, 
топта талқыланады. 
Ал, сипаттау арқылы мысалы бір нәрсенің бейнесі немесе табиғат кәріністерін 
сипаттайды. Мысалы: Күзде жапырақтар сарғайып, айнала сары алтынға 
малынады. 
Пайымдау дегеніміз - бір сӛзбен алғанда, болжа дегенді білдіреді. Мәтін арқылы 
оқушылардың тіл байлығы жетіліп, ой-ӛрісі дамиды. 
Мәтін неше сӛйлемнен құралса да, белгілі бір түйіні болады. Соны ажырата білу 
керек. 
Мәтінмен жұмыс 
Сабақтың мақсаты. Мәтін түрлерін ажырата білуге дағдыландыру, мәтінді 
әңгімелегенде сӛйлемдердің мағыналық байланысына қарай ретімен әңгімелеу 
дағдыларын қалыптастыру. 
Оқушылардың сӛйлеу, әңгімелесу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сойлеуге 
баулу. Мысалы: Ақбӛкен қойға құсайды. Бірақ оның басы үлкен, тұмсығы 
жалпақтау. Артқы аяқтары қысқалау, кӛздері мӛп- мӛлдір. 
а) мәтінге ат қой; 
ә) мәтіннің қай түріне жатады. 
Оқушылар жауапты тақтада ілулі тұрған кестедеі кӛрсетеді. 
Ӛткенді бекіту сұрақтары: 
Берілген сызбамен мәтін туралы қорытындылау. 
а) қыс
а) 
әңгімелесу 
 
а) ақбӛкен
ә) кӛктем
э) сипаттау
ә) қой
б)жаз
б) пайымдау
б)жануарлар 
әлемі
Дауысты, дауыссыз дыбыстардан - буын, буыннан -сӛз, сӛзден - сӛйлем, сӛйлемнен 

мәтін 
құралады.
ә) Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық жағынан дайындау 


Кӛркем шығарма жазушының сӛз арқылы жасаған кӛркем бейнесі - сурет арқылы 
қабылданады. Шығарманы оқыған кезде оқушыға елес туады. Бұл оқушының 
сезімін қозғайды. Мысалы: балалар қояннан қорыққан қасқыр туралы оқығанда 
күледі. Яғни, мәтінді әр түрлі қабылдайды (күледі, кӛзіне жас алады, қорқыныш 
сезімі туады, т. б.) 
б) Мәтінді саналы түрде түсініп оқуға дағдыландыру. 
Оқушылардың мәтінді саналы түрде түсініп оқу дағдысын қалыптастыру жолын 
сӛз етпес бұрын ол ӛзіне, оны меңгеруде қандай қиындықтар кездеседі дегенге 
тоқталайық. 
Оқушылардың мәтінді саналы түрде түсініп оқығаны -оқушының дұрыс оқуы мен 
мазмұнын саналы түрде меңгергендігінен кӛрінеді. Мұндай жағдайда оқушыда 
белгілі бір кӛзқарас қалыптасады. Ол оқығанының мазмұнын ұғып, ондағы 
суреттерден адамдардың ӛзара қарым-қатынасын, іс-әрекеттің болу себебін 
анықтайды. Автордың не айтқалы тұрғанын түсіне алады. 
Бастауыш сыныптағы оқу сабақтарында оқушылардың оқу дағдысын 
қалыптастыру негізінде оқығандарын қабылдау, түсіну мүмкіндіктерін арттыру 
мақсаты кӛзделгенімен, оны іске асыру әсіресе, 1-сыныпта ӛте қиын. 
Мәтінді оқушылардың тезірек меңгеріп кетуі үшін мұғалім әрбір жеке сӛздің мән-
мағынасына баланың кӛңілін үнемі аударып, оған сӛйлемдегі сӛздердің ара 
қатынасын байланыстырып, мәтіндегі негізгі ой бағытын аңғартып отыруы керек. 
Дайындық оқылғалы отырған шығармадағы оқиғаға ұқсас баланың ӛз ӛмірінде 
болған оқиғаларды еске түсіру сияқты тәсілдермен ӛткізіледі. Алдын ала 
жүргізілген әігімеде мұғалімнің оқылған мәтінде кездесетін жаңа сӛздер мен қиын 
ұғымдарды түсіндіруді ұмытпағаны жӛн. Бұларды біліп алмайынша әңгіменің 
негізгі идеясы мен мазмұнын ұғу балаларға қиынға соғады. 
Дайындық әңгіменің ұзақтығы оқылатын материалдың ауыр-жеңілдігіне 
байланысты. 
Сонымен, шығарманы оқуға дайындық жұмысы біріншіден, балаларды оқылатын 
әңгіменің мазмұны мен ондағы кейіпкерлердің ісін саналы түсіне білуге дайындау. 
Екіншіден, оқылатын әңгіменің мазмұнына қызықтыру, үшіншіден ондағы сӛздер 
мен ұғымдарды түсіндіру мақсатында жүргізіледі. 
Жұмыстың кӛздейтін мақсаты - балаларға шығарманы толық та саналы қабылдауға 
мүмкіндік туғызады. Дайындық жұмысында қандай әдіс-тәсілдер қолдануға 
болады? 
а) оқушының ӛзіне әңгіме айтқызу; 
ә) 
мұғалімнің 
кіріспе 
әңгімесі;
б) ұжымдық түрде әңгіме айту. 
Әңгіменің барысында оқушыларға қосымша материал беру, немесе бұрын ӛткен 
материалды қайталау тиімді. 
в) экскурсияда 
білгендерін 
пайдалану 
(серуен, 
саяхат);
г) суреттерді 
қарау;
д) сұрақтар қою. 


Кіріспе сӛз тақырыпты аша алатындай болуы тиіс. Ұзақтығы 3-5 см. Мәтінді 
мұғалім дауыстап оқу ӛзі оқиды. 
Мәтінді оқымас бұрын мұғалім оқушылардың қызығушылығын оятып, назарын 
аударуы қажет. 
Түсініксіз сӛздерді бірде 
оқушылардың ӛзіне айтқызып
, бірде ӛзі атап, 
оқушылардың түсінігін жанама жетекші сұрақ арқылы анықтау тиімді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет