Лекция туберкулез жайында барлығы білу керек!



Дата08.09.2017
өлшемі57,95 Kb.
#30164
түріЛекция
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

САНИТАРИЯЛЫҚ АҒАРТУ АЯСЫНДА ҒЫ

ТУБЕРКУЛЕЗ ТУРАЛЫ

ЛЕКЦИЯ

Туберкулез жайында барлығы білу керек!

Бұрын «құрт ауруы» деп аталған туберкулез қаншама адам өмірін қиды! Оның салдарынан қыршын кеткен адам саны соғыстың әсерінен қаза болған адам санынан көп десе болады. Шоқан Уәлиханов, Чехов, Шопен, Байрон сияқты ұлы адамдардың өмірін әкеткен бұл ауру қаншама мемлекет үшін қауіпті дерт атанды. Алайда бүгінгі күні де туберкулез – әлем бойынша кең тараған ауру. Және де адамзат денсаулығына үлкен қауіп-қатер төндіруде.

Әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметі бойынша, бұл дерт шектен шығуда. «Әлем бойынша өте қиын жағдай тудырып отырған» туберкулез проблемасы ең өзекті және ғаламдық мәселелердің бірі, өйткені:
жыл сайын әлемде:


  • 2 миллион адам туберкулез дертінен қаза табады –

туберкулез микробактериалары басқа да жұқпалы ауру қоздырғыштарынан қарағанда адам өміріне аса қауіпті;

  • туберкулездің барлық формаларымен 10-20 миллион адам ауырады;

  • шамамен жер шарының 1/3 тұрғындары, шамамен (ТМ)= 2 миллиард, түберкулездің микробактерияларын жұқтырған;

  • ауруды жұқтырғандардың шамамен 10 % өз өмірінде туберкулездің бір формасымен ауырады.

  • туберкулезбен ауырғандардың 75% - жастар және еңбекке жарамды жастағы адамдар (15-40 жас). Бұл өз кезегінде мемлекет экономикасына кері әсер етеді

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың ауырлығына байланысты Қазахстан үшін бұл проблема өте өзекті болып табылады.

Студенттер арасында туберкулезбен ауыратындар саны жоғары екенін айта кеткен жөн. Дұрыс тамақтанбау, тиімсіз күн тәртібі, оқу бағдарламасының ауырлығы, тұрмыстың нашарлығы, жағымсыз әдеттер, ұйқының жетіспеушілігі, созылмалы эмоционалды стресс осы аурудың дамуына алып келеді.

Туберкулез – туберкулез микробактерияларының немесе Кох бактериясының адам ағзасына түскенде дамитын қауіпті жұқпалы ауру (туберкулездің қоздырғышы 1882 жылы Роберт Кохпен ашылған).

Туберкулез микробактериялары қоршаған ортаға өте бейімді, олар қышқылды-спиртті-сілтіге тұрақты, ұзақ уақытқа өміршеңдігін жоймайды.

Жұқпаның негізгі көзі ауру адам және де кей жағдайда ірі қара мал (сиыр) бола алады.

Жұқпалы ауру жиі (95%) белсенді формалы туберкулезі бар ауру адамнан ауа тамшылары (ауадағы шаң) жолдары (аэрогенді) арқылы беріледі. Ал кейде туберкулезбен ауыратын сиыр сүтін қайнатпай пайдаланған жағдайда алиментарлы жолмен жұғады.

Әңгімелескен кезде, жөтелгенде, түшкіргенде микробактериялар ауаға шығып, ауа арқылы адамдарға сіңеді. Тәулік ішінде ашық формалы туберкулезбен ауыратын ауру 1 млрд микроорганизмге дейін бөліп шығарады. Осындай ауру адам ұзақ уақыт бойы желдетілмеген бөлмеде болса, онда ауадағы бактериялар өте көбейіп, айналадағы адамдар жұта бастайды. Иммунитеті жоғары адам туберкулездің микробактерияларын жұта отырып, ауырмайды десе де болады, тек қана ауру жұғады. Себебі, иммунды жүйе оны аурудың дамуынан сақтайды. Инфекция ағзада болғанымен, ауа барлық адамдарға ортақ болғандықтан, айналадағы адамдарға жұғады.

Туберкулез микробактерияларын тасымалдаушылардың оннан бірінде ертелі-кеш «ұйқыдағы» инфекция белсенді кезеңге өтеді, яғни, ауру дамиды. Бұған әкеп соқтыратын негізгі факторлар уақтылы, толыққанды тамақтанбау, авитаминоз, өмірдегі тұрақсыздық, дұрыс орнықпау, тұратын жердің қанағаттандырарлықсыз жағдайы, жиі стресс, соызлмалы аурулар, қант диабетінің, ПИЖС (СПИД), алкоголизм мен есірткінің салдарынан иммунитеттің төмендеуі болып табылады.



Белсенді туберкулезбен ауыратын 1 ауру 1 жыл ішінде ауруды 10-15 адамға жұқтырады
Ауру негізінен желдетілмейтін тар бөлмелерде тез жұғады. Сондықтан да аурудың алдын алудың басты әдістерінің бірі бөлмені жиі желдетіп тұру болып табылады.

Туберкулездің жұқуы ауа тамшылары арқылы жұғатындықтан, процесс ең алдымен өкпеден (90%) басталып, түрлі мүшелерді зақымдайды. Өкпеден тыс көбіне сүйектерге, зәр шығару жүйесіне, перифериялық лимфа бездеріне жұғады.

Ауруды қоздырғыш ауамен берілетіндіктен және де көзге көрінбейдтіндіктен, туберкулез ауруы тез жұғады. Алайда туберкулездің белгілерін ерте анықтап, уақытында дәрігерге көрінуге болады.

Көп жағдайда ауру біртіндеп басталып, клиникалық көріністері процестің қарқындылығына байланысты өсіп отырады. Ауруды ерте анықтау үшін, туберкулезге ұқсас белгілер пайда бола бастағанда дер кезінде дәрігерге қаралу керек.



Әр адам туберкулездің белгілерін білу керек!

Туберкулездің негізгі белгілері:

  • 2 аптадан артық жөтелу

  • қан түкіру

  • жалпы әлсіздік

  • тәбет пен салмақтың төмендеуі

  • ара-тұра дене температурасының төмендеуі

  • тершеңдік

  • кеуде жасушаларындағы аурушыңдық

  • демнің жетіспеуі

Аурудың алдын-алуында оны дер кезінде анықтау үлкен рөл атқарады.

Қазіргі таңдағы туберкулезді анықтаудың тиімді әдістері:


  1. Бактериоскопиялық әдіс

  2. Флюорография

  3. Балаларға жасалатын Манту сынамасы

Жыл сайын студенттерге жүргізілетін флюорографиялық зерттеу тубекулезді ерте анықтауға мүмкіндік береді. Аурудың белгілері көрініс тапқан кездің өзінде ауру адам дәрігерге көрінбейді. Сондықтан да, флюорографиядан өтуден қашпау керек.

Жөтелге шағымданған кезде микроскоп арқылы ауру адамның қақырығын зерттейді. Қоршаған ортаға қауіпті жұқпалы ауруларды анықтауға мүмкіндік беру – бұл әдістің артықшылығы болып табылады. Манту сынамасын аурудың жұққандығын және ауруды анықтау үшін «қауіп-қатер» тобындағы балаларға салады.

Туберкулездің спецификалық алдын-алу БЦЖ вакцинасы перзентханада баланың 1-4 күндерінде енгізіледі. Келесі ревакцинация 6-7 жаста жасалады. Бұлар өз кезегінде аурудың дамуы мен туберкулездің асқынуы мен таралуын тежейді.

Уақтылы анықталып, дер кезінде емдеу басталғанда туберкулез емделетіндігін есте сақтаған жөн. Әйтпегенде, кеш анықтласма, өлімге әкеп соқтыруы да әбден мүмкін.

1998 жылдан бастап туберкулезге қарсы күрес Президенттің қаулысымен біздің республикада жалпымемлекеттік мәні бар міндетке айналды.


Туберкулез ауруын емдеу – тегін, кешенді, стационарларда 2-4 ай көлемінде жүргізіліп, кейін стационарларда немесе қатаң бақыланатын емханаларда емделеді. Емдеу үшін ең маңыздысы – туберкулезге қарсы препараттарды жүйелі қабылдау, толққанды тамақтану тәртібін сақтау керек. Туберкулезбен ауырған адам міндетті түрде туберкулезге қарсы мекемелерде емделу тиіс. Өзін-өзі емдеу немесе емшілерге барып емделу ауруды табудың жолын кешіктіреді. Оның әсерінен емдеу ұзаққа созылады, жақындарына жұғады, тіпті, ауадың қайғылы аяқталуына әке соғуы мүмкін. Туберкулез микробактерияларын жоюдың ең маңызды жолы – үздіксіз емдеу жолы. Қадағаланбаған, дәріні ретсіз қабылдау, туберкулез микробактериялары туберкулезге қарсы препараттарға бейімделіп, емделуі өте қиын әрі көп уақытты қажет ететін, қоғам денсаулығына қауіпті болып табылатын мультирезистентті туберкулез дами түседі.

Осылайша, туберкулез – әлемде ең көп таралған жұқпалы аурудың бірі.

Туберкулезбен жұқтыру қаупі өте жоғары. Сау адамдар туберкулез олардың проблемасы емес деп санамау керек. Себебі, туберкулез – біздің қоғамның проблемасы. Сондықтан, әр адам күнделікті өмірде туберкулездің алдын алу мәселелерін білсе туберкулездің өсуі мен таралуын тоқтату мүмкін болады.

Өзіңді қауіптен сақтау үшін ретті түрде флюорографиялық тексерулерден өту қажет. Бұл тексеру ауруды дер кезінде анықтауға және де емді уақтылы бастауға мүмкіндік береді. Аурудың белгілері анықталғаннан соң дәрігерге қаралып, салауатты өмір салтын ұстану қажет.

С.Ж.Асфендияров атындағы

ҚазҰМУ-дың фтизиопульмонология кафедрасы


Профессор А.С.Ракишева

Доцент Н.С.Сыздыкова




беттің беті


Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2012 -> Альберт эйнштейн
2012 -> Л. Г. Матвеенкова
2012 -> Абылай хан
2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет