Лектор: аға оқытушы Өтегенова О. К



бет5/11
Дата21.04.2017
өлшемі2,94 Mb.
#14314
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

С. бедел


Д. мәдениет
10. Бұл педагогикалық шеберліктің басты компоненттерінің және оны қоғамдағы шешуші фактордың бірі

А. педагогикалық техника

В. педагогикалық шеберлік

С. педагогтік тәуекелдік



Д. бедел




Сабақтың тақырыбы: Мұғалім даярлаудағы адамгершілік аспектісі.

Сабақтың жоспары:


1. Мұғалімнің адамгершілік қызметінің маңыздылығы.

2. Болашақ мұғалімдерді даярлаудағы адамгершілік аспектісі.

Теориялық мәліметтер:

Жаңару жолындағы Қазақстанға жаңаша ойлайтын, өмірге көзқарасы тың, нарық жағдайында тірішілік етіп, жұмыс істей алатын барынша білімді адамдар қажет. Бұл жағдай Қазақстанның ақыл-ой және шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, рухани-адамгершілік мәдениеті жоғары шығармашыл тұлға тәрбиелеу керектігін көрсетеді. Экономикалық дамудың нарықтық жолын таңдап, халықаралық аренаға шығуды көздеген Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіне, оның ішінде ерекше маңызы бар болашақ ұстазды даярлау ісіне зор мән береді.

Қазіргі қоғамдағы мұғалім – шығармашылық дамуға, ұшқыр ойлауға қабілетті, мемлекеттің даму бағыттарын терең түсінетін маман, ол кәсіптік қызмет міндеттерін жүйелі түрде көре білуі, мақсат қоя алуы және жемісті еңбек нәтижесіне ұмтылуы тиіс. Ең алдымен, мұғалім – адамгершілігі өте жоғары тұлға, ол адамзаттың биік идеалы әрі оның маңыздылығының критерийі болған, болып қала да бермек. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы мұғалімнің адамгершілік мәдениетінің маңыздылығына ерекше назар аудара отырып белгілі орыс философы Н.Бердяевтің мына бір сөзін еске түсіру орынды тәрізді: “Өмірдің биік мақсаттарына экономикалық немесе әлеуметтік емес, рухани мақсаттар жатады. Халықтың ұлылығы, оның адамзат тарихына қосар үлесі мемлекеттің күш-қуатымен де, экономикасының дамуымен де емес, рухани мәдениетімен анықталады”.

Адамгершілік дегеніміз не? П.Кропоткиннің анықтауынша, “... бұл өз бойыңнан адамдық қасиеттерді сезіну, сол қасиеттерді сақтап өмір сүруге ұмтылу, жағымсыз іс-әрекетіңе қиналу – мұның барлығы адам табиғатының ортақ, ажырамас ерекшелігі”.

Бүгінгі күнде қаталдық белең алып, рухани салаға көзқарас ауытқуына байланысты, мектеп оқушысын тәрбиелеудегі адамгершілік қағидалар да біртіндеп мансұқ етілуде. Біз әлеуметтік қатынастар мен құндылықтардың үйлесімі бұзылғанына, оқушы жастардың адамгершілік мәдениетінің апатты түрде құлдырауына куә болып жүрміз. Бұл жағдайдағы бірден бір тірек - өмірдің адамгершілік критерийлері.

Қоғамның адамгершілік күштерін қалпына келтіруге түрткі болатын негізді табу және өскелең ұрпақты тәрбиелеудің сыннан өткен этикалық бағдарларына күш салу бұл жағдайдағы маңызды міндет болып табылады. Оқушылардың, студенттердің білімділік, тәрбиелілік дәрежесі сияқты, олардың адамгершілік мәдениетінің дамуы да көптеген факторлар мен шарттарға, оның ішінде педагогтің адамгершілік мәдениетіне байланысты.

Ал педагогтің адамгершілік мәдениеті (В.Андреевтің айтуы бойынша) – “педагогтің жеке тұлғалық және кәсіби қасиеттерінің үйлескен күрделі жүйесі, ол педагогтің даму , өзін-өзі дамыту дәрежесін, ізгілік дүниетанымға бейімділігін оның адамгершілік құндылықтарын, көзқарасы мен түсініктерін қоса алғанда сипаттайды, сондай-ақ оның білім, білік, қабілеттілік жүйесін танытады...”.

Болашақ мұғалімдерді даярлауда адамгершілік аспект елеулі рөл атқарады. Бұл мұғалімнің адамгершілік көзқарастарының толыққандылығы әрі тұрақтылығы ретінде сипатталады. Мұғалімнің адамгершілік санасының бір бөлшегі оның адамгершілік құндылықтарды ұға білуі және осы құндылықтарды өз шәкірттерінің қалай қабылдайтынына ой жүгіртуі болып табылады. Мораль талаптары мен ұстанымдарын, ережелерін білу және оларды педагогикалық іс-әрекетіне арнайы өзек ету мұғалімнің адамгершілік көзқарастарының қалыптасу негізі болады.

Кәсіби қызметте мұғалімнің адамгершілік сезімдері оның рухани дүниесінің эмоциялық жағы, тұлғаны қалыптастыру құралы ретінде қарастырылады. Педагогтің өз кәсібіне қарым-қатынасын реттейтін сезімдер тобына кәсіби борышты сезіну, жауапкершілік, өзіне-өзі сын көзімен қарау, ар-намыс, т.б. жатады. Мұғалім оқу-тәрбие үрдісінің негізгі буыны болғандықтан, ол оқушылармен, олардың ата-аналарымен, әріптестерімен, т.с.с. жан-жақты өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Мұның ішінде мұғалімнің оқушылар ұжымымен бірлескен әрекеті өте маңызды, ол әрекет бірін-бірі құрметтеуге, әрбір тәрбиеленушінің өз қадір-қасиетін сезінуіне негізделуі қажет.

Педагог қызметінің адамгершілік аспектісі салыстырмалы дербестікке ие, басқа қызмет түрлерімен тығыз байланысты әрі алуан түрлі үлгіде жүзеге асырылуы мүмкін: адамгершілік ағарту, адамгершілік тәжірибесін ұйымдастыру, адамгершілікке өзін-өзі тәрбиелеу. Соңғысы моралдық бет-бұрыстың ажырамас элементі бола отырып өзіндік ерекшеліктері бар педагогикалық еңбек саласына өзінше ықпал етеді.

Педагогтің кәсіби әдеп кодексі педагогикалық мораль ұстанымдары мен ережелерінен туындайтын адамгершілік талаптарының жиынтығын анықтап, педагогтің педагогикалық қызмет үрдісіндегі іс-әрекеті мен қарым-қатынас жүйесін реттейді. Мұғалімнің өзі-өзіне, педагогтік еңбекке, оқушылар мен педагогтер ұжымына көзқарасын анықтайтын негізгі талаптардың орын алуы кодекстің іргелі бөлігіне жатады.

Болашақ мұғалімді даярлауда адамгершілік мәселесінің маңызы ерекше, өйткені , жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу салмағы осыған түседі. Бүгінгі күнде ғалым педагогтер жалпыадамзаттық құндылықтардың, адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой дамуынан гөрі басымдығын мойындап, орнықтыруға күш салуда. Мұғалім бала бойында қандай адамгершілік түсініктер қалыптасқанын, ол қандай жағжайға жүзеге асқанын білуі қажет. Ал баланың адамгершілік көзқарасының қалыптасуының, адамгершілік психологиялық ұғым-түсініктерінің бекуінің сөзсіз маңызды көзі – отбасы, онда өмірдің мәні мен мақсаты туралы алғашқы түсініктер, құндылық бағдар, адамгершілік және әлеуметтік қажеттілік т.б. қалыптасатыны белгілі. Ең дұрысы, педагог оқушының отбасындағы микро ортасының, ал ата-аналар мектептегі микро ортасының бір бөлшегі болулары тиіс. Отбасы – тұлғаны әлеуметтендірудің, мәдени, ұлттық, адамгершілік құндылықтардың тарихи жалғастығының маңызды институты. Биологиялық және адамгершілік жағынан бірдей дені сау бала өсіру керек қой, жас ұрпақтың саулығы – тұтас ұлттың амандығы.


Бақылау сұрақтары:

1. Педагогтың адамгершілік қызметінің маңызы неде?

2. Адамгершілік дегеніміз не?

3. Түрлі ғалымдардың адамгершілікке берген анықтамасын келтіріңіз және түсіндіріңіз.


Студенттердің үй тапсырмасы:

Мұғалім адамгершілігі” деген тақырыпқа Эссе жазып келу.


Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

1.Мәтінге байланысты жұппен жұмыс жасау.






Documents







  1. А.В.Луначарскийдің педагогқа қойылатын талаптары туралы айтыңыз.




  1. Н.К.Крупская “үлгілі мұғалімнің мерилі” ретінде қандай критерийлерді атады.




  1. Педагогикалық шеберлік мәселесі туралы А.С.Макаренконың пікірлері




  1. В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық шеберлік туралы пікірі.




  1. А.И.Щербаковтың педагогикалық шеберлік туралы пікірі.




  1. Ю.П.Азаровтың педагогикалық шеберлікке берген формуласы.




  1. Н.В.Кузьминаның педагогикалық шеберлікке берген анықтамасы.




  1. Ю.К.Бабанскийдің педагогикалық шеберлікке берген анықтамасы.




  1. Павлютенкованың мұғалімдік шеберлік компоненттерінің құрамы.




  1. В.А.Сластениннің педагогикалық шеберлікке берген анықтамасы қай ғылымның пікіріне жақын және одан айырмашылығы неде?




  1. И.П.Андриади педагогикалық шеберлікті қалай қарастырады.



















1. Мұндай мұғалімдер тек нұсқауды жақсы орындайды, оқу материалын нақты, жақсы беруге тырысатын, бірақ жұмысында алға жылжу не өзгеріс болмайды

А. І типтегі мұғалім

В. ІІ типтегі мұғалім

С. ІІІ типтегі мұғалім

Д. ІҮ типтегі мұғалім

Е. мұғалім
2.Бұл типтегі мұғалімге не жақсы оқулық, не әдістемелік құрал, не нұсқау да еш мәні жоқ нәрсе

А. І типтегі мұғалім

В. ІІ типтегі мұғалім

С. ІІІ типтегі мұғалім

Д. ІҮ типтегі мұғалім

Е. мұғалім


3. “Тәрбиеленуші сіздің жан дүниеңізді және ойларыңызды түсінуі ішкі дүниеңізде не бар екенін білгендіктен емес, себебі ол сізді көреді, тыңдайды”

А. Макаренко А.С.

В. Сухомлинский В.А.

С. Гончарова Т.И.

Д. Крупская Н.К.

Е. Ушинский К.Д.


4. Дем алу, дауыстың қойылымы, дикция, сөйлеу темпі

А. сөйлеу техникасы

В. мимика

С. пантомимика

Д. диапазон

Е. дикция


5. Өз бет әлпетін, дене қимылын меңгеру

А. сөйлеу техникасы

В. мимика,пантомимика

С. дауыс көлемі

Д. диапазон

Е. дикция


6. Артық психикалық қысымды құртып, шығармашылық өзіндік бір сезім, шабыт құру

А. көңіл-күйді басқару

В. сөйлеу техникасы

С. дауыс көлемі

Д. дикция

Е. диапазон


7. Зейінділік, байқағыштық, қиял

А. әлеуметті-перцептивтік қабілет

В. коммуникативтік қабілет

С. академиялық қабілет

Д. сөйлеу қабілеті

Е. диапазон


8. Аяқ, қол, дененің қозғалысы, бұл

А. пантомимика

В. сөйлеу техникасы

С. дауыс көлемі

Д. дикция

Е. диапазон


9. Өзіндік ой, сезім, көңіл-күйді бет бұлшық еттерінің қозғалысымен бере білу өнері

А. мимика

В. сөйлеу техникасы

С. дауыс көлемі

Д. дикция

Е. диапазон


10. Дауыс көлемі

А. мимика

В. сөйлеу техникасы

С. дауыс көлемі

Д. дикция

Е. диапазон


11. Дыбыстың айшықтығы, айқындығы, сонымен бірге жылылығы, ерекшелігі

А. мимика

В. сөйлеу техникасы

С. тембр


Д. дикция

Е. диапазон


12. Сөзді, буынды және дыбысты айтудағы айқындылық және түсініктілік

А. мимика

В. сөйлеу техникасы

С. дауыс көлемі

Д. дикция

Е. диапазон


13. Мұғалімнің ауызша сөйлеу түрлері

А. монолог, диалог

В. ішкі

С. сыртқы



Д. мимикамен

Е. пантомимикамен


14. Әңгіме, лекция, комментарий және т.б.

А. монологтық сөйлеу

В. диалогтық сөйлеу

С. іштей сөйлеу

Д. сырттай сөйлеу

Е. ыммен сөйлеу


15. Мұғалімнің сұрақ-жауап түрінде құрылған оқушылармен сұхбат-әңгіме

А. монологтық сөйлеу

В. диалогтық сөйлеу

С. іштей сөйлеу

Д. сырттай сөйлеу

Е. ыммен сөйлеу






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет