Лектор: аға оқытушы Өтегенова О. К



бет8/11
Дата21.04.2017
өлшемі2,94 Mb.
#14314
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
А. 2-топ

В. 3-топ

С. 4-топ


Д. 5-топ

6. Педагог мінез-құлқының өзара қатынас нормасына сай келмеуінен туындайды

А. 1-топ

В. 2-топ


С. 3-топ

Д. 4-топ


7. Мінез-құлық пен іс-әрекеттің ұжым мүшелерінің бір-бірінен күткен талаптарыа сай келмеуінен туындайды

А. 1-топ


В. 3-топ

С. 4-топ


Д. 2-топ

8. Педагогтің әріптестеріне оқушыларға көрсеткен әдепсіздігі, кәсіптік этика нормаларының бұзылуы, ұжым талабын орындамау және т.б. түрінде көрініс береді

А. 2-топ

В. 6-топ


С. 7-топ

Д. 8-топ


9. Бұл топты өзіне деген бағасы мен пікірінің аса жоғары болуы, эмоциялық тұрақсыздығы, шамадан тыс өкпешілдігі сияқты сапалар құрайды

А. 1-топ


В. 3-топ

С. 2-топ


Д. 8-топ

10. Келіспеушіліктің алдын-алу; оны үйлестіру, жою; түйінін шешу; неге олай болғанын анықтау

А. Келіспеушілікті реттеу жолдары

В. келіспеушік себептері

С. келіспеушілік көздері

Д. келіспеушілік

11. Келіспеушілікке немқұрайды қарамауы тиіс, қайта ашық әңгімеге шақырып, бірге талдап, талқылауы тиіс

А. мектеп директоры

В. оқушылар

С. оқытушылар



Д. ата-аналар

Documents







    1. “Климаттық ауытқу” ұғымының мәнін түсіндіріңіз.




    1. Әлеуметтік – психологиялық келіспеушіліктің пайда болу себебі неде?



    1. Педагогикалық ұжымда орын алатын келіспеушіліктің негізгі үш тобын атаңыз?




    1. Келіспеушілікті реттеу жолдары қандай?



    1. Келіспеушілікте мектеп директорының ролі қандай?




Сабақтың тақырыбы: Педагогикалық қақтығыстар мұғалімге сын.

Сабақтың жоспары:
1. Қақтығыстарды топқа бөлу.

2. Педагогикалық қарым-қатынаста сақталынатын ережелер.


Теориялық мәліметтер:

Қазіргі мектеп дидактикалық шеберлігіне педагогикалық кәсібилігі сай академиялық білімі бар, яғни жеке тұлғаның даму деңгейіне диагностика жасай алатын мұғалімді қажетсінуде. Күнделікті мектеп өмірінде кездесетін өткір даулы жағдаяттар, оқиғалар, оқушылардың оқуға ынтасының төмендеуі, стрестік жағдайлар мұғалімнен психологияны терең меңгеруді талап етіп отыр.

Педагогикалық қақтығыстарды шешу – бұл өзіндік ішкі логикасы бар нағыз зерттеу жұмысы. Сондықтан “мектептегі даулы қақтығыс туғызатын жағдаяттар қалай, неге пайда болады, әрі оны болдырмаудың жолдары бар ма?” деген сауал туындайды.

Мектептердегі қақтығыстарды үш үлкен топқа бөлуге болады:

І топқа мотивтік қақтығыстар кіреді. ОЛ оқушы мен мұғалім арасында оқушының әлсіз оқу мотивіне байланысты, яғни оқушы оқығысы келмейді, не қызығусыз оқиды, не зорлықпен оқиды. Негізі бір ғана мотивке байланысты болғандықтан, бұл топтағы қақтығыс күшейе береді де, нәтижесінде мұғалім мен оқушы арасында өзара жек көрушілік, ұнатпаушылық, тіпті күрес пайда болады.

Мысалы, мұғалімдер өзара, көбінесе, оқушылар туралы ғана айтады. “Олар түк те түсінбейді”, “Тыңдамайды”, “Оқығылары келмейді”, т.б.

Ал, оқушылар, әрине мұғалімдер туралы айтады: түсінгісі келмейді, бағаны әділетсіз қояды, оқушыларды сыйламайды, ұрысқақ, т.б.

Екі жақты да тыңдаған адам қайсысы дұрыс, қайсысы кінәлі екендігін ажыратуға қиналады.

Негізінде мотивтік қақтығыстар мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы үзілген, байланыссыз, қарама-қарсы қойылған әр түрлі бағыт пен мақсатты көздегендіктен пайда болып отырады.

ІІ топқа оқытуды ұйымдастырудың кемшілігіне байланысты туындайтын қақтығыстар кіреді. Біз мектептегі оқу үрдісі кезінде оқушы басынан өткізетін 4 кезеңді атап көрсетеміз. Мектеп – бұл “өзек” десек, оған 1-сыныпта кірген оқушы 11-сыныпта түлек болып шығады.

Бірінші сынып оқушысы оқуды бастай отырып, күрделі әрі ауыр кезеңді басынан өткізеді (1-кезең). Себебі,

а) іс-әрекет түрі өзгереді;

ә) әлеуметтік көзқарасы өзгереді (ойын баласынан оқушыға);

б) жаңа міндеттер мен талаптар пайда болады.

Мектепке бейімделу (адаптация) 3 айдан 1,5 жылға созылады. Өзінің жаңа рөліне енді ғана үйренген кезде оқушыға жаңа қақтығыс кезеңі кездеседі (2-кезең), ол 5-сыныпқа көшіп, әр түрлі пән мұғалімдерінен оқи бастайды. Бастауыш сыныпта мұғалімнің қамқорлығына, көмегіне үйреніп қалған оқушыға қатал, талап қойғыш мұғалімге үйренуге тура келеді, әрі пәндер күрделене түседі.

3-қақтығыс кезеңі 9-сыныптың басынан басталады, себебі жаңа ділгірлік туындайды: “9-сыныптан кейін не істьеу керек?” – оқуды жалғастыру немесе басқа оқу орнына түсу. Басқа оқу орнына баратын оқушыларда егер оның үлгірімі төмен болса, “өзін-өзі төмендету” мәселесі, ал жақсы үлгірімі барларында отбасына материалдық көмек көрсету, ертерек жұмыс істеу мәселесі туындап, олар алаңсыз балалықпен қоштасып, ересек өмірді бастауларына мәжбүр болуы түрлі эмоциялық толқуларды туғызады.

Соңғы 4-кезең мектепті бітіру, болашақ мамандықты таңдау, курстық емтихандар, жеке басына қатысты өмірдің басталуы.



ІІІ топқа өзара әрекетке қатысты педагогикалық қақтығыстар кіреді.

Олар оқушы мен мұғалім, мұғалім мен мектеп әкімшілігі (директор, оқу ісінің меңгерушісі) арасындағы жеке бастарының ерекшілігі, олардың мақсаттары мен өмірлік құндылықтарына байланысты туындап отыратын қақтығыстар.

“Оқушы - оқушы” қақтығысы – басшылыққа ұмтылу екі, үш бала арасында, ұлдар мен қыздар арасында, үш, төрт оқушы мен бүкіл сынып арасында болады.

“Мұғалім - оқушы” – бұл мотив қақтығыстан басқа, адамгершілік-этикалық тұрғыда болады. Мысалы, мұғалімдер айтқан сөздерінде тұрмайды, балалардың сырын ашып қояды, т.б.

“Мұғалім - мұғалім” қақтығысы – сабақ кестесінен бастап, жеке бастарына қатысты дүниелерге дейін болады. Бастауыш буын мен орта сынып мұғалімдерінің арасында кездеседі.

“Мұғалім - мектеп әкімшілігі” – билік жүргізу мен бағыну мәселесінен туындайды.

Сонымен мектеп өмірі біртұтас педагогикалық қақтығыстардан тұратынына көзіміз жетті. Сол себепті әрбір мұғалім қақтығыстың табиғатын, құрылымын, өрісін, қозғалысын білу керек.

Қозғалыс үш кезеңнен тұрады:

1 - өсу (1-кезең);

2 – іске асу (2-кезең);

3 - өшу (3-кезең).

І кезеңде қақтығысты тоқтатуға болады. Ең тиімді әдістердің бірі – қақтығушы жақтарды басқаға көңілдерін аударту.

Мысалы, екі оқушы ерегісіп келе жатқанда екеуіне сынып бөлмесін жуу,есіктің алдының қарын күреу сияқты бірігіп істейтін жұмыстар беруге болады.

ІІ кезең қақтығысы егер тереңдеп кетсе, оған араласуға болмайды, ол тоқтамайды. Тіпті “күш қолдануға” дейін барады.

ІІІ кезеңде қақтығыс жүзеге асқаннан кейін енді басылып, өзінің күшін жояды. Тәрбиелеу әдісін тек осы кезеңде ғана қолдану керек. Олардың кінәсін сезіну, өкіну болуы әбден мүмкін.

Ең бастысы, мұғалімнің психологиялық іскерлігі - өткір педагогикалық жағдаяттарды болғызбау.



Педагогикалық қарым-қатынасқа байланысты мұғалім төмендегідей ережені сақтауы керек.

  1. Оқушының әрбір жағымсыз қылығынан тек қана жағымсыз түрткі көруге тырыспаңыз.

  2. Өз пәніңізге ұсақ – түйегіне дейін мұқият дайындалыңыз.

  3. Жанама байқатпай берілген тапсырманы оқушы тыңғылықты орындауға тырысады.

  4. Оқушы жеке басын бағалауда арнайы тәсіл қолдану арқылы жақсы жағына қарай өзгертуге болады.

  5. Бірлескен іс-әрекет адамдарды жақындастырады, әрі беделін арттырады.

  6. Мұғалімнің тәртібіндегі сыпайылық пен байқағыштық қарым-қатынастағы қысымды азайтады.

Әр түрлі психологиялық қайшылықты жеңу үшін мұғалім әркез оқушыға әсер ету үшін келесі ережеге бағынуы шарт:

    1. Ашуланған екі адам келісімге келмейді (Д.Карнеги).

    2. Реакцияны ұстау.

    3. Реакцияны аудару.

    4. Жағдаятты басқа жағдайға пайдалану.

Мұғалім кез келген педагогикалық жағдаяттан абыройын түсірмей шығуы міндет әрі парыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Мектептегі қақтығыстар неше топқа бөлінеді, неліктен? Себебін түсіндіріңіз.

2. Мотивтік қақтығыстар дегенді қалай түсінесіз?

3. Оқытуды ұйымдастырудың кемшілігіне байланысты туындайтын қақтығыстар қандай, оларды болдырмаудың қандай жолдарын ұсынған болар едіңіз.


4. Мектептегі оқу үрдісі кезінде оқушының басынан өткізетін кезеңдерді атаңыз және оларға сипаттама беріңіз.

5.Мектепке бейімделу қай уақыт аралығында жүреді?

6.9-сыныптағы қақтығыстар не себептен туындайды?

7.Педагогикалық қақтығыстардың туу себептері түсіндіріңіз.

8.“Оқушы-оқушы” арасындағы қақтығыстың пайда болу себебін түсіндіріңіз.

9.“Мұғалім мен мұғалім” арасындағы қақтығыстардың шығу себебі неде деп ойлайсыз.

10.“Мұғалім мен мектеп әкімшілігі” арасында қандай қақтығыстар болуы мүмкін.

11.Қақтығыс қозғалысы қандай кезеңдерден тұрады?

12.Қақтығысты тоқтататын әдістерге сипаттама беріңіз және оны қалай қолдануға болады?

13.Педагогикалық қарым-қатынасқа байланысты мұғалімдер қандай ережені ұстаулары керек?

14.Психологиялық қайшылықты жеңу үшін мұғалім қандай ережені ұстануы шарт?
Студенттердің үй тапсырмасы:

Қақтығыстар және оларды болдырмау шараларыдеген тақырыпқа ЭССЕ жазып келу.


Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

Мәтінге байланысты жұппен жұмыс жасау.



-Топтастыру жасау.










Жоспары:

  1. Кәсіби – педагогикалық қарым-қатынас.

  2. Педагогикалық қарым-қатынас бөліктері.

  3. Педагогикалық қарым-қатынастың “коммуникативтік міндетпен” байланыстылығы.

  4. Қарым-қатынас мәдениетінің деңгейлері.

  5. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас.


Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Грехнев В.С. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – 1990.

  2. Ақмамбетов Ғ., Дәуітов Т., Жақыпов А., Педагог этикасы. А.,-1969

  3. Педагогикалық шеберлік негіздері / И.А.Зязюнаның түзетуінде – М., 1989

  4. Занина Л.В., Меншикова Н.П. Педагогикалық шеберлік негіздері – Ростов на Дону, 2003.

  5. Кукушкин В.С. Педагогикалық қызметке кіріспе – Ростов на Дону, 2002.

  6. Абдуллина О.А. Жоғарғы педагогикалық білім беру саласындағы мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау.

  7. Педагогикалық мәдениетке кіріспе / Е.В.Бондареваның түзетуімен – Ростов на дону, 1995.

  8. “Педагогикалық кеңес” , 2/2007ж., 9-10-беттер

  9. “Қазақ тілі мен әдебиеті”, 4/2003, 11-12-беттер

  10. “Қазақстан мектебі”, 7/2004, 49-50-беттер

  11. “Қазақстан мектебі”, 5/2006, 34-35-беттер



1. Диспут, дискуссия, сұхбат, мұғалім әңгімесе, жеке үлгі-өнеге

А. сендіру формалары

В. оқу формалары

С. оқыту формалары

Д. ойлау формалары

Е. есеп формулалары
2. Бұл дәлелдеу керек ететін ой

А. тезис


В. антитезис

С. аннотация

Д. комментарий

Е. диспут


3. Тезис ненің көмегімен дәлелдесе, бұл сол

А. аргумент

В. тезис

С. антитезис

Д. пікір

Е. аннотация


4. Ол ХХғ.1920-1939ж.ж.заң бұзушы жас балалар колониясын басқарған

А. Макаренко А.С.

В. Ушинский К.Д.

С. Абай


Д. Ыбырай

Е. Шоқан
5. Полтава айтағындағы балалар колониясы кімнің атымен аталды

А. Горький М.

В. Макаренко А.С.

С. Абай

Д. Шоқан


Е. Ыбырай
6. “максим Горький мен үшін жазушы ғана емес, өмірлік ұстазым болды” деген

А. Макаренко А.С.

В. Ушинский К.Д.

С. Абай


Д. Ыбырай

Е. Шоқан
7. Бұл еңбекте педагогикалық қызметте кездесетін түрлі жағдаяттарды шешу жолдары, тиімді әдіс-тәсілдер, “қиын балаларды” тәрбиелеудің бағыттары беріледі

А. “Ұстаздық дастан”, А.С.Макаренко

В. “Балаға жүрек жылуы”, Сухомлинский В.А.

С. “Есеп құрал”, М.Дулатов

Д. “Қуаныш мектебі”

Е. “Мұнара үстіндегі тулар”
8. Бұл еңбекте Харьков қ. Ф.Дзержинский атындағы колонияның “еңбек коммунасы” деп аталғаны, ондағы тәжірибелік жұмыс барысы баяндалған

А. “Мұнара үстіндегі тулар”

В. “Ұстаздық дастан”

С. “Қуаныш мектебі”

Д. “Балаға жүрек жылуы”

Е. “Ғақлия”


9. Үш мыңға жуық панасыздар мен заң бұзушы жеткіншектерді қайта тәрбиелеп, азамат етіп қалыптастырған

А. Макаренко А.С.

В. Ушинский К.Д.

С. Абай


Д. Ыбырай

Е. Шоқан
10. “Сенім әдісін” қолданудағы мұғалімнің шеберлігін көрсетеді

А. “Ұстаздық дастан”

В. “Есеп құралы”

С. “Қуаныш мектебі”

Д. “Балаға жүрек жылуы”

Е. “Ғақлия”
11. Қиын балаларды тәрбиелеуде бұл әдістің өзіндік ерекшелігі бар
А. “сенім” әдісі

В. оқыту әдісі

С. тәрбие әдісі

Д. тәсіл


Е. құрал
12. “Қиын” оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу мәселесін зерттеген қазақстандық ғалым

А. Керімов Л.

В. Абай

С. Шоқан


Д. Ыбырай

Е. Архимед


13. Керімов Л. Мұғалім мен қиын балалар арасындағы қарым-қатынас жүйесіндегі кемшіліктерді бөледі

А. 3 топқа

В. 4 топқа

С. 5 топқа

Д. 6 топқа

Е. 7 топқа


14. Бұл әдістің жеткіншектердің санасына ықпал жасауда маңызы зор

А. “сенім” әдісі

В. оқыту әдісі

С. тәрбие әдісі

Д. тәсіл

Е. құрал
15. “Кейбір” мұғалімдердің оқушылардың дара ерекшеліктеріне, адамгершілік тәрбие нормаларына ауытқу себептеріне көңіл аудармауы

А. кемшілік

В. жазалау

С. мадақтау

Д. марапаттау



Е. артықшылық




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет