ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ
1. Сұлтан Баймағамбетов жаудың арнайы салынған қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып, қаза тапты:
А) Мәскеу үшін шайқаста
В) Сталинград үшін шайқаста
С) Брест қамалы үшін шайқаста
D) Курск үшін шайқаста
Е) Ленинград үшін шайқаста
2. Ленинград қаласын қорғауда қатысқан Балтық флотының қызыл тулы «Киров» крейсеріндегі қазақстандық жауынгерлердің саны:
А) 300
В) 170
С) 200
D) 160
Е) 156
3. Өртке оранған ұшағын жау танкілерінің шоғырына құлатып қаза тапқан, Кеңес Одағының Батыры, қарағандылық ұшқыш:
А) Төлеген Тоқтаров
В) Нүркен Әбдіров
С) Нүркен Әлиев
D) Әбдір Нығматуллин
Е) Нығмет Нұрмақов
4. Сталинградтағы әйгілі «Павлов үйін» қорғауға қатысқан оңтүстік-қазақстандық жауынгер:
А) Қ.Сыпатаев
В) Т.Мырзаев
С) Қ.Аманжолов
D) А.Бельгин
Е) К.Кузин
5. Ұлы Отан соғысында Сталинградты қорғауға қатысқан екі Даңқ ордені иегері, Кеңес Одағының Батыры:
А) Б.Момышұлы
В) М.Ғабдуллин
С) Т.Позолотин
D) Ғ.Сафиуллин
Е) І.Айтықов
6. 18 жасар Жәнібек Елеусізов Кеңес Одағының батыры атанды:
А) Мәскеу үшін шайқаста
В) Сталинград үшін шайқаста
С) Днепр үшін шайқаста
D) Берлин үшін шайқаста
Е) Курск үшін шайқаста
7. Ұлы Отан соғысында Еділ бойындағы шайқастарға қатысқан 17 гвардиялық танк полкінің командирі:
А) Т.Позолотин
В) Ә.Жанбосынов
С) Ұ.Саурықов
D) А.Иманов
Е) Т.Бокин
8. Ұлы Отан соғысында қазақстандықтар арасынан бірінші болып жанған ұшағын жау тобына бағыттаған:
А) С.Луганский
В) Б.Бейсекбаев
С) Л.Беда
D) И.Павлов
Е) Т.Бигелдинов
9. Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім!» өлеңін жазды:
А) 1918 ж.
В) 1937 ж.
С) 1927 ж.
D) 1924 ж.
Е) 1941 ж.
10. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған жеке өзі 37 ұшақты атып түсірген ұшқыш:
А) Т.Тоқтаров
В) С.Луганский
С) Б.Момышұлы
D) Р.Бекетов
Е) Н.Добровольский
11. Халық Қаһарманы атағы берілген партизан-жазушы:
А) Т.Тоқтаров
В) А.Егоров
С) М.Ғабдуллин
D) І.Айтықов
Е) Қ.Қайсенов
12. Кеңес Одағының батыры Т.Тоқтаровтың ерлігі:
А) Неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойды
В) Жеке өзі 37 ұшақты атып түсірді
С) Шетелдердегі қарсыласу қозғалысына қатысты
D) Фашистердің 5 танкісін, «Фердинанд» зеңбірегін жойды
Е) Рейхстагқа Жеңіс туын тікті
13. Ә.Молдағұлова құрамында шайқасқан атқыштар бригадасы:
А) 100-ші
В) 54-ші
С) 73-ші
D) 76-шы
Е) 316-шы
14. Ұлы Отан соғысында Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысқандардың арасынан қатесін табыңыз:
A) Ж.Елеусізов
B) В.Панфилов
C) М.Ғабдуллин
D) Т.Тоқтаров
E) Б.Момышұлы
15. Сағадат Нұрмағамбетовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді:
А) Мәскеу үшін шайқаста
В) Сталинград үшін шайқаста
С) Ленинград үшін шайқаста
D) Брест қамалы үшін шайқаста
Е) Берлин үшін шайқаста
16. М.Мәметова құрамында шайқасқан атқыштар бригадасы:
А) 316-шы
В) 73-ші
С) 76-шы
D) 72-ші
Е) 100-ші
17. Шымкенттегі әскери авиация училищесі түлектерінің бірі, үш мәрте Кеңес Одағының Батыры:
А) Иван Кожедуб
В) Нүркен Әбдіров
С) Сергей Луганский
D) Гастелло
Е) Талғат Бигелдинов
18. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған ұшқыш:
А) Н.Әбдіров
В) И.Павлов
С) А.Маслов
D) И.Карпов
Е) Б.Бейсекбаев
19. Төмендегі оқиғалардың хронологиялық ретін анықтаңыз: 1.Брест қамалындағы шайқас. 2.Берлин операциясы. 3. Жапониямен соғыс. 4.Мәскеу түбіндегі ұрыс:
A) 1.4.3.2
B) 1.2.3.4
C) 3.1.2.4
D) 2.3.1.4
E) 1.4.2.3
20. «Момышұлы жолдас құрылған күнінен бастап 8-гвардиялық дивизия қатарында. Ол дивизиямен бірге даңқты жауынгерлер жолдан ... Кеңестік Отанымыз жолындағы ұрыстарда Момышұлы жолдас өзін Кеңес партиясының ұлы ісіне адал берілген ерекше ержүрек, әрі батыл командир ретінде көрсетті. Момышұлы жолдастың тактикалық даярлығы жақсы өзінің әскери білімін неміс-фашист басқыншыларына қарсы кескілескен шайқастарда іс жүзіндегі командирлік жұмыста арттырған және ол білімін ұрыста шебер қолданады. 1941 жылғы шілде-қыркүйек айларындағы кезеңде атқыштар батальонының командирі болған капитан (қазір майор) Момышұлы жауынгерлер мен командирлерді өз Отанына шексіз берілгендік рухында тәрбиелеп, өз батальонының жауынгерлік құрамының сапалы әскери даярлығына қол жеткізді». Б.Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы берілген мерзім:
A) 1998 ж.
B) 1992 ж.
C) 1991 ж.
D) 1988 ж.
E) 1990 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |