Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.



Дата15.09.2017
өлшемі158,47 Kb.
#33288
Қазақша Тәрбие сағат: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз!)

Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!


Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.
«Наурыз» сөзі – біріншіден, «жаңа күн», дегенді білдіреді, екіншіден, аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі, сондықтан жаңа жыл ретінде тойланатын думанды халықтық мейрам, үшіншіден, ай аты.
Барлық бастама, ұлы істі ырымдап халық осы күні бастаған. Сол себепті бұл күнді «Ұлы істің ұлы күні, яғни Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!
«Тойдың болғанынан боладысы қызық» - дегендей мереке алдында балалар «Жарапазан» айтқан екен жарысып.
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Кіріспе:
Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.
«Наурыз» сөзі – біріншіден, «жаңа күн», дегенді білдіреді, екіншіден, аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеледі, сондықтан жаңа жыл ретінде тойланатын думанды халықтық мейрам, үшіншіден, ай аты.
Барлық бастама, ұлы істі ырымдап халық осы күні бастаған. Сол себепті бұл күнді «Ұлы істің ұлы күні, яғни Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!
«Тойдың болғанынан боладысы қызық» - дегендей мереке алдында балалар «Жарапазан» айтқан екен жарысып. Бұл туралы Ерәли анасымен айтып береді.
Ерәли мен анасына сөз беру. Жарапазан айтқан балаларға сыйлық беру.
Мұғалім: Ертеде «Қыдыр ата» наурыздың 21-нен 22-не қараған түні келетін күнді кімде-кім қарсы алса, соған беретін сыйының бар екені туралы әлемге жар салыпты. Сыйдан дәмелілердің барлығы күнді қарсы алуға дайындалыпты. Бұл сыйдың иегері қандай жануарлар екенін білесіздер. Қане, атап жіберейік. Теңдессіз сыйдан адамдар да құр қалғысы келмеген. Түнімен «Қыдыр атаны» тосқан екен. Сонда ұйықтап қалмас үшін, жастар «Ұйқыашар» ұйымдастырған екен.
Мұғалім: Ал, ұлдар қыздарға жауап ретінде қонаққа келгенде «Селт еткізер» сыйлаған екен. Ұлдар қыздарға сыйлықтарын береді. Бұл жерде ән айтылып, өлең жырланып, ойындар ойналған екен.
Ән: «Наурыз»

Мұғалім: Түнімен дайындалған ел күнді қарсы алуға далаға шыққан, есік терезелерді ашып қойған. Бұл – Қыдыр ата үйге келіп кетсе екен, терезеден көріп кетсе екен деген тілек.


КҮН: Самарқанның көк тасы,
Ериді мен келгенде.
Тоң боп қатқан топырақ,
Жібиді мен келгенде.
Енесіне баласын,
Телиді мен келгенде.
Тар көңілдер түнерген,
Кеңиді мен келгенде.
Ақ жүзіңді бері бұр,
Тұсыңа бір келгенде.
мұғалім: Деп атқан таңды қарсы алған халық бір-бірін құттықтап, амандасып көріскен екен Ата – аналар, балалар құшақтасып көріседі. Осы жерде наурыз бата берілген.
«Наурыз батасын» береді.
Мұғалім: Бұдан кейін халық мейрамды бастап кеткен екен. Мерекенің берекесі «Ас». Бұл күнгі негізгі тамақ «Наурыз көже» болған.
Мұғалім: - Бұл күні үйленбегендер жанұя құрып, сәбилер дүниеге келсе, шілдехана жасап, қадам басса, тұсау кесіп жатады. Соның ішінде
Мұғалім: Қоғамдық өмір өрістеп,
Сан ғасыр зулап өтсе де,
Наурыз тойын теріс деп,
Айтпаған ешкім әйтсе де.
Өйткені оның бойында
Еңбек, бірлік, достық бар.
Музыка қосу «Қара жорға» биін билеу, сабақты аяқтау.

Қазақша Тәрбие сағат: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Наурыз - жыл басы)


Тәрбие сағат тақырыбы: Наурыз_»_Оқушы:_Наурыз'>Наурыз - жыл басы
Тәрбие сағат мақсаты: Қазақтың мейрамдары - Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсінік беру; ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу; ұйымшылдылыққа, өнерге баулу;
Көрнекілік: нақыл сөздер, суреттер, ұлттық тағамдар, ұлттық бұйымдар,магнитофон,шарлар,гүлдер;
Жүргізушілер:
Әр халықтың өзінше жаңа жылы, жыл басы болады. Ол халықтың орналасқан жеріне байланысты. Біздің елімізде әдеттегідей Жаңа жылды 22-ші наурызда қарсы алған.
Наурыз – шығыселдерінің өзіндік тарихы бар ежелгі мейрамы. Наурыз қазақ тіліне тікелей аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Жаңа жылды қарсы алу – күн мен түннің теңелу күніне сәйкес келеді. Наурызтабиғаттың жаңғаруының, малдың төлдеп, ақтың молаюының белгісі. Қазақ халқы бұлк үнді жаңа, таза киімдерін киіп, салт-дәстүр бойынша тазару,жаңару күні деп қарсы алған.
Наурыз – көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп,ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі,өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз. Наурыздың мағынасы – наурыз парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады.
Оқушы: «Ұлыстың ұлы күні» жайында аңыз
Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп жариялайды. Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай өзінің «Біраз сөзі қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың «хибиғи», «хұзағи» деп аталатын көне заманына ұштастырады. Парсының «нау» сөзі әртүрлі өзгерістерге ұшырағанымен, сол мағынада көп халықтың тілінде сақталып қалған. Ол орысша нов (ай), немісше нойе, латынша нео. Осылайша «нау» сөзі үнді-еуропалық халықтар дараланудан да бұрын пайдаланылған.
Ән: «Наурыз»
Оқушы: Наурыз неге жыл басы?
Жеріміз Күнді бір айналып шығатын мерзім жылдың шартты түрде үш үш айынан: наурыз, сәуір, мамыр көктем, маусым, шілде, тамыз жаз, қыркүйек, қазан, қараша күз, желтоқсан, қаңтар, ақпан қыс мезгілдері болып бөлінетіні баршамызға аян. Көктем наурыздың 22-інен, жаз маусымның 22-інен, күз қыркүйектің 23-інен, қыс желтоқсанның 23-інен басталады. Ендеше, Жаңа жылымыздың дәл 22 наурыздан басталуы жыл мезгілдерінің астрономия заңдылығымен де дәл келеді.
Оқушы: Наурызды кім қалай тойлаған?
Ұлы ғұламалар Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тәрізді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектеріндегі Шығыс халықтарының Наурыз мейрамын қалай тойлағаны туралы деректерге назар аударсақ, парсы тілдес халықтардың Наурызды бірнеше күн тойлаған. Яғни, олар Наурыз күндерінде мынадай салт-дәстүр, ырымдар жасаған:
Әр жерде үлкен от жағып, отқа май құйған.
Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжаған.
Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалық» ұсынған.
Ескі киімдерін тастаған.
Ескірген шыны аяқты сындырған.
Бір-біріне гүл сыйлаған.
Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн символын» салған.
Үйлеріндегі тіреу ағашқа гүл ілген.
Жамбы ату тәрізді түрлі жарыстар өткізген.
Бұл күні кәрі-жас мәз болып, бір-біріне жақсы тілектер айтқан, араздаспаған.
«Қара жорға» биі
Оқушы: Наурыз атаулары, Наурыз көже
Наурыз мейрамына байланысты мынадай атаулар бар: Наурыз күні, Наурыз айы, Наурызнама, Наурызкөже, Наурыз тойы, Наурыз жыры, Наурыз жұмбақ, Наурыз бата, Наурыз тілек, Наурыз төл, Наурызкөк, Наурыз есім, Наурыз шешек, Наурызша, Әз, Қыдыр, Саумалық, Мұхаррам (тыйым), Самарқанның көк тасы
Ұлттық ойындар ойнау
Сондай- ақ, Ұлыстың ұлы күнінде адамдар бір-біріне тілек білдірген:
Ұлың ұяға, қызың қияға қонсын!
Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы бол!
Айың тусын оңыңнан, Жұлдызың тусын соңынан!
Бақ берсін, Қыдырдарысын!
Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!

«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты тәрбие сағаты
Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың
салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, үнтаспа, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, шарлар, суреттер.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы – Наурыз
Мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі болғалы отырған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты
тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге
шаттық тілей отырып, мерекелі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз! Жаңа өмірдің қайта
басталатын күн есебінің басы, көктемнің көшбасшысы, қанатына маржан тағып қараторғай жеткенде
көктемнің алғашқы жаңбыры себелейді. Сіресіп жатқан қар еріп, көл – көсір су болып ағады. Өсімдік
ұйқыдан оянады, бәйшешек қаулайды. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын
тойлайтын Ұлыстың ұлы күні келді. Той құтты болсын, ұлыс оң болсын!
Хор «Наурыз айы толғанда»
Жүргізуші: Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата – бабам тойлаған
Әз – Наурызым, армысың!

Жүргізуші 2: Уа халайық, халайық


Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойдың
Шашуларын шашайық!
Әмір: Армысың Наурыз,
Қуаныш боп, кір төрлет!
Ел болып саған,
Көрсетіп жатыр сый – құрмет!
Темірлан: Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
Диас: Жыл басы - Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды.
Ерасыл: Тәуелсіз биік халқымның желбіреп туы шалқысын,
Әз Наурыз келіп еліме, Жер – Ана бойы балқысын.
Жаңғырар дәстүр - салтымның көсілсін бұлақ жалғасып,
Қастерлі менің халқымның мереке Наурыз жыл басы!
Би «Қамажай»
Жүргізуші: Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Сіздердің әділ істеріңіз
Ғасырлар бойы тынбайды.
Аңыз, дастан жырлардан,
Жастар оқып тынбайды.

Дамир: Жарқыраған жас нұрлы,


Жаса, Наурыз дәстүрлі.
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрымыз
Осынау байтақ елімде
Айтылады жырымыз
Жазира: Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,
Басын қосқан сан адам сан ғұрыптың.
Ұлыстың ұлы күні паш етейік,
Белгісін достықпенен мәңгіліктің.
Асаналі: Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ
Қалыс адам қалмасын некен – саяқ.
Ән шырқап, би билейік, қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
Дильназ: Наурыз, наурыз наз үнді,
Жер жап – жасыл жаз үлгі.
Жақсылықты жаранға
Жайып келші, бар ізгі.
Эльвира: Қош келдің Наурызым Ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
Ән « Шақырады көктем»
Ойын «Орамал тастамақ»
Жүргізуші: Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын,
Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде.
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,
Гүл – гүл жайнап мына біздің төрімізге – деп ендігі кезекті Наурыздағы салт – дәстүрлерге берсек.
Наурызкөк – Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады.
Наурызнама – шат – шадыман, ойын – сауық. Тойда ат – жарыс, түрлі ойындар өткізіліп, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада Қыз – жігіттер жиналып, бас қосып ұйқыашар әзірлейді. Ол уыз, ет сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп атайды. Наурызша – Наурыз айында жұп – жұқа қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «Наурызша» деп атайды.
Наурыз – шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарханға толған асы.
Наурыз қайтып оралады, аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыста, ақы да біз.
Кең дастархан, даламның, сахнамыз,
Ұлы мейрам – Наурызға шақырамыз.
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық.
Би: «Қара жорға»
Жүргізуші: Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке, бақыт, бейбітшілік дарытатын Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз құтты болсын. Күншығыстың Наурызы келгенде Самарқанның көк тасы еріп, жылғалардан су ағып, бәйшешек гүл атып, күннің көзі бүкіл әлемге нұрын шашып, үйсізді үйлімен теңестіреді.
Наурыз келді, көктем келді ағайын!
Жадырайды, жаңғырады маңдайым.
Назды, сазды науан Наурыз, армысың!
Ақ әже Қазақтың бірнеше салт – дәстүрлері туралы айтып береді. «Бесікке баланы бөлеу», «Ат қою», «Тұсау кесу» рәсімдерін көрсетеді.
Жүргізуші: Ортаға сөз ізгі ниет, «Ақ бата» беру үшін Қыдыр атаға беріледі.
Армысыңдар, жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт – түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін»
Ұлы халқым тоқ болсын»
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы – уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
(Әумин)
Ойын: «Сақина салу»
Жүргізуші: Наурыз тойы ұлы күн,
Шырқап әнге салайық.
Хор: «Домбырасыз ән қайда»
Жүргізуші: Осымен «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты сынып сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Өмір жастарыңыз ұзақ, ұлыс бақты, төрт – түлік ақты болсын. Ұлыс береке берсін. Наурыз құтты болсын!
Каталог: 2094E0BBA66F0CD0
2094E0BBA66F0CD0 -> Ойынның мақсаты: Жуан, жіңішке түбірлі сөздерді қайталау және ажырата білу
2094E0BBA66F0CD0 -> Тәуелсіздік тағдыры Кеше немесе біз қайдан шықтық?
2094E0BBA66F0CD0 -> Қыркүйек аралығында «Өнер алды – қызыл тіл» тақырыбында өткізілетін тілдер апталығының іс-шара жоспары
2094E0BBA66F0CD0 -> Рамазан Елебаев (1910, Акмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Құдықағаш ауылы 4 қараша, 1943, Ресей, Ново Сокольники қаласының маңы) – композитор. Өмірбаяны


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет