Ұлтыңды тәрбиелеймін десең Қызыңды тәрбиеле



Дата08.09.2017
өлшемі47,82 Kb.
#31953
ҰЛТЫҢДЫ ТӘРБИЕЛЕЙМІН ДЕСЕҢ – ҚЫЗЫҢДЫ ТӘРБИЕЛЕ...
Сарсекенова А.Б.

Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру республикалық институтының Атырау облыстық филиалы, доцент


Ұлттық тәрбиенің негізі балаға ананың сүтімен, ана тілімен, бесік жырының әлдиімен беріледі. Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған құбылыс емес. Ол қоғамның, заманның бағыт-бағдарымен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осыдан барып біздің ұлттық құндылықтарымызды сүйегіне сіңіре отырып, тазалық пен берік махаббаттың иесі қыздар бейнесі қалыптасқан. Оларды кейінгі ұрпақ өз балаларына өнеге етіп, дәріптеп жалғастырған. Қыз Жібек, Баян сұлу, Қарашаш бейнелері тек сұлулықтың ғана нышаны емес, ақылды жардың, қиыншылықта тапқырлық, ерлігімен көзге түскен қайраттылықтың символындай қалыптасқан. Қазақ қыздарының менталитетіне қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық сияқты қасиеттер кіреді. Тарихқа көз жүгіртсек, Айман, Құртқа, Назым сияқты қыздарымыз, Домалақ ана, Айша Бибі сияқты аналарымыз нағыз қазақ әйелдерінің үлгісі болды. Аналарымыз «баланы жастан» деп, бала тәрбиесін құрсақтан бастаған.

Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Бастауыш кластар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту. Бесінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері әрі қарай дамытыла түседі. Жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан еш нәрсе бүкпейді. Осы шыншылдық пен ашықтық, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кшіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінез-құлық әдеттері қалыптастырылады. Үшінші кезең 9-11 сыныптарды қамтиды. Мектептегі бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңмен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз. Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға үлкен сын.

Мектеп өмірінде өнегелі істер мен сыпайылық қарым-қатынасқа тәрбиеленген қыздар, болашақта да ертең еңбек еткенде де жақсы жақтарымен көпшілік құрметіне бөленуі сөзсіз. Қыздардың бірі - жаңа буырқанған бұлақтың бастауы болса, екіншілері - ағысы қатты арналы өзен сияқты, бірі момын да, жуас, енді бірі - өткір де өжет.

Қыз баланың физиологиялық, психологиялық даму кезеңдерін басшылыққа ала отырып жүргізілетін тәрбие жұмыстары өз нәтижесін бермей қоймайды.

Қыздардың мінез тұрақтылығын қалыптастыра отырып инабаттылыққа, әдептілікке, ізет пен мәдениеттілікке тәрбиелей отырып, оның қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты, таза махаббатты түсінуге тәрбиелеу, мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін, ізеттіліктер қалыптастыруымыз керек. Өйткені қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттық тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғанын олардың санасына жасынан құйып, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, білікті, білімді, жан-жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеуіміз қажет-ақ.

Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындырып, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мол мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу мектептен бастау алғаны нұр үстіне нұр болып отыр.

Біз ата-ананы пір тұтқан, тегімізді атадан, тілімізді анадан сақтаған халықпыз. «Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас», «Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе, ұл жарылқап ас бермес, әке үлгісін көрмесе». Ұлттық салт- дәстүрімізді білу, оның астарын түсініп, атадан балаға мирас ету қазіргі таңда, әсіресе, қазақ қыздары үшін ауадай қажет. «Қыз тәрбиелей отырып- ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді. «Қызым үйде, қылығы түзде» дейді екен бұрынғылар. Қыз баланың бойына асыл қасиеттерді дарыту тек құлаққа құюмен, ақыл айтумен не болмаса «Қызды қырық үйден тыюмен» шектелмейді, мәселе қай кезде, қандай жағдайда орынды ақыл ұсынып, үлгі-өнеге көрсету қажеттігінде.

Акселерация – латын сөзі, қазақша бой жету, ер жету, жедел жетілу деген мағына береді. Бұл құбылыс ХІХ ғасырдың екінші жартысында алғаш рет байқалған. Неміс ғалымы Е.Шлезингер бай неміс әулеті мен жұмысшы балаларының бойлары бірдей еместігіне көңіл аударған. Бұл адамның өсіп жетілуіне биологиялық жағдайлардың ғана әсері бар деген көзқарасқа елеулі соққы болып тиді. Акселерация бала кезден басталады. Жыныстық жетілудің мерзімі де өзгереді. Осыған орай ұлттық тәрбие арқылы қазақ қыздары өздеріне тән ізгі қасиеттерімізді жоғалтпай, өнегелі, тәртіпті, ұстамды болуы, қазіргі бала сезімдерінің ұлғаюы, әсіресе жасөспірім шағында қыз баланың ұялшақтық сезімінің күшеюі де отбасындағы дұрыс тәрбиеге байланысты. Шаңырақта ерсі іс-әрекеттерге жол берілсе, қыздың бойына қымсыну қасиеті дарымайтынын психологтар зерттеуде. Психолог А.К.Ленцтің айтуынша «ұялу» - бойжеткендерді биологиялық және әлеуметтік зиянды байланыстардан сақтайды, ол адамның инстинктін реттеп, бақылайды, қорғаныс қызметін атқаратынын айтады.

Ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойға сіңеді. Қатты күлмеу, айқайлап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу, ыдыс аяқты салдырлатпау, алдымен кіріп, артымен шығу, есікті теуіп ашпау, босағаны кермеу, ұсынған кесені төмен қарап беру, үлкендерден жоғары отырмау тәрізді тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, аяқ басқанына, киім киісіне, қимыл- қозғалысына, дауыс ырғағына дейін мән берудің өзі қыз бала тәрбиесіне аса зор мән беріп, көңіл қоюдың жауапкершілігін сездіреді.

Жазушы Ә.Нұршайықовтың мына бір сөздерін әрбір қыз баланың бойына сіңірсек құба-құп болар еді.

– Қыздар! Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған осынау бір елімізге адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Еңбекшіл адам ең ардақты адам.

- Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды болыңдар!

- Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бірге саналы болыңдар!

- Қыздар ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар, ұрысқақ болмаңдар.



- Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, ұйымшыл болып өсіңдер!

Қыз бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ. Елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени-этникалық өзгерістер халыққа білім беру жүйесіндегі бірінші міндет – ол оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажеттігі туралы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында [1]. «Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормаларын сақтау» - делінген. Бүгінгідей қоғамның аласапыран кезеңінде қыз балаларды жан-жақты тәрбиелеу уақыт күттірмейтін мәселе. «Қыз» - ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет