Ұлттық бірыңғай тестілеуде кездесетін кедергілер және жоғары көрсеткішке жетудің тәсілдері



Дата15.09.2017
өлшемі11,35 Kb.
#32939

Ұлттық бірыңғай тестілеуде кездесетін кедергілер және жоғары көрсеткішке жетудің тәсілдері

Ұлттық бірыңғай тестілеу – оқушылардың 11 жылдық білімінің деңгейлік көрсеткіші. Бұл – сабақ беретін пән мұғалімдерінің еңбек көрсеткіші.

«Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде», себебі тілді меңгерген бала ел тарихын, салтын, дәстүрін, әдебін, әдетін, бабаларының тағылымын, біртуарларын, олардың тағдырын біледі, сөйтіп қазіргі өмірмен салыстырады, өз еліне деген патриоттық сезімі, ұлттық сезімі оянады» Н.Назарбаев.

  • Әр пәннің өзіндік ерекшелігі яғни өз қиындығы,
  • өз жеңілдігі бар.
  • Ана тілі халық қазынасының қоймасы іспетті.
  • Шешен кісі сөз бастар,
  • Адал кісі-ел бастар, демекші,
  • Қара қылды қақ жарған кемеңгер билеріміз кезінде
  • ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен екен. Ақындар мен
  • шешендер дау-талас, айтыс үстінде аттап өтпей, жолдан
  • жығылып, сөзден сүрінгенін ерлерше мойындап, «ой, тіліңе
  • шоқ түссін !-деп отыра кеткен деседі.

...Абайдың : «өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» деп таңдай қағатыны тілге деген сүйінішінен туған. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады, үні-домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқақ әуенділігі шырқап салар әніндей. Тыңдаушысын бірден ұйытып әкететін үндестік пен әсем ырғақ құлақ түбінде сыңғырлап, қазақ тілін сұлу да сиқырлы етіп көрсетеді...

... басымыздағы бағымызды, алдымыздағы малымызды тартып алумен тынбай, тілімізге тиек, аузымызға қақпақ қойды. Нәтижесінде ана тіліміз айдалада қалып, бір-бірімізге орысша шүлдірлейтін күн туды... Иә, мұның бәрі артта қалды. Қазақ тілі - мемлекет тілі деген мәртебеге ие болды. Халқымыз өзінің күмбір қаққан сөйлеу мәнерін қайта табуы үшін жас ұрпақты жай қазақша оқытып қою аз, одан басқа да толып жатқан іс - шаралар керек, бұдан былай тіл тәрбиесі ана сүтімен бірге бесіктен басталуы керек екендігін білді.

Біздің тіл- халықаралық әлемдік деңгейге көтерілуге тиіс тіл ! Ендеше ел болуымыздың белгісі болып табылатын тілге үлкен жауапкершілікпен қарау ұстаз парызы дейміз. Жылда, дәстүрлі түрде өтілетін мемлекеттік ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы күтіп тұр. Біздің жиналуымыздың мақсаты - осындай науқанды кезеңде қандай жетіспеушіліктер, қиындықтар, олқылықтар, жетістіктер болып келді, сол жөнінде ой-бөлісу, пікір алысу, қалай еткенде жоғары деңгейлі көрсеткішке жете аламыз деген мәселелер.

Мектепішілік және мемлекеттік тест кезінде дәстүрлі қателіктер қайталанады. (Оны жылда апелляция кезінде байқап жүрміз). Нақтылай айтсақ: 1.Шылау мен жалғауды ажыратпау (Мысалы: -ды, -ді – жіктік жалғау, шылау, өткен шақ қосымшасы, сын есім жұрнағы, табыс септік жалғауы); 2.Демеулік шылау сөздерді байланыстырмайды. Тек өзі тіркескен сөзге қосымша мағына үстейді. 3. Септеулік шылау белгілі бір септікте тұрған сөзбен ғана тіркеседі. Сөздерді сабақтастыра байланыстырады. 4. Жалғаулық шылау сөздер мен сөйлемдерді салаластыра байланыстырады.  5. Омоним сөз бен көп мағыналы сөзді шатастыру...; 6.Етістіктің үлкен тарауының бірі - етіс.

Ұлттық бірыңғай тестілеуде байқалатын кемшіліктер - шылау мен жалғауды ажыратпау (Мысалы: -ды, -ді жіктік жалғау, өткен шақ қосымшасы, сын есім жұрнағы, табыс септік жалғауы); - омоним сөз бен көп мағыналы сөзді шатастыру; - етіс түрлерін біледі, бірақ оның нақты анықтамасын ажырата алмайды; -кейбір заңдылықтарын білмеу.

Ұлттық бірыңғай тестілеуде биіктікке жету тәсілдері: 1.Падалануға тиіс оқулықтар, қосымша оқулықтар; 2.Сол оқулықтарда кеткен (баспадан не басқа жағдайда) қателіктер; 3. Жаңа оқулықтағы жаңалық, өзгеріс, оны бұрынғымен салыстыра оқыту (1-сыныптан қалыптасып қалған дағдылы ережелерді еске түсіріп, оның жаңа заңдылықтарын түсіндіру); 4. Тіл білімінің әр саласына енетін объектілерді анықтау;

5. Сауаттылыққа үйрету мақсатында; - Фонетикалық, морфологиялық , лексикалық, синтаксистік, пунктуациялық таладаулар жасату; 6. Кешенді талдау жасату; 7. Өз ойын поэзия, проза, тіпті сахна тілінде жетік білуге ұштау, дайындау; 8. Даталы күндерге шығарма жаздырып отыру; 9.Мәнерлеп оқудың технологиясын үйрету, 10. Әдебиетте де мәтіндік талдау табиғатын білгізу: - әр жанр табиғаты, мәтін тақырыбы, композициясы; - эпилог, пролог, монолог, даму, шиеленісу, шарықтау шегі; - кешенді әр түрлі тұрғыда: тарихи, әдеби, мәдени, психологиялық, проблемалық талдауларды үйрету.

  • жылы
  • Оқушы саны
  • «5»
  • «4»
  • «3»
  • «2»
  • б/с
  • о/б
  • 2006/2007
  • 63
  • 26
  • 30
  • 7
  • -
  • 88,89%
  • 23,40%
  • 2007/2008
  • 61
  • 19
  • 34
  • 8
  • -
  • 86,89%
  • 18,34%
  • 2008/2009
  • 48
  • 15
  • 4
  • 4
  • -
  • 41,67%
  • 18,15%
  • Қазақ тілі пәні бойынша ҰБТ нәтижесі

Каталог: uploads -> doc -> 06b2
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06b2 -> Сабақтары Әдістемелік құрал Исабаева Айман Турсымбековна Балқаш қаласы Шахмат сабақтары
06b2 -> Сабақ тақырыбы § 12 Кушан патшалығы Мақсаты
06b2 -> Сабақ қазақ тілі Сабақтың тақырыбы Қазақстандық миллионер. Сілтеме
06b2 -> Сабақ жоспары пән: Информатика Тақырып: Microsoft Word-та құжаттар құру, редакторлеу және форматтау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет