М. Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби сазды кеш Тақырыбы: «Мұқағали өлеңі, жүрекке сәуле төгеді»



Дата27.02.2020
өлшемі23,41 Kb.
#57471
«Мұқағали өлеңі, жүрекке

сәуле төгеді»

(М.Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби сазды кеш)

Тақырыбы:

«Мұқағали өлеңі, жүрекке сәуле төгеді»

М.Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш

 

1ж. Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар.Армысыздар, өлең сүйер қауым!



2ж. Бүгін біз қазақ поэзиясында ерекше нұрланып, жұлдыздай жарқырап өткен, Хантәңірдей асқақ тұлғамыз М. Мақатаев жайында сыр шертпекпіз.

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.   

Мұқағали Мақатаевты атақ пен даңқ өлген соң өзі іздеп тапты. Тіршілігінде осы үшін жанын сала күрескендердің тағдыры керісінше шешіліп жатады.

Өйткені биік таулардың алыстаған сайын зорая түсетіні сияқты, мықтылық та уақыт озған сайын  тұлғалана бастайды. Хантәңірі нақ осылай. Ал Мұқағали ақын табиғатына айнымай тартып туған ақын.

Орындайтын : Бүтінбай Шерхан «арыз жазып кетейін»

   Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,

                Жыр жазамын Абайдың үлгісімен

                Абай болып табынсам бір кісіге,

                Абай болып түңілем бір кісіден.

1ж.Өлмеу үшін – құлқынды жемдеу үшін,

                Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін

              «Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,

                Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін»,-деп ұлы Абайдан көп нәрсе үйреніп, сөз құдіретін, сөз сарасын ақындық сезіммен қабылдап, өзі қазақ поэзиясында Абай салған соны соқпақ жолда әдеби ұлттық дәстүрді одан әрі жалғастыру жолында Абайға көбірек үңілген, «Ғасыр ақыны» атанған М.Мақатаевтың бүгін туылған күні. Осыған орай ақынды 1 минут үнсіз еске алайық!



Видео «Есіңе мені алғайсың»

 

(1 минут үнсіздік)



Бүгін менің туған күнім,

Ой пәлі – ай!

Мына адамдар неге жатыртойламай?

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірімнің жарытпай-ақ қойғаны-ай!

деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды. Бүгін де сіз бен біз боп ұлы ақынымыздың туған күніне жиналып отырмыз. Бірақ арамызда ақынның өзі емес, ақынның албырт жырлары мен  жансыз суреттері.



1ж. ХХ ғасырдың бел ортасынан аса өлең өлкесінде өзіндік бір өрнек тоқып, құдіреті қуатпен мөлдіреген мұң жамылып, қомдана бастаған қасаң дүрмектен қасиет оздыра шапқан ерен тұлғалардың бірі ақын ағамыз-М.Мақатаев.

«Кең дүние, аш төсіңді мен келемін,»-деп Бұқары мен Ақтамбердісі, Махамбеті бар, Абайы мен Мағжаны, Қасымы бар киелі өлкеге балалық еркелігі мен , азаматтық арыны мен келді.

Ақынның туған жерін ресми тілде айтар болсақ, ол Алматы облысының Райымбек ауданы Қарасаз ауылы.
«Ақынның өмірі» Таныстыратын :

Мұқағали Мақатаевтың азан шақырылып қойған шын аты- Мұхамбетқали. Оны көпшілік біле бермейді.   Кейіннен жеңгелері,  туған-туыстары Мұхамбет пайғамбардың да аты аталатын бұл есімді атауға жүрексініп, оны Мұқағали деп кеткен. Ақынның өзі де есейген шағында: «Бұл есімнің қадір-қасиетін түсініп, оны алып жүре алам ба?! Одан да Мұқағали қалғаным дұрыс шығар...»-деп құжатқа да осылай жаздырып алған

.Мұқағали шаңырақтың тұңғышы болғандықтан, оны әжесі Тиын өз бауырына салды. Мұқғали өзінің әжесі жайында: «Мені сөзге, жырға үйреткен, тәрбиелеген, халықты сүйюге үйреткен-әжем», - дейді. Ақынның әкесі Сүлеймен шаруа адам болған. Колхозда сушы, шалғыншы болып жұмыс істеді. Анасы Нағиман апа да қарапайым адам болған.

1ж. Анашым!

        Асыл анам, есіл анам

               Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді

               Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам!



«Ана сен бақыттысың» орындайтын 

Ана туралы видео жүріп жатады.

2ж. Өмір! Табиғат! Адам! Бұлардың бәрі ашылмаған күйсандық. Сандық кілтің тапқан адам ғана сандықтың тылсымына елітіп, сырына үңіле алады. Сандық кілтінің бірі Мұқағали қолына түсті. Ақын өмір-табиғат-адам байланысын зерттеген  ғалым іспетті. Өлең өмірінің бір күндік емес, мың күндік болуын көздеп, шабытына қамшы басқан да ақын М.Мақатаев.

 Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.



(Ортаға ақын өлеңдерін жатқа айтуға оқушылар шығады)

  «Поэзия»         оқитын:



Проекторда виде 

1ж.Өмір деген-бір жарқ еткен найзағай»,

       Өмір деген-көк аспанның күркірі

       Пай, пай, өмір,

       Өтесің-ай бір күні!»-



демекші, қайталанбас құбылыстай жарқ еткен найзағай ғұмыр өте шықты .

       «Туады, туады әлі нағыз ақын,



         Нағыз ақын бал мен у тамызатын»- деп Мұқағали өз орнын өзіндей  тағы бір нағыз ақынға босатып әдейі кеткен шығар.

Ән: Орындайтын: Аида «Жас қайын»
Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын.

Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,

Есенинміндемедімешкімге мен,

Қазақтыңқараөлеңі – құдіретім,

Ондабірсұмдық сыр бар естілмеген...

дегенақынөлеңініңсырларынсуреттеп, бояуменөрнектеген.

Жаттаулар:

Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары, оқырманын тәнті еткен «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек», «Моцарт» сияқты дастандары бар.

«Аққулар» поэмасынан (видео ролик көрсету)

Мұқағали Мақатаевсөзіне жазылған әндерді орындау. Ендеше әнге кезек берейік.

«Бақытынды жырлайды» Орындайтын:

Жақындық сеземін-

Жерден де, аспаннан,

Жылылықсезінем-

Мұздардан, тастардан.

Өмірім, сірә да,

Арыданбасталған,

Әріденбасталып, мәңгігетасталған.

Осы мен өлмейтіншығарман,

Сәлғана мызғып ап, қайтадан тұрармын,-

Деген өлең жолдары бір көрегендікпен, сезімталдықпен жазылғандай. Мұқағали мұзбалақтың ортамызда әлі де тіріекеніне бүгінгі кеш, оқылған өлеңдері, оны сүйіп оқып, өз өмірінің бір бөлшегіндей көретін жыр сүйерелі куә.



«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә ,ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда.


«Мұқағали туралы ақындардың жылы лебізі» (Видео)

Жазылар естеліктер нешелеген,
Көрерміз оның бәрін пешенеден.
Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе – 
Көшеді өлең немесе өшеді өлең!
Қулары «таудың қызыл түлкісі» дер,
Момындар «біздің үйдің кірпіші» дер.
Мәңгілікке өзіммен ала кеткен
Менің нәзік жанымды кім түсінер?.. –
деп қалайша дәл айтып кеткеніне еріксіз таңғаласыз.


Мұқағали – туған жерді, Отанды, елді сүю тақырыбына көсіле қалам тартқан қаламгерлердің бірі. Туған жерге, Отанға деген ыстық сүйіспеншілікті үлкен азаматтық сезіммен жырлаған туындылар Мұқағали Мақатаевтың бүкіл шығармашылығының алтын арқауы.

Жаттаулар:

2-жүргізуші:
Мұқағалиын ел-жұрты шын құрметтейді, шын қадірлейді. Жырларын жатқа айтады, жер-жерде «Мұқағали оқуларын», еске алу кештерін өткізіп, ақын рухына тағзым етеді. Жоғарғы жақтың ешбір нұсқауынсыз, бұйрығынсыз-ақ жалпыхалықтық көлемде мерекеленетін бірден-бір той – Мұқағали тойы. 


Жылдар өтер... әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлең құдіретін аспанға көтерген Мұқағали есімі қашанда биіктен көрінер. Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге. 
2-жүргізуші:
«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» деп өзі айтып кеткендей мәңгілік жасай бермек!Ақынның ой айтудағы өткірлігі, батылдығы біздерге өнеге, тәлім, сабақ берері сөзсіз.
1-жүргізуші:
Ия, өлең өлмейді. Ендеше өлеңді жазған ақын да өлмейді. Мұқағали Мақатаев көз жұмған жоқ!


(белгісіз)

:   Ең алғаш Фариза апамыз алмалы қаладағы өмірін  «Қазақстан пионері» газетінде  редактор болудан бастайды. Мұқағали ағамызбен алғаш таныстығы да ерекше. Фариза жырлары нәзік табиғатты қыз балаға жат қылықты жырлар деп саналса керек. Бірақ, өнердегі жақын ағасы ретінде Фаризаға өз көмегін аямаған, және де Фариза апамызға арнап жазған өлеңдері де аз емес

 «Фариза, Фариза ақын, Фариза қыз!»   



1ж: «Қазақ даласының  ең биігі,  қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали» . Сол хантәңіріне айналған перзент Мұқағали аға елі есенінде, жұрты тынышында  халқымен қанаттасып, Қарасазымен санатталып, мәңгі жасайды. Мәңгі есімізде!

1ж: Әрине, суық қайғы,

     Көңілің халқың бірақ суытпайды.

     Егер де халық өзін ұмытпаса,

     Бақұл бол, халқың сені ұмытпайды, - дей отырып, біз бүгінгі кешімізді аяқтаймыз!



Осымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған поэзия кешіміз аяқталды. Жыр әлемінде кездескенше аман сау болыңыздар
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет