М. Н. Сарыбеков 2012 ж. Тест спецификациясы Тақырыбы: «Дінтану негіздері»



Дата02.07.2018
өлшемі77,5 Kb.
#45495
«Бекітемін»

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым вице-министрі

______________ М.Н.Сарыбеков

«___»_________________2012 ж.
Тест спецификациясы
1. Тақырыбы: «Дінтану негіздері» пәні бойынша жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдеріне арналған тест.

2. Құрастырылу мақсаты: Тест педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында құрастырылған.

3. Мiндетi: Кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау.

4. Тест мазмұны: Тестке негізгі бөлімдердің материалдары енгізілді.




Тақырып



Тақырыпша

Тапсырманың тестідегі орны

Қиындық деңгейі

1

Дінтану негіздері

1

Дін туралы жалпы түсінік. Атеизм, Политеизм, монотеизм. Діндердің шығу тегі мен құрылымы, жіктелуі, түрлері

1

A

2

Ежелгі діни сенімдер мен діндер

1

Тотемизм, анимизм, фетишизм, сиқыр, шаманизм

2

C

2

Ежелгі Египет, Грек, Рим діні

3

B

3

Үнді, Қытай, Жапон діндері

4

B

4

Иудаизм. Иудаизмнің негізгі сенім-ғибадаттары

5

C

5

Көне түріктердің Тәңірлік түсінігі.

6

C

3

Әлемдік діндер

1

Буддизм. Буддизмнің қалыптасуы, таралуы. Буддизмнің негізгі сенімдері

7

B

2

Христиан дінінің пайда болуы. Сенімдері. Негізгі бағыттары (православиелік, католиктік, протестанттық). Христиан дінінің қазіргі жағдайы

8

C

3

Арабия жартыаралы халықтарының Ислам дініне дейінгі салт-дәстүрлері. Құран және Ислам ілімі

9

C

4

Мұхаммед пайғамбар. Сунниттер мен шииттер. Мұсылмандық қағидалар мен Шариғат үкімдері. Мұсылман құқығының негізгі мектептері (мазхабтар)

10

A

5

Сопылық ілімі. Исламның ғылым мен мәдениетке әсері

11

B

4

Қазақстандағы дәстүрлі діндер мен жаңа діни ағымдар

1

Исламның қазақ жеріне таралуы.

12

B

2

Исламның ғылым мен білімге, мәдениетке тигізген әсері. Қазақ жеріндегі кесенелер мен киелі орындар

13

B

3

Қазақ мұсылмандық түсінігінің негізін қалаушы көрнекті ойшылдар.

14

A

4

Қазақстан жерінде христиандықтың таралуы. Христиан дінінің Қазақ жеріндегі киелі орындары

15

C

5

Қазақстандағы христиан діні ағымдары. Мәдениеті.

16

B

6

Діни қозғалыстар туралы түсінік. Жаңа ағымдардың негізгі белгілері

17

B

5

Қазақстан – дінаралық татулығы орныққан ел

1

Қазақстанның дін туралы заңнамасы. Діни сенім бостандығы туралы. Экстремизммен күрес.

18

A

2

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының қызметі

19

B

3

Қазақстандағы дінаралық келісімнің түпнегізі және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел ішінде және әлемде бейбітшілік пен конфессияаралық келісім орнату аясындағы саясаты

20

B

Тест тапсырмалары 3 қиындық деңгейінен тұрады.

Бірінші деңгей (A) - 4 тапсырма.

Екінші деңгей (B) - 10 тапсырма.

Үшінші деңгей (C) - 6 тапсырма.
5. Әрбір тапсырманың сипаттамасы:

«Дінтану негіздері» курсы. Дін теориясы: «Дінтану негіздері» курсының мәні. Дінтану негіздері - ғылыми пән ретінде. Дін туралы түсінік. Атеизм. Политеизм, Монотеизм. Дін – адамзат тарихы мен мәдениетінің ажырамас бір бөлігі. Діндердің қызметі мен құрылымы. Діни бірлестіктердің түрлері.

Дін бастаулары мен тарихи түрлері: Мифологиялық сананың өзіндік ерекшеліктері. Көне (алғашқы қауымдық) культтар. Алғашкы кауымдық сенімдердің формалары (фетишизм, тотемизм, анимизм, магия). Шаманизм. Жерортатеңізі елдерінің діні. Шығыстың ұлттық діндері.

Әлемдік діндер: Буддизм. Христиан діні. Ислам.

Қазақстан тарихы мен мәдениетіндегі орын алған діндер. Жана діни козғалыстар: Қазіргі кездегі Қазақстанның аумағындағы исламға дейінгі кезең. Исламның Қазақстанда таралу кезендері. Қазақстандағы христиан діні. Кеңес дәуіріндегі дінге көзкарас. Жана діни қозғалыстар туралы түсінік, сипаты және ерекшеліктері.

Қазақстан – конфессияаралық келісім аумағы: Қазакстан Республикасының дін туралы заңңамасы. Діни сенім бостандығы туралы түсінік. Толеранттылық. Қазіргі Қазақстандағы конфессионалдық жағдайы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасында және халықаралық қауымдастықта бейбітшілік пән конфессияаралық келісім орнату саласындағы саясаты.
6. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт –2 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 40 минут.


7. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Тест нұсқаларының баламалылығы:

- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен;

- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады. Бір тестіде 20 сұрақ.
8. Тапсырмалар формасы:

Берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.

Нұсқау: «Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
9. Орындалған тапсырманы бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін- 1 балл. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл.


10. Ұсынылатын әдебиет:

  1. «Дінтану» 9 сынып. Х Кенжетаев Д.Т., Тұяқбаев Ө.О. Астана "Арман-ПВ" 2010 ж.

  2. Қазақстанның мешіттері мен медреселері. Рухани шамшырақтар (ІХ — ХХ ғғ) Авторы: Әбсаттар қажы Дербісәлі. Алматы «Аруна», 2009 ж.

  3. Хакім Абай (даналық дүниетанымы). Авторы: Есім Ғарифолла. Алматы «Атамұра-Қазақстан», 1994 ж.

  4. Данышпан Шәкәрім. Авторы: Есім Ғарифолла. Алматы «Атамұра», 2008 ж.

  5. Әл-Фараби және Абай. Автор: Машанов А. Алматы «Қазақстан», 1994 ж.

  6. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. Авторы: Орынбеков М.С. Алматы, 1996 ж.

  7. Эстетика және діни өнер. Авторлары: А. Құлсариева, А. Құрманалиева. Алматы: «Қазақ университеті», 2008 ж.

  8. Ислам. Энциклопедиялық сөздік. Алматы, 2006 ж.

  9. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Алматы «Қазақстан энциклопедиясы», 1998-2007 ж. 9-томдық


ҰТО директоры Қ. Әбдиев
Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет