М. Омарбеков 2018жыл



Дата08.06.2018
өлшемі18,73 Kb.
#41563
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Алматы қаласы Білім басқармасының

МҚКК «Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі»

Бекітемін

Колледж директоры

_____________М.Омарбеков

__________________2018жыл

МҚКК «Алматы мемлекеттік политехникалық колледжіне»

2018жылы оқуға қабылдаудың

ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ереже

1.Бұл ереже 2007 жылғы 27 ділдеде қабылданған Қазақстан Республикасы «Білім туралы»( ары қарай Заң)Заңына және 2012 жылы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 130 қаулысымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы типтік ережеге сәйкес 2015 жылғы 14 сәуірде № 200 бұйрығымен бекітілген Алматы мемлекеттік политехникалық колледжіне оқуға түсу ережелерін анықтайды.

2.Алматы мемлекеттік политехникалық колледжіне оқуға негізгі орта білімі(негізгі жалпы),жалпы орта(орта жалпы) білімі, техникалық және кәсіптік білімі (орта кәсіптік), орта білімнен кейін, жоғары(жоғары кәсіптік) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.

3.Алматы мемлекеттік политехникалық колледжіне оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 28 ақпанында қабылданған «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы»№264 қаулысымен бекітілген «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 24-1 тармақшасын және 26 бабының 8 тармағын анықталатын қабылдау квотасы төменгі жағдайларда қарастырылады:

3.1 I−II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар –1 пайыз;

3.2 жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін -0,5 пайыз;

3.3 ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға ауыл(село)жастары арасынан шыққан азаматтар үшін- 30пайыз;

3.4 Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін -2 пайыз;

3.5 жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін –1 пайыз;

3.6 Ауыл жастарының азаматтары Қазақстан Республикасының үкіметі айқындаған аймақтарға 10% пайыз қоныс аударады.



2. Колледжге оқуға қабылдау тәртібі

Құжаттарды қабылдау және өтілетін емтихандарды ұйымдастыру

4. Оқуға түсу емтихандарын тапсыруға және колледж директорына оқуға қабылдау туралы өтініштерді қабылдау үшін 2018 жылғы 1 маусымнан 2018 жылдың 31тамызына дейін жұмыс істейтін қабылдау комиссиясы құрылды.

5.Түпкілікті нәтижелер туралы ақпарат 2018жылдың 30 тамызында 2018 жылдың қыркүйек айына дейін сырттай оқу нысаны бойынша қабылдау комиссиясына ақпараттық стендтерге немесе « www.agpk.kz » сайтына орналастыру арқылы күндізгі оқу нысаны бойынша оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі.

6.Колледжге оқуға түсушілерден өтініштер:

- күндізгі оқу бөлімі үшін 20маусымнан 20тамызға дейін қабылданады.

- сырттай оқу бөлімі үшін 20маусымнан 20қыркүйекке дейін қабылданады.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету түрі:қағаз жүзінде өтеді.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі құжаттарды қабылдау туралы түбіртек болып табылады.

8.Колледж жұмысының белгіленген кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көрсетілгендей демалыс және мереке күндерін қоспағанда қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі дүйсенбіден сенбіге дейін қоса алғанда сағат 9.00ден 18.30 ға дейін, түскі үзіліс уақыты 13.00 ден 14.30ға дейін қызмет етеді.

9.Талапкерлерге колледжге оқуға түсу өтінішімен бірге :

- білімі туралы құжатының түпнұсқасы;

- 086 формалы дәрігерлік анықтама (флюоротүсіріліммен бірге) , және мен топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер үшін дәрігерлік сараптама қорытындысы;

- 3x4 көлеміндегі 4 фотосурет;

- жеке басын куәландыратын құжаттар болуы тиіс.

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ азаматтар олардың статусын анықтайтын және тұратын жерінде тіркелгені туралы белгісі бар құжатын көрсету керек:



    1. шетел азаматтары - Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаттылық құжатын;

    2. азаматтығы жоқ тұлғалар - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

9.3 босқындар - босқын куәлігі;

9.4 оралмандар - оралман куәлігі;

9.5 баспана іздеген адам және оның куәлігі

Кешенді тестілеу сертификаты бар тұлғалар (ағымдағы жылда жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеуге қатысқан бітірушілер) немесе ҰБТ қорытындысы туралы сертификат (ағымдағы жылда ұлттық бірыңғай тестке қатысқан бітірушілер) оқуға түсу емтиханынан босатылып, конкурсқа сертификаттағы баллдардың негізінде жіберіледі.

10. Орта буынды мамандарды даярлайтын техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін оқуға түсу емтихандары:

10.1 жалпы орта білімі бар талапкерлер үшін – 3 пән бойынша жүргізіледі(қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бойынша пән);

10.2 негізгі орта білімі бар талапкерлер үшін -2 пән бойынша (қазақ тілі немесе орыс тілі және мамандық бойынша пән);

10.3 тапсыру емтихандары талапкердің өтініші негізінде қазақ немесе орыс тілінде жүргізіледі;

10.4 мамандыққа сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік мамандықтары орта және жоғары білім алушылар үшін профильдік пәндерде жүргізіледі.

Түсу емтихандары – тест түрінде жүргізіледі.Колледжге түсуге талап білдірушілер оқуға түсу емтиханын қазақша немесе орысша тапсыруға құқылы.

11. Техникалық және кәсіптік білім беру саласының оқу бағдарламасы бойынша оқуға түсуші тұлғалар үшін оқуға түсу емтихандары:

- күндізгі оқу түрі 1 тамыздан 28 тамызға дейін жүргізіледі.

- сырттай оқу түрі үшін 1 тамыздан 25 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

12. Түсу емтихандарын жүргізу кезінде әр пән бойынша берілетін тест тапсырмаларының (сұрақтарының) саны – 25;әр тест тапсырмасына берілген дұрыс жауап 1баллмен бағаланады; үш пәннен тест тапсыруға 2 сағат 15 минут, екі пәннен тест тарсыруға 1 сағат 30 минут беріледі.Дұрыс жауаптардың коды тест аяқталғаннан кейін ілінеді, тест нәтижелері тест өткізілген күні хабарланады.

Тест нәтижесімен келіспеген тұлға апелляцияға беруге құқылы.Тест нәтижесі жарияланғаннан кейін апелляцияға өтініш келесі күннің 13 сағат ішінде беріледі және өтініш апелляциялық комиссияда өтініш берушінің қатысуымен бір күннің ішінде қаралады.

13. Тесті қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.



3.Білім алушылар қатарына қабылдау

14. Тұлғаларды колледжге оқуға қабылдау тұлғаның өтініші бойынша конкурс негізінде жүзеге асырылады.Конкурс ҰБТ сертификаттары баллдарымен;Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарына түсу үшін тапсырылған кешенді тест қорытындылары бойынша берілген сертификат баллдарының негізінде;колледжде өткізілген тест түрінде оқуға түсу емтихандарының нәтижесінде алған баллдары (бағалары) негізінде жүргізіледі.

Білім алушылар қатарына қабылдау конкурсына төмендегі тұлғалар жіберілмейді:

Негізгі орта білімі бар тұлғалар – екі пәннен 20 баллдан кем жинаса;

Жалпы орта білімі бар тұлғалар – үш пәннен 30 баллдан кем жинаса;

Орта буын мамандарын даярлауды жүзеге асыратын техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар қатарына қабылдау:

-күндізгі оқу түріне – 25 тамыздан 30 тамызға дейін жүргізіледі.

- сырттай оқу түріне -15 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін жүргізіледі.



15. Мамандықтар бойынша білім беру ұйымына қабылдау, қабылдау комиссиясының ашық отырысында жүргізіледі.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет