«М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы»



бет1/13
Дата18.02.2017
өлшемі2,33 Mb.
#10278
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
«М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы»

АҚ Ақтөбе көлік және коммуникациялар колледжі


М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтөбе колледжінің 2016-2017 оқу жылындағы тәрбие жұмысының есебі

Ақтөбе, 2016ж

«Баланы дұрыс тәрбиелеу - бұл біздің қарттық шағымыз,

жаман тәрбиелеу - бұл біздің келешек қасіретіміз»

А. С. Макаренко 


2016-2017 оқу жылында тәрбие үрдісі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген тұжырымдамасы негізінде төмендегі  бағыттары  бойынша жүзеге асырылды:

  • Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

  • Рухани-адамгершілік тәрбие

  • Ұлттық тәрбие

  • Отбасы тәрбиесі

  • Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

  • Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

  • Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

  • Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

Тәрбие жұмыстарының оқу жылы барысында жүзеге асырылуына сандық және сапалық талдау жасалынды.Талдауға мынадай өлшемдер алынды: 
1.Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің педагогикалық мүмкіндігі. 
2.Әлеуметтік статусы бар білім алушылар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік жағдайына талдау. (Қамқоршылықтағы, қорғаншылықтағы тәрбиедегі)
3.Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ерекше контингентіне талдау жасау. («қатер», «тәуекел» тобындағы білім алушылар мен тәрбиеленушілер).
4.Оқу топтарына рейтингі.
5. Өткен оқу жылындағы атқарылған тәрбиелік шаралардың мазмұнына талдау-есеп.
6.Ата-аналармен байланыс барысы.
7.Тәрбие жұмыстарының бағыттары бойынша орындалу көрсеткіші

Колледжінің тәрбие мәселесі: колледждің жоғары білікті құзырлы маман дайындауда тиімді тәрбие беру ортасын қалыптастыру.

Тәрбие жұмысының мақсаты: қазақ париотизмі, азаматтығы, адамгершілік және жалпыазаматтық құндылықтар идеясы негізінде студенттердің жеке қасиеттерін, тәрбиесін қалыптастыру, жалпы даму жолымен колледждің бәсекеге қабілеттігін арттыру.

Міндеттері:

  1. Тәрбиені денсаулық сақтау технологиясымен қамтамасыз ету және салауатты өмір салтын бекіту, студенттерді өз қылығына, отбасылық өмірге жауапкершілікпен қарауды дайындығын қамтамасыз ету, өнер, қоршаған орта, қоғамдық – пайдалы іс әрекеттер арқылы жалпы адамдық қасиеттерді дамыту;

  2. Колледж студенттерінің өзін - өзі басқару органдары (жастар комитеті және студенттер кеңесі) іс - әрекетінде шынайы мүмкіндік жолымен Республикамыздың қоғамдық – саяси өміріне қатысу қажеттігін қалыптастыру.

  3. Саяси мәдениет пен отансүйгіштікке, ұлттық азаматтық көзқарасқа тәрбиелеу;

  4. Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы тәрбиесінің бір бөлігі болып табылатын адамгершілік-жыныстық тәрбиені жетілдіру;

  5. Студенттердің танымдық-шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  6. Студенттердың тұлға дамуының негізі болатын ой - сана және денсаулығын қалыптастыру;

  7. Отанға деген сүйіспеншілік, оның тағдырына жаупкершілік, өз елінің тарихы мен мәдениетін және әлемдік қауымдастық мәселесін ұғынуға талпынысын тәрбиелеу;

  8. Нарықтық қатынас жүйесінде студенттерге бағыт – бағдар беру және өз бетімен өзіндік іс - әрекет ету қасиетін дамыту

  9. Кәсіби іс - әрекетке дайындығын, осы орайда өзінің келешегін жоспарлау қабілетін қалыптастыру;

  10. Тәрбие үрдісінде мониторигтік зеттеу қорытындысын қолдану

  11. Жоғары кәсіби мәдениетті қалыптастыру, іс- шараларды дұрыс ұйымдастыру мен жоспарлауға тәрбиелу;

  12. Тәрбие жұмысы бағыттарын негіз ретінде ала отырып клубтар, секциялар, кеңестер т.б жолдар арқылы жүзеге асыру;

  13. Ата – аналармен жұмысты жандандыру, ата –аналар комитеті мен қамқоршылық Кеңес жұмыстарын ұйымдастыру.

2016-2017 оқу жылында тәрбие субьектілерінен 23 топ жетекшісі, педагог-психолог, жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы, колледжге бекітілген учаскелік полиция инспекторы, кітапханашы және түрлі үйірме жетекшілері жұмыс атқарады.

Оқу жылында барлық топ білім алушылары мен тәрбиеленушілері өздерінің жас ерекшеліктеріне сәйкес жоспарланған тәрбиелік шараларына белсенділікпен, қызығушылықпен қатысты. Колледжде тәрбие жұмысын ұйымдастыру Қазақстандық элитаға кіруге мүмкіндігі мол, сонымен қатар нақты кәсіби салада бәсекеге қабілетті әлеуетті тұлғаларды қалыптастыруға бағытталған.

Алға қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін ұйымдастыру сәйкесінше нормативтік-құқықтық базасы жасақталған. Жалпы колледжішілік тәрбие жұмыс жоспарындағы іс шараларды негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының, халықаралық, әлемдік бекітілген мерекелік және атаулы күндерді, сонымен қатар колледждің дәстүрлі іс-шараларын, қала, аудан, облыс, республика, әлемнің әлеуметтік және саяси жаңалықтар мен фактілерді ескере отырып, тәрбие жұмыс жоспары құрылып бекітілді. Оның мазмұны, ұйымдастыру формалары мен әдістері үнемі толықтырылып, жоспар бойынша тәрбие жұмысы төмендегідей бағыттарға негізделіп, іске асырылады.Атап айтсақ:



  • Колледждегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру ережесі және жұмыс жоспары

  • Құқықбұзушылықтың алдын алу және жемқорлықпен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары

  • Студенттерге діни экстремистік идеологияға қарсы иммунитеттерін қалыптастыру бойынша іс-шаралар жоспары

  • Топ жетекшілер кеңесінің ережесі және жұмыс жоспары

  • Колледж студенттерінің өзін - өзі басқару органдары (жастар комитеті және студенттер кеңесі ) бойынша жұмыс жоспары

  • Жатахана студенттері жөніндегі ережелер және іс-шаралар жоспары

  • Ата-аналармен жүргізлетін жұмыс жоспары

  • Медбикенің жұмыс жоспары

  • Кітапхана жұмысы жоспары

  • Психологтың жұмыс жоспары

  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру және үйірме жұмыстары бойынша жұмыс жоспары.

5 қыркүйек күні кураторлар кеңесінің алғашқы отырысы отырысы болып өтті. Бұл отырыста топ жетекшілерге 2016-2017 оқу жылы бойынша колледждің тәрбие жұмысымен, топ жетекші жұмысының мазмұны, топ жетекшісінің портфолиосымен таныстырылды. Топ жетекшілерге жылдық жұмыс жоспары жасалып, бекіту керектігі айтылды. Колледж психологы Г.М. Сейтова топтың әлеуметтік паспортын жасауын жаңа топ жетекшілерге үйретті.

19-23.09.16ж. аралығында күзгі спартакиада өткізілді. Мақсаты студенттердің денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдылықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Салаутты өмір салтын насихаттау. Спорттық сайысқа 1-3 курс студенттері қатысты.«Алтын күз» туристік слеті Мұнайшылар демалыс орталығында өткізілді. Туристік слетқа студенттермен бірге директордың орынбасарлары, топ жетекшілері, күндізгі бөлім меңгерушісі, денешынықтыру және АӘД пәнінің мұғалімдері, колледж медбикесі қатысты. Студенттер демалыс орталығында спорттық, әскери және психологиялық ойындар ойнатылып, флэшмоб билеп, үзіліс кезінде тамақтанды. Қорытындысы бойынша топтар мақтау қағаздарымен марапатталды.





19.09.2016ж. күні 1 -2 курс студентерін кітапханамен таныстыру мақсатында
Каталог: material -> news
material -> Сабақтың тақырыбы
material -> Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады»
material -> Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Кыдыралиева Урила Мырзакаримовна Сыныбы-3 Пәні: Ана тілі
material -> Ғылыми жоба Жоба тақырыбы: Мырқы Исаевтың шығармашылық мұрасы
material -> Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем»
news -> Есебі 2016-2017 оқу жылы
news -> Есебі 2016-2017 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет