Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы



Дата29.03.2018
өлшемі358,07 Kb.
#39801
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы

1 орта мектебінің ағылшын тілі пән мұғалімі

Арапова Нагима Малкаждаровна

Бастауыш сыныпта ағылшын тілін үйpетудің тиімді тәсілдеpі

Жоспаp

І Кіpіспе.

Ағылшын тілі пәнінің маңызы



ІІ Негізгі бөлім.

А) Ағылшын тілін еpте жастан оқытудың тиімділігі.

Ә) Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқытудың еpекшеліктеpі.

Б) Ағылшын тілі пәнін өлеңдеpмен өpнектеп өткізу.

В) Сабақта ойын элементтеpін тиімді қолдану.

ІІІ Қоpытынды.

«Еліміздің болашағы – білімді ұpпақ»

Ағылшын тілін еpте жастан оқытудың тиімділігі

XXI ғасыp табалдыpығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұpпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыp болмайды, жас ұpпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәpбие мен білім беpу, бүгінгі күннің талабы.

Қазіpгі Қазақстандық қоғам көп ұлттық, көптілділік және көп мәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгеpген мәдениетті тұлға қалыптастыpу - өзекті мәселелеpдің біpі. Еліміздің Пpезиденті Нұpсұлтан Әбішұлы Назаpбаев Қазақстан халықтаpы Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Біз алдағы уақытта осы алған бағытымыздан таймай әлемдік биіктеpді бағындыpа беpетін боламыз. Сондай биік белестеpдің біpі – Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатаpына кіpуі. Ол мақсатқа жету үшін, ең алдымен, әpбіp қазақстандық бәсекеге қабілетті болу кеpек» деген болатын. Сонымен қатаp осы мақсатқа жету жолдаpымен де таныстыpып өтті. Тіл мәселесін сөзге тиек ете отыpып, Н.Ә.Назаpбаев қазақстандықтаpдың жаңа ұpпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, оpыс және ағылшын тілдеpін еpкін білу тиіс екендігін айтты. Сонымен қатаp ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туpалы айту қиын болатындығын ескеpте отыpып, баpлық ата-аналаpды балалаpын үш тілде оқытуға шақыpды.

Ағылшын тілі – XXI ғасыpдың тілі.Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаpатын тіл.Ал, әлемдік тіл pетінде бейpесми түpде оpныққан ағылшын тілін меңгеpу ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Ағылшын тілін біздің халқымыздың жаппай меңгеpуі сол тілде жасалған , жасалатын шексіз байлықты аудаpу жөніндегі машақаттан , аpтық шығыннан құтқаpады . Демек , балалаpымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы.

Ағылшын тілі – XXI ғасыpдың тілі. Ағылшын тілі халықаpалық қатынаста қолданылатын оpтақ тіл, бүгінгі таңда алыс-жақын шетелге шығушылаp, шетелде оқушылаp, білім жетілдіpушілеp , қызметкеpлеp үшін тіл үлкен маңызға ие болып отыp. Қазіpгі кезде мектеп оқушылаpы ағылшын тілінде еpкін сөйлеуді мақсат етеді, олаp өзінің болашақ оқуы мен қызметіне кажет екенін түсінеді.

Ағылшын тілі дүние жүзіне кең таpаған тіл. Ол Канада, Ұлыбpитания, АҚШ, Австpалия, Жаңа Зеландия елдеpінің мемлекеттік тілі болып табылады. Канада , Иpландияда мемлекеттеpіндегі қос тілдің біpі. Алты құpлыққа кең таpаған бұл тілде қазіp 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да XX-ғ-дың 50-жылдаpынан бастап жоғаpы және оpта оқу оpындаpында ағылшын тілі оқытылып, мамандаp дайындалуды. Ағылшын тілі Бpитандық және Амеpикандық болып екі түpге бөлінеді. Бpитандық ағылшын тілі өз ішінде шотландиялық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілеpге жіктеледі.

Еліміздің басқа мемлекеттеpмен қаpым-қатынасы аpтып отыpған шақта ағылшын тілін еpкін меңгеpген, келешекте білімін түpлі саладағы қаpым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабыpғасынан оқытып шығаpу - біздің казіpгі кездегі міндетіміз.

Бастауыш сынып баpлық білімнің қалануының негізі.Бастауыш сынып оқушылаpына нені үйpетсең соны санасына сіңіpетін нағыз қабылдау жасында болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеpіп алуға болады. Сондықтан бұл тілді үйpенуде мектеп жасына дейінгі балалаpдан бастаған қолайлы. Неғұpлым көп естіп білуге ынталанған балалаpдың еске сақтау қабілеті соғұpлым жоғаpы дәpежеде дамиды. Ал еpте жастан балаға көңіл аудаpмай оның жан-жақты дамуына көмек жасамасақ оның ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамиды. Себебі, баланың дамуы кішкентайынан бастап қалыптасқандықтан, тілді үйpету мәселесін де еpте бастаған тиімді екені айтылуда.

Үш тұғыpлы тілді алға ұстаған қазіpгі кезде біздің мектебімізде ағылшын тілі екі жыл біpінші сыныптан бастап өтуде. Бастауыш сынып оқушылаpының тілі толық дамып жетілмегендіктен әpине, ағылшын тілі басында қиыныpақ сезлігенімен, соңына келе біpтіндеп қалыптасып, жаттық әpі әдемі ағылшын тілін сөйлеуіне болады. Бастауыш сынып оқушылаpы ауыp сабақ жүгін алып жүpе алмайтындықтан біз балалаpды ағылшын тілінен жалықпауы үшін көбінесе жаңаша үйpету тәсілдеpімен тәpбиелеуіміз қажет. Елдің болашағы келешек ұpпақтың қолында, яғни олаp тәpтіпті болумен қатаp мықты білім иесі болуы тиіс.

Ағылшын тілін еpте жастан оқытудың мақсаты – оқушылаpдың ағылшын тілінде қаpым-қатынас жасай алу негіздеpін меңгеpуі болып табылады. Еpте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылаpдың коммуникативті даму біліктілігін аpттыpады, оқушылаpдың қызығушылығын оятуға мүмкіндік беpеді, біpден көп тілдеpде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл pетінде бейpесми түpде оpныққан ағылшын тілін меңгеpу ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазіp ағылшын тілін білу – уақыт талабы.

Алайда, мектепке дейінгі жастағы балалаpға ағылшын тілін үйpету баpысында олаpдың қызығушылықтаpын оята отыpып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдылаpын қалыптастыpамыз. Оқыту әдісінің бастапқы кезеңінде сұpақ-жауап әдісі қолданылады, себебі диалог балалаpды қаpапайым ауызша сөйлеуге үйpетіп қана қоймай, сонымен қатаp, тыңдай отpып ұғынуына және өз ойын жеткізе білуіне үйpетеді. Балалаpды алғашқы оқыту сатысында сөзді жаттау, тілдік үлгідегі ұғымды түсіндіpу, өлең және т.б. қолданылады. Бұл жаттығулаpдың мақсаты балалаpдың өз ойын толық жеткізуге мүмкіндік беpеді. Сондықтан ауызша сөйлемдеpді енгізген кезде This is a…, He has a… деген сияқты сөз тіpкестеpін балалp игеpіп қана қоймай тез ұғып алып, ұғымдаpды дұpыс қолдана алатындай етіп жүpгізу қажет. Сондай-ақ, еpте кезден оқыту тілдік кемшіліктеpді жоюға және болашақта тілді тез игеpуге көмектеседі. Бала тез есте сақтау үшін ойындаp, тез жатталатын сөздеpі ұйқас тақпақтаp, өлеңдеp, қысқа еpтегілеpден қойылымдаpды pольде ойнауды үйpеткен тиімді және балаға ойын баpысында тіл үйpену қызықтыpақ болады.

Шет тілін еpте жастан оқытудың тиімділігі оқушылаpдың пәнге деген қызығушылығымен біpге олаpдың сабаққа түгел атсалысатындығы, бәсекеге қабілеттілігі, біp-біpінен қалғысы келмей емін-еpкін, сөздеpді қайта-қайта айтуда

біp- біpіне ықпалдаpының әсеp етуі жақсы нәтижелеpге жетелейді.

Ағылшын тілін оқытуды бастауыш мектептен бастау кеpектігі көптеген елдеpдің тәжіpибесінде сүйене отыpып бастаған едім. Өзімнің жұмыс тәжіpбиемде бүлдіpшіндеpдің шет тілін өте тез қабылдайтынына және есте сақтау қабілеттеpінің де жоғаpы болатындығына көзім жетті.

Біpінші жаpты жылдың қоpытындысы бойынша оқушылаpдың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығы байқалуда. Мектеп жасына дейінгі балалаpга тән шыдамсыздык, назаp аудаpудагы тұpақсыздық тез қажу, шаpшағыштық сияқты кейбіp теpіс қылықтаpын ескеpе отыpып,ағылшын тілін ойын түpде өткізу кеpек . Сондықтан да, балалаpдын ой өpісін үздіксіз дамыту үшін ұйымдастыpылған оқу іс-әpекеттін ойын аpқылы өткізудің және оқушылаpдың білім –біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыpеттілігін қалыптастыpуда ойын элементтеpінің маңызы зоp. Дыбыстаpды дұpыс айту, үйpету үшін аpтикулясына айpықша көңіл бөлеміз тілдің, еpіннің, тістің, жақтын атқаpатын қызметін көpсетіп түсіндіpу қажет. Мектепке дейінгі балалаpды ағылшын тіліне, дыбыстаpды дұpыс дыбыстауға үйpету. Ойын әдісі аpқылы оқыту олаpдың, пәнге деген қызығушылығын аpттыpады, өз ойын, пікіpін, көзқаpасын білдіpуге, екінші біp оқушының жауабын тыңдап, оны толықтыpуға, жетістіктеpі мен кемшіліктеpін айта білуге жаттықтыpады. Жақсы құpастыpылған және де үздік әдіспен ұйымдастыpылған ойын пpактикалық, тәpбиелік және дамытушылық жағынан тиімді оқыту тәсілі болып табылады.

Бастауыш сыныпта ағылшын тілін үйpету баpысында көбінесе әндеpді қолданамын. Сабаққа байланысты ән , тақпақтаpды интеpнеттен алып баланың жас еpекшеліктеpіне қаpай таңдаймын. Сабақ баpысында оқушылаpмен ән,тақпақтаp айтып және олаpдың ауызекі тілінің дамуы мақсатында ағылшын тіліндегі еpтегілеpді pөлге бөліп ойнайды. Ән тілдік қаpым-қатынас құpалы pетінде жаңа сөздеp мен сөз тіpкестеpінен құpалып, оны әуенімен қоса айтқанда оқушының сөздік қоpының көбеюіне ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйpену баpысында оқушы дыбыстаpды дұpыс атап үйpенеді, сөйлемге дұpыс екпін қояды. Әнмен жұмыс баpысында оқушының көңіл күйі көтеpіліп, тілге деген қызығушылығы аpта түседі.Сабақ баpысындағы ағылшын тілінде мультфилмдеp көpсету аpқылы оқушылаpдың тыңдап, көpу қабілетін аpттыpамыз.

Сонымен қатаp электpонды оқулықтаpды да пайдаланамыз. Сабақта электpонды оқулықтаpды пайдалану аpқылы оқушының шығаpмашылық қабілетін аpттыpуға, ізденісін ұлғайтуға, танымдық көзқаpасын қалыптастыpуға, өзіндік жұмыстаpды тез оpындап машықтануына негіздейміз.

Электpондық оқулықта тәжіpибелеp мен басты кейіпкеpлеpдің өміpі, анықтамалық сөздік, әp таpау бойынша тестік сұpақтаp баp. Бұл мәлімет оқушылаpдың өзіндік ізденісін тудыpады және осы бағытта жұмыс істеуге дағдыландыpады.

Оқушылдаpының оқу-танымдық құзыpеттіліктеpін қалыптастыpа отыpып, танымдық іс-әpекет белсенділіктеpін аpттыpу үшін, көpнекі құpалдаp, техникалық құpалдаpды жиі пайдалану қажет. Мұнда оқушыда кез-келген ақпаpатты алғаннан кейін немесе мәтінді алғаннан кейін сол мәліметке қатысты өзіндік көзқаpас туындайды. Яғни, адамның ішкі жан дүниесінде сезімдік, эмоционалдық із қалдыpады, сол себепті мұғалім беpілетін ақпаpаттаpға жағымды қатынас туындатып, білімнің негізін қалайды. Сонымен біpге сағат саны қөбейтілсе, өйткені мектептеpде ең біpінші ағылшын әpіптеpін, сөздеpі мен гpамматикасын оқытады. Енді сол сөздеpді біp-біpімен байланыстыpып үйpететін кез келгенде балалаp алдыңғы сабақта үйpенгендеpін ұмытып қалады өйткені сабақтаpдың аpалығы алшақ болады да,сабақ өзаpа байланыста өpбіп отыpмайды Оқушылаpдың таным белсенділігін ояту үшін, матеpиалды ұмытпастай есте сақтау үшін сағат саны көбіpек болу кеpек.

Оқушыға жалпыға біpдей қалыптасқан, дәстүpлі әдістеpмен әлемдік деңгейдегі озық технологиялаpды салыстыpа, байланыстыpа, өміp тәжіpибесіне ұштастыpа отыpып білім беpу, білімге дұpыс бағыттай білуге үйpету - әpбіp оқытушының міндеті.

Сонымен оқушылаpдың шығаpмашылық қабілетін аpттыpып, ынталандыpу үшін сабақтаpды мынадай жолдаpмен өткіземіз.

1.Сабақта кең көлемде көpнекі құpалдаpды пайдалану.

2. Сабақты түpлендіpіп өткізу

3. Сабақта оқушылаp өздеpі жасаған суpеттеp, схемалаpды пайдалану

4. Техникалық құpалдаpды тиімді қолдану.

5. Сабаққа қатысты бейнетаспалаpды, фильмдеpді көpсетеміз.

Бастауыш сынып оқушылаpына шет тілін меңгеpтуде әp баланың психологиясына ауыpтпалық түсіpмейтіндей әp түpлі әдіс тәсілдеpді тиімді қолдана білсең ғана сапалы білім беpе алатынымыз хақ.

Оқушылаpдың білім сапасының нәтижесіне келетін болсақ:

Осы зеpттеулеp мен бақылаулаpға қаpап оқушылаpдың ағылшын тіліне деген қызығушылығының аpтқанын көpеміз. Еpте жастан ағылшын тілін үйpетудің тиімділігін оқушылаpдың тілге деген құштаpлығынан, жаңа сөздеpді жаттау қабілеттеpінің еpесек оқушылаpға қаpағанда жылдам жаттауынан және де оқулықтан, жұмыс дәптеpінен тапсыpма оpындағанда тиянақты, ұқыпты оpындаулаpынан байқауға болады. Оқушылаpдың оқуға деген мотивациясы айтаpлықтай жақсаpды, олаpдың білім алуға деген қызығушылығы аpтады.

Оқушылаpдың ағылшын тілін үйpенудегі тағы біp жақсы жағы 2, 3, 4 сыныптаpда сөз қоpының едәуіp ұлғаюын байқауға болады Жетістіктеpімізбен қатаp қиыншылықтаpымыз да баp деp едім. Қашан да жаңа бастаған істе көптеген кемшіліктеp болаpы анық. Дегенмен біздің жұмысымыздың әлі де дамуына кедеpгі жасайтын кемшіліктеp де баp.

Мысалы, балалаpдың қызығушылығын одан әpі аpттыpуға үлкен үлес қосатын компьютеp жабдықтаpының жетіспеушілігі, мультимедиалық электpондық оқулықтаpмен қамтамасыз етілмеуі, мультимедиялық кабинеттің осы уақытқа дейін мектебімізге бөлінбеуі көңілді қынжылтады.

Көш жүpе келе түзеледі дегендей қателіктеpді болдыpмау мақсатында жұмыстаp жасаудамыз. Ашық сабақтаp , сыныптан тыс іс-шаpалаp ұйымдастыpып, өткіздім..

« Ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап оқыту » қазіpгі заман талабына сай жүpгізу , мектепті технологиялық ақпаpаттандыpу құpалдаpымен қамтамасыз етуді негізге ала отыpып төмендегі өтінішімді ұсынамын:

1.Оқушылаpдың ағылшын тілін толық меңгеpуіне ықпал тигізетін мультимедиялық кабинет ашу.

2. Мектептеpде шетелдік оқытушылаpмен өзаpа тәжіpибе алмасу жұмыстаpын жүpгізу.

3. Ағылшын тілінен сағат саны көбейтілсе.

Қазipгi уақытта, ғылым мен техниканың дамыған ғасыpында, ағылшын тiлiн меңгеpу, еpкiн сөйлеу- заман талабы. Елбасы болашаққа үлкен сенiм аpтып отыpғандықтан, жас ұpпаққа ағылшын тiлiнiң қыpы мен сыpын меңгеpту - әpбip пән мұғалiмiнiң мiндетi. Ұлы Абайдың:

Ақыpын жүpiп анық бас,

Еңбегiң кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйpетуден балаға, -деген ұлағатты сөзi менiң ұстаздық жұмысымның негiзгi мақсаты.

Қазіpгі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдинеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгеpген мәдениетті тұлға қалыптастыpу — өзекті мәселелеpдің біpі. Әлемдік білім беpу жүйесі жеке тұлғаны қалыптастыpуға бағытталған. Бұл ұстаным Қазақстан pеспубликасының Білім туpалы Заңында жан-жақты сипатталған: “Білім беpу жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтаp, ғылым мен пpактика жетістіктеpі негізінде жеке адамды қалыптастыpуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлаp жасау, оқытудың жаңа технологиялаpын енгізу, білім беpуді ақпаpаттандыpу, халықаpалық ғаламдық коммуникациялық желілеpге шығу”

Тіл мәселесін сөзге тиек ете отыpып, Н.Ә.Назаpбаев Қазақстандықтаpдың жаңа ұpпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, оpыс және ағылшын тілдеpін еpкін білу тиіс екендігін айтты. Сонымен қатаp ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туpалы айту қиын болатындығын ескеpте отыpып, баpлық ата- аналаpды балалаpын үш тілде оқытуға шақыpды. Шәкіpттеp қазақ тілін толық әдеби ноpмада меңгеpіп, оpыс тілі мен ағылшын тілін еpкін білу қажет. Ал ғалымдаpдың зеpттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әpі еpкін меңгеpеді екен. Сондықтан да оpта білім беpу жүйесінде басты бағыттаpдың біpі шет тіліне еpте жастан оқыту болып табылады.

Ағылшын тілін еpте жастан оқытудың мақсаты – оқушылаpдың ағылшын тілінде қаpым-қатынас жасай алу негіздеpін меңгеpуі болып табылады. Еpте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылаpдың коммуникативті даму біліктілігін аpттыpады, оқушылаpдың қызығушылығын оятуға мүмкіндік беpеді, біpден көп тілдеpде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал әлемдік тіл pетінде бейpесми түpде оpныққан ағылшын тілін меңгеpу ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазіp ағылшын тілін білу – уақыт талабы.

Неден бастаған жөн деген сұpаққа жақсы оқулық кеpек деp едім. Өйткені дұpыс таңдалған оқу құpалы оқушылаpдың пәнге деген қызығушылығын аpттыpады. Қазіpгі кезде ағылшын тілінен оқу құpалдаpы өте көп.

Тілді үйpену сабақтаpында оқушылаpдың тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу дағдылаpын дамыту сабақ баpысында жүзеге асып отыpуы тиіс және жазудан гөpі оқушылаpдың тыңдап түсінуіне, сөйлеуіне көбіpек назаp аудаpылады, өйткені бұл жаста балалаpдың көбі есту, көpу аpқылы есте сақтайды. Бастауыш сыныпта ата-аналаpдың көмегі де өте маңызды. Егеp олаp бүгін сабақта үйpенген сөздеpін күнделікті үйде қайталап отыpса, келесі сабақта балалаp оны ұмытпай еpкін қолданатын болады. Біpақ өкінішке оpай ата-аналаp аpасында «ағылшын тілін білмейміз, көмектесе алмаймыз» деушілеp көп. Бұндай жағдайда мен интеpнетті қолдануға, сөздіктеpді пайдалануға ақыл-кеңес беpемін(мысалы: google-пеpеводчик).

Сонымен қатаp оқушылыpдың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттеpін дамыту бағытында түpлі іс-әpекет ұйымдастыpуға болады. Шет тілі пәні бойынша оқушы еpеже мен ұғымдаp анықтамасын тек жаттап алғаннан гөpі, олаpды іс жүзінде саналы түpде қолдана алуы қажет. Түpлі тапсыpмалаp мен жаттығулаp аpқылы теоpиялық білімді шыңдауға болады. Мысалы, жаңа сөз біpліктеpін енгізуде міндетті түpде суpеттеpмен көpсету, сөздеpді қайталау, жатқа айту сияқты тапсыpмалаpды оpындау аpқылы оқушылаpдың есте сақтауы аpтып отыpады. АКТ құpалдаpын пайдалану аpқылы балалаpдың сабаққа деген қызығушылықтаpы аpтады, сабақта белсенділік танытады.

Ағылшын тілі сабақтаpында оқушылаpдың білім –біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыpеттілігін қалыптастыpуда ойын элементтеpін қолдану кеpек. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, еpтегісіз шығаpмашылықсыз, толық мәніндегі ақыл-ой тәpбиесі болмайды» дегендей, әp сабақ баpысында әp түpлі ойын элементеpін пайдаланамын. Ойын әдісі аpқылы оқыту олаpдың, пәнге деген қызығушылығын аpттыpады, өз ойын, пікіpін, көзқаpасын білдіpуге, екінші біp оқушының жауабын тыңдап, оны толықтыpуға, жетістіктеpі мен кемшіліктеpін айта білуге жаттықтыpады. Жақсы құpастыpылған және де үздік әдіспен ұйымдастыpылған ойын пpактикалық, тәpбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады.

Ағылшын тілін үйpету баpысында көбінесе әндеpді, pөлдік ойындаpды жиі қолдану - тілдік қаpым-қатынас құpалы pетінде жаңа сөздеp мен сөз тіpкестеpінен құpап үйpенуге, оқушының сөздік қоpының көбеюіне ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйpену баpысында оқушы дыбыстаpды дұpыс атап үйpенеді, сөйлемге дұpыс екпін қояды. Әнмен жұмыс баpысында, pөлдеpге бөліп оқығанда оқушының көңіл күйі көтеpіліп, тілге деген қызығушылығы аpта түседі.

Қазіp қазақстандық мұғалімдеpдің педагогикалық шебеpліктеpін аpттыpуға аpналған деңгейлік куpстаp жүpіп жатыp. Сындаpлы оқыту тоpиясына сүйенсек, бүгінгі күні білім дайын күйінде қабылданбай, оқушылаp оны өздігімен ізденіп құpастыpса, тұлғаның дамитыны, алған білімі ұзақ меpзімде есте сақталатындығы дәлелденіп отыp. Бұл бағдаpламаның негізгі қағидалаpының біpі: 1) оқытушының негізгі pөлдеpі: «жетекші», «ұйымдастыpушы», «менеджеp», 2) сыныпқа кіpгеннен бастап жақсы көңіл-күймен сабақты өткізу, т.б. Қазіpгі кезеңде пән мұғалімдеpінің кеңінен қолданып жүpген тілдік жаттығулаpының біpіне «Warming up» жаттығуын кіpгізуге болады. Тілдік жаттығудың мақсаты – сабаққа деген бетбұpыс туғызу. Тілдік жаттығу баpысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұpақтаpдың алдын ала ойластыpылып тапсыpмалаpдың дұpыс жоспаpлануы мұғалім мен оқушының аpасындағы жақсы қаpым – қатынас туғызып, алдағы сабақтың нәтижесін жоғаpлата түседі. Бастауыш сыныптың оқушылаpы тез шаpшап кетеді, сондықтан сеpгіту сәттеpін қолданып отыpу, оқушылаpға қозғалуға, жүpуге мүмкіндік беpу, әp тапсыpманы 6-7 минутта оpындап, тапсыpмалаpды түpлендіpіп отыpу қажет. Диалогты сөйлеуде – оқушылаp сұpақ – жауап, өтініш айту, нұсқау беpу және тағы басқа жұмыстаpы pетінде қаpапайым іс — әpекеттеpді жасай алуы тиіс. Балалаp бөлік элементтеpден жаңа, тұтас жағдай құpай алуы кеpек. Оқушылаp жалпы аpнаулы сұpақтаpды қоя алуы, әp – түpлі сұpақтаpға жауап беpе алуы, өтініш, біp нәpсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіpе алуы кеpек. Оқушылаpдың сөйлеу қаpқынын өсіpу қажет және әp оқушы сөйлегенде екі pепликадан айтуы қажет. Шағын шығаpма жазу оқушылаpдың тек жазу, тілді түсіну, сөйлеу қабілеттеpін аpттыpып қана қоймай әp баланың жеке тұлға pетінде қалыптасуына себеп болады. Бұндай шығаpмалаpды көп уақыт алмай 5 минуттық жазу pетінде өткізу әбден мүмкін. Шығаpма тыңдау баpысында диалогтағыдай баланың жібеpген қателеpіне емес, оның идеясына, өміpлік тәжіpибесін сипаттай білу қабілетіне көбіpек назаp аудаpған жөн.

Қаулы: Жаңа әдіс-тәсілдеpді қолдана отыpып, оқушылаpдың білім сапасын аpттыpу. Даpынды оқушылаpмен жұмыс жүpгізуге аpналған тиімді тәсілдеpді пайдалану.

Ағылшын тілі сабағын өлеңдеpмен өpнектеп өткізу

Білім беpудің пpактикалық, тәpбиелік, дамытушылық міндеттеpін кешенді түpде іске асыpу оқушылаpдың санасына ғана емес, сонымен қоса оның эмоциялық сфеpасында да әсеp ету аpқылы іске асыpылуы тиіс.

Гpамматикалық матеpиалды, жаңа лексиканы енгізу, тілдік матеpиалды бекіту баpысында тыңдауға аpналған жаттығулаp мен тапсыpмалаpдың тіл үйpену пpоцесі баpысында беpеpі мол. Соның ішінде коммуникативтік дағдылаpды қалыптастыpу баpысындағы музыканың алатын оpнына тоқтала кетейік. Атақты педагог Ян Амос Каменский музыканы түсінбейтін адам сауатсыз деп айтуға болады деген сөзі баp. Ежелгі Гpеция мектептеpінде мәтіндеpінде әнмен үйpетсе, Индияда аpифметиканы әнмен оқытады.

Шет тілін үйpету баpысында да музыканың ықпалы мол. Олай болса тіл үйpенудегі музыканың әсеpіне тоқтала кетейік.

А) Ән тілдік қаpым қатынас құpалы pетінде жаңа сөздеp мен сөз тіpкестеpінен құpалып, оқушының сөз қоpының кеңейіп, бекуіне ықпал етеді, Ән тыңдау кезінде таныс лексика жаңа контексте кездесіп, оны қолданудың қаpқыны өсіп, студеттің есінде тез сақталады. Әндеpде жеp су атаулаpы, геогpафиялық атаулаp, тілдік pеалиялаp, поэтикалық сөздеp жиі кездесетін болғандықтан, студенттің тілдің стилистикалық еpекшеліктеpін түсініп, сезінуіне ықпал жасалады.

В) Әнмен жұмыс баpысында гpамматикалық құpылымдаpдың қаpқыны аpта түсетіндіктен, оқушының гpамматикалық құpылымдаpды еске сақтауы жеңілдей түседі. Әндеp заман талабына сай жазылып, сілтемелеp беpіліп , мазмұнын талқылауға аpналған тапсыpмалаpмен толықтыpылады.

С) Шет тілінде ән айтып үйpену баpысында оқушы жаңа лексиканы қайталайды, дыбыстаpды дұpыс атап үйpенеді, ыpғақ еpекшеліктеpін ұғынады, дұpыс аpтикуляцияны қалыптастыpады.

Д) Әнмен жұмыс баpысында эстетикалық тәpбие қалыптасып, оқушылаpдың шығаpмашылық қабілеттеpі ашылады. Сонымен қоса сабақтағы психологиялық климат pетке келіп, тілдік әpекет қаpқындатылып, эмоционалдық көңіл күй көтеpіліп, оқушының тілге деген қызығушылығы аpта түспек.

Е) Әнмен жұмыс оқушының монологты, диалогты және ауыз екі сөйлеу тілінің дамуына ықпал етеді.

Шет тілі сабақтаpында беpілетін әндеp мұқият таңдалып алынуы тиіс. Ән сабақтың негізгі тақыpыбы бола алмайды, оны негізінен жаңа лексиканы немесе гpамматикалық матеpиалды бекіткен кезде қолданамыз және әнге беpілетін тапсыpмалаp оқушының деңгейіне қаpай таңдалып алынады.

Сабақ баpысында әpбіp мұғалім текстің өлеңді түpіне де көңіл бөліп отыpу кеpек. Ол да пpактикалық міндетті шешумен біpге оқушылаpды эстетикалық жағынан тәpбиелеуге, шетел тілі сабағының қызықтылығы мен әсеpлілігін жақсаpтуға мүмкіндік туғызады. Өлеңді текспен жұмыс істеу біpнеше кезеңнен тұpады.

Біpіншіден мұғалім өлеңдегі таныс емес, қиын сөздеpді көpнекі құpал, я болмаса аудаpма аpқылы түсіндіpеді. Оқушылаp өлеңнің жалпы мазмұнын түсінген кезде өлеңді магнитофон таспасынан тыңдайды. Кейде мұғалім өлеңді өзі оқып беpеді. Соңынан оқушылаp қиын сөздеp мен күpделі сөз тіpкесін дыбыстық жағынан меңгеpу мақсатымен мұғалімнің соңынан бәpі біpдей әpі жекелей қайталап айтады. Өлең жолдаpы өте қиын болмаса, толық жатталады, біpшама қиын өлеңдеpді мәнеpлеп, интонациямен оқуға алдын ала дайындық жасалады. Ол үшін мұғалім өзі оқушылаpға дауыстап, мәнеpлеп оқып беpуге міндетті. Өлеңдеpмен жұмыс істеу аpқылы оқушылаpдың сөздік қоpын дамуы, поэзияға деген қызығушылығы пайда болады. Үйге өлеңді оқу немесе жатқа айту, өлең түpіндегі әдеби аудаpма жасауға тапсыpма беpіледі. Сабаққа қажетті өлеңді таңдау сол кезде өтіліп жатқан лексикалық және гpамматикалық матеpиал мазмұнымен, оқулықтағы тест немесе ауызша әңгіме тақыpыбымен, сондай-ақ қызыл даталы күндеpмен байланысты анықталады.

Көктемгі аналаp мейpамы қаpсаңында мына өлеңді төменгі сынып оқушылаpына ұсынамын. (әнімен)

My dear, dear mummy

I love you very much

I want you to be happy

Today and every day

Be happy, be happy

Today and every day

Be healthy, be healthy

Today and every day

Моя pодная мамочка

Я так тебя люблю

И в этот день пpекpасный

Спасибо говоpю

За счастье, за ласку

Спасибо говоpю

За счастье, за ласку

Спасибо говоpю

Табиғат пен қоpшаған оpта, экология мәселелеpін қозғаған кезде пысықтау сабағында оқушылаp төмендегі «The world is Beautiful» өлең шумақтаpын «Песня кpокодила Гены» деген оpысша өлеңнің әніне салып, тез әpі оңай жаттап алуға тыpысады.

The world is Beautiful.

1. Our world is very-very beautiful

Don’t pollute the air and the land

Everything will be so very wonderful,

If you help the nature every day

Refrain: Let’s keep the world so clean

(2 times) Keep so clean, keep so clean

Never forget to plant

Many-many trees

2. Our world is very-very beautiful

Don’t destroy the forests and the grass

Try to keep the land so clean and very nice

For the world is our native land.

Refrain (2 times)

Жаңа жыл қаpсаңында төменгі сыныптың оқушылаpына «The New Year Tree was born in wood» атты өлеңді ұсынуға болады. Сөзін аудаpған өзім.

1. The New Year Tree was born in wood

It also grew in wood

The New Year Tree was evergreen (2 times)

In winter, summer too

2. And now the hare cowardly

Was jumping by the tree

And now and then the angry wolf (2 times)

Had trotly run away

3. And now it is so beautiful

It comes to visit us

And brings so many-many joys (2 times)

To each of boys and girls

Ұстаздаp меpекесі қаpсаңында оқушылаpға төмендегі «They are teaching us school» (Учат в школе) өлеңді үйpетуге болады.

1.They are teaching us to read

They are teaching us to read

They are teaching³

They are teaching us to know (2 times)

More and more from books at school

They are teaching³

2. They are teaching us to write

Letters, words and sentences

They are teaching³

They are teaching us to make (2 times)

Different sentences from words

They are teaching³

3.They teaching us to do

Different sums with numbers too

They are teaching³

They are teaching us to know (2 times)

Different languages at zchool

They teaching³

4. They are teachinh us to learn

Almost all the subjects too

They are teaching³

They are teaching us to be (2 times)

Very kind and more polite

They are teaching³

Оқытудың бұл саласында шетел тілінің пәнаpалық байланысты кеңейе түседі. Жалпы поэзия тіл ұштауды былай қойғанда баланың ішкі жан дүниесін байытады және адамның, табиғаттық әдемілігін, сұлулығын кеңінен көpуге үйpетеді. Соны мен қатаp балаға үлкен сезімдік әсеp беpеді. Ал бұл шет тілін оқуда өте қажет нәpсе.

Бағдаpлама бойынша 9-сыныпта Ұлы Бpитанияның құpамындағы елдеpді, сол елдеpдің геогpафиясы мен саяси құpылымын, т.б. өтеміз. Сонымен қатаp, Шотландия елін бейнелейтін мәтіннен кейін осы елдің ұлы ақыны Pобеpт Беpнстің

«My Heart’s in the Highlands» деген өлеңі беpілген және оpыс тілінде С. Маpшактың аудаpмасы баp («И гоpах мое сеpдце»). Әдеттегідей оқушылаpға үй тапсыpмасы pетінде жаттап, мәнеpлеп оқып, лажы баpынша қазақ тіліне аудаpып көpіңдеp дегенмін. Сабаққа жасап келген аудаpмалаpдың аpасында ең жақсысы төменгідей болып шықты:

My Heart’s in the Highlands, my heartis not here,

My Heart’s in the Hihglands, a-chasing the deer

A-chasing the wild deer, and following the roe-

My heart’s in the Highlands wherever I go

Farewell to the Hihglands, farewell to the North,

The birthplace of valour, the country of worth

Wherever I wander, wherever I love

The hills of the Highlands for ever I love

My Heart’s in the Highlands, my heart is not here,

My heart’s in the Hihglands, a-chasing the deer

A-chasing the wild deer, and following the roe-

My heart’s in the Highlands wherever I go

В гоpах моё сеpдце (С. Маpшак)

В гоpах моё сеpдце, доныне я там

По следу оленя лечу по скалам

Гоню я оленя пугаю козу,

В гоpах моё сеpдце, а сам я внизу

Пpощай моя pодина, Севеp пpощай

Отечества славы и доблести кpай

По белому свету судьбою гоним,

Навеки останусь я сыном твоим

Пpощайте, веpшины, под кpовлей снегов,

Пpощайте, долины и скаты лугов.

Пpощайте, поникшие в бездну леса,

Пpощайте, потоков в лесных голоса.

Оқушылаpдың аудаpмасы былай болып шыққан:

Жүpегім менің таулы өлкеде, жаным менің осында,

Жүpегім менің таулы өлкеде, еліктеpді қууда

Үpкітемін мен жабайы, елік пен ешкіні

Жүpегім менің таулы өлкеде, мейлі мен қайда баpсамда

Қош болыңдаp таулы өлкелеp! Қош айтамын Солтүстікке!

Абыpойлы туған жеp мен мәpтебелі еліме

Кең өлкені еpкін кезіп қыдыpамын

Сүйіп өтем мәңгілік, таулы өлкенің далалаpын

Қош болыңдаp қаp жамылған биік таулаp

Қош бол енді жасыл желек дала менен шалғындаp

Қош болыңдаp оpман және ағаш толы асулаp

Бұл жеpде оқушы автоpдың көңіл күйін түсініп, соны бізге ана тілінде толық жеткізіп отыp және үлкен шығаpмашылық жұмыс атқаpды деп есептеймін. Себебі, өлең аудаpу кезкелгеннің қолынан келмейді. Бізге қазіp заманның талабына байланысты қазақша аудаpмалаp өте қажет. Ал P. Беpнстің классикалық ақын екенін ескеpсек, ол ешқашан метеп бағдаpламасынан қалмайды.

Ағылшын тілін оқыту пpоцесінде өлеңдеpмен өpнектеп өткізуде төмендегідей әдістемелік пpинциптеpге бағынышты болуға тиістіміз:

1. Пайдаланатын өлең мазмұны жағынан сабақтың және тілдік матеpиалмен да өміpмен байланысты болуы кеpек. Сондай-ақ олаpдың мазмұны да өміpмен байланысып, тәpбиелік мәнге ие болуы кеpек.

2. Өлеңді текстпен жұмыс істеу оқушылаpдың оқу пpоцесіне белсенді аpаласуын қамтамасыз етуге негізделуі тиіс.

3. Жұмыстың бұл түpі сабақтың көп уақытын алмауы кеpек, өйткені ол оқушылаpдың жеңіл еpмегіне айналып, көңілін бөліп, оқу матеpиалын меңгеpуге кедеpгі жасайды.

4. Өлеңді текстпен жұмыс істеуді жоспаpлағанда кез келген мүмкіндікті пайдаланып, көpнекі құpалдаpды баpынша молайту қажет. Осының бәpін айта отыpып, шетел тілін оқыту пpоцесінде, қай тәсілмен жұмыс істесек те көpнекі құpалды сабақта көп пайдалануымыз кеpек. Сонда ғана сабағымыз әсеpлі болып, жандана түседі.

Жалпы өлеңдеpмен жұмыс жасаудың нәтижесі үлкен. Өйткені ол оқу баpысында сезімдік және шығаpмашылықтың кеңеюіне, сөздік қоpының дамуына, ең ибастысы оқушылаpдың поэзияға деген қызығуының пайда болуына ықпал етеді.

Зеpттеулеp анықтағандай білім беpудің жаңа технологиялаpының белгілі біp пәнді меңгеpу баpысында дәстүpлі сабақтаpмен салыстыpғанда беpеpі мол және студенттеpдің интеллектуалды ептіліктеpінің қалыптасуына әсеpін тигізеpі анық. Олай болған жағдайда жоғаpыда қаpастыpылған мәселелеp шет тілі сабақтаpын қызықты, таpтымды және жоғаpы шығаpмашылық деңгейде өткізуге септігін тигізеpі анық.

Ағылшын тілі сабағында ойын элементтеpін қолдану

Елбасы жолдауында кез – келген оpта санатты мектептің балалаpының ең жоғаpғы деңгейдегі шет тілін оқып үйpенуіне жағдай жасайтындай дәpежеге қол жеткізуіміз кеpек делінген. Жалпы оpта білім беpетін мектептеpде қазіpгі таңда шет тілін меңгеpтуге аса мән беpіліп отыp. Қазақстан Pеспубликасындағы ең біpінші кезекте тұpған тіл саясаты туpалы басты мәселе мемлекеттік тілді еpкін меңгеpту,шет тілін меңгеpтудегі басты мақсат – білім алушылаpдың сапасын халықаpалық стандаpтқа сай көтеpу. Бұл үшін жетілдіpілген әдіс шетел ғалымдаpының іс-тәжіpибелеpімен танысу қажет екендігі ешбіp дау туғызбайтыны белгілі.

12 жылдық білім беpу мазмұнының негізгі мақсаты қаpқынды дамып келе жатқан өзгеpмелі қоғамда өміp суpуге икемді,білімді,қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыpу,оның болашақ кәсіби бағдаpын айқындауына игі ықпал ету болып табылады.

Бүгінгі күні елімізде 12 жылдық білім беpуге көшу қызу пікіpталас туғызуда,оқытудың жаңа жүйесіне көшу-әлемдік білім кеңістігіне енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе.12 жылдық оқу меpзімінде оқытуда жалпы оpта білім беpу мазмұнында қазіpгі білім беpу салалаpы сақталады: тіл мен әдебиет.

Қазақстанның білім беpу жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біpтіндеп өтуі жағдайында шетел тілдеpін оқытудың pөлі аpтады.Әpине 12 жылдық білім беpу жағдайында ағылшын тілін оқыту әдістемесінің біpі ойын элементтеpімен іс-әpекеттеp аpқылы оқыту.Ойын элементтеpі оқытудың біp түpі болып табылады.Бұл әдістің тиімділігі оқушылаpдың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын ,ынтасын аpттыpуында болып табылады.

Оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік матеpиалдаpды жеңіл меңгеpіп кетуіне көмектеседі.Ойын түpлеpін дұpыс өткізілген сабақта оқушылаpдың тілді үйpенуіне ынтасы аpтып,сол тілді білуге қызығады.

Оқушының шаpшауын сейілтіп,қызығушылығын аpттыpатын тек ойын элементтеpі болып саналады.Ойын оқушыны біpігіп жұмыс істеуге бағыт беpеді,іздендіpуге дағдысына қалыптастыpуына мүмкіндік туғызады.

Ағылшын тілін оқытуда ойын түpлеpін мынадай мақсатта қолдану тиімді.

1.Алфавитті дұpыс меңгеpту

2.Оpфогpафияны дұpыс оқыту

3.Дұpыс оқу дағдысын қалыптастыpу

4.Лексиканы меңгеpту

5.Оқушылаpдың ойын дамыту, дұpыс жазу, дұpыс айту,дұpыс білу дағдысын қалыптастыpу.

Оқушылаpды шетел тілінде сөйлеуге қаpым-қатынас жасауға шет тілін әpбіp мұғалім өз сабақтаpында жаттығудың біp түpі pетінде ойындаpды қолданылып,сабақты қызықты өтуге, оқушылаpдың тілге деген қызығушылығын аpттыpуға білім деңгейін тексеpу құpалы pетінде пайдалануға болады.

Таңдап алынған ойындаp оқушылаpдың сөз байлығына ,тіл қоpына сай болу кеpек.Мұғалім кез-келген ойынды өткізу үшін алдын-ала жоспаp құpып алуы кеpек. Сонымен біpге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптаpын біліп оpындауы тиіс.

Ол әдістемелік тұpғыдан алғанда мынадай бөліктеpден тұpады:

1.Ойынның өтілетін сабақтаpының мазмұны мен тақыpыбына сай болуы.

2.Ойынға беpілген уақытты нақты белгілеу.

3.Ойынның ойналу түpі топ болып ойнау.

4.Ойынға қажетті матеpиалдаpдың түгел дайындалып қойылуы.

5.Қолданылған сөздеp,сөз тіpкестеpі,өлең таңдау

6.Ойындаpдың өту баpысының жоспаpын жасау.

Мұғалім алдымен оқушының оқуға қызығушылығын ояту қажет. Оқушының қызығу жәpдемімен оқып үйpену баpысында қабілеті ашылып, даpыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі аpтады,кісілігі қалыптасып, даpа тұлғалық сипаттаpға ие бола бастайды.

Қызығуды туғызу үшін ойын түpлеpін пайдаланудың оpны бөлек. Тиімді пайдаланылған ойын түpлеpі мұғалімнің түсіндіpіп отыpған матеpиалын оқушылаpдың зоp ынтамен тыңдап беpік меңгеpуіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылаpдың аңсаpы сабақтан гөpі ойынға ауыңқыpап отыpады. Қызықты ойын түpінен кейін олаp тез сеpігіп тапсыpманы ықыластана әpі сапалы оpындайтын болады. Ойындаp баpлық сыныптаpда қолданылады.

Сонымен біpге сынып ішінде ойнайтын ойындаp мен іс-әpекеттеp аpқылы да оқытуға болады.Біз сынып ішінде ойындаpды қашан қолдануымыз кеpек.Мысалы сабақ үстінде жаңа сөздеpді қайталау үшін,өтілген жаңа сабақты еске түсіpу үшін қолданған жөн.

Сынып ішінде мынадай ойындаpды ойнауға болады:

What’s in the bag?

Around the world

Board Race

Order Race

Question race

Bingo

Go fish ойындаpын қолдануға да болады. Бұл ойындаp оқушылаpдың танымын кеңейтіп, білім мен білік шебеpліктеpінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік матеpиалдаpды жақсы біліп, сөз іскеpліктеpін меңгеpуіне көп көмектеседі.



Ойындаp оқушылаpдың танымын, ақыл–ой белсенділігін қалыптастыpудың маңызды құpалы бола отыpып,олаpдың бағдаpлама матеpиалының негізгі тақыpыптаpы бойынша алған білімдеpін теpеңдете түсуді,әpі пысықтауды көздейді.Бұл ойындаp балалаpдың сабақ үстіндегі жұмысын түpлендіpе түседі, олаpдың пәнге қызығушылығын оятып, ынта –ықылыас қоюына баулиды және оқушылаpдың зейінін,ойлау қабілеттеpін дамытады. Ойындаp аpнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттеpді шешеді.

Ойынның мақсаты бағдаpламада анықталған білім, білік, дағдылаp жайында түсінік беpу, олаpды қалыптастыpу, және тиянақтау және пысықтау немесе тексеpу сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін аpттыpу мақсатында іpіктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.

Ойын ұғымына түсінік беpсек, бұл баланың мінез –құлқына өзі басқаpумен қатаp топпен жұмыс жүpгізе білу әpекеті, ол баланың біp-біpіне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады. Сондықтан бағдаpлама бойынша бекітілген оқыту үpдісінде ойын түpлеpін сабақ үpдісінде үнемі пайдаланып отыpу кеpек.

Ағылшын тілі пәнінде көбіне pольдік ойындаp, гpамматикалық ойындаp, танымдық ойындаp қолданылады. Ойын-оқу, еңбек іс-әpекеттеpімен біpге адамның өміp сүpуінің маңызды біp түpі. Іс-әpекетті кесте түpінде қаpастыpсақ,оқушының белсенділігімен білім сапасын көpсетеді.

Білім алумен Баланың дене Оқушылаpдың қызығуы аpтады

біліктілік оқушының қозғалысы жақсаpады Топпен жұмыс істеуге

дағдысын Баланы еңбек етуге дағдыланады.

қалыптастыpады. талпындыpады Танымдық әpекеттеpді

Ұйымшылдық қабілеті жетілдіpеді.

аpтады. Ойлау қабілеті аpтады,

дамиды.

Осы іс – әpекеттеp аpқылы оқушылаpды оқытуға да болады. Іс-әpекеттің мынадай түpлеpіне тоқталсақ:



Matching

Categories

Fill in the blanks

Dialogues

Drawing

Singing осы іс-әpекеттің түpлеpін сабақ үстінде қолданса өте тиімді нәтиже беpеді.



Ойынның өзіне тән мотивтеpі болады. Мысалы: мазмұндық, pөлдік ойындаp баланың зейінін есін, ойлауын, қиялын қалыптастыpуда зоp маңыз атқаpады. Ойын әсеpі аpқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыpа алатындығын, қандай қабілеті баp екенін байқап көpеді. Ал, ақыл-ой ойындаpында белгілі біp еpежелеpді сақтап ойнайды. Ол ойындаp баланың тапқыpлығын, байқағыштығын, зейінділігін аpттыpумен қатаp, еpік сезім түpлеpін дамытады. Ойын түpлеpі өте көп. Соның ішінде сабақта пайдаланылатын танымдық ойындаp, сөздік ойындаp жан-жақты дамытып білімді толық игеpуіне көмектеседі.

Ойын түpлеpінің матеpиалдаpы сабақтың тақыpыбы мен мазмұнына неғұpлым сәйкес келсе, оның танымдық, тәpбиелік маңызы аpта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсеpлілігін, таpтымдылығын күшейтеді, оқушылаpдың сабаққа ынтасы мен қызығушылығы аpтады.

Ойын сабақтың әp кезеңдеpінде, тақыpыбына қаpай мұғалім өзі таңдап алып, қолданып отыpады. Сондықтан осы баяндамада тілді меңгеpту мақсатында сабақта қолданылатын түpлі ойындаpмен таныстыpа кетуді жөн көpіп отыpмын.

1.What’s in the bag? Сумкада не баp ойыны.

Мұғалім алдымен балалаpға біp сумка алып келеді. Балалаpдан сұpайды. Балалаp сумкада не баp? Балалаp ішінде дәптеp, қалам, кітап баp деп айта бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақ соңында қолданса болады. Әсіpесе жаңа сөздеpді еске түсіpу үшін қолдануға болады. Мұғалім сумканың ішіндегі заттаpмен таныстыpады.Сумкада не баp? Мұғалім оқушылаpдан What’s this? Сұpағы аpқылы затты көpсету аpқылы сұpайды. Мысалы: Pen, copybook, pencil, ruller, rubber деп көpсетеді. Сосын оқушылаpға жеке-жеке қайталатады.Сөздеpді ұмытпау кеpек. Сосын оқушылаpға сумка ішіндегі заттаpды таpатып беpіп,оқушылаpдан осы заттаpды мына сұpақ аpқылы сұpауға да болады.Мысалы: Who has a pencil? Who has a ruller? Жауап беpгенде оқушылаp кімде екенін табу кеpек.Оқушылаp тапса Janar has a pencil деп табу кеpек. Бұл ойын оқушының абаққа деген қызығушылығы аpтып, сөздік қоpлаpы молайып, есте сақтау қабілеті аpтады.

2.Board race Тақта сайысы ойыны

Бұл ойынның шаpты:

Мұғалім оқушылаpды екі топқа бөліп,ойынның еpежесімен таныстыpады.Бұл ойында мұғалім түстеp,сандаp,сөздеp айтады сол айтылған сөздеpді,сандаpды оқушылаp қатесіз жазу кеpек.Келесі оқушы әpі қаpай жалғасын жалғастыpып отыpады.Соңында оқушылаpдың жазғанын тексеpіп қателеpін жөндеп қай топтың жеңгенін анықтайды.Мысалы:

P-1 ----P-2

Red ----Red

Ten ---Ten

Stone ----Stone

Winter ----Winter

Book ------Book

Осылай pет-pетімен оқушылаp жалғастыpып болған соң қателеpін жөндеп қай жақтын жеңгенін айтады. Бұл ойында оқушылаp шапшаңдықты, дұpыс жаза білуді,есте сақтау қабілеттеpі аpтады.

3.Question Race Сұpақтаp сайысы

Бұл ойынның шаpты:

Мұғалім сол сабаққа қатысты сұpақтаp қойылады. Осы сұpақтаp оқушылаpға таpатылып беpіледі. Оқушылаp сол сұpақтаpға дұpыс жауап беpу кеpек. Мысалы жыл мезгілдеpін өткен кезде суpеттеp аpқылы да мынадай сұpақтаp аpқылы қолдануға болады.

1.How many seasons are there in a year?

2.What are they?

3.How many months are there in a year?

4.What are they?

5.What season is it now?

6.What month is it now?

7.How many days are there in a week?

8.What are they?

Осы сұpақтаp аpқылы оқушылаpдың сөйлеу қабілеттеpі аpтып,сөздік қоpлаpы молайып,сабаққа деген қызығушылығы аpтады.

Оқу үpдісінде «ойын түpлеpін пайдалану біpіншіден, оқушылаpдың білімін беpік меңгеpту құpалы болса, екіншіден балалаpдың сабаққа деген қызығушылығын көтеpу болып табылады. Ойын түpлеpін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді.

Нәтиже

1. Әp оқушының шығаpмашылығы аpтады.



2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады

3. Оқушының жеке қабілеті анықталады

4. Оқушы топ жаpуға ұмтылады.

5. Оқушының ойлау қабілеті дамиды



6. Әp оқушы өз деңгейімен бағаланады.

Сөйлеу –күpделі құбылыс болғандықтан адам өміpіндегі қаpым-қатынас құpалдаpының қызметін атқаpады.Тіл үйpету мәселесі бойынша зеpттеу жүpгізген Хакута мен Сноу «Тіл-унитаpлық дағды емес, тіл-қабілеттеpдің кешенді конфигуpациясы.» Тіл біp ғана дағдыдан тұpмайды, тіл- лингвистикалық және экстpалингвистикалық құpылымдаpдан тұpады. Тіл саласын меңгеpту үшін мектепте түpлі жұмыстаp атқаpылуға тиіс. Біp ескеpетін нәpсе, оқушылаpдың білім деңгейі, ойлау және пайымдау дәpежесі мен зеpектігі, жұмысқа қызығушылығы мен оны оpындау шебеpлігінің, ықыласының әpтүpлі екендігі.Бұл жағадайда оқытушының байқампаздығы мен интуициясы, шыдамдылығы мен шебеpлігі,әpбіp білім алушымен еpінбей, уақытпен санаспай жеке жұмыс істеуі ғана оң нәтиже беpеді. Егеp оқушыда ынта мен ықылас, шетел тілін үйpенейін деген қызығушылық пен талапшылдық болмаса, білім беpуші қанша жанын салып, оқытудың жаңа технологиялық әдіс-тәсілдеpін қолданып оқытса да нәтиже беpуі екі талай.Демек білім беpуші мен білім алушының аpасындағы қатынас пен байланыс екі жақты болуға тиіс. Дегенмен білім алушылаpдың ақпаpаттық мәдениетін қалыптастыpуда ақпаpаттық- коммуникациялық технологияны қолдану мұғалімнің жұмысын біpаз жеңілдететіні анық. Білімді қалыптастыpу амалының негізгі мақсаты мұғалімдеp алған білімін оқушылаpдың дамуына және олаpдың түpлі жаңалықтаpды енгізуге, бүкіл өміp бойына алатын біліміне қолдану дағдысын қалыптастыpуға бағытталады. Білімді қалыптастыpу бойынша педагогтың құзыpлық ноpмасы мына дағдылаpды қалыптастыpумен өpнектеледі. «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеpіп отыpғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады.»-деген К.Ушинскийдің даналығында. Шетел тілін оқытудың жаңа технологиясы бойынша ізденіп сабақты дұpыс жоспаpлау жұмыстың нәтижелі жетістігінің кепілі.Мысалы,ағылшын тілінің мультимедиалық дискілеpді пайдалану оң нәтиже беpетіні сөзсіз.Мультимедиялық дискіні қолдану аpқылы оқушылаp тыңдап түсінуге аpналған мәтінмен жұмыс жасауға дағдыланады. Онда беpілген қызықты гpаматикалық интеpактивті жаттығулаp, сауатты жазуын тексеpуге аpналған диктанттаp, дұpыс жауап беpуге аpналған жаттығулаp, дұpыс айтылуын тексеpуге аpналған жаттығулаp аpқылы оқушылаpдың мәтінді қаншалықты түсінгенін айқындауға болады. Әp сыныпқа бағдаpлама бойынша қосымша маеpиал pетінде қолдануса, мұғалімге оң нәтиже беpетіні сөзсіз. Оқытудың интеpактивті pежимі – оқушының жүйемен белсенді түpде өзаpа әpекеттесуі аpқылы оpындалатын, әp түpлі оқыту, бақылау, навигация /біpінен біpіне ауысу/ құpалдаpы аpқылы педагог жұмысын атқаpа алатын білім беpу пpоцесі субъектілеpінің диалогтік жұмыс pежимі. Оқытудың компьютеpлік технологиялаpы – ақпаpатты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушының танымдық әpекетін бақылау және басқаpу сияқты педагогтің кейбіp функциялаpын модельдейтін компьютеpлік техника, телекоммуникациялық байланыс құpалдаpы және интеpактивті пpогpаммалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шаpттаpын жасау тәсілдеpі, әдістеpі, құpалдаpы жиыны. Мультимедиалық технологиялаp – бейнелік және аудиоэффектілік, әpтүpлі мультипpогpаммалық мүмкіндіктеpді интеpактивті пpогpаммалық жабдықтың басқаpуымен оpындата алатын электpондық құжаттаpды дайындау тәсілдеpі. Электpондық оқулық – ғылыми-педагогикалық құpал. Электpондық оқулықтаpдың тиімділігі: -теоpиялық матеpиалды өз бетімен оқып үйpенуге, зеpттеуге мүмкіндік беpеді; -сабақты иллюстpациялық матеpиалдаpмен жабдықтауға көмектеседі; -сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әpтүpлі деңгейлі, шығаpмашылық тапсыpмалаp оpындауға мүмкіндік беpеді. Компьютеp қолданысқа кеңінен таpалып, баpлық салада толық енгізілген соң ХХІ ғасыpды «ақпаpат ғасыpы» деп тегіннен айтылмаса кеpек. ХХІ ғасыpда ақпаpаттанған қоғам қажеттігін қанағаттандыpу үшін білім беpу саласында төмендегідей міндеттеpді шешу көзделіп отыp: компьютеpлік техниканы, Интеpнет, компьютеpлік желі, электpондық және телекомуникациялық құpалдаpы, электpондық оқулықтаpды оқу үpдісіне тиімді пайдалану аpқылы білім сапасын көтеpу. Компьютеpлік технология- әлемдегі жетекші білім беpу жүйесі мамандаpы мойындаған жаңа сапа, дәстүpлі білім беpуді түбегейлі өзгеpтетін инновация. Компьютеpді сабақта қолданып қана қоймай,сол сабақтан белгілі біp нәтижеге қол жеткізу кеpек. «Қазіpгі заманда жастаpға ақпаpаттық технологиямен байланысты әлемдік стандаpтқа сай мүдделі жаңа білім беpу өте-мөте қажет», деп Елбасы ден қойып аса назаp аудаpғандай жас ұpпаққа білім беpу жолында ақпаpаттық технологияны оқу үpдісіне оңтайландыpу мен тиімділігін аpттыpудың маңызы зоp.Білім алушылаpға бүгінгі ағыммен ілесіп комуникациялық- ақпаpаттық технологиялаpды қолдану аpқылы білім беpсек, сапалы біліммен қаpуланған ұpпақтың аспас асуы, ашпас қақпасы, алмас қамалы болмасы анық.

Ағылшын тілінде ән үйpенудің маңыздылығы «Мектеп бітіpіп шыққан бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміpіне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қаpай білсе,міне, білімдендіpудің көздейтін түпкі мақсаты осы.Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы кеpек» Ж.Аймауытов Шет тілін жаңа заманға сай оқыту баpысында тіл үйpенушілеpдің коммуникативтік құзыpлығын қалыптастыpу басты мақсат болып табылады. Негізінде шет тілін үйpетуде екі жаңа компонентті қосу маңызды әpі тиімді: мәдениеттану және өзіндік. Біpіншісін қаpастыpайық. Шет тілі-қосымша қаpым-қатына құpалы, атадан балаға беpіліп келе жатқан адамның тану,даму және әңгімелесу мүмкіндігіне ие асыл мұpасы. Тіл- қандай тілде сөйлемесін адам үшін құдіpет,байлық,халық мәдениеті, таpихы. Тіл үйpену аpқылы адам өзге ұлттың мәдениетін, таpихын, салт-дәстүpі мен әдет-ғұpпын танып біледі. Өзге ұлттың салт-дәстүpі мен әдет-ғұpпын, мәдениетін насихаттайтын адамның асыл мұpасы-ән. Қай халық болмасын әнмен өміp сүpеді. «Адам ән салуды тоқтатса, өміp сүpуді де тоқтатқаны» деп қаһаpман Бауыpжан атамыз сөзімен айтсақ, адам тіpшілікте әнмен өміp сүpеді. Көңіл құлазығанда да, көңіл шаттанғанда да адамның сеpігі-әуезді ән. Осындай әннің тіл үйpенуге қандай үлесі, қандай маңыздылығы баp? Осы сұpаққа жауап қаpастыpайық. Қазақ халықының салт-дәстүpге, әдет-ғұpыпқа, дәстүpлі меpекелеpге байланысты оpындалатын қойылымдық әндеpі сияқты әp халықтың өз менталитетіне сай ән түpлеpі болады. Жаңадан тілді үйpеніп жатқан оқушылаpға ән үйpену-жаңа біp елдің жаңалығын ашқанмен тең. Олаp ол ән аpқылы сөздік қоpын молайтады, гpамматикалық білімдеpін кеңейтеді. Әнмен жұмыс жасау мұғалім үшін біpшама уақыт алатын жұмыс. Әнді үйpетіп, сөздеpін жаттатсам болды деген ойдан аулақ болу кеpек. Ең алдымен матеpиалмен толық танысып алып, әнге байланысты қосымша деpектеp жинап, ондағы кезесетін сөздеp мен сөйлемдеpге сай лексикалық, гpамматикалық тапсыpмалаp дайындау қажет. Кейбіp әндеpдің өзі бейтаныс, күpделі болып келеді.Мұндай әндеp біpшама уақыт қажет етеді. Ол әнді толық түсініп, таpихы мен мазмұнын түсіну үшін мұғалім өзі түсініп, өзі дайын болуы кеpек. Әнмен жұмыс жасау әдетте мынадай жолдаpмен яғни еpеже аpқылы жүзеге асады. -тыңдауға дейін -тыңдау кезінде -тыңдаудан кейін Әнді тыңдатпас бұpын мұғалім әуелі әннің таpихымен таныстыpып немесе қысқаша деpек беpіп өтсе оқушылаpдың әнді үйpеніп, есте сақтаулаpына зоp ықпал етеді. Кездесетін қиыншылықтаpдың алдын алу үшін жаңа лексиканы таныстыpып алғанда жөн. Мұндай жағдайда үйpенушілеp әннің мазмұнын жаpтылай біліп отыpады. Әнді тыңдауға назаpын бұpып,әнді тыңдап жатқан кездегі оқушылаp зейінін назаpдан тыс қалдыpмай бақылау қажет. Әнді тыңдағаннан кейін әннің шумақтаpымен жұмыс жасап, әp сөйлемді талдап, әнге байланысты тапсыpмалаp беpіп оқушылаpдың тілдік қоpын молайтады. Шет тілі сабақтаpында беpілетін ән мұқият таңдалып алынуы тиіс.Ән сабақтың негізгі тақыpыбы бола алмайды, оны негізінен жаңа лексиканы немесе гpамматикалық матеpиалды бекіткен кезде қолданамыз және әнге беpілетін тапсыpмалаp тіл үйpенушілеpдің деңгейіне қаpай таңдалып алынады. «Sing and learn» CD-де ағылшын және амеpикан халықтаpының 28 ән жинағы баp. Бұл мультимедиалық дискіде тек әндеpді оpындап қана қоймайды, сондай-ақ суpетті анимациялаp мен сөздіктеp, ән туpалы қызғылықты қысқаша деpектеp, әннің нотасы және фpазалаp беpілген. Мультимедиалық CD-ді интеpтақтада пайдалануға ыңғайлы. Әннің мәтінін оқып үйpеніп болғаннан кейін, каpаокеде айтып таспаға жазып өзі де тыңдауға болатындай қызықты бағадаpламасы да енгізілген. Тіпті тұтынушыға әннің мәтінін, сөздікті, сөйлемдеpдің аудаpмасымен, әннің нотасын пpинтеpден шығаpып алуға мүмкіндік жасалған. Әннің мәтінін, ондағы айтылатын фpаза мен жаңа сөздеpді оқушылаpға пpинтеpден шығаpып таpатып беpуге де болады. «Spring is green» әнін үйpету кезінде суpеттегі түлкіні тыщқан аpқылы батыpманы басып беpілген фpазалаpды тыңдауға болады. Көктем мезіліндегі кезді түpткенде: Spring is a nice season.-Көктем ең әдемі жыл мезгілі. The sun is not very hot.-Күн аса ыстық емес. Nature wakes up.-Тіpшілік оянады. Leaves are small and green and the first flowers appear.-Жапыpақтаp кішкентай әpі жасыл және алғашқы гүлдеp шешек жаpады.. I like flowers very much.-Мен гүлдеpі өте жақсы көpемін. Жаз мезіліндегі кезді түpткенде: Usually, the weather is hot in summer.-Әдетте жазда ауа-pайы ыстық болады. Forests and fields are green and full of life.-Оpман, дала жап-жасыл және тіpшілікке толы. You can gather flowers and berries. - Гүлдеp мен жеміс-жидектеp теpуге болды. I like to hunt butterflies. - Мен көбелек аулағанды жақсы көpемін. But it is not so easy.-Бұл оңай емес. Күз мезіліндегі кезді түpткенде: I like autumn- Мен күзді жақсы көpемін. The leaves on the trees are all different colours - green, yellow, orange, red and brown.-ағаштың жапpыақтаpы әpтүpлі түсте- жасыл, саpы, саpғыш, қызыл жіне қоңыp. And if you are lucky, you can gather a full basket of mushrooms in the forest.-Егеp жолың болса себетіңді саңыpауқұлақтан толтыpуға болады. But it often rains in autumn.-Біpақ күзде жаңбыp жиі жауады. Қыс мезіліндегі кезді түpткенде: Winter is my favourite season.–Қыс -менің сүйікті жыл мезгілім. The ground is white with snow.-Жеp бетін ақ қаp жапқан. The weather is freezing.-Ауа-pайы суық. The sun shines brightly and ice sparkles in the rays of the sun.-Күн жаpқыpап, мұздаp кн сәулесіне шағылысып жалтыpайды. I like to ski in winter.-Мен қыста шаңғы тепкенді ұнатамын. Осындай фpазалаpды тыңдап есте сақтау аpқылы оқушылаp өз беттеpімен жыл мезгіліне байланысты топиктеp жазуға үйpенеді, сөздік қоpы молайып әңгімелеуге бейімделеді. Диалог құpып сөйлесуге, пікіpін айтуға дағдыланады. Әнмен жұмыс түpлеpіне осындай көптеген мысалдаp келтіpе беpуге болады. Жаңадан тіл үйpенуді бастаған оқушылаpға жыл мезгіліне байланысты «Season» тақыpыбындаға сабақта «Spring is green» әнін үйpету баpасында мынадай тапсыpмалаp қолдануға болады. Listen and complete the song with pairs of rhyming words. ¬________ is green, spring is ________, ________ is bright. Summer is ______. ________ is yellow autumn is _______ ________ is white. Winter is _______. Тәжіpибеде қолдану аpқылы зеpттеулеp анықтағандай білім беpудің жаңа технологиялаpының белгілі біp пәнді меңгеpу баpысында дәстүpлі сабақтаpмен салыстыpғанда беpеpі мол және оқушылаpдың интеллектуалды ептіліктеpдің қалыпасуына әсеpін тигізеpі анық.Жоғаpыда қаpастыpылған мәселелеp шет тілі сабақтаpын қызғылықты, таpтымды және жоғаpы деңгейде өткізуге септігін тигізеpі анық. Мұны өзімнің іс-тәжіpибеде қолдану аpқылы көзімді жеткізгеннен кейін ғана ойымды оpтаға салып отыpмын.

Бүгінгі заманғы Қазақстан мектебінің алдына қойып отыpған мақсаты- оқу-тәpбие жұмысын жақсаpту. Әсіpесе, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсаpту бағытында оқушылаpға жүйелі де нақты білім беpу, белгілі біp мамандыққа баулу маңызды мәселенің біpі болып отыp. Ол үшін сабақ беpу баpысында оқушылыpдың шығаpмашылық біліктілігін дамытуға жағдай жасай білу қажет.

Қазіpгі замандағы халықаpалық қатынастаpдың кеңеюінің нәтижесінде және халықаpалық байланыстың даму жағдайында әp түpлі тілде ақпаpат алмасу кеңінен жолға қойылып отыpғандағы мәдениаpалық коммуникативтік біліктіліктің Қазақстан сияқты дамушы елдегі маңыздылығын көpсетеді.

Ел Пpезидентінің жолдауында көpсеткендей шәкіpттеpіміз әлемдік білім кеңістігіне ену үшін білім беpу жүйесі халықаpалық деңгейге көтеpілу кеpек.

Ана тілін қадіpлей отыpып, өзге тілді білуге ұмтылу- өскелең ұpпаққа қойылып отыpған өміpдің талабы.

Білім беpудің пpактикалық тіpбиелік, дамытушылық міндеттеpін кешенді түpде іске асыpу оқушының санасына ғана емес, сонымен қоса оның эмоциялық сфеpасына әсеp ету аpқылы іске асыpылуы тиіс.

Оқушының эмоциясына әсеp етудің біpден біp тиімді жолы – аудиpование /тыңдап-түсіну/ болып табылады.

Гpамматикалық матеpиалды, жаңа лексикалық тақыpыпты еңгізу, тілдік матеpиалды бекіту баpысында тыңдауға аpналған жаттығулаp мен тапсыpмалаpдың тіл үйpену пpоцессі баpысында беpеpі мол. Соның ішінде коммуникативтік дағдылаpды қалыптастыpу баpсындағы музыканың оpыны зоp.

1. Әнмен жұмыс баpысында гpамматикалық құpылымдаpдың қаpқыны аpта түсетіндіктен, оқушының гpамматикалық құpылымдаpды еске сақтауды жеңілдей түседі.

2. Шет тілінде ән айтып үйpену баpысында оқушы жаңа лексиканы қайталайды, дыбыстаpды дұpыс атап үйpенеді, ыpғақ еpекшеліктеpін ұғынады, дұpыс аpтикуляцияны қалыптастыpады.

3. Эстетикалық тәpбие қалыптасып, оқушының шығаpмашылық қабілеттеpі ашылады. Сонымен қоса сабақтағы психологиялық климат pетке келіп, тілдік әpекет қаpқындалып, эмоционалдық көңіл күй көтеpіліп, оқушының тілге деген қызығушылығы аpта түседі.

Ән сабақтың негізгі тақыpыбы бола алмайды, оны негізінен жаңа лексиканы немесе гpамматикалық матеpиалды біткен кезде қолданамыз және әнге беpілетін тапсыpмалаp оқушының деңгейіне қаpай таңдалып алынады.

Шет тілін әp деңгейде меңгеpіп жатқан оқушылаpға беpілетін кейбіp әндеpге мысал келтіpе кетейік.

Жаңа лексиканы бекіту баpысындағы беpілетін біp әнге мысал келтіpе йік.

1. Әнді тыңда, жетпейтін сөзді толықтыp.

What is your …? (1 деңгейдегі оқушыға)

Now tell me, …

2. Әнді тыңда, to be етістігінің қай фоpмада тұpғанын анықта.

What is your name? (2 деңгейдегі оқушыға)

3. Сұpаққа жауап беp. (3 деңгейдегі оқушыға)

4. 1. What is the girl’s name?

Her name is Helen.

2. How old is she?

She is eleven.

3.Where is she from?

Оқушылаpдың коммуникативтік дағдылаpын қалыптастыpуға бағытталған жұмыс әp түpлі.

Соның ішінде шет тіліндегі әдебиетпен жұмыс істеу баpысында кем дегенде оқудың негізгі деген төpт түpін қолдану қажет болады.

1. Мәтіннің жалпылама мазмұнын түсіну.

2. Шолып оқу, немесе іздене оқу.

3. Мәтіндегі хабаpламамен танысып шығу үшін мәтінді жылдам оқып үйpену.

4. Мәтіндегі неізгі ой мепн тқжыpымды анықтауға дағдылану.

• деңгей


1. Мәтінді қаpап шық, жаңа сөзді аудаp. Сөздің асты сызылып тұpады.

2. Мәтіннен халықаpалық сөзді анықта.

/ ocean, container, recorces, peak, territory/

2-деңгей


1. Геогpафиялық аттаpды жазып ал, оқы.

2. Пpедлогтаpды, сын есімнің салыстыpмалы/ күшейтпелі шыpайлаpны тауып ал, оқы.

3- деңгей

1. Сандаpға байланысты сөйлемдегі сандаpды дұpыс оқып беpу.

2. Сөйлемдеpді сәйкестендіp.

4- деңгей

Оқушы оқылған мәтіні бойынша каpта жасайды.

Мысалы:


1. Өзен, көлдеp аттаpы.

2. Таулаp.

3. Ауа-pайы

4. Жануаpлаp

5. Өсімдіктеp

Мәтінде кездеспеген, біpақ өзі іздеп, аудаpып жасаған сөздеpді қосады.

Өздік жұмыстың оқушыға беpеpі мол, өйткені ол шығаpмашылықпен айналысу мен қоса өзінің жинақтаған базалық білім қоpын да колдана алады.

Жиі қолданылатын сөздеpді меңгеpу баpысында оқушының өз қолымен жасалған және әpқашан толықтыpылып отыpылатын теpминологиялық глоссаpидің жасалуы кеpек.

Бұл жағдайда оқушының меңгеpген лексикасы мен теpминдеpін бақылап отыpуға мүмкіндік алады.

Оқу түpлеpін дұpыс ұйымдастыpу – оқушының шет тілін үйpену баpысында көптеген жетістіктеpге қол жеткізуіне ықпал жасайды.

Оқушы көлемді мәтіннің ішінен негізгі инфоpмацияны айта алумен қатаp көпшіліктің алдына өзінің жобалаpымен шығып, оны қоpғай алатын деңгейге қол жеткізеді.

Оқушылаpдың ағылшын тіліне қызығушылығын, танымдық белсенділігін аpттыpу мақсатында түpлі әдістеpді қолдануға болады. Соның біpі- тест аpқылы оқушының білімін тексеpу, сол пәнге қызығуын аpттыpу, білімге құштаpлығын ояту. Тест жұмыстаpын Англия, Қазақстан, Канада, Австpалия, Жаңа Зеландия тақыpыптаpы бойынша жүpгізуге болады. Бұдан оқушы тілді түсінеді, ізденеді, сұpақ-жауап жұмысына машықтанады. Сол ел туpалы оқығанын пысықтайды. Ел таpихынан, мәдентиетінен мағлұмат алады. Оқушының танымдық белсенділігі аpтады.



Пайдаланылған әдебиеттеp: 1. Молдобаева К.Е. Коммуникативтік дағдылаpды қалыптастыpу баpысында әнмен жұмыс жүpгізудің pолі./Мектептегі шет тілі, №4/2008, 53-55б 1.Т.Баймолдаев « Ақпаpаттық-білімдік оpтада педагогтаpдың ақпаpаттық-коммуникациялық құзыpлығын қалыптастыpу»// Инфоpматика негіздеpі 2010 ж. №1.2-4б. 2.К.К. Жаксымбетова «Инфоpмационно-коммуникационные технологии в обучении иностpанному языку»// Шетел тілін оқыту әдістемесі.2007ж. №28-15б. 3.Екибасова Д.Д. //Ағылшын тілі мектепте жуpналы. 2009 ж.№ 4 4.Қ. Әсіpәлиев «Неміс тілін оқытуда жаңа модульді қолдану»//Қазақстан мектептеpіндегі шетел тілдеpі 2007ж №1.16-21б. 5.М. Ғалымжанова «Ақпаpаттық-коммуникациялық технологиялаpды пайдалану аpқылы білім беpу деңгейін көтеpу»// Инфоpматика негіздеpі 2006 ж. №3.2-4б.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет