Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылының 2018-2020 жылдарға арналған даму жоспары



бет1/2
Дата17.06.2018
өлшемі143,66 Kb.
#42296
  1   2
Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылының

2018-2020 жылдарға арналған

даму жоспары

АҚШҰҚЫР АУЫЛЫ, 2018 Ж

КІРІСПЕ

Ақшұқыр – аудан орталығынан 118 км, облыс орталығы Ақтау қаласынан 14 шақырым қашықтықта, Каспий теңізінің жағасында, Ақтау-Форт-Шевченко автомобиль жолының бойында орналасқан ауыл. Ақшұқыр селасының айналасындағы 15 км радиуста Сайын және Басқұдық ауылы және Ақтау қаласы орналасқан.

Облыс орталығының іргесіндегі, болашағы мол ауылдың тұрғындар саны күннен күнге артуда. Бүгінгі таңда статистикалық мәлімет бойынша 1800 аула, құрайтын халық саны- 9785, 1242 отбасы тұрады, ал Ақшұқыр ауылдық дәрігерлік амбулаторияда тіркелгендер саны 10236 адам, оның ішінде балалар 3816 құрайды. Ерлер 3964, әйелдер 4166. 16-29 арасындағы жастар саны -1419, 16 жасқа дейінгі балалар саны 2803.

Жұмысқа қабілетті экономикалық белсенді азаматтар саны 5284, оның еңбекпен қамтылғаны 4068, соның ішінде өзін өзі еңбекпен қамтыған 245, зейнеткерлер 497, мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны 194, мүмкіндігі шектеулі балалар саны 57,жұмыссыздар 53- оның ішінде тіркеуде ұрғаны 27.

Ауылдық округтің жалпы ауданы 5382,8 га, оның 4683,04 га ауыл шаруашылық мақсатқа пайдаланады. Сонымен қатар ауылдық округінің аумағында мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындар саны аз елді мекендер мен жеке шаруашылықтар кіреді.

Ақшұқыр ауылы арқылы өтетін Ақтау – Форт Шевченко, Ақтау–Шетпе–Бейнеу автотрассасы арқылы өңірдің басқа ауылдарымен және облыс орталығымен тығыз экономикалық байланыста.

Еңбекке жарамды тұрғындарының басым көпшілігі өндірісте, ауылдың әлеуметтік саласында, облыс орталығы Ақтау қаласына қатынап жұмыс жасайды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы табылады.

Шаруа қожалықтарында, кәсіпкерлік объектілерінде және ауылда қызмет көрсететін ұйымдардың бөлімшелерінде жұмыс жасайтындар саны – 500 ге жуық адам.

Ауыл экономикасының негізгі саласы шағын және орта бизнес, сонымен қатар ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында мал өсіру және өнім өндіру жақсы дамып келеді. Демографиялық өсімге байланысты әлеуметтік инфрақұрылымдардың тапшылығы мәселесі бар.

Ауыл газбен және орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен, жаңадан қосылған елді мекендер тасымал сумен толық қамтамасыз етілген, соған қарамастан ауыл ішілік жолының және ауыл аумағын абаттандыру, кәріз жолдары, интернет желісінің әлсіздігі сияқты бірқатар мәселелер бар.

Ақшұқыр ауылының аумағында аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімшесі, 2 мектеп, 10 мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдары (3 мемлекеттік, 7 жекеменшік (шағын орталық)), 10 төсектік күндізгі стационары бар дәрігерлік амбулатория және жеке меншік емхана, 250 орындық мәдениет үйі және оның жанындағы кітапхана, учаскелік полиция пункті, «Қазақтелеком» АҚ бөлімшесі, 2 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның бөлімшелері /«Коммуналдық қызмет», «Каспий коммуналдық қызметі» МКК» , «Қазпошта» АҚ-ның байланыс бөлімшесі, «КазТрансАймақ» АҚ бөлімшесі, «Халық» банкінің бөлімшесі, ветеринариялық станциясы, «Жайлау» ЖШС, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Жоламан» медициналық жеке орталығы ауыл экономикасының дамуына, тұрғындардың мемлекеттік қызметті алуына қолайлы жағдай тудырып отыр.

Ақшұқыр ауылы облыс орталығымен тығыз экономикалық байланыста. Ақтау- Форт Шевченко, Ақтау –Шетпе бағытындағы автокөлік жолының бойында орналасуы көлікке техникалық қызмет көрсету сервистік орталықтарының, авто газ құю пунктерінің дамуына ықпалын тигізіп отыр.



Ақшұқыр ауылының дамуының ағымдағы жағдайын талдау


  1. Талдау

1.1 Ақшұқыр ауылының экономикасы және ауыл шаруашылығы
Ауылдың экономикасының негізіг басымды бағыттарының бірі шағын және орта бизнес, және ауыл шаруашылығы. Бүгінгі таңда ауылда 102 жуық шағын және орта кәсіпкерлік объектілер орналасқан, 22 шаруа қожалығы, 79 жеке кәсіпкер, 2 ЖШС әрекет етеді. 484 кәсіпкер тіркелген. Кәсіпкерлік саласындағы жұмысшылар саны 326. Ауыл шаруашылығында басымдылық мал және мал өнімдерін өсіруге бағытталған.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауылдық округтің экономикалық саласының бірі – ауыл шаруашылығы. Округ аумағында 21 шаруашылық қожалық және де «Жайлау» ЖШС мал өсірумен, «Kazakh osetr» ғылыми-өндірістік кәсіпорны ЖШС балық шаруашылығымен айналысады. Шаруа қожалықтарында және ауылдың қосалқы шаруашылығында барлығы 390 бас ірі қара (сиыр), 890 бас түйе, 1667 бас жылқы және 6675 ұсақ мал, 1137 нан астам үй құстары тіркелген. Сонымен қатар ауыл аймағында «Kazakh osetr» ғылыми-өндірістік кәсіпорны» ЖШС 2014 жылдан бері бекіре тұқымдас балықтарды өсірумен айналысады.

Ауылда мал басын өсірудің дамуын тежеуші фактор жайылымдық жердің жеткіліксіздігі және аулада мал ұстаудың шектеулігі болып табылады. Сонымен қатар жайылымның болмауы да тұрғындардың мал ұстауын тежеп отыр.

Келесі мәселелердің бірі ветериналық қызметтің қанағаттанарлықсыздығы. Маман жетіспеушілігі, қажетті ветериналық қызметтің уақытысында жүргізілмеуі, етке мал өткізу кезінде (ветериналық анықтама, уақтылы ем және екпе алу) де шаруа қожалықтарына қиындық келтіріп отыр. «ЗОО Лекарь» қызметі ветеринарлық қызмет көрсетеді, бірақ ол мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарын қамти алмайды. Мал азығын жем –шөп дайындаушыларға субсидиялардың да болмауы саланың дамуына кедергісін келтіріп отыр. Өткізілген жүн –теріге дотация берілмейді.

Түйенің сүтін өткізіп отырған шаруашылықтарға тиесілі бөлінетін субсидияның берілуінде кедергілер бар. Шаруа қожалықтарына қажет мамандар тапшы. Ауыл шаруашылық басқармасының калькуляция жасайтын маманы жоқ болуына байланысты субсидия беру үшін қажет ереже күні бүгінге дейін бекітілмеген. Қазірдің өзінде шаруа қожалықтары сүт өнімдерін өңдеп, қораптарға салып өткізуді қолға алған.

Ақшұқыр ауылының басым тұстарының бірі жер асты суларының болуы, бірақ құдық қазу қымбат қызметтердің бірі. Мемлекеттік және жекеменшік серіктестік негізде құдық қаздыруға мемлекеттік қолдау алуға болады. Шаруа қожалықтары ауыл шаруашылық кооперативін құру жұмысын енді қолға алынуда. Негізінен шару қожалықтарының басым көпшілігі дербестікті тиімді деп есептейді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік бағдарламаларға және қолдау алу мүмкіндіктерін пайдалануына кедергісін тигізіп отыр. Сонымен қатар электр энергиясы да күннен күнге қымбаттауда.

Облыс орталығына жақын орналасуы , ауылдағы халық санының өсуі ет-сүт өнімдерінің нарығына сұранысты арттырады, сондықтан ауыл шаруашылығының өнімдерін өңдеу және өндіру мүмкіндіктері бар. Ауылда мал шаруашылығы саласының қожалықтарына қажетті орын мал сою пунктіне жер бөлінген. Мал сою пунктінің ашылуы Маңғыстау, Түпқараған аудандарының ауылдарының шаруа қожалықтарына да қолайлы болар еді.

Жылқы, түйе малының өнімдеріне, соның ішінде қымыз, саумал сусындарына деген сұраныс бар. Сүт өнімдері шұбат, қымыз, саумал сусындарын, ешкі сүтін ұсынатын ұлттық дәстүрдегі жол бойы дәмханалардың, ауыл тұрғындарының қосалқы шаруашылықтарынан түйе,сиыр сүтін қабылдайтын пункт ашу және одан цехтарда фирмалық «Ақшұқыр балқаймағы», «құрты», «ірімшігі», «брынзасын» өндіру, жастардың ат спортына деген қызығушылығы барын ескеріп «Атбегілер клубы», халықтың құс етіне деген сұранысын қанағаттандыру үшін құс өсіру және үй жұмыртқасын өсіретін бизнесті дамытуға қолайлы.

Мал сою пункті мен мал бордақылайтын орынның ашылуы да тері өнімдерін өңдеуге, жүн-теріден жасалатын кәдесыйлар өндіретін кәсіпті дамытуға мүмкіндіктер береді. Өндірілген ет-сүт, жүн-тері өнімдері Ақтау қаласының нарығы арқылы облыс тұрғындарының қажеттілігін таратудың перспективалары бар.

Мал шаруашылығы саласы фермерлерінің жаңа технологияларды қолдануға бейімдеу және білімдерін жетілдіру, тәжірибе алмастыру деген сияқты шаралар жүргізілу қажеттілігі де бар.


ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Ауыл аумағында 6 «жылыжайда» көкөніс өсіру кәсібі қолға алынуда. Өнімдері ауыл тұрғындарына және сауда нүктелеріне шығарылады. «Жылыжай» шаруашылығына 10 нан астам жер телімі берілген.

Жылыжай салу және оны іске қосу үшін білікті мамандардың көмегі қажет. Сонымен қатар су,тоқ және газға қосудың да қиындықтары бар. Шығыны көп, табысы төмен.

Жылыжайда, қосалқы шаруашылықта бау бақша өсіруге (жүзім, өрік, көкөніс, жидек және т.б ) тәжірибенің жоқтығымен қоса кеңес беретін мамандар және жұмысшылардың тұрақты болмауы да кері әсерін беруде.

Жеміс ағаштарын, бақша өнімін аулада және жылыжайларда көкөністерді өсіру үшін суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суару технологиясын пайдалану өнімінің өзіндік құнын төмендетеді. Сонымен қатар Маңғыстау және Түпқараған аудандарының, Қазақстанның өзге өңірлерінен келген көкөніс және бау-бақша өнімдерін сақтау және көтерме сауда өткізу нарығын жолға қоюға болады. Ауыл әкімдігі тарапынан тұрғындарды бау-бақша өсіруге ынталандыру мақсатында «Ауыл бақшасында өсірілген бау-бақша өнімдерінің жәрмеңкесін», «Жас бағбандар байқауы» және тағы да басқа іс шаралар ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастыруға болады. Ауылды орталықтандырылған су жүйесімен толық қамтамасыз етілу мүмкіндігінің арқасында тұрғындарға аулаларында қосалқы шаруашылықты дамыту перспективасы бар. Бау –бақшаны аулада өсіру үшін пилоттық жобада ауылдың ынталы тұрғындарына кеңестер беру және оқыту қажет етіледі.


БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
«Kazakh osetr» ғылыми-өндірістік кәсіпорны» ЖШС қуаты жылына 60 тонна. Өнім Ақтау қаласының сауда орындарында сатылады. Қазіргі уақытта 38 бассейннің әрқайсысында орыс бекіресі, сібір бекіресі, шоқыр, ақсерке және бекіре тұқымдастары өсірілуде.

ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Ақшұқыр ауылында құс шаруашылығы дамымаған сала. Дегенмен құс шаруашылығы - мал шаруашылығының ең тез жетілетін, әрі тиімді бір саласы. Бұл саланың өркендеуіне тиісті жағдайлар жасалса, аса қысқа уақыттың ішінде еңбекті де, азықты да, қаржыны да аз жұмсап, жұғымдылығы жоғары өнім - етті және жұмыртқаны жылдың төрт мезгілінде де көп мөлшерде өндіруге болады.

Өндіріс дұрыс ұйымдастырылған болса, яғни мың жұмыртқа өндіруге немесе қосымша бір центнер ет өндіруге қажет уақыт мал шаруашылығы өнімдерінің басқа түрлерін өндіруге кететін уақыттан едәуір аз. Осы артықшылықтарына байланысты құс өсірудің экономикалық жағдайлары мал шарашылығының басқа салаларының экономикалық жағдайларына қарағанда едәуір тиімді болып табылады. Құстан ет және жұмыртқа алу үшін өсіргенде оған жұмсалған қаржы шошқа етін өндіруге жұмсалатын қаржыдан 3-4 есе, ал сиыр етін өндіруге жұмсалатын қаржыдан 8-9 есе тез өтеледі. Тауық, үндік, үйрек, қаз, бөдене құстарының қосалқы өнімдері қауырсыны, мамығы, жұмыртқа қабығының ұнтағы, майы да өте пайдалы.


ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС
Ауылда 102 кәсіпкерлік нысан тіркелген, 484 шағын және орта бизнес субьектісі әрекет етеді. Қоғамдық тамақтандыру саласының - тойхана, кафе, супермаркеттер, базар, шаштараз, сұлулық салондары, тігін шеберханалары, көлік жөндеу және қызмет көрсету, кондитерлік өнімдер, наубайхана, азық түлік және өнеркәсіп тауарлар, құрылыс дүкендері, шағын типографиялық қызмет, фото салон, такси қызметі, жеке меншік бала бақша, оқу орталықтары, жихаз, пластикалық терезе жасау және тағы да басқа салалар бойынша шағын бизнес нысандары бар. Аталған шағын бизнестің 77,2 % , яғни 61 сауда саттықты құрап отыр. 9 газ құю бекеті халыққа қызмет көрсетіп тұр, 2 2018 жылы іске қосылады деп жоспарлануда.

Мамандар тапшылығы, жалақының төмендігі мен жұмыс орнының тұрақсыздығына, қызмет көрсету сапасына әсер етуде. Шағын бизнестің қарқынды дамуына облыс орталығы Ақтау қаласына жақын орналасуы да әсер етіп отыр. Қонақ үй бизнесі өз деңгейінде дамымаған. Банк бөлімшелері заңды тұлғаларға қызмет көрсетпейді, кәсіпкерлер облыс орталығына қатынауға мәжбүр.

102 ден астам кәсіпкерлік нысан әрекет ететін ауылдың салық түсімі төмен деңгейде. Кәсіпкерлер табыстарын жасырады. Кәсіптерін дамыту үшін білімдерін жетілдірумен айналысуға ұмтылмайды. Бизнеске бөлінетін жерлердің тапшылығы да бар, сонымен қатар ол аукцион арқылы сатылып берілетіндіктен, кәсіпкерлікпен ынталы азаматтардың сатып алуға мүмкіндігі жоқ.

Ақшұқыр ауылы теңіз жағасын жағалай орналасқан. Инженерлік инфрақұрылымның болмауы (газ, электр энергиясының) және қол жетімсіздігі, жағажайдың толық абаттандырылмауы теңіз жағажайы мүмкіндігін пайдалана алмауына әсерін тигізіп отыр. Теңіз жағалауының 19-20 шақырымында ғана демалатын мүмкіндік қарастырылған. Бірақ теңіз жағажайының дамуына қолайлы жағдай туғызылмаған. Ауылда теңіз жағалауында қоғамдық тамақтандыру, демалыс орындарының ашылуына және басқа да сервистік қызметтерді дамытуға болады. Теңіз жағажайындағы демалыс орындары ауыл және Ақтау қаласының да тұрғындарына қолайлы болар еді.



Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Түпқараған аудандық филиалының әлеуетін кәсіпкерлердің біліктілігін көтеру және әлеуетін арттыру бағытында оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру жұмыстарын қолға алу керек. Бизнестің әлеуметтің жауапкершілігін арттыру үшін кәсіпкерлердің рейтингілерін анықтап ынталандыру мақсатында марапаттауды ұйымдастыру іс шараларын жоспарлау қажет.
АҚШҰҚЫР АУЫЛЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ШЕКТЕЙТІН НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАР:


  • Бизнесті дамытуға мемлекеттік қолдауға ие болу мәселелері – банктік институттардың ауылдық жерлерде кепілді төмен бағалау салдарынан (кепілге қабылдауды қаламау) несиелендіру қиындықтары

  • Кәсіпкерлік мақсатта берілетін жердің аукцион арқылы сатылып берілуі

  • Фермерлер, мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қауымдастығының болмауы, бұл ауылдық округтің ауыл шаруашылық өндірушілердің нарықтарға бірігіп шығуына кедергі жасайды

  • Мал жайылымынының тапшылығы

  • ауыл шаруашылық өндірушілерінде өнімді өткізу перспективалы нарықтары бойынша ақпараттың жеткіліксіздігі

  • өнімді өткізуді ұйымдастыру бойынша қолдаудың жеткіліксіздігі

  • ауыл шаруашылығы өнімдеріне берілетін субсидиялар мен дотациялардың дұрыс бөлінбеуі

  • маман тапшылығы

  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі және теңіз жағалауының инженерлік инфрақұрылым жүргізу қызметтерінің қолжетімсіздігі және бюрократиялық кедергілер

  • Көрсетілетін қызметтің сапасының төмендігі


АУЫЛДЫҚ ОКРУГТІҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

  • Фермерлер және шаруа қожалықтары, мал және егін шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қауымдастыққа, кооперативке бірігу арқылы мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдаланулары қажет

  • Ауылда малдың ет-сүт, құс, балық өнімдерін өңдеуді дамыту – ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, құс және құс өнімдері, балық және балық өнімдерін өндіру арқылы ауыл шаруашылығы өнімінің қосымша құнын арттыру

  • Жылыжайлық шаруашылық және тамшылап суаруды дамыту жолымен су және жер қорларының шектеулі жағдайларында өсімдік шаруашылығын дамыту

  • ауыл шаруашылық жануарларының терісін және жүнін қабылдау бойынша дайындау пункт желісін құру есебінен мал шаруашылығы өнімін пайдалану дәрежесін арттыру, бұл өз кезегінде мал шаруашылығының тиімділігін арттырады

  • Мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып, кадрлық әлеуетті ұлғайту және кадрларды оқыту және қайта даярлау есебінен ауыл экономикасына қажет (ветеринар, зоотехник, агроном) кадрлар тапшылығын жою

  • Құс шаруашылығының дамуы

  • Балық шаруашылығының дамуы

  • Ақтау қаласының сауда нүктелері, жәрмеңкелерінде Ақшұқыр ауылының ет-сүт өнімдерін өткізу ауыл бизнесінің экономикаға қатысу тетіктерін әзірлеу болып табылады

  • Теңіз жағалауының инженерлік инфрақұрылымдарға қол жетімділік, жағажай демалысының сервистік бизнесін дамытуға ықпал етеді




Күшті

Әлсіз

  • Халық санының өсуі

  • Жеке тұрғын үй құрылысының қарқынды жүруі

  • облыс орталығына жақын орналасуы

  • республикалық маңызы бар автотрассаның бойында орналасуы

  • мал басының көбеюі

  • «Kazakh osetr» ғылыми-өндірістік кәсіпорны» ЖШС

  • құс шаруашылығының дамуы

  • бөлшек сауда сала

  • Тұрмыстық қызмет көрсету

  • Көлікке сервистік қызмет көрсету саласы

  • Кәсіпкерлік мақсатқа бөлінген жерлер

  • Ауылдық округтың тиімді географиялық орналасуын және өткізудің негізгі нарығына жақындығын пайдалану


  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі және теңіз жағалауының инженерлік инфрақұрылымның қол жетімсіздігі

  • Шағын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің төмендігі

  • Мал өнімдерін өнімдерін өңдейтін, халық тұтыну өнімдерін шығаратын цехтардың болмауы

  • ветеринарлық және фитосанитарлық қызметтің сапасының және санының жеткіліксіздігі

  • мал өнімдерінің өткізу мәселесі

  • Кәсіпкерлік салаға қажет мамандар тапшылығы, білімі мен тәжірибесі жеткіліксіз

  • Шаруа қожалықтарының мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктерін пайдаланбауы

  • Қоғамдық тамақтандыру желілері нашар дамыған

мүмкіндіктері

қауіптері

  • Маңғыстау облысының 2016-2020 жылдары өңірді дамыту бағдарламасы

  • 2017-2021 жылдары нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы

  • Фермерлердің серіктестігін дамыту (қауымдастыққа, кооперативке бірігу )

  • Ауылды дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған инклюзивті жоспары

  • Агробизнес 2020 бағдарламасы

  • «Серпін» бағдарламасы арқылы кадр даярлау

  • Кәсіпкерлік палатасының қызметін және оның ШОБ субьектілеріне арналған мүшелігін пайдалану

  • Округтегі ауыл шаруашылығының негізгі өнімдеріне деген бағаның төмендеуі

  • Ауыл шаруашылығы қолдауға бағытталған мемлекеттік қолдау көлемінің төмендеуі

  • Бағаның қымбаттауы

  • Инфляция

  • жұмыссыздық





ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

БІЛІМ БЕРУ:
ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ОРТА БІЛІМ БЕРУ.

Ақшұқыр ауылында жалпы білім беру мекемелері Ақшұқыр мектеп –лицей мен

М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясымен ұсынылған. 960 орындық Ақшұқыр мектеп –лицей 2014 жылы типті жобада салынған, кәзіргі таңда оқушылар саны 1716 бала құрайды. 624 орындық М.Әбдіхалықов атындағы мектеп – гимназиясы, типті, 2000 жылы күрделі жөндеуден өткен, оқушылар саны – 854. Мектеп-гимназияның бастауыш сыныптары басқа ғимаратта және бұл ғимаратта ауылдың аула клубы орналасқан. Барлығы 1 584 орындық екі білім беру мекемелерінде 2568 оқушы білім алуда. Мектептерде оқу екі маусымда ұйымдастырылған. Материалдық-техникалық базалары толықтай талапқа сай қамтылған, интернетке қосылған. Тасымалдау қызметті да қарастырылған. Ақшұқыр ауылында жаңа 620 орындық мектеп құрылысы жоспарланған.

Ауылдын теңіз жағалауында орналасқан мектеп–лицейі 2014 жылы салынғанмен мектепке баратын жол мәселесі шешілмей қалған. Мектеп-гимназияда спорт алаңының жетіспеу мәселесі бар. Оқушылар тасымалдау маршруттарында аялдамалар орнатылмаған. 2017-2018 оқу жылында мектептің 5 күндікке ауысуына байланысты кабинет тапшылығы бар. Сабақтарды кабинеттік оқыту талаптарын сақтай отырып өткізу мүмкіндігі аз. Тәрбиелік шараларды, оқушымен сыныптан тыс жұмыстарды, үйірмелер мен баланы жеке дамытуды ұйымдастыру, оқушы шығармашылығын, оның жеке қабілетін одан әрі дамыту үшін мектептерде, яғни балалардың тұрғылықты жерінде жүргізуге жағдай жеткіліксіз. Білім беру ұйымдарында ән, орыс тілі, математика, физика пәндерінінің мамандар жетіспеушілігі орын алып отыр.

Ақшұқыр ауылының 14 шақырымында жаңа 600 орындық мектептің құрылысының жобалық сметалық құны 1 605 587 млн теңге, құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өткен, дайын.

Мектеп гиназияның спорт алаңын кеңейту үшін жер телімінің алаңын кеңейту қажет. Мектептің негізгі ғимаратына бастауыш сыныпқа арналған қосымша блок салынатын болса, онда қазіргі уақытта бастауышқа пайдаланып отырған ғимарат аула клубына кеңінен пайдалануға берілер еді. Мектепке дейінгі жеке меншік бала бақшалардың көбеюіне байланысты мектеп жанынан ашылған шағын орталықтарды жауып, тәрбиеленушілерді ауыл ішіндегі бала бақшаларға орналастыру ұсынылады. Босатылған кабинеттер мектептегі тапшылықты жояды, қосымша мүмкіндіктер пайда болады. Ақшұқыр мектеп лицейіне баратын асфальт жол және оқушы тасымалына аялдамалар салыну ұсынылады.



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ БЕРУ.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелері барлығы - 10, оның ішінде 3 мемлекеттік балабақша және 7 шағын жеке меншік бала бақша бар. Барлығында 747 бала тәрбиеленуде. Ауыл әкімдігінің 3-6 жас аралығындағы балалардың балабақша кезегінде тұрған саны 48. Балабақшаларға балалар 3 жастан бастап қабылданады. Ауылдың аймағында жеке бала-бақшалар іске қосылуда.

Кезекте 0-3 жас аралығында – 243 ге жуық бала тұр. «Бәйтерек» бала бақшасында жылу мәселесі бар. Бала бақшаларда ән, хореограф мамандары жетіспейді.

«Бәйтерек» бала бақшасына қосымша газ тарату қондырғысын орнату қажет. Ауылда 3 жасқа дейінгі бөбектерге тәрбие беретін топтар да ашылуы ұсынылады.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Ақшұқыр ауылында дәрігерлік амбулаториясы және жеке медициналық клиника ауыл тұрғындарына қызмет етуде. Отбасылық дәрігерлік амбулатория 2008 жылы іске қосылды, 6 дәрігері және 18 орта буын мамандары бар. Ақшұқыр дәрігерлік амбулаториясына 10 236 адам тіркелген, оның ішінде балалар саны - 3816, жасөспірімдер саны – 290. Жалпы практикалық дәрігер, гинеколог, стоматолог, фтизиатр, балалар невропотологі қабылдау жүргізеді. 10 төсектік күндізгі стационары бар, УЗИ, ЭКГ кабинеттері және зерттхана жұмыс жасайды. Заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Амбулаторияда жоқ мамандарға пациенттер, келісім шарт бойынша, Ақтау қаласының медицина орталықтарына жолданады. 1 жедел жәрдем көлігі бар.

Халық санының көбейуіне байланысты амбулаторияның бөлме алаңы жеткіліксіз, күндізгі стационар кабинеттін кеңейту, физиотерапевт кабинетті ашу, ерлер және әйелдер қарау кабинеттерін бөлек ашу қажеттілігі табылып тұр. Невропотолог, лор, кардиолог, окулист, хирург, травматолог дәрігер мамандары қажет. Медициналық есепте 10 000 астам адам тіркелінсе медициналық талабына сәйкес емхана ашулуы қажет. Айрықша күтімдегі балаларды оңалту орталығы керек. Жедел жәрдем көлік санын көбейтуге қажетілігі мол.

Ауылда қеңейтілген емхана құрылысы және айрықша күтімдегі балаларды оңалту орталығы жоспарлану керек. Алдын ала жас мамандар шақыру жұмысымен айналысу қажет. Денсаулық сала мамандарына тарту үшін қызметтік үй көздеу қажет.
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ
Ауылда 250 орындық мәдениет үйі бар материалдық-техникалық базасы демеушілердің көмегімен музыкалық аппаратурасымен жабықталған, жанында кітапханасы бар.

Ауылдың өнер саласына бағыталған Серпін аула клубы мен өнер мектебі мектеп-гимназияның бастауыш мектебінің ғимараттында орналасқан, 676 бала қамтылған.

Ауыл ішінде жаңа спорт кешені, және мектептің 2 спорт залына қоса 4 спорт алаңы бар, 2017 жылы «ЕрҚосай Құдайке» атындағы спорт кешені берілді. Аула клубтары және өнер мектебінде, мектептердің спорт-залының негізінде балаларға волейбол, футбол, шахмат, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, қазақша күрес спорт секциялар ұйымдастырылған.

500 орындық «Ақшұқыр мешіті» 2017 жылы тұрғындар игілігіне берілді.

Аула клубында балалар және жасөспірімдерді қамту мүмкіндігі төмен, кәсіби бағдар беру сабақтарын енгізуге сұраныс бар. Аула клубында мамандар жетіспеушілігі орын алып отыр. Ауыл аймағындағы спорт алаңдары жөндеуді және спорт құралдармен жабдықтауды қажет етеді. Тұрғындардың санының өсуіне байланысты спорт кешені ғимаратын, ауыл аймағында тұрғындар демалатын саябақ қажет етеді. Теңіз жағасында орналасқан ауылға жағажай қызметтері ұсынылмаған.

Спорт алаңдарын талабына сай жөндеу өткізу қажет, сонымен қатар күтіп -баптап отыратын мекеменің балансына берілуі тиіс. Тұрғындардың спортпен және жаппай дене шынықтырумен шұғылдануына 160 орындық спорт кешенінің жобалық сметалық құжаты жасақталуда, құрылысы салыну жоспарлануда. Теңіз жағалауы қажетті инженерлік инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілсе шағын бизнеске қолайлы жағдай туындап, ауыл және қала тұрғындарына жағажай қызметін ұсына алады.



ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Ақшұқыр ауылы бойынша барлығы 700 астам адам әртүрлі деңгейдегі зейнетақы мен жәрдемақыларын алып отыр. Мүгедектер саны – 250 адам, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар саны - 57 адам, асыраушысынан айырылғандар – 45 адам, зағиптар- 21 адамды құрайды. Тіркеуде тұрған жағдайсыз отбасылардың саны – 20. Әлеуметтік қорғау бағдарламаларына қатысуға және қолдау алуға жағдай толық бар. Жұмыссыздық бойынша тіркеуде тұрғандар саны -28.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыруда кейбір мәселелер орын алады. Ерекше күтім қажет етілетін балаларға арналған орталық қызметіне қажеттілік бар.



ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП
Ақшұқыр ауылында қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртібіне жауапты 6 инспектор бар, олар 3 арнаулы көлігімен қамтамасыз етілген.

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртібін күшейту үшін, адамдар көп жиналатын көшелерде бейнебақылау жүйесі, ауылдың ішкі жолдарында жылдамдықты шектеуіш «жасанды кедергі» орнату кажетілігі бар.


Ақшұқыр ауылында әлеуметтік инфрақұрылымда және қызмет ұсынудағы кемшілік факторлар:

• мектептер 2 ауысымда жұмыс жасауы, 5 күндік кестеге ауысуы сыныптан тыс үйірме жұмыстарын мен шараларын өткізуде мәселе бар



  • М.Әбдіхалықов атындағы мектеп – гимназиясының спорт алаңының тарлығы

  • аула клубының арнайы ғимараты жоқ, мектеп – гимназиясының бастауыш ғимаратында орналасуы мүмкіндіктерін шектеп отыр

  • Ақшұқыр мектеп лицейіне баратын асфальт жол салынбаған

  • оқушы автобусының аялдамалары қарастырылмаған

  • балалар мен жастардың шығармашылығы мен қабілетін дамытатын, бос уақытын ұйымдастыруға қажет арнаулы нысандар жеткіліксіз

  • көшелердегі спорт алаңдары заманауи жабдықталмаған, күтімі нашар

  • бала бақшаларда бөбектерге арналған тәрбие беретін топтары ашылмаған

  • отбасылық дәрігерлік амбулаториясы ауыл тұрғындарын медициналық қызметін толық қамтуға мүмкіндігі шектеулі

  • әлеуметтік сала үшін кадрлардың жетіспеушілігі: дәрігерлер, мұғалімдер және тәрбиешілер, бапкерлер.


Ақшұқыр ауылында әлеуметтік инфрақұрылым және қызмет ұсыну саласын дамыту перспективалары:

  • 600 орындық жаңа типті мектепті 14 км де салу

  • М.Абдықалықов атындағы мектептің спорт алаңын кеңейту және жабдықтау

  • мектепке дейінгі балалар жеке мекемелерін дамуы, 3 жасқа дейінгі бөбектерге тәрбие беретін топтар ашылуы

  • өнер мектебін ашу

  • спорт мектебін ашу

  • спорт кешені құрылысы

  • мектеп автобусының аялдамаларын салу

  • Баспана, карьерлік өсу мүмкіндіктері, қосымша төлемдер ұсыну жолымен ауылға білім беру, денсаулық сақтау мамандарын, бапкерлерді тарту бойынша шаралар кешенін іске асыру

  • Емхана құрылысы

  • Жастарға, жұмыссыз жүргендерге бизнесті жүргізу негіздеріне оқыту курстарын өтуге мүмкіндік беру, жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың шаралары туралы хабардар ету.



Әлеуметтік инфрақұрылым және қызмет ұсыну бойынша SWOT – Талдау

Күшті

Әлсіз

  • Ауылда демографиялық өсім байқалады, бала саны өсуде

  • Әлеуметтік құрылымдары қамтылған

  • жекеменшік балабақшалары

  • мектеп құрылысына жер телімі қарастырылған

  • Амбулатория УЗИ, ЭКГ, зертхана, күндізгі стационар кабинеттермен қамтамасыз етілген

  • Кітапхана мен мәдениет үйінің болуы

  • Мектеп жанында спорттық үйірмелердің болуы

  • Оқушылардың тасымалы ұйымдастырылған

  • Ауылдың ішінде спорт алаңдарының болуы

  • Жеке спорт кешендеріне жер телімі бөлінгені

  • Ауылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандардың келуі

  • Ауылдық округте қоғамдық ұйымдардың болуы

  • «Өрлеу» бағдарламасы бойынша адрестік әлеуметтік көмек бөлінуі

  • Халыққа кызмет көрсету орталығынын болуы

  • Полиция қызметті болуы




  • М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназияның спорт алаңы жоқтығы

  • Мектептерде кабинеттер тапшылығы

  • Мектеп автобустарына аялдамалар қарастырылмағаны

  • Орыс тілі, математика, химия пәнінен хорегоргаф, саз мамандары тапшы

  • Дәрігерлік амбулаторияға мамандар жетіспеушілігі

  • Дәрігерлік амбулаторияның күндізгі стационар бөлімінде орын жеткіліксіз

  • узкий специалист дәрігерлер (физиотерапевт, невропотолог, кардиолог, окулист, лор, хирург, травмотолог)

  • жедел жәрдем көлігінің жетіспеушілігі

  • бас жоспарда емхана орны қарастырылмаған

  • ауыл аумағында және білім мекемелерінде спорт алаңдарының замануи спорт құралдарымен қамтамасыз етілмегені

  • балалар мен жастардың шығармашылығы мен қабілетін дамытатын, спортқа баулитын, олардың бос уақытын ұйымдастыруға қажет арнаулы нысандар салынбаған

  • балаларға қажет түрлі секциялардың жеткіліксіздігі

  • айрықша күтімдегі балаларды оңалту орталығы қарастырылмаған

  • өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың жоғары деңгейі

  • халыққа кызмет көрсету орталығында мекен жайға тіркеу мәселерінің шешілмеуі

  • бейнебақылау жүйесінің жеткіліксіздігі

  • ауыл ішінде жылдамдық шектеушілігі жеткілікті түрде ұсынылмаған

Мүмкіндіктер

Қауіптер

  • ҚР 2016-2019 жылдары білімді дамыту бағдарламасы

  • «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы

  • «Жол картасы 2020» бағдарламасы

  • Маңғыстау облысының 2016-2020 жылдары өңірді дамыту бағдарламасы

  • 2017-2021 жылдары нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы

  • «Өрлеу», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары

  • Мемлекеттік жеке меншік серіктестік бағдарламасы аясында әлеуметтік нысандар

  • әлеуметтік сала мамандарына жатақхана құрылысы

  • Ақшұқыр ауылының 2018-2020 жылдары дамыту

  • Әлеуметтік инфрақұрылымдар саласына мемлекеттік бағдарламалардан бөлінетін қаржының төмендеуі

  • Әлеуметтік салаға қажет мамандарға баспананың болмауы

  • Инфляция

  • Жұмыссыздық

  • Маман тапшылығы





2.3 Инженерлік инфрақұрылым және қолдау

Сумен жабдықтау
Ақшұқыр ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін «Коммуналдық қызмет» мемлекеттік коммуналдық мекемесі қызмет етеді, 7 су жинайтын резервуар бар, 6 жұмыс жасайды, 1-уі істен шыққан, жөндеуді талап етеді. Орталықтандырылған су құбырының ұзындығы 115 км, ауылдағы 1321 тұрғын үйге су құбыры қол жетімді. Ауылдағы аула саны - 1800, орталықтандырылған сумен 73,4 % аула қамтамасыз етіліп отыр. Ауыл тұрғындары тасымал сумен қамтамасыз етіліп отыр. Бау бақша, мал суаруға техникалық су тасымалымен айналысатын қызмет жолға қойылған.

Тұрғын үй иелерімен «Коммуналдық қызмет» МКМ мен келісім шартқа отырғызу жұмыстары және су құбырына қосу жұмыстары жүргізу жұмыстары жалғасуда. Тұрғын үйдегі тұрақты тіркеуде тұрған адам санына 3 текше метр су 30 теңгеден беріледі, нормадан артық пайдаланған жағдайда тариф бағасымен төлейді. Су бекітілген кестемен беріледі.

Үш терек, Жаңақоныс, Сахиев, Кезбаев көшелерінің арасында кейбір жерлеріне су құбырлары тартылмай қалған. Суды үнемдеу бағытында насихат жұмыстары қажет етіледі. «Ақшұқыр ауылында ауылішілік су құбырын салу» (қосымша
жеке тұрғын үйлер)» үшін жасалған жобалық сметалық құжаттама дайын. Жоба құны 635 376,0 мың теңге. Қамтылатын үй саны – 750 телім.
Су кәріздері
Ауылда орталықтандырылған су кәріздері жүйесі жоқ. Ауыл тұрғындары және әлеуметтік нысандар, жеке кәсіпорындар дербес септиктерді және қалдық суларды сыртқа шығару үшін асенизатор қызметін пайдаланады.

Ауылдағы тұрғын үйлердің барлығында дерлік тұрмыстық септикпен қамтылмаған. Орталықтандырылған сумен 100% қамтамасыз ету іске қосылғаннан кейін, кәріз жүйесін жүргізу мәселесі күн тәртібіндегі мәселе. Қалдық су төгілетін тұрмыстық септиктердің талапқа сай жасалмауы, қоршаған ортаға әсері болдаы.

Осыған байланысты, халықтың өмір сүру деңгейінің жайлылығын арттыру, сондай-ақ экологиялық жағдайды жақсарту үшін, су тазарту жүйесін салумен бірге орталықтандырылған су кәріздері жүйесін салу мәселесін қарау қажет. Суды тазартатын үлкен құрылғы және орталықтандырылған кәріз жүйесін салуды аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына ауыл әкімдігіне ұсыныс беру қажет. Тұрғын үй массивтерінің бас жоспарында су құбырлары, су кәріздері, тротуар салу мүмкіндіктері ескерілген.
Газбен жабдықтау
Ауылды газбен қамтамасыз ету саласы бойынша «Қазтрансгаз Аймақ» АҚ-ның Түпқараған бөлімшесі қызмет атқарады.  Ауыл газбен 70% қамтамасыз етілген.

«Қазтрансгаз Аймақ» АҚ тың тұрғын үйге және кәсіпкерлік нысанына газ жүргізу қызметін көрсету құны өте жоғары. Әлеуметтік қорғалмаған топтар үшін жеңілдіктер қарастырылмаған. Газ құбырының трассасы ауыл ішіне кіріп жатқанмен мәселе жеткілікті. Ауылдың 20 шақырымыда дм 325 тік құбырдың орнына 108 дм жүргізілген, тұрғын үйлер жаңадан салынып жатқан 1,2,4,5 кварталдардың төменгі жақтарына, Бегей ауылына газ қысымы төмен. 13 км дегі тұрғын үй массивіне газ тартылмаған.

Ақшұқырдың өндірістік аймағынан Ақшұқыр-2 бөлігіне тұрғын үй салатын 880 жер телімінің бас жоспары бекітіліп, инженерлік инфрақұрылымына соның ішінде газ тартуға ЖСҚ дайындалды. Соттар корпусы, жағалауға салынған үйлерге, Бегей ауылына 13 км-дегі газ құбырын тарту бойынша жобалық сметалық құжаттама дайын. Қаржы бөлдіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар газды орта қысымға жеткізу үшін қосымша ГРП салу жұмыстары жүргізілу үшін ұсыныстар берілді.

Ақшұқыр ауылының 1,2,5 орамдары және Кезбаев, Қазиева, Бекжанов, Әбілхайыр көшелері) жаңадан салынған тұрғын үйлерімен жер телімдеріне газбен қамту құрылысының (2 кезеңне)  ЖСҚ жасақтауға   қаржы қарастырылуда.



Энергиямен жабдықтау
Ауыл тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз ету «Коммуналдық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны мен МРЭК АҚ арқылы жүзеге асырылып отыр. ауыл тұрғындарын 80 % тоқпен қамтылған. Электр желісінің ұзындығы 77,4 км, оның 40% , 31 км ауыстыруды талап етеді. Ауыл тұтынушыларына электр энергиясын тасымалдап жеткізіп отырған 13 трансформатрдың 3 уі күрделі жөндеуді және қуатын көтеруді, 3 кварталға жаңа трансформатр салуды талап етеді. Ақшұқыр ауылы бойынша 1800 тұрғын үй тоқ көзімен қамтамасыз етілген. «Коммуналдық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны -1050 үйге, МРЭК АҚ -450 үйге қызмет көрсетеді.

Ақшұқыр ауылы өндірістік аймағынан "Бест - Групп НС" ЖШС-не 15 гектар жер бөлінген, "5 МВт қосымша баламалы тоқ көзін жел электростанциясының құрылысын салу" жобасын жүргізілуде.

Жылына шамамен 100 ден астам тұрғын үй салынады. Кәсіпорынның 2 УАЗ автокөлігі апаттық ажырату орны алған аймаққа АДҚ бөлімінің мамандарының шұғыл жету үшін 24 сағат қызмет көрсетеді.

Ескі желілер мен жүктемесі жоғары трансформатрлардың тұрғын үйлерге қызмет көрсетуі төмен. Ауа райының қолайсыздығының салдарынан жарық жиі өшіп қалады. Ақшұқыр мен Сайын ауылына қызмет көрсетіп отырған 1 подстанцияның қуаты жеткіліксіз.

Көшені жарықтандыру МРЭК АҚ қызметінде көрсетілмегендіктен, Сахиева, Қожашева, Нұрбаев көшелері күні бүгінге дейін түнгі уақыттағы шамдар орнатылмай отыр. Әкімдік МРЭК пен келісіп, қосымша материал алуға, бетон бағаналарға ауыстыруға шара алуы керек.

Ақшұқыр ауылының үстінен өтетін автотрассаның 14-21 км аралығындағы аялдамаларға жарық шамдар орнату жоспарлануда.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет