Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың Облыстық орталығы»



Дата21.07.2020
өлшемі19,68 Kb.
#63617

Жастар арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу
2015 жылы «Үміт» ҮЕҰ Қоғамдық қоры Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың Облыстық орталығы» МКҚК-нан (бұдан әрі– өнім беруші) «Халықтың осал топтары арасында АИТВ/ЖИТС –тың алдын алу» лоты бойынша: мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру үшін қаржылай қолдау алды. Өнім беруші бағыттарының бірі – «АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың (бұдан әрі – ҮЕҰ) әлеуетін арттыру, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту» болып табылады.

Жобаны іске асыру барысында біздің тарапымыздан колледж студенттері қатарынан жүзден астам адам алдын алуына және мемдциналық көмек алуына ЖИТС облыстық орталығына жіберілді. Олардың барлығы құпиялы және тегін негізде Достық кабинетінде болу мүмкіндігіне ие болды,мұнда олар жыныстық жолымен берілетін жұқпаларға, оның ішінде АИТВ-жұқпасына психоәлеуметтік кеңестер алды. ЖИТС облыстық орталығының Достық кабинетінде білікті мамандар жұмыс істейді (гинеколог және дерматовенеролог), олар анонимді және ерікті түрде медициналық көмек көрсетеді. Біздің өскін ұрпағымыздың әр түрлі психологиялық және әлеуметтік мән-жайларға байланысты барлық уақытта бірдей туыстарымен де, достарымен де шетін тақырыптағы проблемамен бөлісу мүмкіндігі бола бермейді. Мамандармен қауіпсіз мінез-құлық туралы, АИТВ/ЖИТС және ЖЖБЖ алдын алу туралы әңгіме өткізілді, нәтижесінде 55 адам ЖЖБЖ-ға тексеріліп-қаралудан өтті. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша анонимді түрде 17 адамға ем-дом жасалды, экспресс тестілеу жолымен 88 адам АИТВ-ға тестіленді. Жастардың жыныстық қатынас туралы тақырыпты талқылаудан ұялатындығы, жыныстық жолымен берілетін аурулар жайында жеткіліксіз хабардарлығы анықталды.

«Владимар» студиясымен бірлесіп - «Первая помощь при передозировке наркотика», «Знать, чтобы защититься», «СПИД-мечтай! Живи! Действуй!» атты танысқылар мен буклеттер әзірленіп шығарылды.

-26.06.2015 ж. «Арман» Ақтау жастар орталығында жастар арасында «Сенің өмірің. Сенің қоғамың. Есірткіге орын жоқ!» айлығы аясында АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу жөнінде дөңгелек үстел өткізілді. Мынадай тақырыптар талқыланды:

1. АИТВ/ЖИТС туралы ұғым, берілу жолдары, АИТВ/ЖИТС бойынша алдын алу шараларын сақтау.

2. ҚР бойынша, оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша эпидемиологиялық ахуалы.

Іс-шарадан кейін тікелей дөңгелек үстелге қатысушылар арасында ақпараттық-білім беру материалдары үлестірілді, АИТВ-ға ерікті түрде экспресс тестілеу ұйымдастырылып өткізілді.

-09.07.2015 жылы СӨС кестесі бойынша «Балдәурен» балаларды сауықтыру лагерінде іс-шара өткізілді, оған «Үміт» ҮЕҰ мамандары белсене қатысты.



04.08.2015 жылдан 06.08.2015 жыл аралығында «Фламинго», «Толқын», «Шипагер» балаларды сауықтыру лагерлерінде балалар арасында гепатиттің және АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу мәселелері жөнінде сабақтар өткізілді.

Кіші жастағы балаларға арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетіліп,буклеттер мен кітапшалар үлестірілді.



13.07.2015 жылдан 20.08.2015 жыл аралығында ЖИТС ОО-мен бірлесіп, бизнес – құрылымдарда жұмыс істейтін жастарды қамту мақсатында, НК-Стройгрупп ЖШС, SK-KazStroiServis ЖШС , «Оймаша» ЖШС, «Caspian Power Services» ЖШС жекеменшік компаниялардағы жұмыс орындарында шағын сессиялар өткізілді, мынадай тақырыптарда лекциялар оқылды:

1. «Қолды не үшін жуу керек» гепатиттің алдын алу.

2. АИТВ/ЖИТС туралы ұғым, берілу жолдары, АИТВ/ЖИТС бойынша алдын алу шараларын сақтау.

3. ҚР бойынша, оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша эпидемиологиялық ахуалы.

4. АИТВ/ЖИТС және қоғам.

Біздің тарапымыздан АИТВ/ЖИТС -тың алдын алу және оның проблемалары жөнінде бейнероликтер көрсетілді және буклеттер, кітапшалар мен парақшалар түрінде ақпараттық-білім беру материалдары үлестірілді.



АИТВ/ЖИТС туралы білімін және өткізілген алдын алу жұмысының тиімділігін зерделеу үшін қатысушылар арасында сауалнама жүргізілді. «Үміт» ҮЕҰ ОФ –ның облыс жастары арасындағы АИТВ/ЖИТС проблемалары жөніндегі алдын алу жұмысы ЖИТС МОО-ның мамандарымен тығыз қарым-қатынаста жүйелі әрі тұрақты түрде жүргізілуде.

«Үміт» ҮЕҰ басшысы Г. Рахманова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет